ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет1/4
Дата15.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#138040
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМК 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ

ПОӘҚ 042-18-12.1.39/02-2014

ПОӘҚ

Оқытуша арналған пән «Пайдалану жұмысты бақылау» бойынша бағдарламасы



Баспа №__

күні _______






ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


    «Пайдалану жұмысты бақылау»




    мамандық үшін 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»




студенттер үшін пән бағдарламасы





Семей

2014


Дәрістердің қысқаша жазбасы
1 тақырып. Пән және пәннің тапсырмалары, курсты оқытудың мақсаты. Тасымалдау үрдісін белгілейтін жағдайлар мен ұстанымдар (2 сағат).
Дәріс жоспары:

  1. Пән курсын оқыту аясындағы пайдалану жұмыстарын басқару.

  2. Қозғалысты ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары.

  3. Теміржол көлігінің қызметін белгілейтін негізгі құжаттар.

Пайдалану жұмыстарының негізгі ұстанымдарының бірі – теміржол көлігінің техникалық жабдықтарын, оның ішінде жылжымалы құрамаларды неғұрлым тиімді пайдалану болып саналады.

Көлік халық шаруашылығының маңызды құрамдас бөлігі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, халық шаруашылығының, жабдықтау және сауда қызметтері мен олардың дамуы көбіне негізінен көлік қызметі мен олардың дамуына тәуелді болады. Көлік сыртқы экономикалық байланыстарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасыныңның қорғаныс ісінде маңызды рөл атқарады.

Теміржол көлігіне қойылатын маңызды талап пойыздардың толық қозғалыс қауіпсіздігін және де жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету .

Қақзақстан Республикасының темірдолдарында қозғалысты ұйымдастырудың келесідей маңызды деген ұстанымдары қабылданған:

Пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, құрамаларды құрастыру және тарату, жүктерді түсіру және тиеу, құрастыру және тарату, жүктерді түсіру және тиеу, жолаушыларды отырғызу және түсіру бойынша ғылыми негізделген технологиялық шама-шарттардың негізінде әрбір станса үшін ұзақ мерзімге жобаланатын станса жұмысын ұйымдастыру.

Жыл сайын құрастырылатын, теміржол стансаларында пойыздарды құрастыру жоспарын және тиеу орындарындағы тасымалдың жол бағдарлау жоспарын қамтитын вагон ағымын ұйымдатсыру.

Теміржол көлігінің атқаратын істері мен аймақтық бөлімшелердің өзара келісімін және тасымалдаудың жылдық тапсырысының орындалуын қамтамасыз ететін кереген негізінде пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру.

Тасымалдау бойынша айлық шұғыл тапсырмалардан құралатын бөлімше жұмысын техникалық шама-шарттау

Негізгі мақсаты өтіп жатқан тәулік пен ауысым барысындағы тасымалдау жоспарының, қозғалыс керегенінің және техникалық шама-шарттың орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын пойыздық және жүктік жұмыстарды шұғыл жоспарлау.

Тасымалдау және техникалық шама - шарттар бойынша тапсырмалардың орындалуына жауапты ағымдағы (тәуліктік) диспетчерлік жетекшілік.

Теміржолдардағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі маңызды деген ғимараттардың, құрылғылардың және жылжымалы құрамалардың шама-шарттарын, пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және белгі беру ұстанымдарын, Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесін қатаң сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Қозғалыс қауіпсіздігіне қойылатын неғұрлым нақтылы жекелеген талаптар белгі беру және пойыздар қозғалысы мен айлалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтарда және «ҚТЖ» ҰК АҚ ағымдағы бұйрықтарында жазылған.

Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша өнеркәсіптік теміржол көлігінің қызметін айқындайтын негізгі құжаттар: тасымал жоспары; теміржол жарғысы; өнеркәсіптік теміржол жолын пайдалану келісімшарты; Қазақстан Республикасының теміржолдарын және онымен байланыстағы салаларды техникалық пайдалану ережесі; пойыздардың қозғалыс керегені; құрастырудың желілік жоспары және өнеркәсіптік аймақты құру жоспары; жылжымалы құраманың жұмысының және оны пайдаланудың техникалық шама-шарты; түйіспе стансалалар мен өнеркәсіптік теміржол көлігі жұмысының біртұтас технологиялық үрдісі; министрліктермен бекітілген бұйрықтар мен нұсқаулықтар.

Өнеркәсіптік теміржол жолын пайдалану келісімшарты үш жылға бекітіледі және техникалық жабдықталу немесе жұмыс технологиясы өзгерген кезде қайтадан қарастырылуы мүмкін. Онда вагондарды беру және алу тәртібі, вагондар мен контейнерлердің кәсіпорындарында болу уақытының шамалары, сонымен қатар кәсіпорындардың қызмет көрсету тәртібі қарастырылған. «Түйіспе станса - кәсіпорын» жүйесінде вагондардың тұру уақытын қысқарту үшін ішкі тармақтары бойынша бөлімшелердегі бос вагондардың бірыңғай шама-шарты бекітілуі мүмкін. Бос вагондардың бірыңғай шама-шарты жергілікті бос вагондардың шама-шартына теңестіріледі. Сонымен бірге келісімшартта қабылдап-тапсыру операцияларын орындау ұзақтығы және орыны көрсетіледі. Вагондарды беруге жұмсалатын уақыт бір вагонға 1 минуттан және толық құрамаға -30 минуттан көп болмауы керек.

Өнеркәсіптік көлік жұмысының пайдалану қызметін жоспарлау, және де есептеу, талдау, сапасын бағалау тәрізді сапалық және сандық көрсеткіштер болады. Олар техникалық жабдықтарды пайдалану сапасын жоғарылату, жылжымалы құрама мен тиеп – түсіру механизмдерінің тиеу бекетінде тұру уақытын қысқарту, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын жоғарылату, тасымалдың өздік құнын төмендету тәрізді неғұрлым төмен шығындағы тиеп - түсіру жұмыстарымен және басқа да қызмет түрлерінің барлығымен тасымалдауға қатысатын кәсіпорындарды толық қамтамассыз етуі керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1- тақырып) [1, 2]

Пән және пәннің тапсырмалары, курсты оқытудың мақсаты. Тасымалдау үрдісін белгілейтін жағдайлар мен ұстанымдар – 6 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет