«Зайсан ауданы медициналық бірлестігінің» денсаулық сақтау саласының шешімін табуды қажет ететін



Дата01.07.2016
өлшемі36.03 Kb.
#170235
«Зайсан ауданы медициналық бірлестігінің»

денсаулық сақтау саласының шешімін табуды қажет ететін

негізгі мәселелері
I. Мамандар бойынша:

- Мамандардың жетіспеуі жұмыс сапасына үлкен әсер етеді, қазіргі жүктеме жұмыстарды орындау, бағдарламаларды игеру, компьютерлік жүйені білу және алдын-ала тексеру жүргізу өте ауырға түседі, қиыншылықтар туғызады.



Аудан деңгейінде кадрды тұрақтандыру, ауылға тарту, оларды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселесі (тұрғын үй, коммуналдық қызмет, қосымша көтеру жалақы, басқа да төлеулер) нақты тиісті деңгейде шешілуі қажет.

- Аудандағы ЕСМ медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз ету үшін, 2010 жылға 8 маман қажет, олар 2 - терапевт, 2 – бала дәрігері, 1 – акушер-гинеколог, 2 – дәрігер реаниматолог, 1 – хирург.

- 2010 жылы бірлестік бойынша 29 дәрігер және 49 орта буынды мамандар білімін жетілдіруі жоспарланып отыр.



- Осы мерзімге дейін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің 5 жылда 1 рет жоспарлы түрде өтетін білімін жетілдіруге берілетін қаржы мәселесі шешілмей отыр.
II. Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселесі бойынша:

1. Медициналық бірлестіктің перзентхана бөлімі, 2003 жылғы 24 маусымдағы №23 СанПИН-ға, бөлімнің құрамы және 1 төсекке (босанатын әйелге, жас нәрестеге) бөлінетін қажетті нормативтік аудан бойынша сәйкес келмейтінін, ауданда туу деңгейінің жылдан-жылға өсуін, әйелдердің экстрагенитальдық ауру деңгейінің төмендемеуін және денсаулық сақтау саласының ерекше басым бағыты ана мен бала денсаулығын қорғау екендігін басшылыққа ала отырып:

- Зайсан қаласында 30 төсек орындық перзентхана салу немесе, перзентхана бөліміне қосымша құрылыс салу (қазіргі ғимараттың инженерлік желісін пайдалануға мүмкіншілік болады және бірлестіктің құрылыс салуға жері бар).
2. Сартерек елді мекенінде 50 қабылдауға арналған типтік жобамен амбулатория салу немесе, сол ауылда амбулатория орналасуға болатын, 2 қабатты қызыл кірпіштен салынған, бейімделген ғимаратты сатып әперу.
3. Зайсан аудандық медициналық бірлестігінің әкімшілігі және терапия бөлімі орналасқан 3 қабатты ғимарат 1980 жылы салынған. Бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан, 2010 жылға «Жол картасы» бағдарламасына енгізу жолдары қарастырылса.
4. Аудандық туберкулезге қарсы емдеу ауруханасына берілген ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастырып, оны аяқтау. Аурухананың төсек қорын аурушаңдықтың деңгейіне сәйкес сақтап қалу (20 төсек мөлшерінде).
5. ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2009 жылғы №2131 Қаулысына сәйкес Зайсан қаласында көпсалалы жаңа типті емхана салуды индикативтік жоспарға енгізу немесе, туберкулезге қарсы емдеу ауруханасына берілген ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға қаржы бөліп, оны аяқтаған соң, емхананы орналастыруға берілсе.

Қазіргі күні мүмкіншілік болмай отырған әйелдерге кеңес беру қызметі, дені сау бала кабинеті және стоматология кабинеттерін ашуға мүмкіншілік болады, сонымен қатар сәйкесінше қосымша штат бірлігі қажеттілігі туады.


6. Аудандық бірлестіктің жүйке ауруларын емдеу бөлімінің жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес қосымша құрылыс салуды жоспарлау.
7. Тозығы жеткен МП-ге ғимарат сатып беру (Шалқар, Подхоз, Тасбастау, Көгедай).

8. Ауылдағы 13 елді мекендегі 1медицина қызметкеріне жеке ғимарат сатып алу және ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2009 жылғы №2131 Қаулысына сәйкес медициналық пунктке ауыстыру.


9. Барлық ЕСМ медициналық құрал жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен нормативке сәйкес жарақтандыру (ҚР ДСМ №360, 340, 313 бұйрықтары).
10. Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуіне байланысты, күндізгі және тәулік бойы емдеу стационарынан шығарылатын аурулардың ауру тарихына күнделікті сараптама жасап, уақтылы компъютерлік базаға енгізіп және есебін жіберу үшін әрбір бөлім және дәрігерлік амбулаториялар компъютермен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан, қазіргі күнде аудандық ауруханаға 7, дәрігерлік амбулаторияларға 9 компъютер қажет.
11. Нормативтік деңгейде санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету (жетіспей-

тіні - 10), оның бірінші кезекте Кенсай, Біржан ДА қамтамасыз етуді қажет етеді.


12. Ауылдағы 7 медициналық пункттерді (Көгедай, Қуаныш, Жаңа-тұрмыс, Подхоз, Саржыра, Тасбастау, Жалши) байланыс жүйесімен қамтамасыз ету.
III. Штат бірлігі
1. 2010 жылы дәрігерлік амбулаториялардың жанындағы күндізгі емдеу стационарының жылдық жоспарының 2009 жылға қарағанда 2,5 есе артуына байланысты дәрігерлердің жұмыс көлемі көбейді, бірақ осыған сәйкес қосымша штаттық бірлік берілген жоқ. Зайсан аудандық медициналық бірлестікгі бойынша қолданылмай тұрған штат бірлігі жоқ. Сондықтан, дәрігерлік амбулаториялар қосымша штатпен қамтамасыз етілсе.

2. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда оператор, медстатистик штат бірліктері жоқ.



3. Медициналық пункттерде тазалықшы және от жағушының штат бірлігі жоқ. Сондықтан, қосымша жұмыс көлемі ретінде медицина қызметкері ақысыз атқарып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет