3.4. БЕЙМАТА ЖАЙМАЛАРЫН ӨНДІРУ
Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.
Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.
Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.
Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн ба- сым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |