\
»
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты- «Өсімдік қорғау» пәнінің мақсаты ауылшаруашылық дақылдары аурулары екі түрге инфекциясыз қоршаған орта жағдайының қолайсыз әсерінен және инфекциялы болып бөлінеді. Инфекциялы ауруларды саңырауқұлақтар, сәулелі саңырауқұлақтар, бактериялар және вирустар ауру қоздырғыштары арқылы жұғады. Сондықтан зиянды жәндіктер мен аурулар әсерінен зақымдалу белгілерін, одан келетін зиянды,өсімдік өнімінің төмендеуі себебін оқып ұғынудың маңызы зор.
Пәннің негізгі міндеті -«Өсімдік қорғау» пәнін оқып игеру нәтижесінде мыналарды білу:
Өсімдік аурулары сан мөлшері мен дамуына әсер ететін факторларды анықтау;
Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын есептеу және анықтауда практикалық жетістіктерін қалыптастыру;
Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын алдын-ала реттеудің жолдарын анықтау;
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу;
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер (коды, атауы): АҚ 18
Бейінді құзыреттер
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
Өсімдік қорғау салыстырмалы түрде тұрақты биологиялық жүйе ретінде сорты туралы, жергілікті егістік дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері,мәні; дақылдарды өндірудің жаңа технологияларын білу; ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын көтерудің жолдары мен тәсілдерін,сапаны төмендетпеуді және еңбек шығынын қысқарту мен өнімді өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуды игеру; қазіргі өсімдік аурулары түр құрамы және олардың биологиялық негізде зияндылығын азайту; Пәнді жетік меңгерген агрономиялық ойлау және алған білімін өндіріс жағдайында тиімді пайдалана алу қабілетін қалыптастырады. Өсімдік қорғау курсын оқу студенттерге теориялық білім берумен қатар, егістік дақылдардан жоғары өнім алу тәжірибесіне дағдыланған және ауылшаруашылы өнімдерін жоғарылата отырып, сапасын жақсарту және сақтау болып саналады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |