ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#136601
  1   2   3   4   5



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.58

/02-2014


ПОӘК

«Қазіргі дүние географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

02.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе»


5В011600 – «География»мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014


Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

9

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


Глоссарий
Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады.
Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі.
Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б)
Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ.
Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы.
Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.
Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі.
Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы.
Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы.
Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі.
Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі.
Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті.

Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу.
Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі.
Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады.
Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара.

Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі.


Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген.
Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы.
Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.
Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик-подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б.
Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы.
Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші-қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны).
Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы.
Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны.
Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал-жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды.
Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді.
Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды.
Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді.
Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)-белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс.
Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады.
Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады.
Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал-жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады.
Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру.
Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар.
Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры.
Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.).
Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі.
Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)-халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді.
Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.
Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы.
Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.
Экономикалық аудан- экономикалық – географиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ.

Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді.
Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау).
Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару.
Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.
Лекция 1

Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе

(1 сағат)



Мақсаты – дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу жағдайларына тарихи-географиялық, саяси-географиялық тұрғыдан талдау жасау, басты халықаралық және аймақтық саяси ұйымдармен таныстыру.
Жоспары

  1. Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе пәні мақсат мен міндеттері

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні тараулары

  3. Экономикалық және әлеуметтік географиясының маңызы

Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе

Адамзат тіршілік етіп отырған жер планетасы табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары күрделі де, ауқымды аса бай, тұтас дүние. Оның үстіне әлем халықтары мен елдерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлары да әр түрлі. Біз осы кеңістікте өмір сүріп отырғандықтан, қоршаған әлемдегі өзгерістерді танып білуге тиіспіз. Осы жағдайлармен толығырақ танысқанда ғана оны игере аламыз әрі бай, бақытты өмір сүре аламыз. Десе де планетамызды тек «Елтану» немесе «Аймақтану» деңгейімен танып-біле алмайтынымыз анық. Сол үшін жалпы «Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» пәнін оқып үйренуге тура келеді.

«Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» пәні  дүниежүзінің, сонымен бірге оның жеке аймақтары мен мемлекеттерінің экономикалық-географиялық жағдайын, халқының орналасуын, шаруашылығының даму деңгейін, сыртқы экономикалық-әлеуметтік және саяси байланыстарын, сондай-ақ халықаралық экономикалық, саяси ұйымдар мен одақтарды және олардың қызметін зерттейтін қоғамдық-географиялық ғылым. Оның зерттеу аясына адамзаттың ғылыми-техникалық даму тарихы мен қазіргі экономиканың ғаламдану мәселелері және адамзаттың ғаламдық даму мәселелері де қамтылады. Сондай-ақ осы пән арқылы енді ғана жалпы әлемдік экономика мен саясаттың орны мен рөліне экономикалық-географиялық тұрғыда баға бере аламыз. Әрі әлемнің жалпы даму бағытына дұрыс сипаттама беруге мүмкіндік аламыз.

«Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе» дүниежүзіндегі қалыптасып отырған мәселелерді экономикалық-географиялық тұрғыда қарастыру арқылы табиғат пен қоғам үндестігін, шаруашылық пен аймақ (аумақ) сәйкестігін, халық пен өркениет байланысын, экономика мен экология өзара байланысын, ғылым-техниканың дамуы мен ғаламдық мәселелердің себеп-салдарлық қатынасын, саяси, ұлттық мүдделер мен жалпы адамзаттық құндылықтар қайшылығын т.б. байланыстарды ашып көрсетуге бағытталған ғылыми пән болғандықтан экономикалық және әлеуметтік география ғылымдары жүйесіндегі негізгі пән болып табылады.

Алғашқы «Экономикалық географияға кіріспе» атты монография 1925ж АҚШта жарық көрді. Кейін келе бұл саланы орыс ғалымдары да жалғастырды. Көш басында Н.Н.Баранский тұрды, кең таралған ғылымды Ю.Г.Саушкин, Б.Н.Семевский, Г.И.Гладкевич, М.М.Голобчик сияқты тб ғалымдар тобы терең зерттеулер жүргізген болатын. Сол үрдіс әлі жалғасын тауып келеді.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Дүниежүзінің жеке аймақтары мен елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен шаруашылықтарындағы ерекшеліктермен аумақтық орналасу артықшылықтарын және даму заңдылықтарын зерттеу болып табылады.



Пәнінің негізгі міндеттері:

Дүниежүзі тұрғысында табиғат жағдайы мен қоғамдық жүйе арасындағы өзара ықпалдастықтың заңдылықтарын байланыстыру;

табиғат ресурстары мен шаруашылықтың аумақтық орналасуындағы теориялық мәселелерді зерттеу; өндіріс пен халықтың орналасуындағы өзара сәйкестіктерді салыстыру; адамзат әлеуетінің өркениетті дамудағы саяси-әлеуметтік және экономикалық-экологиялық негіздерді саралау; ғаламдық экономикалық және экологиялық мәселелер және олардың алдын алу шараларын қарастыру;

Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе пәнін оқыту барысында:

Әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасып даму кезеңдерін түсінуге; геосаясат және геоэкономика мәселелері, аймақтар мен елдердің геосаяси, экономикалық және көлік қатынасының географиялық жағдайларын бағдарлауға; дүниежүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстық әлеуеті, олардың игерілуі деңгейі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері түсінуге;

әлем халықтарының ұдайы өсу ерекшелігі және орналасу заңдылықтарын, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салты, сондай-ақ адамзаттың демографиялық мәселелері;

Аймақтар мен елдердің геосаяси жағдайын талдай білуді және экономикалық-географиялық жағдайына шаруашылық тұрғысынан баға беруге;

Қазіргі саяси үрдістер мен әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға баға бере білуге;

Дүние жүзінің жекелеген аумақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық іс-әрекетімен байланыстыра талдай білуге;

Түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез-келген аймақтар мен елдерге кешенді түрдегі экономикалық-географиялық сипаттама жасауға мүмкіндік алады.



Бұл пән бірнеше тараудан тұрады

  1. Экономикалық және әлеуметтік географиясының әдістемесі және теориясы

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері мен әдістемесі

  3. Экономикалық және әлеуметтік географиясының дамуымен қалыптасуы

  4. Географиялық еңбек бөлінісі жөніндегі ілім

  5. Экономикалық географиялық жағдайы жөніндегі ілім

  6. Аймақтық даму және қоғамдық территориялық ұйымдар теориясы

  7. Экономикалық және әлеуметтік географиясындағы заңдылықтарын зерттеу

  8. Табиғат жағдайымен ресурстарға экономикалық және әлеуметтік географиялық тұрғдан талдау

  9. Тұрғындар географиясы

  10. Қазіргі қоғамның материалдық техникалық қорына экономикалық географиялық тұрғыдан сараптама жасау

  11. Экономикалық географиялық аудандастыру және аймақтық өндірістік кешендермен танысу

  12. Экономикалық географиялық болжаулар мен болжамдар

  13. Экономикалық және әлеуметтік географияның жаңа бағыттары

  14. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы саяси географияның орны

  15. Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Зерттеулермен болжамдардың географиялық өзектілігі.

Осы пән негізінде Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы пәнінің ерекшеліктеріне түсінуге болады. Қазіргі дүние аталып жүрген пәнніңде астарлы негізі болып қалмақ.

Тапсырмалар

  1. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы пәнінің мазмұны қандай

  2. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы қандай тарауларды қамтиды

  3. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы саласында сүбелі еңбек сіңірген қандай ірі отандық және шетелдік ғалымдарды білесіңдер

  4. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясында қолданатын ірі терминдерге шолу жасаңдар

Лекция 2

Тақырыбы: Экономикалық және саяси географиясының теориясы мен методологиясы, экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері және методологиясы

(1 сағат)



Мақсаты – Эконом географияның айқындалғаннан орны барын ұғындыру. Жалпы және физикалық географиямен тығыз байланыстылығын түсіндіру. Терең түсіну үшін әртүрлі рангтерге бөліп көрсету: физгеографияда – табиғи аудандастыру, әлеуметтік экономикалық географияда әлеуметтік географиялық аудандастыру жағдайын баяндау.

Жоспары

  1. Экономикалық және саяси географиясының теориясы

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері

Эконом географияның айқындалғаннан орны бар. Жалпы және физикалық географиямен тығыз байланысты. Терең түсіну үшін әртүрлі рангтерге бөліп аудандастыруға болады: физгеографияда – табиғи аудандастыру, әлеуметтік экономикалық географияда әлеуметтік географиялық аудандастыру; ал эконом географияның өзіне ғана тиесілі – ол шаруашылық аудандарын құрастыру.

Аумақ – ресурстары, табиғаты және антропогендік әрекеттердің әсерінен шектелген құрлық бөлігі. Кең таралып созылып жатқан, өзіне тән ресурстарымен ерекшеленеді.



Акватория – табиғи және антропогендік әрекет әсерінен өзегерген, ресурстардың өзіне тән ерекшелігімен, географиялық орны анық, объектінің пайда болуы жөнінде нақты зерттеу жүргізілген, жердің шектелген су бөлігі.
География ғылымы жүйесіндегі жалпы схема
группа 68


Аймақтық жүйелер және оларды оқып-үйрететін пәндер

Ғаламдық және елдердің аймақтық жүйелері

Аймақты экономикалық жүйелер тармақтары

  1. Өндірістік аймақтық жүйелер

  • Өнеркәсіптік аймақтық жүйе

  • Агро құрылымдардың аймақтық жүйесі

  • Құрылыс кешендерінің аймақтық жүйесі

  • Байланыс кешендерінің аймақтық жүйесі

  1. Өндірістік емес аймақтық жүйелер

  • Сауда-саттық аймақтық жүйесі

  • Білім берудің аймақтық жүйесі

  • Денсаулық сақтаудың аймақтық жүйесі

  • Қаржылық қатынастардың аймақтық жүйесі

  • Мәдениет мекемелерінің аймақтық жүйесі

  • Ғылыми мекемлердің аймақтық жүйесі

  1. Тұрғындар және елді мекендердің аймақтық жүйелері

  • Демографиялық аймақтық жүйе

  • Еңбек ресурстар аймақтық жүйесі

  • Ұлттық аймақтық жүйе

  • Таралып қоныстанудың аймақтық жүйесі

    • Қалалық аймақтық жүйе

    • Ауылдық аймақтық жүйе

  1. Әлеуметтік-аймақтық жүйе

  • Аймақтық тұтынушылар жүйесі

  • Аймақтық мәдениет жүйесі

  • Аймақтық қылмыс жүйесі

  1. Саяси аймақтық жүйелер

  • Мемлекет ішілік

  • Мемлекет аралық

  1. Шекаралық аймақты жүйе, табиғи және қоғамдық компоненттерден құрылған.

  • Аймақтық рекрациялық жүйе

  • Медико аймақтық жүйе

  • Табғи ресурстық жүйе

  • Табиғатты қорғаудың аймақтық жүйесі


Дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы, елтану, аумақтық әлеуметтік-экономикалық географиясы

  1. Материалдық өндірістік география

  • Өнеркәсіп географиясы

  • Агрогеография

  • Көлік географиясы

  • Құрылыс географиясы

  • Байланыс географиясы

  1. Өндірістік емес сфера географиясы

  • Сауда географиясы

  • Білім беру географиясы

  • Денсаулық сақтау географиясы

  • Қаржылық қатынастар географиясы

  • Мәдениет мекемелер географиясы

  • Ғылым географиясы

  1. Елді мекендер және тұрғындар географиясы

  • Демография

  • Еңбек ресурстар географиясы

  • Этногеография

  • Геоистика

  1. Әлеуметтік география

  • Тұтынушылар географиясы

  • Мәдениет географиясы

  • Қылмыс географиясы

  1. Саяси география

  • Электоральді

  • Геосаясаттану

  1. «Шекаралық» Физикалық және экономикалық география саласы.

  • рекрациялық география

  • Медициналық география

  • Табиғат ресурстары географиясы

  • Экологиялық география

  • Қоғамның тарихи географиясы

Үйлестіру түрі (Кешен) қандай да бір объекті ( табиғи, әлеуметтік немес шаруашылық), кешенннің мазмұны анықтайды. Ал үйлестіру рангі қамтитын кеңістігіне байланысты болмақ. Экономикалық аудандардағы шаруашылық кешені секілді, әртүрлі рангтердің уйлестіруі әркелкі болады.

Әлеуметтік экономикалық географияның негізгі зерттеу объектісі – бұл аймақтық үйлестіру (кешендер, жүйелер) болып табылады. Бұл жағдайларға далелдемелер келтірген 1970 жылдардың басында танымал КСРО географы Ю.Г.Саушкин болды. Экономикалық география ғылымы қоғамның құрылуы, дамуы, аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметі және бұл жүйелерді басқаруы туралы деп атап көрсетті. Бұл жүйе халықтың таралып қоныстану жүйесінеде қызмет етеді (елдімекендердің өзара байланыс жүйесі), қала, өнеркәсіп торабы, өнеркәсіп аудандары, қатынас жолы жүйесі, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының өзара байланыс жүйесі және ауылшарушылығы шикізаттарын қайта өндеу зауыттары, курорттық аймақ т.б. Бұл жүйені экономика-географиялық талдауларда өте күрделі деп қарастырады және зерттеу объектісі ішік қайшылықтарға толы.

Әлеуметтік экономикалық география саласына қарай бірнеше аймақтық кешендерге бөлінеді – өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік, тұрғындар және таралып орналасуы, мекемелер және халыққа қызмет көрсету. Осыған сәйкес экономикалық географиялық пәндер пайда болды: өнеркәсіп географиясы, ауылшаруашылығы географиясы (агрогеография), көлік географиясы, тұрғындар географиясы, қызмет көрсету. Әрқайсысының өз зерттеу объектісі бар. Өз объектілерінде аймақтық үйлестіру заңдылықтарын зерттейді.

Әлеуметтік экономикалық география құрылымы.

(В.В.Воронин, М.Д.Шарыгин)

группа 40


Лекция 3

Тақырыбы: Саяси карта бетіндегі негізгі нысандары

(1 сағат)



Мақсаты – дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу жағдайларына тарихи-географиялық, саяси-географиялық тұрғыдан талдау жасау, басты халықаралық және аймақтық саяси ұйымдармен таныстыру.
Жоспары

  1. Дүние жүзінің саяси картасындағы соңғы өзгерістер.

  2. Саяси география және геосаясат.

Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орнын, саяси-әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар, саяси картада басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси статусының ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасы мен ондағы заңдылықтарды, өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын тармағы зерттейді.

Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада әдетте мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік-аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарға, сондай ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық жанжалдарға (қақтығыстар) қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әртүрлі факторлар ықпал етеді.

Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVІІ ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады.



  • Еуропалықтардың отарлау әрекеттері XV ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.

  • ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында дүние жүзіндегі жетекші метрополиялар арасында ықпал ету аймақтары үшін күрес шиеленісе түсті. Соның нәтижесінде әлемді Бірінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпыды.

  • Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуында Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, ХХ ғасырдың 50-60-жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80-90-жылдарында социалистік жүйенің ыдырауына байланысты оқиғалар айрықша роль атқарды.

Сонымен, дүние жүзінің саяси картасы мемлекет пен қоғам дамуы барысында ұдайы жүріп отыратын түбегейлі саяси-әлеуметтік өзгерістерді, әлемдегі елдердің орны мен ауқымын, түр-сипатын бейнелейді.

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі ресімделген және ресімделмеген 267 ел мен аумақтар жатады. Оларды басты екі топқа: 1) мемлекет мәртебесі ресімделген, халықаралық деңгейде танылған егемен (тәуелсіз) мемлекеттер; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған (тәуелді) аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір-бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды.


Тәуелсіз мемлекеттер. Тәуелсіз елдер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары жағынан әртүрлі болады. Дүние жүзінің халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттерін мемлекеттік құрылымы бойынша монархиялар мен республикаларға бөледі.


Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б.) қолында шоғырланған. Билік ету құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі. Дүние жүзінде қазіргі кезде 30 монархия бар. Олардың барлығы дерлік Ескі Дүниеде (Азияда – 14, Еуропада – 12, Африкада – 3), тек біреуі ғана Мұхит Аралдарында (Тонга Корольдігі) орналасқан.

Дүние жүзіндегі елдердің басым көпшілігі мемлекетті басқару формасына қарай республика (латынша “res publіca” – қоғамдық іс) болып табылады. Республикалық басқару формасы Еуропадағы буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде енгізілген болатын.

Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүние жүзіндегі федерациялар саны 20-дан асады (1 - кесте).

1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет