Заманауи тілтанымдық зерттеулер Таудай білім насихаты – шипа ғой, Жанды тербеп, көңіл-күйін шертетін. Махмуд Қашғари «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»



Дата12.09.2023
өлшемі15.75 Kb.
#477317
Әліқұл Назерке ЭССЕ


Заманауи тілтанымдық зерттеулер
Таудай білім насихаты – шипа ғой,
Жанды тербеп, көңіл-күйін шертетін.
Махмуд Қашғари
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым», - деген екен ұлы ұстаз Әл-Фараби. Бабамыздың сөзін санамызға сіңіре отырып, өзімізге белгісіз дүниелермен танысу мақсатында ұйымдастырылған өндірістік тәжірибеден өтуге келдік. Тәжірибенің көмегімен бізге университетімізде ұйымдастырылған «Заманауи тілтанымдық зерттеулер» тақырыбындағы стенд-конференциясына қатысу мүмкіндігі бұйырды. Конференцияда тілші-ғалымдар, профессорлар, филология факультетінің оқытушылары бас қосты. Жиында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 2020-22 жылдарда атқарған жұмысы қорытындыланып, қазақ тілін дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.Шарада ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, институттың тілі білімі саласында атқарып отырған елеулі жұмыстарын атап өте отырып, «Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ университетінде оқытушы болып, дәріс берген. ​Ғылымды академиялық жолмен ұйымдастыру мақсатында академиялық орталық құрып, кейіннен оның базасында Қазақ ғылым академиясының негізі қаланды. Сол уақыттан бері жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы тарихи сабақтастық орнап, бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Сөзіміздің жарқын мысалы ретінде ҚазҰУ мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өзара ынтымақтастығын айтуға болады. Институт бүгін де қазақ тіл ғылымының қара шаңырағы деген биік атағына лайық қызмет атқарып отыр. Алдағы уақытта да мемлекеттілігіміздің нышаны ретінде қазақ тілін дамытуда, оның қолданыс аясын кеңейтіп, мәдениетін арттыруда тілтанушы ғалымдар аянбай еңбек ететіні сөзсіз», - деген сүбелі пікірін білдірген болатын. Жиында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 2020-2022 жылдардағы қызметі туралы айтылып, бір қатар жаңа ғылыми еңбектердің тұсауы кесілді. Олардың қатарында:
- "Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл-құрал" басылымдарының графикалық проекциясы"
- "Ахмет оқулары – 2021" жинағы
- "Қазақ жазуының ғылыми-лингвистикалық негіздері" жинағы
- "Жаңа әліпби негізіндегі жазба коммуникация: лингвотеориялық зерттеу" ұжымдық монография
- "Тіл және сана – 2022" жинағы
- "Әлеуметтік тілтанымдық зерттеулер (2021-2022 жж.)" ұжымдық еңбек
- "Тіл және қоғам (2021-2023)" жинағы
- "Тілтанымдық мектеп – 2021" жинағы
- "Тілтанымдық мектеп – 2022" жинағы бар.

Сонымен қатар Институт директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек www.ahmettanu.kz сайтын көпшілікке таныстырды. "Ахметтану бөлімі 2021 жылғы 1 маусымда құрылды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қазіргі кезеңдегі басты міндеттерінің бірі – қазақ тілінің латынграфикалы жаңа әліпбиін дайындау, қазақ жазуына реформа жасау болғандықтан, бөлім қазақ жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының емле, жазу мәселесіне байланысты ғылыми тұжырымдарын зерделеуге басымдық беріп, осы күрделі реформаның теориялық негізін дайындау мақсатын көздейді. Сайтта Ахметтану бөлімінің тарихы, оның еңбектерін зерттеген тұлғалар, Институт ғалымдарының Ахмет Байтұрсынұлына қатысты зерттеу еңбектерінің тізімі жарияланған", – деп атап өтті Ермұхамет Маралбек.Стенд-конференцияда көпшілік назарына ұсынылған маңызды еңбек – "Қазақ тілінің ұлттық корпусы", яғни www.qazcorpus.kz сайты. Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Ондағы мәтін көлемі – 31 млн-нан асады. Мәтіндер қазақ тілінің 5 стиль түрінен: көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі бойынша жинақталған. Корпустан сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүргізіп, іздеген сөзіңіз қолданылған сөйлемдердің тізімін және олардың дереккөзін таба аласыз. Табылған сөз немесе сөзформасы немесе мысалдардағы кез келген сөз туралы тілдің барлық деңгейіне қатысты ақпарат беріледі. Сайтты қазақ тілінде сөйлейтіндер мен қазақ тілін үйренушілер қолдана алады.Әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір осы корпустан жасалады. Бұл турасында : "Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады. Ұлттық корпус алдымен тілдің лексикасы мен грамматикасын жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет. Қазіргі Siri мен Алисаны білесіздер. Ресей Алисаны жасау үшін алдымен орыс тілінің ұлттық корпусын жасады. Біз де өзіміздің қазақша сөйлейтін Әлиямызды жасауды армандап, осы корпусты жасадық. Корпус тек қана Siri мен Әлия үшін қажет емес, ол қазақ тіліндегі кез келген ақпаратты бір сәтте, бір секіндта алуға мүмкіндік беретін мықты ресурс" – деп түсіндірді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. Анар Фазылжан. Сөз соңында Жансейіт Түймебаев институт ғалымдарын ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқуға шақырды. Сондай-ақ ректор өз сөзінде университет пен Тіл білімі институты ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс атқару қажет екенін жеткізді. Конфереция барысында оқып жатқан оқу-орнымыз бен білім нәрімен сусындатып жатқан ұлағатты ұстаздарымызға сүйсіне қарап, кеудемізді тағы да бір мақтаныш сезімі кернеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет