ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-1» пәні


ТӘЖІРИБЕ №5 ХРОМАТТАРДЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ



бет6/6
Дата06.03.2016
өлшемі438 Kb.
#43964
1   2   3   4   5   6

ТӘЖІРИБЕ №5 ХРОМАТТАРДЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ

4-5 см3 калий дихроматы ерітіндісіне бір-екі тамшы күкірт қышқылын тамызып, оған 3-4 тамшы калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді түсі өзгергенін байқаңдар. Пробиркаға бір тамшы крахмал тамызып, иодтың пайда болғанын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 7,8 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ І В, ІІ В ТОПШАЛАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ (МЫС, МЫРЫШ, КАДМИЙ)

Мыс қан түзілуіне қатысады, оның тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг. Мыс сары майда (0,8 мг/кг), етте (0,8-1,5 мг/кг), сүтте (0,7 мг/кг) көп болады. Бірақ мыстың артық мөлшері ревматоидтық артрит деген ауруға әкелуі мүмкін. Мырыш ағзада қанттың алмасуын реттейді. Оның көп мөлшері етте, сүтте болады. Егер мырыш концентрациясы ағзада 1,5 еседен асып кетсе, ол рак ауруына диагноз қоюға көмектеседі. Кадмийдің ағзадағы ролі әлі зерттелмеген.



ТӘЖІРИБЕ №1: МЫСТЫҢ СҰЙЫТЫЛҒАН ЖӘНЕ КОНЦЕНТРЛІ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ

Үш пробиркаға мыс түйірін салып, 5-6 см3 мына 2 н қышқылдарды құйыңдар: HCl, H2SO4, HNO3. Тағы үш пробиркаға мыс салып, концентрлі қышқылдар құйыңдар. Нені байқадыңдар? Мыс туралы қорытынды жасаңдар.



ТӘЖІРИБЕ №2 МЫСТЫҢ (ІІ) АЗ ЕРИТІН ТҰЗДАРЫН АЛУ

Екі пробиркаға 3-4 см3 мыс (ІІ) хлоридінің не сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға күкіртті сутек суын, екінші пробиркаға соды ерітіндісін (Na2CO3) қосыңдар. Тұнбалар түсін байқаңдар. Тұнбалар түсу реакцияларының иондық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Мыс тұзы содымен әрекеттескенде мыс гидрокарбонаты (CuOH)2CO3 түзіледі. Неге мыс карбонаты CuCO3 түзілмейді?



ТӘЖІРИБЕ №3 МЫСТЫҢ КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

Пробиркаға 3-4 см3 мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған 2 н аммиак ерітіндісін тамшылатыңдар. Алғашқы тамшы құйылғанда негіздік тұнба (СuOH)2SO4 түзіледі, ол аммиак тамшысы артқан сайын ери бастайды. Мына реакциялар теңдеулерін жазыңдар: а)мыс сульфатының аммиакпен негіздік сульфат түзілуінің; б)аммиактың артық мөлшерінде негіздік сульфат тұнбасының еріп, комплекс қосылыс түзілуінің. Мыс (ІІ) ионының координациялық саны 4. в)мыс комплекс қосылысының диссоциациясын. Қай негіз күшті: мыс гидроксиді ме, әлде тетраамин мыс гидроксиді [Cu(NH3)4](OH)2 ме?



ТӘЖІРИБЕ №4 МЫРЫШ ПЕН КАДМИЙ ГИДРОКСИДТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Екі пробиркаға 3-4 см3 мырыш тұзының ерітіндісін, екі пробиркаға 3-4 см3 кадмий тұзының ерітіндісін құйыңдар. Әр пробиркаға 2 н сілті ерітіндісін тамшылатып құйыңдар. Ақ түсті гидроксидтер тұнбалары пайда болады. Алынған тұнбалардың қышқылдармен, негіздермен қалай әсерлесетінін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Гидроксидтер қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар.



ТӘЖІРИБЕ №5 МЫРЫШ ЖӘНЕ КАДМИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ

Бір пробиркаға бірнеше кристалл мырыш тұзын, екінші пробиркаға бірнеше кристалл кадмий тұзын салып, суда ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы лакмус құйып, пробиркаларды аздап қыздырыңдар. Лакмус түсінің өзгеруі арқылы реакция ортасын анықтаңдар. Гидролиз теңдеулерін молекулалық және иондық түрінде жазыңдар.


Сабақтан алған білімді тексеру сұрақтары

1. Элементтер иондарының Cu(I), Cu(II), Zn(II), Cd(II) электрондық конфигурациясын көрсетіңдер. Мына комплексті қосылыстардағы K2[ZnCl4], [Zn(H2O)4]Cl2, K2[Zn(OH)4], [Cu(NH3)4]+. а)ішкі және сыртқы сфераларды, комплекс-түзгіштерді, лигандаларды атаңдар; б)комплекстің зарядын, комплекс түзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңдар; в)қай қосылыс катионды комплекс, қайсысы аниондық комплекс. г)комплекс қосылыстарды атаңдар. 2. Мыс (ІІ) сульфатының, мырыш хлоридінің ерітінділері электролизге ұшырағанда электродтарда қандай процестер жүреді? Сусыз мыс (ІІ) сульфаты ақ түсті кристалл зат, егер оны суда ерітсе, ерітінді көгереді. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? 3. Мырыш азот қышқыл тұзының, мыс (ІІ) хлоридінің гидролизін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

4.Мыстың, мырыштың, кадмийдің мына қышқылдармен а)сұйытылған және концентрлі тұз қышқылымен; б)сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылымен; в)сұйытылған және концентрлі азот қышқылымен әрекеттесуінің теңдеулерін жазыңдар.

5.Мырыш гидроксидінің тұнба-ерітінді жүйесінің тепе-теңдігінің схемасын жазыңдар. Тепе-теңдік қышқыл не сілті құйғанда қалай ығысады?

6.Мырыш оксидінің көміртегі монооксидімен тотықсыздануының стандартты энтальпиясын есептеңдер (кесте пайдаланыңыздар).
ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 9,10 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ І А, ІІ А ТОПШАЛАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Сабақтың мақсаты : ІА және ІІА топша элементтерінің қасиеттерін зерттеу

1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.

2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.

Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?


3 Тәжрибе. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу.

Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролизпроцессінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

5 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.

Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар (ІА және ІІА топша элементтері):

1.Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?



  1. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  2. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  3. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  4. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  5. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  6. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  7. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  8. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  9. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н=-66,6Дж/моль.Жауабы:594,6∙103кДж
ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 11,12 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ІІІ А ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1 Тәжрибе. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі.

Үш пробиркаға 4-5 см3тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?№7 Тәжрибе №2 Алюминийдің сулы ерітіндіде еруі.

Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

АІ(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.

3 Тәжрибе. Алюминий гидроксиді,оны алу,қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар

1.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының ықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Алюминий тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ № 13,14 САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ІV А ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.

Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

2 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері. Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.№ 3 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар(ІУА топша элементтері):

1. Қорғасынның және қалайының тотықтырғыштық қасиеттерін көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

Электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді?
Студенттердің өздік жұмысына тапсырма

Берілген өзгерістер үшін ионды–электронды теңдеулер құрыңдар. Реакция теңдеулеріндегі коэффициенттерін қойыңдар. Әр реакция үшін қай зат тотықтырғыш, қай зат тотықсыздандырғыш екенін көрсетіңдер. Қай зат тотықсызданады?


1. KBr + KBrO3 + H2SO4→ Br2 + K2SO4 + H2O

2. P + HJO3 + H2O → H3PO4 + HJ

3. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + HCl

4. Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2S + H2O

5. KMnO4 + H3PO4 + H2SO4 → MnSO4 + K3PO4 + H2O

6. Na2SO3 + KMnO4 + H2O → Na2SO4 + MnO2 + KOH

7. PbS + HNO3 → S + Pb(NO3)2 + NO + H2O

8. P + HNO3 + H2O → H3PO4 + NO

9. KMnO4 + Na2SO3 + KOH → K2MnO4 + Na2SO4 + H2O

10. HNO3 + Ca → NH4NO3 + Ca(NO3)2 + H2O

11. NaCrO2 + PbO2 + NaOH → Na2CrO4 + Na2PbO2 + H2O

12. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + HCl

13. K2Cr2O7 + H2S + H2SO4 → S + Cr2(SO4)3 + K2SO4 + H2O

14. KClO3 + Na2SO3 → KCl + Na2SO4

15. HNO3 + Zn → Zn(NO3)2 + N2O + H2O
II. Мына өзгерістерде қай процесс тотығу, қайсысы тотықсыздану процесі екенін электрондық теңдеу құрып көрсетіңдер:
1. As3– → As5+; 2. N5+ → N3– ; 3. S2– → S0

4. Mn6+ → Mn2+ ; 5. Cl5+ → Cl ; 6. N3– → N5+

7. N3– → N0 ; 8. Bi0 → Bi3+ ; 9. Mn4+ → Mn 2+

10. J2 → 2J ; 11. Cr3+ → Cr6+ ; 12. S6+ → S2-

13. Se0 → Se6+ ; 14. Cl0 → Cl 5+ ; 15. N5+ → N3–
III. Мына заттардың арасында тотығу–тотықсыздану реакциялары жүре ме? Неге?

1. NH3 және KMnO4 ; 2. HNO2 және HJ ; 3HCl және H2Se

4. J2 және Cl2 ; 5. PH3 және HBr ; 6. K2Cr2O7 және H3PO4 ;

7. HNO3 және H2S ; 8. AsH3 және HNO3 ; 9. HCl және CrO3 ;

10. K2Cr2O7 және HCl; 11. H2S және Cl2 ; 12. H2SO4 және HCl;

13. Ca және HNO3 ; 14. Zn және H2SO4 (сұйыт); 15. Zn және H2SO4 (конц);


IV. Сулы ерітіндіде жүретін өзгерістер үшін электронды–иондық теңдеулерін аяқтаңдар.

1. MnO4→ MnO2 ; 2. SO42– → SO32– ; 3. NO2→ NO3 ;

4. PbO2 → Pb2+ ; 5. PO33– → PO43– ; 6. CrO42– + 4H2O → [Cr(OH)6]3–

7. NO3+ H+ → NH3 ; 8. SO42– → SO20 ; 9. Cr3+ → CrO42– ;

10. Cr2O72– → Cr3+ ; 11. ClO→ Cl ; 12. ClO3→ Cl ;

13. SO32– → SO42– ; 14. NO3→ NO20 ; 15. J20 → JO3 ;


V. Мына кестелермен көрсетілген реакциялар тотығу–тотықсыздану реакцияларының қай тобына жатады:

1. C + 4H+ → CH4 ; 2. SO2 + O3 → SO3 + O2 ; 3. SO32– + O2 → SO42– ;

4. SO32– + MnO4 + H+ → SO42– + Mn2+ + H2O ; 5. N2O5 → NO2 + O2 ;

6. KClO2 → KClO3 + KCl ; 7. NO + NO2 → N2O3 ;

8. HNO3 → NO2 + O2 + H2O ; 9. CrO3 → Cr2O3 + O2 ;

10. KClO3 → KCl + KClO4 ; 11. NH4NO3 → N2O + 2H2O ;

12. AsO33– + H2O2 → AsO43– + H2O ; 13. KClO3 → KCl + O2 ;

14. HClO → HClO3 + HCl ; 15. NH4NO2 → N2 + 2H2O ;


VI. Мына кестелердегі реакциялардың бағытын анықтаңдар және толық теңдеуін жазыңдар.

1. KJ + H3AsO4 ↔ KJO3 + HAsO2 + …

2. H2S + HClO ↔ H2SO4 + …

3. KCl + J2 + K2SO4 + … ↔ KClO3 + KJ + H2SO4

4. JO3 + Al + H+ ↔ J0 + Al3+ + …

5. ClO + Cl + H+ ↔ Cl2 + …

6. Zn + OH + …↔ [Zn(OH)4]2– + H2

7. S + J + … ↔ S2– + JO3 + H+

8. [Mn(H2O)6]2+ + Br2 ↔ MnO4 + Br + …

9. [Cr(H2O)6]3+ + [Fe(H2O)6]3+ ↔ Cr2O72– + [Fe(H2O)6]2+

10. [Cr(H2O)6]3+ + ClO↔ CrO42– + Cl +

11. Fe3+ + Hgo ↔ Fe2+ + Hg2+

12. HCl + H2SO4 ↔ Cl2 + H2SO3

13. H2S + H2SO3 ↔ S + H2O



14. Pb2+ + NO3 + H2O ↔ PbO2 + H+ + NO2

15. H2S + H2O2 ↔ SO42– + H+ + H2O

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет