ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



Дата15.06.2016
өлшемі339.16 Kb.
#138234

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-7.1.116/03-2014



ПОӘК

Оқу – әдістемелік материалдар «Текстильді материалтану»





№1 басылым «11» 09 2014



ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Текстильді материалтану»

5В072600- «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына арналған

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014
Мазмұны

1

Глоссарий




2

Дәріс

6

3

Зертханалық сабақтар

7

4

Курс жұмысы (жоба)

8


5

Білімалушылардың өздік жұмыстары



ДӘРІСТЕР


ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

3.1. МАТА ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕССТЕРІ


Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.

Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.

Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып санала- ды. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.

Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген.

Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.

Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі.

Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) са- лынады.


Сурет 3.1. Тоқу станогының технологиялық сұлбасы

Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.

Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда қайталанады.

Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.

Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:

- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;

- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру ста- ноктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станокта- ры қайықсыз станоктары;

- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.


Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. 3.2 - суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген.

Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламель- дерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген.

Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі.

Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашы- лады.

Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады.

Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13)




Сурет 3.2 - Қайықты тоқу станогының сұлбасы
Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады.

Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген.

Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді.

Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады.

Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады.

Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.


3.2. МАТАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.

Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.

3.2.1. Қарапайым (тегіс) айқаспалар
Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.

Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойын- ша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.


Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. 3.3. суретте жаймалық айқаспа көрсетілген.

Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.



Сурет 3.3 - Жаймалық айқаспа

Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады.



Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді.

Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады (3.4-сурет).

Саржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталы- нады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жа - арқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.

Сурет 3.4 - Саржалық айқаспа


Саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі бо- лады. Тығыздығы бірқалыпты, негіз және арқау жіптерінің жуандығы бірдей болғандықтан саржа сызығының қисаю бұрышы 45о-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау келеді. Матаның тығыздығы төмен болғандықтан олар диа- гоналы бойынша қатты созылады.

Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жыл- тыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс.

Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.

Сурет 3.5 - Сәтендік айқаспа

Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар.

Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: мақта түрлерінен - сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан - костюмдік - коломенок; жібектен - креп-сәтен, корсет маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттыра- ды. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.

3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген.
3.2.2. Майда өрнекті айқаспалар

Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.

Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жата- ды. 3.6 және 3.7 суреттерде майда өрнекті айқаспасы көрсетілген.

Сурет 3.6 - Рогожка айқаспасы



Сурет 3.7 - Репс айқаспасы


3.2.3. Күрделі
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.

Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.

Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.

Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі.



Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана от- ырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.

Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.

Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады.

Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.

Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.

Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады. 3.8., 3.9. суреттерде күрделі өрнекті мата өрімі


Сурет 3.8 - Күрделі өрнекті мата өрімі: а крепті; б вафельді; в көлденең сызықты.


Сурет 3.9 - Күрделі өрнекті айқаспа: а-азқабатты, б екі қабатты, үстінгі негізбен байланысқан, а екі қабатты, қысудың көмегімен байланысқан, г қапты.

3.2.4. Ірі өрнекті айқаспалар

Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композиция- лар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.

Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станокта- рында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.



Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, со- нымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.

Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады. 3.10. суретте ірі өрнекті айқаспа көрсетілген.

Сурет 3.10 - Ірі өрнекті айқаспа

3.2.5. Матаның құрылымдық сипаттамалары

Матада жіптердің орналасу тығыздығын оның 100 мм шарт- ты ұзындығындағы негіз (Пн) немесе арқау (Па) жіптерінің саны- мен бағаланады. 100 мм негіз жіптерімен арқау жіптерінің қатынасы матаның механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінің анизотропия- сын сипаттайтын маңызды параметрлері болып саналатын мата ұяшы- ғының формасын және өлшемін анықтайды.

Матаның талшықты материалмен толықтырылуы тек қана оның тығыздығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жіптердің жуандығына және олардың айқасуына байланысты.
Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтыруы, Ен және Еа, % - негіз немесе арқау жібінің есептелген диаметрлері бір- біріне көрші орналасқан жіптердің ось арақашықтығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді. Олар келесі формуламен анықталынады:
Е =гі *П ,

н н н

Е =гі *П,

а а а

мұндағы, Пн - 100мм келетін матадағы негіз жіптер саны; Па - 100мм келетін матадағы арқау жіптер саны; <ің, <іа - негіз және арқау жіптерінің есептелген диаметрі, мм.

Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтырылуы Н , Н , % - екі жүйенің жіптерінің басылғандығын және қиғаш орна ласуын есептемегенде, көлденең қималарының қосындысы негіз немесе арқау бағытындағы түзу сызықты кесіндінің ұзындығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталынады:
Н =(гі п с )П /п ,

н 4 н н а н н'

Н =(йп+й с )П/п,

а 4 а а ж ж а а'

мұндағы, па, пн - рапорттағы арқау және негіз жіптерінің саны;Сн, са-

негіз және арқау жіптерінің байланыстырушы өрістерінің саны %.

Матаның көлемдік толықтырылуы, Е^ % матадағы жіптердің көлемі, матаның барлық көлеміне қатынасымен анықталады. Ол келесі формуламен анықталынады:


Б=5Т100/5Н

V Т Н,


мұндағы, 5Т , 5Н- матаның және жіптің көлемдік массасы.

Матаның беттік толықтырылуы, Е^ ,% матаның ең кіші элементіндегі екі жүйенің жіптерінің проекциясының ауданының сол элементтің барлық ауданына қатынасымен және ол келесі формуламен анықталынады:

Е = Е + Е - 0,01Е Е .

8 н а 7 о у



Массалық толықтырылу, Е^, % матаның көлемін талшықпен толығымен толықтырылған жағдайдағы матаның максимальді массасы және мата жібінің массасының бөлігін көрсетеді, оны келесі формула- мен есептейді:

Ет=5Т100/у,

мұндағы, ү - талшықтың тығыздығы.
Матаның толтырылу көрсеткіштерін қолдана отырып оның салыс- тырмалы кеуектілік сипаттамаларын есептеуге болады.

Беттік кеуектілігі К %, тесіп өтетін кеуектердің ауданының матаның ауданына қатынасын көрсетеді:

К = 100 - Е .

8 8

Көлемдік кеуектілігі Ку , %, жіптердің арасындағы ауа аралықта- рының мата көлемінен еншісін сипаттайды:

К = 100 - Е .

V V

Жіптер және талшықтар ішіндегі барлық кеуек түрлерінің жиынтық көлемі, мата көлемінің бөлігін көрсететінін жалпы кеуектілік, К, % сипаттайды:



К=100-Е

т

Кн негіз Ка арқау байланыс коэффиценттері мата элементтерінің өзара байланысын сипаттайды және сызықтық толтырылудың сызықтық толтыруға қатынасымен анықталады:



К =Н /Е ,

ж ж ж--


К=Н/Е ,

мұндағы, Нн, На- негіз және арқау бойынша сызықтық толтырылу.

Ала тоқылған немесе тор маталардың суреттік қиғашталуы өңдеу процессіндегі технологиялық операциялардың бұзылуы нәтижесінде анықталынады.

Суреттің қиғашталуы N % мына формуламен анықталынады:

^=п*100/В,

мұндағы, п-кездеменің жиегіне перпендикулярлы суреттің сызығының максималды ауытқуы; В-матаның ені, см.



Матаның сызықтық тыгыздыгы М, г/м, үлгінің 1 м ұзындығына келетін нүктелік үлгінің массасымен сипатталынады:
М=т*106/^В),

мұндағы, т-нүктелік сынақ массасы, г; В - матаның ұзындығы, м.



Матаның беттік тыгыздыгы М^ г/м2 ауданы 1м2 болатын матаның

М=т*106/^В),

мұндағы, матаның ұзындығы, м; В- матаның ені, см.

Беттік тыгыздыгын М$р матаның құрылымдық көрсеткіштері бойынша есептеуге болады:

мұндағы, п - матаны өндіру мен өңдеу процессінде оның массасының сынақ өзгеруін ескеретін коэффицент.

Проф. Н. А. Архангельдің белгілеуі бойынша п - матаны өндіру мен өңдеу процессінде оның массасының сынақ өзгеруін ескеретін коэф- фицент мата түріне байланысты.

Есептеу мен сынақ жүргізуден алынған беттік тығыздық мәнінің ауытқуы 2% аспауы керек. Бұл беттік тығыздықтың ауытқуы ДМ келесі формуламен анықталынады:

мұндағы, М - сынақ жүргізуден алынған беттік тығыздық; Мр- есептеу жүргізуден алынған беттік тығыздық.

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда пайда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді.

Матаның ақауларына төмендегілер жатады:

- жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

- өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

- негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде. арқаумен айқаспаған түрінде жатады;

- сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен айқаспаған;

- кем тоқылғаны - арқау жағынан сирек жерлері;

- жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері;

- қосарлы жұп - негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда;

- арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол - арқау жібі бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда болады;

- арқаулық ілмектер, ілмек - ширатылмалар арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;

- кірлену мен май дақтары - матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;

- түрлі арқау - ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;

- тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) - суреттің кейбір жерлерінде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.

3.3. ТРИКОТАЖ ӨНДІРІСІ
Трикотаж - бұл ілмектерден тұратын, бойлай және көлденең бағытта өзара айқасқан, бір немесе бірнеше жіптерден іліп тоқылған тоқыма бұйымы немесе жайма.

«Трикотаж» ұғымы бұйымдардың кең көлемін қамтиды: жасанды үлбір, шұлық-ұйық, іш және сырт киімі, пальто, кілемдер мен шілтер және балық аулау торлары.

Трикотаждың құрылымы ілмектердің мөлшері мен форма- сы, олардың өзара байланысы және орналасуымен сипатталынады. Трикотаждың негізгі элементі - ілмек, оның құрылысы әр түрлі болуы мүмкін, және осы жай трикотаждың құрылымы мен қасиетіне маңызды әсер етеді.

Тағайындалу мен шикізаттың түріне қарамастан, трикотаждың кез келген түрі іліп тоқу арқылы алынады.



Іліп тоқу - бұл трикотаждан бірмезгілде біртіндеп, бойлай немесе көлденең бағытта ілмектердің құрылуы.

3.3.1. Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы



Ілмек екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5-6) тұрады. 2-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-7 созылманы пла- тиналы доға деп атайды. 3.11 суретте ілмек құрылысы көрсетілген.
Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар деп атайды.


Сурет 3.11 - Ілмектің құрылысы

Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен белгілейді.

Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) және негізжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді.

Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден ине- ге салынып, ілмектер тоқылынады. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауы- сады, сонан соң үшіншіге.

Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль бағытпен) тез сөгіледі.



Негіз жіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (негізжіп) құралынады.

Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.

Мұны орындау үшін бір жіп кезегімен екі шектес инеге салынады: II қатардағы 2 инеге салынған жіп, III қатарда 3 инеге салынады, ал IV қатарда қайтадан 2 инеге салынады. 3.12, 3.13. суреттерде негіз жіптік

трикотаждың сұлбасы көрсетілген.

Сонымен, негізжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді.

Негіз жіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады.


Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан (а-б), ілмек басы (б-в-г) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан (д-е мен д^-е1) тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен

бірігеді.




Сурет 3.13- Негізжіптік трикотаждың ілмек құрылысының сұлбасы
Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек.

Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады.



Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды.

Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдар- лама бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және фор- масы бір бірінен өзгеше болу мүмкін.

Трикотажды, матаға ұқсас метражды құбырлы жайма, ұзындығы мен ені белгілі құбырлы купон ретінде және формасы лекалоға жақын жазық немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады.

Трикотаж бұйымдарды өндірудің негізгі үш тәсілі бар: пішілген, жүйелі, жартылай жүйелі.

Пішу тәсілі матаға ұқсас, тоқылған трикотаж жаймасын пішеді, яғни жаймада бұйым бөлшектерінің контуры бойынша пішіп, содан кейін тігу арқылы қажетті форма беріледі, бұл тәсілде, пішу кезінде, қалдықтардың мөлшері 18-23% дейін болады.

Жүйелі тәсілінде трикотаж бұйымдардың бөлшектері әдетте пішуді қажет етпейді. Сондықтан бұл тәсіл шикі затты тиімді пайдаланумен сипатталынады. Жартылай жүйелі тәсіл жоғарыда көрсетілген тәсілдерден айырмашылығы, трикотаж құбырлы немесе жазық купон түрінде тоқылады. Купонды бір бірінен бөлгіш ілмектер қатары арқылы ажыратады, оның төменгі қатары әдетте тарқатылмайды тігуді талап етпейді. Купонды жазық және шеңберлі тоқу машиналарында өндіреді. Әдетте оларды қолтық, мойын ойындысы мен жең түбі бойынша сәл пішеді. Трикотаждың осы өндіру тәсілі пішу тәсілімен салыстырғанда тиімді, бұйымға жұмсалған жайманың шығыны 2-5 % төмендейді және сырт трикотаж бұйымдарын шығаруда ең кең таралған тәсілі болып та- былады.


Сурет 3.14 - Жартылай жүйелі бұйым жасау үшін арналған купондар бөлшектердің формасы
Метражды құбырлы және жазық жаймаларды пішетіні белгілі. Осылай алынған бұйымдар пішілген деп аталынады.

Құбырлы (3.14 сурет,а) және жазық (3.14 сурет,б.) купондар, соны- мен қатар кейбір жазық бөлшектер (3.14 сурет,в.) тек сәл пішуді қажет етеді. Осы тәсілмен алынған бұйымдар жартылай жүйелі деп аталы- нады.

Пішуді қажет етпейтін, бөлшектерден тұратын бұйымды жүйелі деп аталынады.

Жүйелі тәсілмен келесідей бөлшектерді өндіреді: қалта, жаға, какпакша, жиек, белдік.

Өндірісте техника мен технологияны жетілдіру - бұл трико- таж бұйымдарын шығаруда шикізат пен еңбек шығынын азай- ту. Трикотаж бұйымдарын дәстүрлі пішу әдіспен жасау біртіндеп, дана бұйымдарды автоматтандырылған әдіспен алуға көшуде. Тоқу технологиясы және техниканы жетілдіру жаңа автоматтарды құрады, мұнда бұйым бүтін формада жасалынады технологиялық операциялардың саны азаяды.
3.3.2. Ілмек құрау принциптері

Ілмек құрау үдерісі іліп тоқитын ине, жіпжүргізгіш, платина және престер жұмыс органдары көмегімен орындалады.



Іліп тоқитын инелердің түрлері ілгекті, тілшікті, құбырлы және қуыс болады.

Жіпжүргізгіш — болаттан жасалған жайпақ өзек, оның тесігі арқылы жіпті өткізіп, инеге салады.


Сурет 3.15 - Инелердің түрі. А - ілгекті:

1- ілгек, 2-өкше, 3-өзек, 4-ойыс;

Б - тілшікті: 1- ілгек, 2-тілшік, 3-өзек, 4-өкше.
Платиналар - болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілімше, инелердің арасында орналасады, қызметі - жіпті ілмекке иілдіру, иненің өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту операцияларына қатысу. 3.15. суретте инелердің түрі көрсетілген.

Пресс (ілгекті инелі машинада) иненің ілгегін жабады. Формасы әр түрлі, мысалы доңғалақша, білеуше, етікше тәрізді және иненің үстінде немесе алдында орналасады.

Ілмек құрау үдерісі екі тәсілмен орындалады: трикотажды тәсілі және іліп тоқу тәсілі (тоқу).



Трикотаж тәсілін ілгекті инелі шеңберлі трикотаж машинасында қолданады, мұнда жіптің иілуі (иілдіруі) бірден жіп инеге салынғаннан кейін орындалады, тоқу тәсілінде жіптің иілуі бұрынғы ілмекті түсіру және жаңа ілмекті қалыптастыру кезінде орындалады.

3.3.3. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері
Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады.

Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше бо- лады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр бола- ды. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады. 3.16. суретте біртегістің құрылысы көрсетілген.


Сурет 3.16 - Біртегістің құрылысы. 1-өңі, 2- терістемесі.
Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.

3.17. суретте ластик құрылысы көрсетілген.


Сурет 3.17 - Ластик құрылысы (1) және оның графикалық жазбасы (2)
Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары ба- сым болады). 3.18. суретте екітерістемелі өрім көрсетілген.


Сурет 3.18 - Екітерістемелі (айналмалы) өрім
Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады.

Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады. 3.19 - суретте интер- лок өрімі көрсетілген.


Сурет 3.19 - Интерлок өрімнің құрылымы

3.3.4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері

Басты негізжіптік өрімдерге тізбекше, трико, атлас жатады.

Тізбекше - жалаң өрім, оның ілмектері бір бағанада бір жіптен және әрбір келесі ілмегі алдыңғының үстінде орналасады. Тізбекше ашық және жабық ілмектерден тұрады. Тізбекше оң жағына шиыршық (спираль) түрде бұрылады, бұл өрімнің созылымдылығы шамалы. Тізбекше тек басқа өрімдермен бірге бірігіп қолданылады, өйткені жеке өзі жайманы құрамайды. 3.20. суретте тізбекше өрімі көрсетілген.

Трико - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас екі ілмек бағанада кезегімен ирек орналасады. Өрімнің оң жағында ілмек таяқшалары (3.20 сурет. а), ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылма- лары орналасады. Трико жеңіл формасын өзгертеді және жіп үзілген кезде ілмек бағанасы бойымен жеңіл тарқатылады. Әдетте жиі басқа өрімдермен бірге қолданылады.

3.21. суретте трико өрімі көрсетілген.



Сурет 3.20 - Тізбекше өрімнің құрылымы


Сурет 3.21 - Трико өрімнің құрылымы

Атлас - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас ілмек бірнеше (кемінде үшеу) бағанада кезегімен ирек орналасады. Атластың оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады.

Трикоға қарағанда айырмашылығы, атластың көлбеу созылмалары неғұрлым жайпақ орналасқан.

Жіп үзілген кезде атлас ілмек бағанасы бойымен тарқатылады және кесілген шеті бойынша бұрылады.

Суретте 3.22 атлас өрімнің құрылымы берілген.


Сурет 3.22 - Атлас өрімнің құрылымы
3.3.5. Трикотаж жаймасының ақаулары

Жазық және шеңберлі тоқымалы машинада алынған жаймалар мен дана бұйымдарда пайда болған ақаулардың себептері, иірімжіптің тоқуға жеткілікті дайындалмауы, машинаның бұзылуы немесе тоқымашы жұмысын ұқыпсыз немқұрайлы істегендіктен. 3.1. кестеде трикотаж жаймасының ақаулары көрсетілген.

Кесте 3.1 - Трикотаж жаймасының ақаулары

Ақау

Пайда болу себептері

Жою тәсілдері

1

2

3

Жіптің үзілуі

Иірімжіптің дұрыс орал- мауынан (түйін иіршіктің ішіне оралған) жіптің керілуі көбееді немесе иірімжіпте үлкен түйіндер мен жуандықтардың болуы. Компенсатордың серіппесі- нің немесе тежеуіш тәрелке- ніңкерілуіұлғайғандағынан (жазық тоқу машинада)

Иіршікті ауыстыру

Компенсатордың серіппе- сін немесе тежеуіш тәрел- кенің босату

Ілмектің түсуі

Жіпжүргізгіш дұрыс орна- тылмағандықтан жаңа жіп иненің ілгегінің астына кірмеу

Щеткалардың тозуы неме- се дұрыс орнатылмауы Жіпжүргізгіш бағыттауш бойынша жылжығанда (жазық тоқу машинада) тербелуі болуы.

Иненің басы кішкентай, ілгектің сынуы

Жіпжүргізгіштің жайын реттеу

Щетканың жайын реттеу, тозғандарды ауыстыру Бағыттауштарға тежеуіш қалыптың қысым күшін көбейту

Инені ауыстыру

Жалбыр жиек (жиектегі ілмек тердің түсуі)

Каретканың жылжу бағыты өзгергенде пайда болған жіптің артығын, компенса- тор серіппенің керілуі бос болғандықтан оны алмайды. Тежеуіш тәрелкелердің қы- сым күшінің жеткілікгі бол- мауы немесе олардың ласта- нуы Жіпжүргізгішгің шеткі жұмысшы инелерден шығуы

Компенсатордың серіппесі- нің керілуін ұлғайту

Тежеуіш тәрелкелердің қы- сым күшін көбейту немесе тәрелкелерді тазарту Жіпжүргізштің азайту

Ілмектер жиын- тығы - престі ілмек

Түсіру операцияның орын- далмауы

Инелердің түзулігін, иіл- гіш пластинаның жайын, тартқыш механизмның жұмысын тексеру және ақаулықтарды жою

Ілмек баған шасы бойымен ілмек- тердің жиынты- ғы

Инелердің ақаулығы (тіл шік тығыз айналғанда ілмек кідіріп толық аяқталу орындалмайды)

Инені ауыстыру

Ілмектердің жап- пай жиынтығы

Тарту күшінің жеткіліті болмауы немесе иілгіш сынамен инені жеткілікті жылжытпау

Тарту күшін ұлғайту Игіш сыналарды қажетті тереңдікке орнату

Бұрыңғы дана іл- мектердің үзілуі

Тілшіктің тығыз айналуы, нәтижесінде тілшік аяқталу, престеу немесе келтіру опе- рациялар кезінде үзіледі

Инелерді ауыстыру. Иірім- жіптің сапасын тексеру, қажет болса иіршікті ауы- стыру




Жаңа дана ілмек- тердің үзілуі

Жіптің қатты керілуі (осы кезде бұрыңғы ілмектен жіптің тартылуы көбееді), иірімжіпте жіңішке және қалың учаскелері болуы

Инелерді ауыстыру. Иірім- жіптің сапасын тексеру, қажет болса иіршікті ауы- стыру










Тесіктердің пай- да болуы

Бір учаскеде иненің сынуы- нан ілмектің үзілуі Жіптің қатты керілуінен, иілдірудің үлкен тереңді- гінен, тым қатты тарты- лудан бірнеше учаскеде ілмектердің үзілуі Жіпжүргізгіштің дұрыс ор- натылмаунан (жіп қайшы нуктесіне түсіп престеу кезінде кесіледі)

Инені ауыстыру

Жіптің керілуі, иідіру тереңдігін реттеу, қажетті тарту күшін орнату

Инеге қарағанда жіпжүр- гізгіштің жайын реттеу

Иірімжіптің сапасын тек- серу және сапасыз иіршікті ауыстыру




Иірімжіптің дұрыс пара- финделмеуінен немесе үл- кен түйіндері болуы, қалың және жіңішке учаскелері болуынан ілмектердің жап- пай үзілуі




Бойлай жолақ

Жұмысшы иненің ұзын- дығы әр түрлі, инешектің ойысында инелер біркел- кісіз жылжыунан (тығыз немесе бос жүріс) істен

Инелер және тоқтат-қыш тістерді тексеру, ақау бөлшектерді ауыстыру. Инешектің сапасын тек- серу және ақаулар табыл- ғанда жөндеуге жіберу



3.4. БЕЙМАТА ЖАЙМАЛАРЫН ӨНДІРУ

Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.

Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.

Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.

Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн ба- сым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.

Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.

Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.
3.4.1. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады.

Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту- түту агрегаттарында орындалады.

Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орын- далады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау маши- наларында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған, 3.23-суретте тарамды өзгерткіштің сұлбасы көрсетілген.

Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салынады. Талшықтары көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігетін машинаға жіберіледі.

Жайғақтың ені және қалындығы тордын (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты.

Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады.

Сурет 3.23 - Тарамды өзгерткіштің сұлбасы

Мұнда қалпақты немесе білікті тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған және тоқу-тігу машинасымен тіркестірілген.

Жайғақты қалыптастыру тарау машинасына қойылған аэродина- микалық қосалқының көмегімен немесе желімделген беймата өндірісінде қолданылатын гидродинамикалық әдіспен орындау мүмкін.

3.24. суретте Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы көрсетілген.

Қалпақты тарау машинасының түсіру барабанынан түсіргіш білікшеден (2) алынатын талшықтар құбыр бойымен (3) ауа ағынымен әкетіледі.

Одан талшықтар торлы барабанға (4) келіп түседі. Барабанның бетінде желдеткіштің (6) көмегімен вакуум пайда болады. Талшықтардың шашыраңқы ағыны жайғақ жасайды х=-2, яғни білікшемен (5) нығыздалған, талшықтары әртүрлі бағытта орналасқан, қалдығы және ені біркелкі талшық қабаты пайда болады.

Тосқауыл (7) үстінде орналасқан барабанның (4) бетінде вакуум болмайды және жайғақ шығарушы торға (8) жеңіл түседі.


Сурет 3.24. Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы
Жайғақтарды тоқыптігу Маливатт және Арахне типті машина- ларда орындалады. 3.25 - суретте арахне машинасының тоқылатігу торабының сұлбасы көрсетілген.

Тізбеорауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалуқұрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды.

Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон, хлорин, лавсан құрама жіптерді қолданады.
Жіптерді тоқуға дайындауға төмендегі процесстер жатады: қайта орау (бір тікиірщікте ұзындығы үлкен жіп алу үшін); тазарту (қоқыстардан, түбіттен, жуан жерлерін алып тастау үшін); парафиндеу немесе эмульсиялау (жіпті тегістеу үшін).

Жайғақтарды біріктіре тоқу көбіне негізжіптік өрімдермен (трико- тізбекті, шұға-тізбекті) орындалады.


Сурет 3.25. Арахне машинасының тоқыла тігу торабының сұлбасы
Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбеорауыштан тұрады.

Тізбеорауыштан жіберілетін өзара перпендикуляр немесе бұрышпен орналасқан жіптер жүйелері Малимо (Германия) типті машиналарды келтірілген әдіспен тоқыла тігіледі. Мұндай тәсілмен алынған жайма- лар жіппен тігілген деп аталады. Олар өте берік, қалыпын сақтағыш, мата тәріздес және соның орынына қолданылады.

Сирек тоқылған мата түріндегі қаңқаны іліп тоқып тігу Малиполь (Германия) типті машинада орындалады. Тігу жібі шалулар құрастырып жайманың бетінде ілмекті түк пайда болады.

Іліп тоқыла тігілген жайманың қасиеттері тек қана жайғақтың құ- рамы мен құрылымына ғана байланысты емес. Тесіп тігетін жіпке. өрімдер түріне, жайманың ені мен ұзындығы бойынша тігу тығыздығы- на және шалу жібінің ұзындығына байланысты. Мұндай жаймалар көйлек, костюм, көрпе, сүлгілік бұйымдар шығаруға қолданылады.

Техникалық материал түрінде фильтр, конвейерлер таспасы, буып- түюге қолданылады.
3.4.2. Инетесімді беймата жайма өндіру

Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады. 3.26 суретте инетесімді тәсілмен жұмыс істейтін машинаның сұлбасы көрсетілген.

Жайғақ (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге кон- вейер (2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зона- сына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары біресе төмен жүріс орындайды.

Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады.


Сурет 3.26 - Бейматаны инетесімді тәсілмен өндіруге арналған машинаның сұлбасы (а) және оған қолданылатын ине (б)

Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады.

Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу ма- шиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы бай- ланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процесстің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне бай- ланысты болады.
3.4.3. Желімді беймата жайма өндіру

Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт - мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар.

Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды немесе құрғақ тәсілмен орындалады.

Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1-ГН, СКН- 40, БНК латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмуль- сиялары, поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады.

Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыра- тумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады.

Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет.

Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен бола- ды.

Одан басқа тағыда ылғалды тәсіл - қағаз жасау тәсілі - қолданылады. Оның мәні иіруге жарамсы, ұзындығы 2 мм дейін (әдетте тез балқитын) талшықтардың немесе фибридтартардың және байланыстырғыштың суспензиясы қағаз жасау машинасының торына жіберіледі. Тор- да белгіленген қалыңдықпен жайма түрінде материалдың қабаты қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен өңдеуге кейде каландрлеумен бірге өңделетін жайма алынады. Фибридтар негізгі талшықты материалға қарағанда тез балқитын болғандықтан жібіп жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерін жасайды. 3.27 а-суретте байланыстырғыш сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы келтірілген.


Сурет 3.27 - Сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы (а) және жайманың көлденең қимасы (б).

Жіптерді 2,5 сұйық байланыстырғышпен науаларда 3,4 сіңдіреді, олар талшықты жайғақпен (1) қосылады.

3.27 б - суретте жайғақ (1) берік байланыстармен екі жақтан 2 және 5 бекітілген. Жіптер байланыстырғышпен сіңдірілгендіктен, байланыстырғыш келесі өңдеу процессінде жайғақтың тереңіне өтіп олардағы талшықтарды желімдейді.

Құрғақ тәсілде жайғаққа салынатын тез балқитын түрде талшықтар, қабыршықтар, ұнтақтар, жіптер жүйесі қолданылады. Құрылым элементтерін бекіту бәрінен жиі ыстық престеу тәсілімен орындалады, яғни талшықты жайғақты немесе жіптер, жүйесін каландрлеу біліктері арқылы өткізу қолданылады. Біліктер 1-1,8 МПа қысымда 120-1500С температураға дейін қыздырылады.

Ыстық престеуде тез балқитын байланыстырғыштар жібиді, жайғақтың талшықтарымен немесе жіптер жүйесімен жабысады және бір тұтас жайма жасап берік байланыстар түзеді.

Желімделген беймата жаймаларының қасиеттері талшықтар түріне және олардың жайғақта орналасуына байланысты, сонымен қатар байланыстырғыштың түріне, оның жайғақта таратылуна, пайыздық құрамына және желімдеу тәсіліне байланысты.

Талшықтардың жайғақта хаосты түрінде орналасуы беймата жайманың бойлық және колденең бағыттарда бірдей қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Желімді беймата жаймалар төсеу, декоративті, байлау, фильтірлік, изоляциялық материалдар ретінде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет