ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-16.1.62/03-2014
|
ПОӘК
Магистрантқа арналған «Қазіргі заман психологиясының тарихы, күйі, тенденциялары »
|
Басылым №1
05.09.2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ,КҮЙІ, ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»
«6M050300» – «Психология» мамандығының магистранттарына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Магистранттың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Психология – тіршілік әрекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым.
Психика – объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың психикалық қасиеті.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі.
Жан – адам мен жануардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасты бейнелейтін ұғым.
Антропология – адамзатты зерттеу. Адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ғылым.
Бейімделу – органикалық сыртқы ортаның әр түрлі жағдайында бейімделу қабілеттілігі.
Дедукция – білімнің көбінде жалпыдан кенірек жекеге қарай қозғалуы. Солардың алғы шарттардан шығарылуы. Психологиялық дедукция пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді.
Индукция – білімнің жеке пайымдаулардан жалпыға қарай өзгеруі.
Рефлекс – белгілі рецепторға анықталған ішкі және сыртқы ортаның факторларының әрекеттестігін ағзаның жауапты акті.
Тану – білімді меңгеруді қамтамасыз ететін психологиялық процесс.
Рецепторлар – ішкі және сыртқы ортадан тітіркенуді қабылдап және оларды нерв сигналында қайта өндейтін арнайы сезімдік нерв құрылымы.
Инстинкт – организмінің белгілі бір қоршаған орта шарттарына бейімделудің негізіндегі әрекет – қылықтың тума формасы.
2 Дәрістер
Модуль 1. Қазіргі заман психологиясының тарихы, күйі, тенденциялары пәніне кіріспе.
Тақырып 1. Қазіргі заман психологиясының тарихы, күйі, тенденциялары пәніне кіріспе.
Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов, Салкен Балаубаев, Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды. 20-жылдардың аяғында атақты физиолог нобел премиясының лауриаты академик И.П Павловтың лекциясын тыңдаған Санкт Петербург әскери медециналық академиясының түлегі профессор Халел Досмұхамбетов педология кафедрасын басқарды. Ол академияны алтын медальмен бітіргеннен кейін (1909ж) Ресейдегі әскерей бөлімшеде тәжірибелі медецинамен айналысады Революциядан кейін түгелдей ғылыми педогогиколық психологияға көшеді. Кафедрада сол жылдары Досмұхамбетовтан басқа пофессор Автухов, доцент Белковский, Кеплер, Ситдыков тағы басқалар жұмыс істе Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов, Салкен Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды. 30-жылдардың басында педогогика ж/е психология кафедрасын Н.К Крупская атындағы Комунистік тәрбиелеу академиясы асперантурасының түлегі профессор Ш.Альжанов басқарды. Ол педогогикалық және даму психологиясы жөнінде зерттеу жасап, балалардың ойлануының,есте сақтау жөніндегі сұрақтар жайлы ғылыми еңбектерін шығарды. А.Б Заменинда педология профессорының кітабын Балаубаевпен бірігіп аударды. Психология ғылымында Қазақстан кадрлар дайындауда Балаубаевпен Қожахметовтың еңбектері ерекше орын алады.Қожахметов педогогикалық психолиямен ,педогогика тарихымен айналысты.Ол «Вопросы педагогики», «О воспитани сознателной дисцеплине школников» монографияларын жарыққа шығарды. Балаубаев САГУ-дің педагогика факултетінің деканы, педагогика-психология доценті болып жұмыс жасады. Ол, қазақ балаларының даму жағдайына психологиялық зерттеу жасап, кітап жазды. Ол Барановпен бірге «Вопросы конструирование национального теста», «Комплектование школьных групп», «Трудные дети» деген мақалалар жазды, педология және педагогика жалпы көптеген кітаптарды қазақ тіліне аударды. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ҚазПИ ұстаздары психолгтары әр жерге шақырылды. 1946-жылдың тамызында Қаз ССР министірі бұйрығымен жеке өзіндік психология кафедрасы құрылды,оның алғашқы жетекшісі болып профессор И.Л.Стычкин болды. Қазіргі кафедра мамандары және асперанттары жастар болды. Оның көбі ғылым кандидаттары болды.(Темірбаев,А.М Невский,А.П Панов, П.Ф Павлюк,А.Асылбеков). 1967 жылы доцент М.Мұқанов басқарды. М.Мұқанов екі тілді қазақ, орыс негізгі психологиялық зерттеу жұмыстарын жақсы атқарды. 1965-1967 жылдары алматыда екі ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ол психологиялық мәселелерді бағдарламалар арқылы оқыту болып табылды. 60-80 жылдары мәселемен кафедра зерттеу жасады. Әр түрлі Қазақ этносының жетілуінің еркшелінің психлогиясы зерттелді. 1980ж М.Муқанов АНССР психолгиясы НИИ «Исследование расудков история этнического аспекта» тақырыбында факторлық дисертация қорғады. Өзінен кейін Қазақстанда психология жайлы ғылыми 10-кітап және 200 ғылыми мақалалар қалдырды. Республикада этникалық психология негізінде көптеген еңбектер жазды.Ол көптеген жас психолгтар, ғылым кандидаттарын даярлады. М.Мұқанов қайтыс болғаннан кейін кафедраны доцент Шабельников басқарды. 1989 жылы ол психологиядан ғылыми диссертация қорғады. «Формиравание быстрой мысли», «Психика как функциональное система» деген ғылым әлемінде жақсы бағаланған монографияларын шығарады. Оның аспиранттары М.О. Малаев, Бердібаева педагогика және психология жайлы маңызды мәселелер туралы кондидаттық дисертация қорға Көптеген жылдар бойы 1946 жылға дейін жеке дара психология кафедрасы болған жоқ.. Оның жоқтығы психолог мамандардың жетіспеушілігінен болды. Бірақ мұнда өзіндік жақсы жақтары болды. Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының психология кафедрасының қалануында Халел Досмұхамедов, Салкен Балаубаев,Төлеген Тажібаев т.б сияқты керемет оқымыстылар тұрды.
Тақырып 2. Психиологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
-
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
-
Психолгияның жеке салаларға тарамдалуы.
-
Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.
Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.
Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді.
Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.
Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.
Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.
Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.
Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология
Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.
Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.
Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
3-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.
-
Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.
-
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
-
Психологияны зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.
Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.
Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:
-
Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;
-
Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..
Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.
Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:
-
Сыртқы дүние объектісі;
-
Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.
Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.
Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.
Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикадапсихологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:
-
Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер,
-
Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..
-
Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,
-
Феноменалды алаң теорисы,
-
В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.
Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.
Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар. Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
Таблица 6
Негігі әдіс
|
Негізгі әдістің нұсқалары
|
Бақылау
|
Сырттан бақылау
Өзін-өзі бақылау
Еркінбақылау
Стандартизацияланған
Қосылған
Қосымша
|
Сауалнама
|
Жазбаша
Ауызша
Еркін
Стандартизацияланған
|
Тест
|
Сауалнама-тест
Тапсырма-тест
Проективті тест
|
Эксперимент
|
Табиғи
Лабораториялық
|
Үлгілеу
|
Математикалық
Логикалық
Техникалық
Кибернетикалық
|
Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді.
Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс.
Бақылау техникасы:
-
Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау;
-
Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру;
-
Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру;
-
Орын әзірлеу;
-
Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу.
Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады.
Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты.
Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды.
Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар.
Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады.
Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі.
Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды.
Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі.
4-тақырып. Психиологияның жаратылыстану-ғылыми негіздері.
-
Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.
-
Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы.
-
Қызметі және қасиетіне сипаттама.
Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым тіршілік иелерінен адамға дейін - әрекет-қылықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік, қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без секрецияларын (эффектор. іске қосады.
Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система. қамтамасыз етеді.
Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит – қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады. Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары.
ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты.
9-тақырып. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы.
-
Адам психикасы - даму өнімі ретінде.
-
Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер.
-
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды, интеллект.
Адам психикасы дамудың өнімі б.т.
Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, рухани даму, психикалық даму.
Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология, зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге елеулі жаңалықтардыХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді.Бұл мәселені зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және диалектикалық материалистік.Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді.
Адамның психикалық даму процесін дұрыс тсіну үшін, оның негізгі мазмұнын түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі.
Кез-келген организм қоршаған ортаның бір бөлігі бола отырып, одан бөліне бастайды, бірақ сол ортамен байланыста болады. Сол сияқты психикалық даму процесінде де тұлға өзін шындықтан неғұрлым алып шыққанымен , соғұрлым онымен байланыста болады. Бейнелеудің неғұрлым жоғары формаларына ауыса отырып, м-ы, зат немесе құбылысты қабылдап, түйсінудегі сенсорлы талдаулардан ортаның байланыс қатынастарын ажыратушыойлауға ауысуында, тұлға шындықтың неғұрлым кеңірек сфераларына еніп, онымен байланысқа түседі. Психика дамуының сатылары – байланыс, бөліну сатылары б.т.
Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш жетістігі өз әсерін тигізді. Олар:
-
еңбек құралдырын жасау;
-
материалдық және мәдени-рухани заттарын өндіру;
-
тілдің, сөздің қалыптасуы.
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары:
Әрект-қылық дегенде қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ететін ұйымдасқан іс-әрекеті ұғымын жатқызуға болады.
Адамның санасының ішкі жоспары әрекет-қылықтан бөлек қарастырылса жануарларда психика менәрекет-қылық бірге қарастырылады, сондықтан психиканы оқып-зерттеу , оның компоненті ретінде әрекет-қылықты да қарастыруға болады.
Негізінен түрлі әрект-қылыққа байланысты, индивидтің эволюциялық дамуында психологиялық табиғаты жағынан үш түрлі типтегі әрекет- қылықты ажыратуға боады:
-
инстинктивті әрект-қылық,
-
дағды,
-
интеллект.
Жануарлардың барлық әрекет-қылығы “инстинктивті” б.т. Бұлардың психика мен әрекет-қылық формаларының барлығы тіршілік етудің биологиялық формаларының негізінде қалыптасады. Яғни, бұл формалар саналы емес, биологиялық қажеттіліктен туындайтын “соқыр” әрект.
Инстинктивті әрекет-қылық келесі ерекшеліктермен анықталады:
Сондықтан инстинктивті әрекет-қылық өте күрделі процесс, ол орг. мотивациядан туындайды да, алғашқыда автоматталған реакциялар арқылы орындалады.Бұл әрекет-қылықтың басқа формаларынан ерекшелене отырып, олармен тығыз байланыста. М-ы, балапанның шоқу әректі – туған бетте дайын тұрған инстинктивті механизм бола отырып, дағды, интеллектінің элементтері біртіндеп қосылады. Шоқу ол үшін инст. әрекет, ол басында бидайды да , ұсақ тасты да, моншақты да бірдей шоқып көреді.Осы жерде онда қайсысы жеуге жарамды, қайсысы жарамсыз екендігі ас қорыту реакциясы арқылы ажыратады.
Дағды үйрену немесе жеке тәжірибенің негізінде туындаған, нәтижесінде автоматталынған әрект. Көптеген жәндік, жануарларда шарсыз тітіркендіргіштерді пайдалана отырып белгілі әрекеттерге дағдыландыруға болатындығы туралы көптеген эксперименттер жасалынды (Керен Иерекс, К.Т.Тернер.. Дағды – тарихи ұғым. Дағды да түрлі даму сатыларына қарай өзгеріп отырады және дағдының табиғаты қабылдау табиғатына байланысты болады. Өйткені қабылдау негізінде дағды байланысатын сәйкес әрекеттер дифференциалданады.
Сонымен қатар, оқыту, үйрету процесінде дағды әрекет-қылығының екі компоненттен тұратындығы анықталды (Э.Толмен.:
Бұнда адамға тән қателесу, қолданып көру әдістері байқалады.
Адам психикасының генезисінің даму мәселесі бұдан әрі алдыға жылжуды талап етеді. Бұл неғұрлым жоғары форма – “интеллектуалды” әрекет-қылық..
Интеллектуалды әрекет әрқашан біртіндеп қолданылатын операциялар түріндегі автоматты да, стереотипті де компоненттерден тұрады. Бұл мәселе олардың күрделенуіне байланысты түрлі даму стадияларынан өтеді. Интеллектуалды әрекеттің дамуымен әрекет-қылықтың икемділігі арта түседі. Интеллектуалды әрекеттің негізіндегі “саналы” әрекет-қылық, бір жағынан белгілі ситуацияларға деген объективті қатынас ерекшелігімен және екінші жағынан , индивидтің тарихи дамуымен анықталады.
Адам интеллектісі қоршаған ортаны, шындықты танып білуге, әрекетін басқаруға бағытталады және сол шындықпен тікелей әсерлесу процесінде қалыптасады. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылық деңгейі танымдық форманың өзіндік ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Интеллект дамуы , тек сандық өлшемнің өзгеруімен емес, оның сапалық өзгеруімен анықталады.
10-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы
-
Сананың негізгі белгілері.
-
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде.
-
Сананың қалыптасуының алғышарттары.
Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға, өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ , өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады.
Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі.
Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне ие болады.
Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз.
Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты.
Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет-қылықты басқару қызметін атқарады.
Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.
Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
-
Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
-
Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
-
Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.
-
Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
11-тақырып. Сана және бейсана (астар сана).
-
Психикалық процесс, қасиет және қалыптағы бейсаналық бастаудың көрнісі.
-
Бейсаналық психикалық құбылыстардың типтері.
-
Сана және бейсананың өзара байланысы.
Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.
Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.
Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:
-
Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;
-
Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;
-
Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;
-
Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.
Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.
Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:
-
психоанализ теориясы;
-
астарлы психикалық нұсқаулар (установки).
12-тақырып. Психология және адам туралы ғылымдар.
-
Психология және тарих.
-
Психологияның философияық бастауы.
-
Әлеуметтанумен байланысы.
Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты.
Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.
Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең.
Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б.
Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін
Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы.
Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады.
Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды.
Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді.
Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені:
-
олар екеуі де қатар дами бастады;
-
ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды;
-
екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы.
Психологияның әлеуметтеанумен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны , адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар , ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес. Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы (теория социального научения).Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
13-тақырып. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
-
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
-
Психологиялық білімдердің пайда болуы, оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.
-
Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:
І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;
ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;
ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.
ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.
Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.
Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.
ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).
Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.
Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.
Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.
Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.
14-тақырып. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
-
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуы.
-
Психология ғылымының дамуындағы дағдарыстың негізгі заңдылықтары.
-
ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді.
Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт).
Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез-келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады.
Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді.
Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды:
-
Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде).
-
Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ?
-
Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды.
-
ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты.
ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді.
Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді.
Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар , педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б.
Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар:
Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон)
Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психолгияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.
Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд).
15-тақырып. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы.
-
Кеңестік психологиялық ойдың дамуы.
-
20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
-
Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері.
Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов.
Ресей ғалымдарының теорияларындағы
психиканың табиғи-ғылыми негіздері.
Әрекет-қылықтың Жрғары жүйке
психикалық қызметі
реттелуі жөніндегі
И.М.Сеченов И.П.Павлов
теориясы тағылымы
Психиканың
табиғи –
ғылыми негіздері
Психиканың Жүйелі динамикалық
қызметтік оқшаулап шектеу
жүйелері жөніндегі (локализация)
П.К.Анохин жөніндегі А.Р.Лурия
Теориясы теориясы
Кеңестік дәуердегі психология ғылымы өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік тұрғыдан тұсінудің негізі үлкен идеалық-теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар:Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожец, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу иниституттарында, сондай-ақ университеттер пен педагогикалық иниституттардың психолгия кафедраларында болды.
30-60 жылдарда отандық психологияда бірнеше мектептер мен бағыттар өріс алды. Олар: Д.Н.Узназде мектебі. Ол бағыттау түсінігін қолдана отырып, оны көптеген псих. Құбылыстарды зерттеуде қолданды. Келесі мектеп, Л.С.Выготскидің басқаруымен ММУ-де жұмыс жасаған зерттеушілер тобы. Бұлар жалпы және педагогикалық психологияның мәселелерімен айналысты. С.Л.Рубинштейн мектебі де жалпы және пед. психологиямен айналысты, бірақ ол әсер етудің ғылыми емес әдістерін қолданданғаны үшін өткір сынға алынды. Ол психологиялық проблемасы жағынан мазмұны өте кең “Жалпы психология негіздері” еңбегін жазды (1940ж басылған, 1989 ж қайта басылған).
Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдық) принципі, сана мен іс-әрекет пинципі, даму пинципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психологиялыққұбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол “іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас: теңдік емес, бірлік” – деп жазған.
Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму илеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).
80-жылдардан бастап отандық психологияда жаңа кезең басталды десе болады. Ол елде болып жатқан саяси түрлі оқиғалармен байланысты. Шетел психологиясының зерттеу тенденциялары сарапталып, қалыптасқан идеологиялық стереотиптерден, саяси догмалардан арылу басталып, оларды неғұрлым жаңа құрылымдармен ауыстыру процесі жүруде.
3 Практикалық сабақтар және лабораториялық жұмыстар
Практикалық сабақтар – магистранттардың өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Методологиялық проблемалардың негіздерін ашу үшін тыңғылықты, жүйелі, бірізділік қажет. Методологиялық жағдайлардың шешімін табу үшін дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
Практикалық сабақтың тақырыбы.
1. Антикалық дәуірде жэне 21 ғасырда.психология жан туралы ілім ретінде
2. 20 ғасырдағы Еуропа мен АҚШ-та психологиялық мектептердің дамуы.
3. 21 ғасырдағы психология дамуының мэселелері және перспективасы.
4. Психологияның қолданбалы бағыттарының ерекше дамуы.
5. Қабылдау психологиясының даму тенденциясы, тарихы жэне күйі.
6. Психологияның эртүрлі даму кезеңдерінде есті зерттеу.
7. Психология тарихындағы ойлау мэселесі.
8. Тіл мен ойлаудың байланысы мәселелері (Л.С.Выготский, П.Я. Гальперин). Эмоция мен ойлаудың байланысы мәселесі. (Эмоциялық интеллект).
9. Аристотелдің «энтелехия»-сынан іс-әрекет категориясына дейін.
10. Гылыми білімнің жүйелік сипаттамасы жэне іс-әрекетті зерттеу эдістері.
11. Адамның машинамен озара эрекеттесуінің психологиялық талдауындағы іс-әрекеттік тұрғы.
12. Құрылымдық-іс-эрекеттік жүйелердің ерекшеліктері.
13. Физиология мен психологиядағы іс-әрекеттік жүйелер.
14. Сана мен іс-эрекетті құрылымдық талдау мәселелері.
15. Сана мен іс-эрекетті құрылымдық талдау мәселелері.
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
Пән бойынша курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау қарастырылмаған.
5 Магистранттардың өздік жұмысы
5.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
-
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
-
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
-
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
-
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
-
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
-
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты магистрант кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
-
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
-
Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
-
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
-
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
-
Магистранттың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы магистранттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған магистранттың, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Магистранттың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Магистранттың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
-
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
-
Магистранттың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
-
Магистранттың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
-
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
-
Магистранттың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
-
Магистранттың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
-
Магистранттың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
-
Магистранттың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
1. Тақырыптардың біреуіне реферат: 1. Антилік философиядағы жан туралы (Фалес, Гераклит, Демокрит, Сократ). 2. Платон теориясындағы жанның космостық табиғаты. Түсініктердің мэселесі. З.Аристотель теориясындағы жан функциональды табиғаты. 4. Ерте христиандылықтағы (Плотин, Августин) жан туралы түсінік
2. «70-80ж. Еуропа және АҚШ-тағы психологиялық мектептерінің дамуы» тақырыбына реферат
3. «21 ғасырдағы психологияның даму мэселелері мен перспективасы» тақырыбына пікір-талас
4. Э.Толменнің мақаласына «Поведение как молярный феномен» немесе Дж.Уотсонның "Психология с точки зрения бихевиоризма" атты мақаласына конспект
5. М.Вертгеймердің «О гешталытеории» мақаласына конспект
6. К.Левиннің «Топология и теория поля» мақаласына конспект
7. З.Фрейдтің «О психоанализе 5 лекций» мақаласына конспект
8. «Когнитивтік психологияның тарихы, жағдайы, тенденциялары» тақырыбына реферат
9. «П.Я.Гальпериннің, Л.С.Выготскийдің еңбектеріндегі ойлау мен сөйлеудің өзара байланысынң мәселесі» тақырыбына реферат
10. В.П.Зинченконың «От классической к органической психологии» мақаласына конспект
11. А.Н. Леонтьевтің «Категория деятельности в современной психологии»// Вопр. психологии, 1979, № 3 мақаласына конспект
12. Н.И.Чуприкованың «Психика и предмет психологии в свете достижений современной нейронауки» мақаласына конспект
-
МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
$$$ 1
Психология…
А.жан туралы ілім
В.жүрек тралы ілім
С.қарым-қатынас туралы ілім
D.жоғарғы жүйке жүйесі
Е.дене туралы ілім
$$$ 2
Жалпы психология
А.адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін қарастырады
В.адамның түсіну мен қабылдаудың заңдылықтарын қабылдайды
С.адамның ес пен қиялы, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін қарастырады
D.адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады
Е.бәрі де дұрыс
$$$ 3
Жалпы психологияның мәселелері
А.Психикалық процестер
В.психикалық кейіп
С.психикалық қасиеттер, адамның дара психологиялық ерекшелігі
D.психикалық процестер, кейіп, қасиеттер және психологиялық қасиеттер
Е.дұрыс жауап жоқ
$$$ 4
Психиканың дамуын жіктеу үшін не керек?
А.осы пәннің зерттейтін объектісін қарастыру керек
В. зерттейтін объектісін, адамның іс-әрекет түрлерін, негіз ету, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастыру
С.адамның әлеуметтік қарым-қатынасын қарастыру
D. адамның іс-әрекет түрлерін негіз ету
Е.дұрыс жауап жоқ
$$$ 5
Психология…
А.психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңды
В.жан туралы ілім
С.психика туралы ілім
D.жан дүниесінің сыры жайлы ілім
Е.дұрыс жауап жоқ
$$$ 6
Барлық нәрседе жан бар дейтін ұғым:
А. анимизм
В. дуализм
С.материализм
D.идеализм
Е.дұрыс жауап жоқ
$$$ 7
Кімнің есімімен жан туралы түсінік байланысты?
А.Демокрит
В.Платон
С.Аристотель
D.Әл-Фараби
Е.Декарт
$$$ 8
Реттеу-түзету әдістері
А.Аутотренинг, топ тренинг
В.байқау
С.эксперимент
D.сынау
Е.салыстыру әдісі
$$$ 9
Деректерді өңдеу әдістері
А.байқау әдісі
В.сандық және саналық әдістері
С.реттеу-түзету әдістері
D. аутотренинг
Е.салыстыру әдісі
$$$ 10
Ұйымдастыру әдістері
А.деректерді өңдеу әдістері
В. эксперимент
С.лонгитюд, салыстыру, комплекстік әдістері
D.сынау
Е.байқау
$$$ 11
Психика неден пайда болады?
А.сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркеуінен пайда болады
В.биологиялық процесс
С.философиялық процесс
D.медициналық процесс
Е.тарихи процесс
$$$ 12
Психология пәнінің зерттеу объектісі
А.адам жан дүниесінің заңдылықтары
В.адамның елесі
С.адамның қарым-қатынасы
D.адамның жүрек сырының құпия жайттары
Е.бәрі де дұрыс
$$$ 13
Достарыңызбен бөлісу: |