Дәріс №1 Тақырыбы. «Психологиялық кеңес беру негіздері» курсының мақсаты мен міндеттері және даму тарихы Мақсаты



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі30.72 Kb.
#477574
  1   2
Дәріс 1


Дәріс №1
Тақырыбы. «Психологиялық кеңес беру негіздері» курсының мақсаты мен міндеттері және даму тарихы
Мақсаты: Психологиялық кеңес беру негіздеріне түсінік беру, мақсат міндеттері мен даму тарихының ғылыми-теориялық негізі анықтау
Дәріс жоспары:
1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
2.Психологиялық кеңес берудің пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу.

1. «Кеңес беру» сөзі латын тіліндегі consultare– ортақ шешімге келу, қамор болу, ақылдасу деген сөзден шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол кеңес, қандай да бір сұрақ бойынша маманның түсіндіруі, білімдер аясын кеңейту және оны тереңдету мақсатымен әңгімелесу деген мағына береді.Сөзбе-сөз аударғанда «кеңес беру» - қызықтыратын мәселе бойынша кеңес беру дегенді білдіреді.


«Психологиялық» деген сөзді екі жақты түсінуге болады. Бір жағынан, ол кеңес берудің психологиялық ғылымның мәліметтеріне негізделгендігін білдіреді.
Екінші жағынан, ол кеңес берудің психологиялық мәселелер бойынша жүзеге асырылып жатқандығын, яғни оның психика, іс-әрекет, жүріс-тұрыс сияқты құбылыстарға қатысты екендігін білдіреді.
Психологиялық кеңес беру – қазіргі психологияның қолданбалы саласы. Психологиялық ғылымдар жүйесіндегі оның міндеті психикалық және соматикалық сау адамдарға олар қиындықтарға тап болған жағдайларда психологиялық көмек көрсетудің теориялық негіздері мен қолданбалы бағдарламаларын жасау болып табылады. Ол теориялық негіздер мен бағдарламалар, бір жағынан, психологиялық білімнің қазіргі күйін, эмпирикалық және теориялық зерттеулер ауданындағы жетістіктерді талдаудың негізінде қалыптастырылады.
Екінші жағынан, осы теориялық негіздер мен бағдарламалардың қайнар көзі психологиялық көмек көрсетудің аса саналуан формаларының аясында жүйелі түрде психологиялық әсер ететін мамандардың практикалық тәжірибелеріне талдау жасау болып табылады.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.
Іс-әрекеттің қандай да бір түрінде саналы түрде алға қарай жылжу үшін алдын-ала өз мақсатыңды анықтап алу қажет, одан кейін біртіндеп жүзеге асырылуы қалаған мақсатқа жеткізетін міндеттерді айқындап, сол іс-әрекетті жоспарлау қажет. Бұл психологиялық кеңес беру үшін де дұрыс.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттерін, біз жұмыс жасағымыз келетін психологиялық кеңес беруге деген бағытқа байланысты әртүрлі анықтауға болады.
Ю.Е. Алешина (1994) психологиялық кеңес берудің негізгі мақсатынпсихологиялық көмек көрсету ретінде анықтайды, яғни психологпен әңгімелесу адамға оның қиындықтарын шешуге және айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынастарды дұрыстауға көмектесуі тиіс. Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталады:
1.Клиентті тыңдау, оның нәтижесінде клиенттің өзі туралы және өз жағдайы жайлы түсінігі кеңейіп, ойлануға себеп пайда болуы қажет.
2.Клиенттің эмоциялық күйін жеңілдету, яғни кеңес беруші-психологтың жұмысының арқасында клиент жеңілденіп қалуы тиіс.
3.Клиенттің өзімен болып жатқан жағдайларға жауапкершілікті өз мойнына алуы. Кеңес беру барысында клиенттің локус шағымдары оның өзіне аударылуы керек, адам болып жатқан жағдайларға өзінің жауапты екендігін және өз күнәсін сезінуі тиіс, тек сонда ғана ол шын мәнісінде де өзгеруге және жағдайды өзгертуге тырысатын болады; олай болмаған жағдайда ол тек айналасындағылардың көмегін және олардың тарапынан болатын өзгерістерді күтетін болады. Минимум-бағдарлама бұл жерде – клиентке оның мәселелерінің және адамдармен қарым-қатынастарының осындай күрделі, әрі жағымсыз сипатқа ие екендігіне біршама өзінің әсер еткендігін көрсету.
Психологтың орын алған жағдайда нені және қалай өзгертуге болатындығын анықтаудағы көмегі.Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп атайды. Олардың баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырпып, жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғарғы сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмеіндік берді.
Қазігі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, т.с.с Білім беғру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалармен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некегк дейінгі кезеңде үйленейін деп жүген жастарға кеңес беру, жанұйя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық көмек берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларынт шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында брлған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол ьадам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамаған және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді.
Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең , ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқтғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының “азығы” болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді.
Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.
Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселенің шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы- клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алу.
2. Психологиялық әсер ету әдістерінің дәстүрлі бір түрі психологиялық кеңес беру болып табылады. Психологиялық кеңес беру ресми емес формада- достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда – ешкімнің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қолпаштауы, жетекшілік жасауы сияқты әрекеттер арқылы адам өмірінде ежелден-ақ белді орын алады. Сондықтан психологиялық консультцияның даму тарихын ғасырлар тереңінен бастап сипаттау жөн болар.
Эберстің (б.э.д. XVI ғ.) мыңға жуық пайдалы емдік жазбалары бар медициналық папирусында дәрі-дәрмектің дауалылығына сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалардың, хандардың арнайы кеңесшілері болғандығы тарихта айтылады. Ежелгі грек данасы, дәрігер Гиппократ (б.э.д. VI ғ.) жаны, тәні ауырған адамға сөз (ерекшелеп көрсетуші – автор), шөп және пышақ шипа болады деген екен. XVII ғасырдың ақырында емдеудің психикалық әдістерін ғылыми түсіндіруге талпыныстар жасалынып, олардың небір жаңа варианттары пайда бола бастайды. Психологиялық консультацияның одан кейінгі қадамдары австралиялық дәрігер А.Ф. Месмер (1734-1815) ілімінің негізінде пайда болған гипноз жайлы ғылыми түсініктермен байланысты. Осыдан барып, психологиялық әсер ету әдістерінің, жәрдем берудің іргетасы қаланып, ауқымы анықталына бастады.
Психологиялық кеңес берудің дамуы мен психиканың мотивациялық, энергетикалық жастарын түсінуге З.Фрейд (1856-1939) еңбектері ықпалын тигізді. XIXғасырдың ақырында-ақ З.Фрейд жеке адамның психикалық денсаулығына қатысты жаңа концепция ұсынды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жиырмасыншы жылдардан бастап психологиялық жәрдем көретуде психоаналитикалық бағыт кең тарала бастады. Психоанализдің басты әдістері соңғы жүзжылдықта жетіле дамып, психология тәжірбиесінде өз орнын алды. Осылайша юнгиандық бағыт (К.Г.Юнг), адлерлік жеке-дар психология (А.Адлер), К. Хорнидің клиникалық тәжірибесі, психодинамикалық орентациядағы Э. Эриксон, Э.Фромм және т.б. постфрейдистер іс-тәжірибелері психоаналитикалық консультациялау ауқымын кеңейтті. Карл Роджерстің директивті емес техникалары – клиент-центрлік терапия, Альберт Эллистің рационалды- эмотивті психотеропиясы, Виктор Франклдің логотерапиясы, Джозеф Уолидің рециопрокты тежелу арқылы психотерапиясы, Джордж А.Келлидің конструктивті альтернативтілік психотерапиясы, Я.Л. Морено бойынша психодрама, Фредерик С. Перлздің гештальтерапиясы, Милтон Эриксон бойынша гипноз, Вирджиния Сатирдің жанұялық терапиясы және басқа да бағыттар мен іс-тәжірибелер психика нормасы мен потологиясын анықтау, психикалық жәрдем көрсету сияқты мәселелерді шешуге жағдай жасай бастады, консультацияның дербес сала болуына септігін тигізді.
Алғашында психологиялық кеңес беруді психотерапиялық іс-әрекет ретінде дәрігерлер қолданып, дамытты. Ал XX ғасырдың бастапқы жылдарынын-ақ әлеуметтік салалардың қызметкерлері де психологиялық консультацияға қамтыла бастады. Осыдан барып,1951 жылы АҚШ-ғы Солтүстік-батыс конференциясының нұсқауы бойынша «консультативті психология» атауымен фундаментальді және қолданбалы аспектілері бар ғылыми сала бөлініп шықты. Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдесін жүйелеп сипаттаумен анықталады. Мұнда, психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырады.
Психологиялық кеңес беру жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш-қуаты мен қабілеті актуализицияланады. Соның нәтижесінде күрделі мәселелік кезеңдерден шығудың жаңа жолдарының, мінез –құлықтың әр түрлі варианттарының пайда болуы мүмкін болады. Осылайша, адамның өміріндегі жағдайлар мен жеке басының мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Адамның психикалық науқасқа шалдығуын, ауруын анықтау т.б. денсаулық мәселесіне қатысты көмек беретін дәстүрлі психотерапиядан психологиялық консультациялаудың өзгешелігі де осында. Психотерапияға және психопатологияны емдеуге бағытталған клиникалық психологиядан консультациялауды ажыратып алу қажеттілігі көрінді. Консультивті психологияның кең таралып, дамуының нәтижесінде 1952 жылы Американдық Психологиялық Ассоциация консультация жүргізетін психологтың паоицияларын тағайындады. Осыдан барып, дүниежүзілік тәжірбиеде психолог-консультант кәсіби маман ретінде бекіді.
Қазіргі кезде кеңес беру психологиялық білімді қажет ететін қай салада болмасын әсер етудің бір формасы ретінде қолданылады. Консультациялық іс-әрекет кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, менеджменттік, әлеуметтік сан салаларға жүзеге асырылады. Бұл салалардың қайсысында да отбасы мен жеке мәселелері бойынша көмек қажет болғанда психологиялық кеңес беружүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет