ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


тақырып. Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы. Жүктік кешендердің техникалық жабдықталуы (2 сағат)



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#138040
1   2   3   4
6 тақырып. Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы. Жүктік кешендердің техникалық жабдықталуы (2 сағат).
Дәріс жоспары:

  1. Техникалық қызметті ұйымдастырудың негізгі міндеттері.

  2. Пойыздарды өңдеудің типтік шама-шарты

  3. Жүк шептері

  4. Бос вагондар

Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік операцияларды орындау және өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорындарының өндірісі үшін жүктік кешен құру. Бұл жүктік кешенде тиеп-түсіру, вагондарды қою, жүрістік және басқа да жолдар; тиеп-түсіру жабдықтарын механикаландыру және автоматтандыру жабдықтары (құрылғылар мен механизмдер), жол аумағындағы қоймалар, вагондардың қозғалысына арналған айлалық жабдықтар, жүктерді жылытуға және босатуға (вагондарды жүк қалдықтарынан тазалауға) арналған құрылғылар мен механизмдер болуы керек.

Әрбір стансада оның жұмысының технологиялық үрдістері негізінде құрамалар мен вагондарға жекелеген операцияларды жасау және әрбір парктегі құрамаларды өңдеу уақытының технологиялық шама-шарты бекітіледі. Бұл межеленген уақыт мөлшерлері еңбек ұжымдары мен жұмыскерлердің жеткен жетістіктерін, жұмыс нәтижелерін ескере отырып белгіленеді және еңбек өнімділігінің артуын, стансада вагондарды өңдеу үрдісін жылдамдатуды, пойыздарды қабылдап жөнелту және вагондарды тиеп-түсірудің бекітілген уақыт межесін орындауды қамтамасыз етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3. Ф.С. Гоманков, А.Д. Омаров, З.С. Бекжанов. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте: Учебник. Второе издание. – Алматы: Бастау, 2002. – 308с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (6- тақырып) [2,3,5]

Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы. Жүктік кешендердің техникалық жабдықталуы – 6 сағат.

1. Пойыздарды өңдеудің технологиялық керегені ;

2. Жүк шептерінің негізгі атқаратын қызметтері;

3. Пойыздарды өңдеудің технологиялық шама-шарты және жүк

шептерінің жарақтандырылуы;

4. Жылжымалы құрамалар мен вагондардың бос тұру шама-шарты.

7 тақырып. Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық локомотив (2 сағат).
Дәріс жоспары:


  1. Айланың анықтамалары және түрлері

  2. Локомотивтің түрлері

  3. Айлалық локомотивтердің техникалық сипаттамалары.

Теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамалардың қозғалысы пойыздық және айлалық деп екі топқа бөлінеді. Пойыздық - деп құрамында қызметтік локомативі, бекітілген номері және арнаулы белгілері бар жылжымалы құрамалардың жекелеген бекеттердің жоларалығындағы жүрісін айтады. Жылжымалы құрамалардың, жекелеген немесе топтасқан вагондардың, сонымен қатар дара локомотивтердің станса жолдары арқылы пойыздар мен вагондарды өндеудің әртүрлі түрлерін орындауға, тиеп түсіру және басқа да операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық деп аталады.

Айлалық жұмыстың негізгі бөлігі вагондарды жүк шептеріне беру, алу және қайта қоюды, құрамаларды сұрыптауды және жаңа пойыздарды құрастыруды, жөндеу операцияларын орындау барысында вагондарды беруді, алуды сонымен қатар вагондарды жабдықтауды қаитамассыз ететін мамандандырылған айлалық локомотивтермен атқарылады. Айлалық жұмыстар кейбір жағдайларда пойыз локомотивтерімен де атқарылады. Мысалы, жол телімінде жинақталған пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында.

Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив бригадасы атқарады. Құрастырушы бригада екі адамнан тұрады: пойыздарды құрастырушы және парк кезекшісі. Айлалық локомотив бригадасының құрамына локомотив жүргізуші және оның көмекшісі кіреді. Жол бөлімшесі бастағының рұқсаты бойынша кейбір стансаларды құрастырушы өзі жалғыз жұмыс істейді. Сол сияқты «ҚТЖ» ҰК АҚ бұйрығы және жол бөлімшесі бастығының бекітуіне сәйкес айлалық локомотив жүргізушісіне станса аумағында өзі жалғыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі

Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы жауап береді. Айлалық локомотив бригадасы тікелей айлалық қозғалыстарды тек қана оның нұсқауы бойынша орындайды. Станса жолдарындағы айлалық жұмастар тек станса кезекшісінің, айлалық диспетчердің, станса диспетчерінің, пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша немесне техникалық тарқату актісінде көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (7- тақырып) [3,4,5]

Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық локомотив - 6 сағат.

1. Айлалық тепловоздардың негізгі техникалық сипаттамалары;

2. Айлалық электровоздардың негізгі техникалық сипаттамалары.

8 тақырып. Айланың түрлері және олрды орындау тәсілдері. Айлалар теориясының негізгі сипаты (2 сағат).


Дәріс жоспары:

  1. Айлалардың түрлері және орындау тәсілдері

  2. Операцияларды орындаудың технологиялық керегені

  3. Айлалық рейстер, жартылай рейстер

Станса аумағында атқарылатын жұмыс айлалары бірнеше түрге бөлінеді.

Сұрыптау айласы. Стансаға келген пойызға тиеуге немесе түсіруге жататын жергілікті вагондар қосылады және стансада құрастырылған басқа да вагон құрамалары қосылады.

Вагондарды баратын бағытына, тағайындалуына сәйкес жинақтау жолымен қою - сұрыптау айласы деп аталады.



Құрастыру айласы. Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесінде және Пойыздардың қозғалысы мен айлалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтарда пойызға вагондарды қоюдың белгіленген тәртібі бекітілген.

Бүлдіргіш (жарылғыш және уландырғыш заттары), қауіпті (сығылған газ, тез бүлінетін заттар, кислота) және тез жанатын жүктері бар вагондарды пойызға қою кезінде оларды адамдары бар вагондардан, жолсеріктері бар вагондардан, локомотивтерден, ал қажет болған жағдайларда бір-бірінен тасалау (алыс орналастыру), яғни олардың алдына қауіпсіз вагондарды қою керек.

Жоғарыда аталған вагон түрлерін қауіпсіз вагондармен тасалау тәртібі Пойыздардың қозғалысына арналған нұсқаулықта бекітілген. Вагондарды тасалауға негізінен қауіпсіз жүктері бар вагондар мен бос вагондар қолданылады. Құрастырылған құрамадағы тіркелген автотіркелгіштердің горизонталь ось деңгейіндегі ауытқуы 100 мм аспауы керек.

Жол бойында тіркеу, ағыту жасалатын жинақталған және басқа да пойыздар құрамындағы вагондар жол теліміндегі жұмыстарды ескере отырып ыңғайымен қойылады. Келтірілген ережелер мен тәртіптер және басқа да шарттар құрастыру айласын тиімді жасауды қажет етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (8 - тақырып) [3,4,5]

Айланың түрлері және олрды орындау тәсілдері. Айлалар теориясының негізгі сипаты - 6 сағат.

1. Айланың барлық түрлерімен танысу және анықиама беру;

2. Айланы орындау тәсілдерін схема түрінде көрсету;

3. Айлылық құраманы өңдеудің технологиялық керегенін өңдеу;

4. Рейс және жарты рейске анықтама беру.

9 тақырып. Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру (2 сағат).


Дәріс жоспары:

  1. Жұмысын технологиясының уақытын анықтау

  2. Айлалық операцияларды басқару

  3. Стансаның техникалық-тарқату актісі (ТТА)

  4. Айлаларды орындауға арналған жылжымалы құрамалар.

Кеңес Одағының кезінде жол қатынастары министрлігінің қозғалысты басқарудың бас басқармасының нормативтік зерттеу стансасы айлалық жұмыстың әртүрлі түріне кететін уақытты есептеуге арналған формулалар жиынтығын құрастырды. Ондағы коэффициенттер айланың орындалу ұзақтығына ықпалы бар өлшемдік ерекшеліктер негізінде келтіріліп алынған және айлалық операцияларды орындауға қажетті қажетті уақытты жылдам анықтауға мүмкіндік береді.



Тартым жолында құраманы сұрыптаудың технологиялық уақыты:

, (2.9)

мұндағы сұрыптаудың технологиялық уақыты:



,

вагондарды шегіндірудің технологиялық уақыты:

,

құрамадағы вагон ағытпаларының саны;

пойыз құрамындағы вагондар саны.

Шегіндіру немесе жекелеп итеру айлаларын жасау кезінде Тос шамасы (2.9) формуласына кірмейді.

А және Б кэффициенттері 2.6 кестеде келтірілген. Олар локомотивтің тартым жолына енуі және құраманы тартып шығару уақытын есепке алады.

Вагондардың бір жолға жинақталуы кезіндегі біртопты құраманы құрастыруды аяқтаудың технологиялық уақыты келесі формуламен анықталады:



, (2.10)

мұндағы ТПЕ талаптарына сәйкес вагондарды құрамаға қоюдың

технологиялық уақыты;

сұрыптау стансаларында дөңестік сұрыптау жолында тұрған вагон ағытбаларының арасындағы бос уақыт аралығын болдырмау үшін тартым жолы жағынан вагондарды тарту уақыты.

Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес вагондарды пойыз құрамына ретімен қою операцияларына іргелес вагондардың автотіркегіш биіктігінің айырмашылығы бекітілген 100 мм ауытқудан асып кетпеуін қадағалау және қауіпті немесе қатаң бақылаудағы жүктері бар вагондарды қауіпсіз вагондармен тасалап орналастыру операциялары жатады.


(2.10) - формуланың құрамына кіретін элементтер келесі түрде анықталады:

; (2.11)

. (2.12)

мұндағы құрастырылған құрамадағы вагондар саны.

В және Е коэффициенттерін техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкесвагондарды ретімен орналастыру үшін, жинақталған құрамадағы (Ро) вагон ағытпалары бойынша жасалған операциялардың санына байланысты 2.7-кестеден табады. Нақтылы бір стансадағы мұндай операциялардың орташа шама-шартын кем дегенде 30 құраманың құрастырылуына бақылау жасау арқылы анықталады.

Іс жүзінде есептелініп бекітілген бұл формулалар уақыттың орташа шама-шартын анықтауға мүмкіншілік береді деп есептеуге болады. ТПЕ бойынша вагондарды жинақталатын құрамаға рет-ретімен орналастыру кезінде вагон ағытпаларының саны әртүрлі болғандықтан, белгілі-бір құраманы құрастыру уақыты орташа шама –шарттан ауытқып тұруы мүмкін.



Қос жолға жинақталатын бір топты немесе екі топты құраманы құрастыруды аяқтаудың технологиялық уақыты:

. (2.13)

Құрастырылып біткен соң сол жинақталған жолға орналастырылатын құраманың бөлігіне вагондарды ретімен қою уақыты ТПЕ бойынша (2.11) формуламен анықталады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2.Методические указания по расчету норм времени на маневровые работы, выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС РФ. – М.: Транспорт, 1998. – 84с.

3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (9 - тақырып) [3,5,7]

Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру – 6 сағат.

1. Құраманы өңдеудің технологиялық уақытын есептеу;

2. Айлалық жұмыс кезіндегі жартылай рейстің шамасын анықтау;

3. Айлалық операцияларға жұмсалатын уақыттың типтік шама-шарты;

4. Айлалық жұмыс кезіндегі барлық қозғалыс жылдамдықтарының

түрлері.


10 тақырып. Пойыздардың қозғалыс керегені. Қозғалыс керегенінің түрлері. Қозғалыс керегенінің элементтері (2 сағат).
Дәріс жоспары:

  1. Пойыздардың қозғалыс керегені және оның анықтамасы

  2. Қозғалыс керегенінде пойыздардың нөмерленуі

  3. Қозғалыс керегенінің түрлері

  4. Параллелді және параллелді емес кереген

  5. Біржолды және қосжолды кереген

  6. Пойыздардың қозғалыс керегенінің сипаты


Қоғалыс керегені - теміржол желісінің толық жұмысын уақыт өлшеміндегі сызба түрінде көрсету үшін құрастырылады және ол жолаушылар мен жүктерті тасымалдау жоспарының өз мерзімінде дұрыс орындалуын, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамалар мен техникалық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын, стансалар мен жол телімдерінің өзара тұрақты әрекеттестігін, локомотивтер мен пойыз бригадаларының үзіліссіз жұмысының бекітілген мерзімінде орындалуын қамтамассыз етуі керек.

Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыру қозғалыс жылдамдығын, локомотивтер мен басқа да техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану көрсеткіштерін, сонымен қатар теміржолдың техникалық құрылғыларының бүтін күйінде сақталуын қамтамассыз ете отырып, әртүрлі категориядағы пойыздардың берілген санының жол телімінен қауіпсіз жүріп өтуін қарастырады. Ендеше пойыздардың қозғалыс керегені теміржолдың пайдалану жұмысының жоспары болып табылады және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруды ғана белгілемейді, сонымен бірге станса, депо жұмысын, вагон, жол, СОБ және байланыс құрылғыларының жұмысын көрсетіп тұрады. Жүктерді жеткізу жылдамдығы, жолаушы тасымалының сапалық деңгейі және тездігі - осының барлығы тікелей қозғалыс керегенін дұрыс ұйымдастыруға байланысты.

Қозғалыс керегені үнемі жетілдіріліп отырады және оны жетілдіру келесі жолдармен жүзеге асуы керек: көліктік бөлімшелердің өзара тұрақты байланыста болуын қамти отырып, олардың ең оңтайлы жұмыс жағдайын қамтамассыз ету; пойыздардың салмағын және жүріс жылдамдығын жоғарғы шекке дейін жеткізу; есептегіш техникаларды пайдалану негізінде қозғалыс керегенін құрастыру.

Қозғалыс керегені арқылы пойыздардың жол телімінде жүріп өту уақыттары, келу және жоларалықтан өту уақыты, локомотивтердің телімде және стансада болу мезеті анықталады.

Теміржол көлігінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда озық жұмыс технологиясын қолдану арқылы құрылатын, зауытішілік тасымалдарға қатынасатын пойыздардың қозғалыс керегені көп таралған.

Өнеркәсіптік көліктегі пойыздардың қозғалыс керегені магистралды түйіспе станса жұмысымен өзара әрекеттестіктегі теміржол цехтарының барлық бөлімшелері мен зауыттардың пайдалану жұмыстарын біріктіретін тасымалды ұйымдастырудың негізгі көрінісі болап саналады. Қозғалыс керегенін жасауға қойылатын негізгі шама-шарттар ТПЕ мен оның тарауларында көрсетілген талаптарды ескере отырып, зауыттар мен түйіспе стансалардың, теміржол көлігі жұмысының біртұтас технологиялық үрдісі негізінде жобаланады.

Қозғалыс керегені координат осінде пойыздар жүрісінің уақыты мен аралығын және жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділігін бейнелейтін сызбалық көріністе жасалады. Қозғалыс керегенінің тор көздері жекелеген бекеттердің осьтерін көрсететін көлденең және уақыт шамасын көрсететін тік сызықтардан тұрады. Мұндағы қалың тік сызық тәуліктің 24 сағатын көрсетеді, ал олардың аралағындағы жіңішке үзік сызықтар жарты сағаттық аралықты, жіңішке тұтас сызықтар он минуттық аралықты көрсетеді. Тор көздегі пойыздардың жүрісі түзу көлбеу сызық арқылы көрсетіледі. Ол көлбеу сызықтың көлденең оське түсетін проекциясы екпіндеу және тежелу уақытын қосып есептегендегі жүріс уақытына тең болады. Пойыз жоларалықтардан әртүрлі жылдамдықпен өтетіндіктен пойыздардың жүрісін көрсететін түзу көлбеу сызықтар шамалап алынады. Сондықтан түзу көлбеу сызықты алмастыратын нақтылы қисық пойыздың жүріс сызығы деп аталады. Пойыздардың келу, жөнелу және жүріс жолының уақыты оның жүріс сызығының жекелеген бекеттердің осьтерімен қиылысу нүктесімен сәйкес келеді.

Жүріс уақыты сағат тілі бойынша солдан оңға қарай он минуттық аралықпен есептелінеді, минутты көрсететін сандар пойыздың жүріс сызығы мен жекелеген бекеттердің көлденең осьтерінің қиылысу бұрышының үстіне қойылады. Жол телімінің соңғы жоларалығының үстіне оның нөмері қойылады.

Қозғалыстың жүктелген және кері бағыттағы шамаларының арақатынасына байланысты қозғалыс керегендері жұптасқан және жұптаспаған деп екі топқа бөлінеді.

Жұптасқан кереген деп қозғалыстың екі бағытына бөлінетін пойыздардың саны бірдей болатын, ал жұптаспаған деп жүріс бағыттары бойынша бөлінетін пойыздардың саны әртүрлі болатын керегенді айтады. (3.7-сурет). Біржолды жұптасқан кереген симметриялы түрде құрылады, яғни жоларалықтың бір бағыты бойынша пойыздардың жүріс уақытын белгілеген соң, қарсы бағыттағы пойыздардың жүріс кестесін белгілейді. Жолдан қосылатын пойыздардың жүріс тәртібіне байланысты керегендер пакетті және топтасқан деп бөлінеді. Пойыздардың топтасып орналасуы кезінде олар станса аралық жоларалықтармен шектеле отырып бірінің артынан бірі жөнелтіледі. Жолдағы пойыздар, олардың арасына қарсы бағыттан бірде-бір пойызды жіберуге болмайтындай етіп орналастыралады. Пойыздарды топтастырып орналастыру жол теліміндегі жұптаспаған жүріс кезінде және автоматтандырылған блокировкамен жабдықталмаған және де блок қосындары жоқ жоларалықтарда қолданылады. Пакетті кереген деп (3.8-сурет) жолдағы пойыздар жартылай автоматтандырылған қосынаралық жоларалықтармен немесе автоматтандырылған блокировкалы блок-телімдермен шектелген жоларалықтарда бір мезгілде бірнеше пойыз болатын керегенді айтады. Егер пойыздардың жартысы ғана пакетті кереген бойынша жүретін болса, онда ол жартылай пекетті кереген деп аталады. Пакетті және топтасқан кереген түрлері біржолды тәрізді қосжолды жолдарда да қолданылады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр, 1995. – 320б;

2. Т.К. Балгабеков. Разработка суточного плана – графика. Методические указания к выполнению курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2003. 39с.

3. Управление эксплутационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте / Под ред. П.С. Грунтова. – М.: Транспорт, 1994. – 544с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (10- тақырып) [3,5,7]

Пойыздардың қозғалыс керегені. Қозғалыс керегенінің түрлері. Қозғалыс керегенінің элементтері - 6 сағат.

1. Қозғалыс керегені туралы ұғымды кеңейту;

2. Пойыздардың қозғалыс керегенінің түрлерін схема түрінде көрсету;

3. Біртекті және әртекті, параллельді және параллельді емес т.б.

қозғалыс керегендерінің айырмашылықтарын білу.

11 тақырып. Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер (2 сағат).


Дәріс жоспары:

  1. Қозғалыс керегеніне қажетті есептік мәліметтер

  2. Станса аралық арақашықтықтар

  3. Станса аралық арақашықтықтардың есептемесі

Қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер: пойыздардың жоларалықтағы жүріс уақыты және түрлері бойынша пойыздардың екпіндеу, тежелу уақыттары; станса аралық арақашықтықтар, яғни пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, қажетті операцияларды орындай отырып бір пойыздың белгілі бір бекетке келуі немесе жөнелтілуі кезеңдеріндегі ең аз уақыт; пойыз аралық арақашықтықтар, яғни пойыздардың қозғалысына қатысы бар байланыс жабдықтарына байланысты пойыздардың жоларалықтардан өту аралықтарын белгілейтін ең аз уақыт шамасы; белгіленген операцияларды орындау үшін пойыздың стансада аялдау уақытының шама – шарты (автоматтандырылған тежегіштерді тексеру, жолаушыларды түсіріп-отырғызу және т.б.); негізгі және айналымды депосыбар стансаларда, жұмыс тобын ауыстыру бекеттерінде локомотивтердің тұру уақытының шама-шарты; телімдік, жүктік, жолаушылық және сұрыптау стансаларында пойыздаоды өңдеу уақытының шама-шарты.

Жүрістің жоларалықтағы уақыты пойыз қозғалысының жекелеген бекеттеріндегі аялдау және тоқтаусыз өтуін есепке алатын тартымдық есептемелермен, сонымен бірге жекелеген бекеттердің осьтерінің аралығы бойынша, ал өтпелі бағдаршамдары бар аралықтарда жол бекеттерінің немесе өтпелі бағдаршамдар аралығымен анықталады. Осы жүріс уақытының шамаларының арасындағы ауытқу екпіндеу және тежелу уақыттарының шама-шартын айқындайды.

Пойыздың стансада аялдау уақытының шамасы: жылжымалы құрамаларды техникалық өңдеу үшін (тежегіштерді және вагондардың техеикалық күйін тексеру, вагондарды ағыту және тіркеу т.б.); жүк және жолаушыларға қатысты операцияларды жасау үшін; жекелеген бекеттерге пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу барысында ерекше қырағылықты қажет ететін жерлердің болуы (пойыздардың қиылысуы және басып озуы) кезіндегі жүріс уақытын анықтау үшін керек. Жекелеген бекетердегі пойыздардың аялдау уақыты стансаның жұмыс технологиясының үрдісі бойынша операцияларды жасау уақытының шама-шарты болып бекітіледі.

Стансалық аралықтар пойыздарды қабылдап-жөнелту және өткізу операцияларын орындау үшін қажетті уақытпен, пойыздардың кіру бағдаршамына келген кезде белгіленген жылдамдықпен кедергісіз өту, ал тоқтаусыз өту кезінде жекелеген бекеттердің шығу бағдаршамына дейін пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамассыз ету шатттарын сақтай отырып жүріп өту уақытымен анықталады.

Стансалық аралықтар келесі түрлерге бөлінеді:

- пойыздардың әртүрлі уақытта келу аралығы ( - біржолды телімдегі стансағабір бағыттағы пойыздың келу уақытынан, қарсы бағыттағы пойыздың осы стансаға келу немесе өту сәтіне дейінгі ең төменгі шекті уақыт);

- пойыздың айырылысу аралығы (- пойыздың стансаға келу немесе өту уақытынан сол жоларалықтан оған қарсы бағыттағы келесі пойыздың жөнелтілуіне дейінгі ең аз уақыт);

- пойыздың жол бойындығы жүріс аралықтары (- іргелес орналасқан жекелеген бекетке пойыздың келу уақытынан, осы стансадан босаған жоларалыққа сол бағыт бойынша келесі пойызды жөнелту уақытына дейінгі ең аз уақыт);

- пойыздардың әртүрлі уақытта келу және жол-жөнекей жөнелту аралықтары - (- пойыздың стансаға келу және осы стансадан жолай қосылатын оған бағыттас пойызды жөнелту уақыттарының ең аз шамасы);

- пойыздардың әртүрлі уақытта жөнелтілуі және жол-жөнекей келу аралықтары (- пойыздың стансадан жөнелтілу уақытынан, осы стансаға іргелес стансадан жолай қосылған бағыттас пойыздың келу уақытына дейінгі ең аз уақыт).

Әрбір стансалық аралықтың шамасы осы аралық уақытында жасалынатын әрбір операцияның ұзақтығы бойынша аналитикалық есептеулер мен графикалық сызбалар жасау арқылы анықталады.

Стансалық аралықтардың шамасы пойыздық байланыс түріне, бағыттамалар мен белгілерді басқару тәсіліне, жекелеген бекеттердің орналасуына, бекеттерге келуіне, локомотивтің түріне және сериясына пойыздың салмағына және ұзындығына тәуелді болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. З.С. Бекжанов. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр, 1995. – 320б;

2. Т.К. Балгабеков. Разработка суточного плана – графика. Методические указания к выполнению курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2003. 39с.

3. Управление эксплутационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте / Под ред. П.С. Грунтова. – М.: Транспорт, 1994. – 544с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (11- тақырып) [5,6,7]

Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер – 6 сағат.

1. Қозғалыс керегенін құрастыруға қажет негізгі мәліметтердің тізімі;

2. Стансалық аралықтарды есептеу;

3. Стансалық аралықтардың схемасын көрсету.

12 тақырып. Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым (2 сағат).
Дәріс жоспары:


  1. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін анықтау

  2. Өткізгіштік қабілеттілікті анықтайтын негізігі элементтер

  3. Біржолды және қосжолды желінің өткізгіштік қабілеттілігін анықтау

  4. Тепе-теңдік коэффициенті

Өткізгіштік қабілеттілік көліктің техникалық жабдықтарының қуатын сипаттайтын маңызды элемент болып табылады. Өткізгіштік қабілеттілік неғұрлым жоғары болса, жылжымалы құраманы пайдалану және жұмыс көрсеткіштері жоғары болады.

Өткізгіштік қабілеттілік деп белгілі бір уақыт аралығында (тәулік, сағат) теміржол желісінде орындалған жүрістің ең жоғарғы шамасын айтады. Ол тұрақты қолданыстағы құрылғыларға, вагондардың түріне және тартым жабдықтарының қуатына, пойыздардың жүрісін ұйымдастыру тәсіліне тәуелді болады.

Біржолды желідегі жұптасқан кереген кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік екі бағыт бойынша да белгіленген салмақтағы пойыздардың жұп санымен анықталады, ал қосжолды желі мен бір жолдағы жұптаспаған кереген үшін әрбір бағыт бойынша белгіленген салмақтағы пойыздардың әртүрлі санымен анықталады. Өткізгіштік қабілеттілік вагон санымен өлшенеді.



Тасымалдау қабілеттілігі деп теміржол желісінің белгіленген аймағында белгілі бір уақыт аралығында орындалған жүктік тасымалдарды (млн. т жүк немесе брутто салмағымен өлшенеді) айтамыз.

Өткізгіштік қабілеттілік теміржол желісінің қолданыстағы техникалық жарақтандырылуы кезінде, сонымен бірге озық техникамен жабдықталу және қозғалысты тиімді ұйымдастыру тәсілдерін қолданған кезде де барлық техникалық жабдықтардың мүмкіншілігін толық пайдалану арқылы анықталады.

Өткізгіштік қабілеттілікті есептеу барысында локомотивтерді, вагондарды, станса құрылғыларын, депо, энергия жабдықтарын және басқа да теміржол желісінде қолданылатын барлық тұрақты құрылғыларды толық қолдануды еңжоғарғы көрсеткіштері негізнде анықталады.

Алайда қозғалыстың қажетті жоспардан тыс көлемін орындау үшін өткізгіштік қабілеттіліктің көлік жабдықтарының жұмыс икемділігін және көліктің техникалық жабдықтары мен жылжымалы құрамаларды пайдалану көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіндік беретін техника-экономикалық негізі бар қосымша мүмкіншіліктері болуы керек.

Өткізгіштік қабілеттілік белгілі бір аралықтағы теміржол желісінен өткізілуі тиіс жоспарланған, белгілі салмақтағы пойыздар санын (пойыздар жұбын) шектелген уақыт аралығында өткізуге қабілетті болуы керек.

Қажетті өткізгіштік қабілеттілік пен теміржол желісінің өткізгіштік мүмкіншілігі арасындағы айырмашылық желінің қосымша мүмкіншіліктерін немесе оның өткізгіштік қабілеттілігінің тасымалды игеруге қабілетсіздігін көрсетеді.

Өткізгіштік қабілеттілік толықтай теміржол желісі немесе оның белгілі бір жол телімі бойынша, сонымен бірге жекелеген бөлімшелер мен пойыздардың қозғалысына қызмет көрсетуге арналған өндірістік бірліктер (жоларалық, станса, депо, энергиямен жабдықтау құрылғылары т.б.) бойынша да анықталады.

Өткізгіштік қабілеттілікті анықтайтын техникалық құрылғылардың негізгі элементтері:

- жоларалықта: басты жолдардың саны, жоларалықтың ұзындығы, жол төсемі, локомотив, вагон түрлері, пойыздың салмағы, СОБ және байланыс құрылғылары;

- стансада: стансаның сұлбасы, қабылдап-жөнелту жолдары, бағыттама алқымының құрылымы, және СОБ құрылғылары;

- депо шаруашылығында: локомотивтерді кезекті бақылауға арналған тұрақ орындары, локомотивтерді жанармаймен, жүріс жолдарымен жабдықтауға арналған құрылғылар;

- жабдықтау бөлімінде: тартым агрегаттары, жетек күшінің қосалқы стансасының тартымдық трансформаторлары және байланыс желісі.

Осы элементтердің өткізгіштік қабілеттілігінің ең аз шамасы сол өндірістік кәсіпорынның нақтылы мүмкіншіліктегі өткізгіштік қабілеттілігі деп аталады. Жалпы алғанда техникалық құрылғаның әрбір элементінің өткізгіштік қабілеттілігі (N) келесі формуламен анықталады.

, (3.28)

мұндағы - құрылғының бір тәуліктегі жұмыс уақыты;



- берілген операция түріне (пойыздардың қозғалысы,

локомотивтерді жабдықтау) тікелей қатысы жоқ, қызмет

көрсетуге шығындалатын уақыт;

- бір немесе жұп пойызға, локомотивке құрылғының қызмет

көрсету уақыты.

Өткізгіштік қабілеттілікті пайдалану коэффициенті арқылы өткізгіштік қабілеттілікті есептеу тәсілі де қолданылады. Бұл тәсіл бойынша керегенде көрсетілген қозғалыс шамасы кезінде аталған құрылғының өткізгіштік қабілеттілікті пайдалану коэффициенті анықталады:

, (3.29)

мұндағы – қозғалыс керегенінде көрсетілген өткізгіштік қабілеттілік.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование и развитие пропускной способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (12- тақырып) [7, 8]

Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым – 6 сағат.

1. Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін

анықтау;

2. Жүктік тасымалдардың көлемін есептеу;

3. Әртүрлі стансалар мен жол телімдерінің тасымалдау көлемін есептеу.

13 тақырып. Жұптаспаған параллельді және параллельді емес қозғалыс керегені кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік (2 сағат).


Дәріс жоспары:

  1. Жұптаспаған кереген кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік

  2. Өткізгіштік қабілеттілікті анықтауға арналған есептік формулалар

  3. Пойыздардың қозғалыс керегендерінің кезеңдері

  4. Жинап алу кэффициенті. Жинап алу уақыты.

  5. Пойыздарды пакетті орналастыру

Жұптаспаған кереген кезіндегі өткізгіштік қабілеттілікжоларалықтан белгілі бір кезеңде өткізілетін тақ және жұп бағыттағы пойыздардың санын ескере отырып, қозғалыстың екі бағыты бойынша да анықталады.

Өткізгіштік қабілеттілікті анықтауға арналған есептік формула келесі түрде болады:

; (3.33)
, (3.34)

мұндағы К', К" – жоларалықтан керегендегі уақыт кезеңіндегі тақ және

жұп бағыттағы пойыздардың саны.

Жұптаспаған пакетті кереген кезеңдері келесі формуламен анықталады:


, (3.35)

мұндағы t', t" - сәйкесінше жоларалықтан тақ және жұп бағыт бойынша

жүретін пойыздың жүріс уақыты;

- стансалармен жоларалықты шектейтін станса аралық жолдар.

- пойыздарды өткізу тәртібіне тәуелді екпіндеу және тежелу

уақыттарының қосындысы;



- тақ және жұп бағыттардағы пакетті жөнелтілімдегі пойыздар

саны;


I/, I// - тақ және жұп бағыттардағы пойыздардың арақашықтығы.

Пакетті керегенді пайдалану пакеттегі пойыздардың қиылысуы және оларды жолаушы пойыздарының басып озуы кезінде пойыздардың аялдау уақытын көбейтеді, сонымен қатар стансада қосымша жолдарды қажет ететіндіктен тәжірбие көрсетіп отырғандай бір пакеттегі (яғни, бірмезгілдегі бір жоларалықтағы пойыздар саны) пойыздардың саны екеу болған дұрыс.

Біржолды жоларалықта пакет коэффициентімен () сипатталатын жартылай пакетті кереген қолданылады:

, (3.36)

мұндағы -жол теліміндегі пакеттегі пойыздар саны;



-жол телімінен бір тәулікте өткізелетін пойыздардың жалпы

саны.


коэффициенті 0 мен 1 аралығында болады. Егер =0 болса кереген пакетті емес, ал егер = 1 ьолса пакетті кереген деп аталады.

Жоларалықтан жүріп өту жылдамдығы әртүрлі пойыздарды қозғалыс керегеніне қосу қажеттілігі жол телімінің өткізгіштік қабілеттілігіне әсер етеді. Мұндай пойыздарға қатаң белгіленген қозғалыс кестесі бар жолаушы, жылдамдатылған жүктік жиынтық пойыздар жатады.

Жүк пойыздарын өткізуге пайдаланылмаған тәуліктің уақыт бөлігі жинап алу уақыты деп аталады.

Жолаушы, жүктік және жылдамдатылған пойыздарды керегенге қосу барысындағы қозғалыстың параллельді емес керегеніндегі жүктік қозғалыстар үшін өткізгіштік қабілеттілікті анықтау формуласы:



, (3.37)

мұндағы - параллельді кереген кезіндегі ең үлкен өткізгіштік

қабілеттілік;

- сәйкесінше жолаушы, жиынтық және жылдамдатылған

пойыздардың саны;



-сәйкесінше жолаушы, жиынтық және жылдамдатылған

пойыздарды жинап алу коэффициенті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.

2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование и развитие пропускной способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.

3. А.К. Угрюмов, Г.М. Грошев, В.А. Кудрявцев, Г.А. Платонов. Оперативное управление движением на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1983. – 240с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (13- тақырып) [7,8,9]

Жұптаспаған параллельді және параллельді емес қозғалыс керегені кезіндегі өткізгіштік қабілеттілік 6 - сағат.

1. Әртүрлі қозғалыс керегендері үшін өткізгіштік қабілеттілікті анықтау;

2. Қозғалыс керегенінің әртүрлі түрдегі кезеңдерін көрсету.

14 тақырып. Қажетті өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға қойылатын талаптар (2 сағат).


Дәріс жоспары:

1. Көлік-шүк кешендерінің өткізгіштік қабілеттілігі

2. Жүктік механизмдердің пайдалану өнімділігі

3. Жүк аулаларының қайта өңдеу қабілеттіліктері

4. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыру шаралары

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды көлікпен үзіліссіз қамтамассыз ету үшін көліктік цех элементтерінің өткізгіштік қабілеттілігі оның негізгі құрылғыларының қуатына сәйкес келуі керек. Сондықтан өнеркәсіптік жолдардың өткізгіштік қабілеттілігінің қалыпты деңгейі ғана емес, барлық техникалық жабдықтарды толық пайдаланғандағы өткізгіштік мүмкіншілігінің шегі белгілі болуы керек.

Көлік-жүк кешендерінің өткізгіштік қабілеттілігінің деңгейі жүктерді тасымалдауды басқарудың қазіргі заманғы жүйесіне сай болуы және шикізатты, жанармайды, материалдарды тиеудің күнтізбелік жоспарын қамтамассыз ететіндей болуы керек.

Өткізгіштік қабілеттіліктен басқа көлік-жүк ешендері үшін өңдеу қабілеттілігі, яғни бір тәулікте құрылғыдан өңдеуден өтетін вагондардың және құрамалардың сандық көрсеткіші қолданылады.

Өткізгіштік қабілеттіліктен басқа көлік-жүк кешендеріндегі құрылғының өңдеу, яғни жұмыс істеу қабілеттілігі деген ұғым бар. Ол құрылғының бір тәулікте қызмет көрсете алатын вагондардың, құрамалардың санымен анықталады.

Кәсіпорынның көлік-жүк кешенінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі жұмыс жасау қабілеттілігінің мүмкін болатын ең үлкен мәні зауытқа, шикізатты, жанармайды және материалдарды жеткізудің есептік шамасын анықтайды.

Көлік-жүк кешенінде жұмыс істейтін зауыттар үшін оның барлық элементтері қажетті шамадағы өткізгіштік және жұмыс жасау қабілеттіліктеріне ие болуы керек. Жетекші элементтің басқа элементтерге қуат күші бойынша жуық болуының маңызы зор.

Жұмыс істеп тұрған зауыттың көлік-жүк кешенінің өткізгіштік және жұмыс жасау қабілеттіліктерінің нақтылы жағдайға байланысты қолданылу шамасын бағалау үшін оның әрбір элементінің жұмысының статикалық мәліметтерін пайдалануға болады. Мысалы, вагон аударғыштың мүмкін болатын пайдалану өнімділігі оның тәуліктік жұмысының негізінде анықталады.



, (3.42)

мұндағы - вагон аударғышпен түсірілетін вагонның матеметикалық-

есепткік тосу уақыты, тәулік;

- берілген вагондар санын түсіруге (бекітуге, жылжытуға, вагондарды беруге және алуға, вагон аударғыштың түсіру аймағынан жылжуға) жұмсалатын нақтылы математикалық-есептік тосу уақыт. Бұл мәндер шамасы жыл мезгілдеріне тәуелсіз болады.

Вагон аударғышты пайдалану жұмысының математикалық есептік уақыты



, (3.43)

мұндағы tпл , tэксп. – сәйкесінше жоспарлы жөндеу мен вагон аударғышты пайдалану сенімділігін арттыратын жоспардан тыс жөндеудің математикалық-есептік тосу уақыты.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.

2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование и развитие пропускной способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.

3. А.К. Угрюмов, Г.М. Грошев, В.А. Кудрявцев, Г.А. Платонов. Оперативное управление движением на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1983. – 240с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (14- тақырып) [7,8,9]

Қажетті өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға қойылатын талаптар – 6 сағат.

1. Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін есептеу;

2. Жүк шебінің қайта өңдеу қабілеттілігін есептеу.

15 тақырып. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға арналған қайта құру шаралары. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға арналған техникалық-ұйымдастыру шаралары (2 сағат).


Дәріс жоспары:

  1. Жаңадан бекет ашудың маңыздылығы.

  2. Жаңа іс-шараларды енгізу.

  3. СОБ құрылғысын қайта құру

  4. Жол төсемін тегістеу

  5. Жартылай автоматтандырылған блокировкадан автоматтандырылған блокировкаға ауысу

  6. Нақтылы жұмыс жағдайына байланысты өткізгіштік қабілеттілікті жоғарылату

  7. Екі еселенген салмақтағы пойыздар

Біржолды жол телімінде жекеленген бекет ашудың маңыздылығы жоларалықтан пойыздың жүріп өтуіне қажетті уақыттарын салыстыру арқылы келесі формуламен анықталады.



, (3.52)

мұндағы N – пойыздар паркіндегі қажетті өткізгіштік қабілеттілік;



–жұптасқан жүк пойыздарының жаңа бекет ашылғанға

дейінгі жоларалықтан жүріп өту уақыты;



– пойыздың қажетті жүріс уақыты;

– пойыздардың әртүрлі уақытта келу және қиылысуының

стансалық аралықтары;



– екпіндеу және тежелу уақыты.

Кейбір жағдайларда, яғни, жоларалықтардың айырмашылығы үлкен болған жағдайда жоларалықта бірнеше бекет ашудың маңызы зор. Алайда, олар шамадан тыс көп болса қозғалыс керегенінің көрсеткішін төмендетеді. Жаңа бекет ашу жол телімін бірдей жоларалықтарға бөлетіндей болуы керек. Қалыпты жағдайда жекелеген бекеттің құрылғылары өткізгіштік қабілеттілікті 60-70% арттырады. Сонымен қатар, жаңадан жеке бекет ашудың кері әсерлері де бар. Бұлар: техникалық жылдамдықты төмендету, қосымша жанармай шығыны, жаңа бекетті ашуға жұмсалатын қосымша шығындар және т.б. Осы кемшіліктердің барлығы жаңа бекетті ашудың маңыздылығын анықтау барысында ескерілуі қажет.

Станса жолдарын ұзарту өткізгіштік қабілеттілікті арттырудың барынша тиімді шарасы болып табылады. Біржолды телімдегі станса жолдарын ұзарту кезіндегі өткізгіштік қабілеттіліктің өсуі пойыздың салмағы мен ұзындығының жоғарылауы; жоларалықтың ұзындығын азайту; бірдей жоларалықтарды құру; әртүрлі уақыттарда келу және қиылысу аралықтарын қысқарту; пойыздардың тоқтаусыз қиылысуы мен басып озуын ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Қосжолды жол телімін салу және енгізу жүк айналымы көп, қозғалыс кестесі күрделенген аймақтарда салынады. Қосжолды жол телімін салу қозғалысқа еш кедергі келтірместен толық салынып біткен соң өткізгіштік қабілеттілікті біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Екінші бас жолды салу өткізгіштік қабілеттілікті 2-2,5 есе арттырады, сонымен қатар телімдік жүріс жылдамдығын жоғарылатуға, вагон айналымын үдетуге, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіншілік береді. Алайда жаңадан жол салу көп қаржылық салымды талап етеді.

Қосжолды телімді салу кезінде олардың теміржол желісінде тиімді орналасуын дұрыс жобалап алу керек. Қосжолды жолдың ұзындығы пойыздардың жылдамдығын төмендетпестен өзара тоқтаусыз қиылысуын қамтамассыз ететіндей шартпен анықталады. Осы шарт тұрғысынан алғанда жол ұзындығының анықталуы:

, (3.53)

мұндағы –жүріс жылдамдығына қатысыжоқ, бұрмалы бағыттамалар

орналасатын жол қоспасының бөлігі;

– пойыздың жүрістік жылдамдығы;

–пойыздардың әртүрлі уақытта келуі және маршрутты

дайындау уақыты бойынша анықталатын жол қоспасының ұзындығы;



–аялдамаға дейін тежелуге арналған 2 минуттан көп жүретін

қажетті жол қоспасы;



–жоспарға және басқа бекеттермен түйісуге т.б. қажеттіліктерге

байланысты жол қоспасының ұзындығы;



–жол жабынының әртүрлі элементтері бойынша пойыздардың

жүріс уақытының әртүрлі болуына байланысты қосымша

ұзартылатын жол қоспасы.

Телімдегі жол қоспаларының аралығы қажетті өткізгіштік қабілеттілік бойынша анықталады



, (3.54)

мұндағы N – телімнің қажетті өткізгіштік қабілеттілігі.

Өспелі жүк айналымы бар жерлердегі жол қоспаларының арақашықтығы

, (3.55)

мұндағы – қосжолды жол қоспасы бар телімнің әуелгі талап етілген

өткізгіштік қабілеттілігі;

– қажетті өткізгіштік қабілеттіліктің жылдық өсімі;

–қосжолды жол қоспасын пайдалану мерзімі.

Пойыздарды тоқтаусыз қиылыстыруға арналған қосжолды жол қоспаларының бірқаьар кемшіліктері де бар: жоларалықтардағы бұрмалы бағыттама жұмысының күрделілігі; әрбір жоларалықтағы қозғалыс керегенін орындауға қойылатын талаптардың қатаңдығы т.б. Алайда көптеген кеишіліктер осы жол қоспаларын тікелей ұзарту арқылы қалпына келтіріледі.

Жол телімінің өткізгіштік қабілеттілігін арттыруға арналған шаралардың бірі – жол төсемін жақсарту. Бұл шара көлемді қаржыны қажет ететіндіктен сирек қолданылады. Жол төсемін, яғни оның еңіс-дөңестігін ретке келтіру пойыздаң салмағын арттыру және итергіш локомотивті пайдалануды тоқтату арқылы өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға мүмкіншілік береді. Жолдың көлбеу бетінің дөңестігін 1 0/00 дейін төмендету өткізгіштік қабілеттілікті 6-10  арттыруға мүмкіншілік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.

2. А.М. Макарочкин, Ю.В. Дьяков. Использование и развитие пропускной способности железных дорог. – М.: Транспорт, 1981. – 287с.

3. Т.К. Балгабеков. Выбор системы мер увеличения пропускной и провозной способности железнодорожных линий. Методические указание к выполнению курсового проекта. Караганда: КарГТУ, 2000. 28с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (15- тақырып) [7,8,9]

Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға арналған қайта құру шаралары. Өткізгіштік қабілеттілікті арттыруға арналған техникалық-ұйымдастыру шаралары – 6 сағат.

1. Жеке бекет ашудың маңыздылығын есептеу;

2. Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктерін арттыратын тиімді шаралардың тізімі;
Ескерту – квадрат жақшалардың ішінде СДЖ бойынша тапсырмаларды орындау үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетілген. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 1.9 және 1.10 бөлімдерінде көрсетілген.

4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-тақырып. Тартым жолдарындағы айлалық жұмыстардың негізгі теориялары (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Тартым жолдарында орындалатын жұмыс айласы;

2. Тартым жолдарында жасалатын жұмыс айласының теориясы;

3. Тартым жолдарындағы жұмыс айласына қажетті есептер шығару.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые работы, выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС РФ. – М.: Транспорт, 1998. – 84с.

2. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [1, 2, 7]

1. Сұрыптау және жүктік стансалардағы тартым жолының маңызы

2. Тартым жолдарын тиімді пайдалану жолдары

2-тақырып. Станса жолдарында жасалынатын айлылық жұмыстардың уақытын шама-шарттау (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Айлалық жұмыстарға жұмсалатын уақыт шамаларын есептеу;

2. Айлалық жұмыстарға жұмсалатын уақытты қысқартудың жолдары;

3. Айлалық жұмыстар кезіндегі жүріс жылдамдықтары.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые работы, выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС РФ. – М.: Транспорт, 1998. – 84с.

2. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [1, 2, 7]

1. Айлалық жұмыстардың схемалық сызбаларын сызу

2. Айлалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары

3-тақырып. Тартым жолдарында құраманы құрастыру (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Жылжымалы құраманы құрастыру кезіндегі ережелер;

2. Құрамыны құрастыру жұмыстарының уақыт шамалары;

3. Әртүрлі жағдайдағы стансаларда құраманы құрастыруға қатысты

есептер шығару
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Методические указания по расчету норм времени на маневровые работы, выполняемые на железнодорожном транспорте. Утв. МПС РФ. – М.: Транспорт, 1998. – 84с.

2. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (3-тақырып) [2, 3,8]

1. Пойыз түрлерін құрастырудағы сақталынатын шарттар.

2. Жанама долдардың атқаратын қызметі.

4-тақырып. Жылжымалы құрамаларды немесе вагон топтамаларын бір парктен екінші паркке ауыстыру (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Стансадығы жол парктерінің түрлері және олардың қызметі;

2. Сұрыптау паркі және оның атқаратын рөлі;

3. Жол паркінде атқарылатын жұмыстарға қатысты есептер шығару


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [2, 6, 8]

1. Қабылдап-жөнелту паркінде атқарылатын жұмыстар.

2. Транзитті пойыздарды қабылдап - жөнелту және өткізу тәртібі..
5-тақырып. Вагондарды тиеп-түсіру бекеттеріне беру және жинап алу және олардың есептеулері (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Жүк шептерін жобалау есептемелерін жасау;

2. Вагондарды тиеп-түсіру бекеттеріне беру және жинап алу уақыттарын

есептеу;


3. Жүк шептерінде вагондардың бос тұрып қалуын азайту жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.К. Балгабеков. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.

2. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [2, 6, 8]

1. Жүк шептерінің жұмысын механикаландыру мен автоматтандырудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері.

2. Тиеп-түсіру құырлғаларының түрлері және жаңа үлгілері.

6-тақырып. Сұрыптау дөңесі арқылы пойыздарды құрастыру және тарқату уақытның шамаларын есептеу және сұрыптау дөңесі жоқ стансалардағы жұмысты ұйымдастыру тәсілі (5 сағат).
Практикалық сабақтың жоспары:

1. Сұрыптау дөңесі арқылы вагон ағытпаларын жіберу реті;

2. Сұрыптау дөңесінің түрлері және атқарылатын жұмыс көлеміне

байланысты қажетті дөңес түрін есептеу;

3. Сұрыптау дөңесі бар және жоқ стансаларда пойыздарды құрастыру

және тарқату уақытның шамаларын есептеу.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Типовой технологический процесс работы сортировочной станции. – М.: Транспорт, 1983. – 206с.

2.Автоматизированные диспетчерские центры управления эксплуатационной работой железных дорог / Под ред. П.С. Грунтова. – М.:Транспорт, 1990. – 288с.

3. И.Б. Сотников. Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах. – М.: Транспорт, 1990. – 232с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (6-тақырып) [2, 6, 8]

1. Жұмыс көлеміне байланысты сұрыптау дөңесінің түрін анықтау.

2. Сұрыптау паркін автоматтандыру мен механикаландырудың маңызы.

3. Сұрыптау дөңесі жоқ стансалардағы жұмысты жетілдіру жолдары.



5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет