Пәннің академиялық сипаттамасы



бет1/7
Дата23.10.2023
өлшемі3.28 Mb.
#481472
  1   2   3   4   5   6   7
силлабус ауызша ж






  1. Пәннің академиялық сипаттамасы

Ауызша-жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолданады. Шетел тіліндегі коммуникативтік және мәдениетаралық құзырлылығын қалыптастырады. Шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде және қатынастың ауызша-жазбаша формаларын: жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым қатынастарының ресми және биресми жағдайларында қолданады


1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: Бағдарламаның негізгі мақсаты шеттілдік білім беру үдерісінде студенттердің мәдениетаралық-коммуникативтік құзіреттерін жеткілікті (А2, жалпыеуропалық құзыреттер) және базалықжеткілікті (В1, жалпыеруопалық құзыреттер) деңгейлерінде қалыптастыру болып табылады.
1) білім алушыларға шетел тілінің лексикасын мен тілдік ерекшеліктерін игерту және олардың коммуникативтік-функционалды құзыреттілікттерін қалыптастыру;
2)мәдениаралық коммуникация субъектісі болып табылатын жеке тұлғаның мәдениаралық қарым-қатынасқа қабілеттілігін көрсететін, мәдениаралық құзыреттілігін қалыптастыру.
3) шетел тілінде дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру және тілі оқытылатын елдің тілдік және мәдени ерекшеліктерін түсіну.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері:
Шет тілінің тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу практикумы курсының міндеттеріне:
- шет тілінде оқуға; - шетелдік көздерден ақпарат алуға, аударуға;
- оқытылатын тақырыптарға пікір алмасуға мүмкіндік беретін сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерінде осындай дағдылар мен біліктерді қалыптастыру және дамыту кіреді;
- белгілі бір мәселелер бойынша диалогтарды өзара әрекеттесу және құрастыру;
- нақты мәселелерге байланысты тақырыптарға шет тілінде хабарламалар мен презентациялар жасау.
1.3 Пререквизиттер: Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (А1, А2 деңгейі)
1.4 Постреквизиттер: Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (негізгі С1, C2 деңгейі)
1.5 Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері
- қазіргі қоғамдағы шетел тілдерінің даму тенденциялары туралы білімді меңгеру;
- жалпы тілдік жүйе және жекелеген тілдік деңгейлер, фонетикалық жүйе, грамматикалық құрылым туралы білімдерді меңгеру;
- білім беру саласындағы зерттеу міндеттерін шеше отырып үшін жүйелендірілген теориялық және практикалық білімді пайдалана білу;
- тұлға аралық және мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қабілетті болу;
- игерілген шетел тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді қабылдау, түсіну, сондай-ақ көп аспектілі талдау дағдыларын меңгеру
- түрлі білім беру мекемелерінде базалық және элективті курстардың оқу бағдарламаларын іске асыруға қабілетті;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет