Мектеп миссиясы мен құндылықтары:
Оқыту мен тәрбие үдерісінде сапалы білім берумен қатар өз бойына құндылықтарды, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырған және салауатты өмір салтын ұстана отырып, Қазақстан және әлемдік қоғамдастық игілігі үшін өзін-өзі дамыта алатын зияткер жеке тұлғаны қалыптастыру
Мектептің тақырыбы:
«Оқушылардың бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды білім-тәрбие үрдісінде дамыту»
Мақсаты:
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу
Мектептің міндеті-табысты адамның имиджін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау. Денсаулыққа саналы қарау, табысқа жетелеу
Мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбы: Қазақстан және әлемдік қоғамдастық игілігі үшін өзін-өзі дамыта алатын зияткер жеке тұлғаны қалыптастыруда интеллектуалды оқушы мен жоғары цифрлы сауатты маманның кәсібилігін дамыту
Мақсаты: Инновациялық жаңартылған білім тәсілдерін жетілдіруші және тәжірибелік негізде жоғары сапалы білім-тәрбиеге қол жеткізуші мінсіз мектеп моделін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |