ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жас ерекшелігі және әлеуметтік психологиясы»



бет3/3
Дата05.07.2016
өлшемі260.5 Kb.
#179462
1   2   3

Махаббат сезімі. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.

9 тақырып. Ересектер психологиясы

Жоспары:

  1. Ересектік кезеңге сипаттама (30 – 60 – 70 жас)

  2. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық көз – қарас.

  3. Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық және мотивациялық сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)

  4. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық мәселелері



  1. Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ.

Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.

Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін.

Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады:


  • Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);

  • Биологиялық жасы;

  • Психологиялық жас.

Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.

Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.

  1. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.

Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.

Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.



Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.

Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.

18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады.

1 макро кезең-18-25 жас аралығы;

2. 26-35 жас аралығы;

3. 36-46 жас аралығы.

Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.



Таблица 1


Кезеңдер


Жасы, жылы

Ерте ересектік

Орта ересектік 1 -ші кезең

Орта ересектік 2 -ші кезең

Макро кезең

18-25 жас

26-35 жас

36-46 жас

Микро кезең

18-21; 22-25.

26-29; 30-33; 34-35.

36-40; 41-46.

Бұл таблица бойынша естің, ойлаудың және зейіннің жақсы дамуы тек екі микро кезеңде- 22-25; 30-33 жастарда көрінеді, дамудың айрмашылығы тек бір микро кезеңде көрінеді, ол-34-35 жаста.

  1. 40-50 жасында адам бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, басқа психологиялық жағдайда болады. Осы уақытқа дейін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас жаңа сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек керек. Бұл кезеңде адам организімінде заңды физиологиялық өзгерістер болады, оларға бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар бәсеңдейді, ер адамдарда сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс кезеңін уайымдайды. Осы аталғандарды ересектер физикалық және психикалық ауыр қабылдайды. Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды.

Психофизикалық функциялар төмендегенімен,олар адамның когнитивтік сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа қабілетін төмендетпейді, еңбектік және шығармашылық белсенділігін сақтайды.

Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады.



Еңбек- ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады. Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-әрекетінің жемісті не жемісті еместігіне байланысты.

Осы кезеңде адам стресстік жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан кешіреді.



38-40 жаста орта жас кризисі болады. Осы кезеңде адамды мынандай сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет, не үшін өмір сүру керек, кіммен өмір сүру керек?

40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының қаншалықты іске асқандығына есеп береді. Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін. Жақын адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе байланыстырмаса, ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін.

40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.

Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.

Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы.

4. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі. Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік сипатқа ие.



Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында.

Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді.



Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып келеді.

Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.

Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.

10 тақырып. Қарттық кезеңнің психикалық даму ерекшеліктері.

1. Қартаю және психологиялық жас.

2. Даму ерекшеліктері.
Адамның ақырғы өмірлік кезеңі қарттық кезең деп аталады. Бұл адамның зейнеткерлікке шығуымен, белсенді кәсіби іс-әрекетінің аяқталуымен сипатталады. Аталған жағдайлар кризистік кезеңнің тууына әкеледі.

Ең алдымен қалыпты өмір ағымы бұзылады. Зейнеткер өзін ешкімге қажетсіз, пайдасыз адам сезінеді. Өзінің физиологиялық және психологиялық жағдайының өзгергенін байқайды.

Бұл кезең адамның биологиялық қартаюымен сипатталады. Жалпы денсаулық жағдайы төмендеп, қуат- күші әлсіреп, кейбір психикалық функциялардың деңгейі нашарлайды, ең алдымен ес процесі, содан соң сезім органдарының қызметі баяулайды.

Биологиялық қартаю әр адамда әртүрлі болғанымен, осы кезеңдегі дағдарысқа жұбайының, жақын адамдарының қайтыс болу жағдайлары да үлкен әсер етеді.

Бірақ қарт адамдардың көбі өздерін қарттар емес, «орта жастағылармыз» деп айтады. Тек кейбіреулері ғана өздерінің қартайғандарын мойындайды.

Психологиялық тұрғыдан өздерінің қартайғандарын мойындамас үшін, олар немерелерінің тәрбиесімен, саяси жағдайларға араласумен, сауықтыру спорттық бағдарламаларға қатысумен айналысады.

Қарттық кезеңдегі жастық сезімді сақтап қалу, психологиялық жасты түсінуге, тұлғаның жеке басының даму, өсу спецификасын түсінуге мүмкіндік береді.Тұлғаның интенсивті дамуы, өзін жетілдіруге ұмтылуы кез- келген шақта болатын құбылыс. Сондықтан, хронологиялық жасқа қарағанда психологиялық жас үлкен. Осыған байланысты оны өмірдің сапасымен байланыстырады. Адамның қай жас категориясына жататындығы маңызды емес, маңыздысы оның қалай өмір сүретіндігінде. Л. Сенека айтқандай «біздің өміріміз құнды зат ретінде өзінің көлемімен емес, салмағымен алсын. Оны мерзіммен емес, істеген істермен өлшейік...».

Қарттық кезеңде үш негізгі дамуды атап көрсетуге болады:



  • Тек өмір сүру (доживание);

  • Негізгі іс-әрекеттің ауысуы;

  • Ересектік кезеңдегі өмір сүруінің негізгі мазмұнын сақтап қалу, яғни кемелденген кезеңді ары жалғастыру.

Тек өмір сүру (доживание) толықтай психологиялық болашақты жоғалтумен сипатталады. Ешқандай өмірлік болашақ жоқ. Ол тұлғаның әртүрлі бағыттылығынан көрінеді.

Негізгі іс-әрекеттің ауысуы тұлғаның бағыттылығының барлық түрінде болады. Қарттық кезеңнің негізгі іс-әрекеті- өздерін сергіту мен қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Өмір сүруінің негізгі мазмұнын сақтап қалу (кемелденген кезеңді ары жалғастыру) тұлға бағыттылығының рухани-өнегелі және маңызды түріне жатады. Бұндай даму әдетте шығармашылықпен айналысатын адамдарға тән. Өмірінің негізгі мазмұны қарттық шақта да сақталып қалады. Оның негізгі жағы - отбасы немесе қандайда бір қызығушылықтар, кәсібімен байланысты емес сүйікті ісінің болуы.

Өмір мен жастық арифметикалық амалдармен өлшенбейді, ол адамның ішкі жан дүниесінің жағдайымен өлшенеді. Ішкі көңіл-күйдің тоқтығы немесе оның жоқтығы- адамның кәрі немесе жас екендігінің айнасы, анықтаушысы.

Қарттық кезең адамның өмірлік жолының соңғы кезеңі. Егер адам өмірі мәнді өтсе, онда қарттық кезең оған қорытынды жасайды.
3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
1. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.
Ж.ер.п.зерттеудегі қолданылатын әдістердің комплекстік сипаты, олардың басқа психологиялық ғылым салаларынан шығуы. Балаларды зерттеуде бақылау, сауалнама әдістерін қолдану. Ж.ер.п.-дағы эксперимент әдісі.
2. Балалар психиксының дамуының негізгі принциптері.

Балалар психиксының дамуының негізгі бес принциптерін талдау.


3. Бір жастағы баланың даму ерекшелікері.

Бір жастағы баланың психикалық жаңа құрылымдары.


4. Сәбилік кездегі психологиялық жаңа құрылымдар.

Сәбилік кезеңдегі таным процестері сферасындағы жаңа құрылымдар. Мен – концепциясының қалыптасуы.


5. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті.

Ойын – м.ж.д. баланың негізгі іс-әрекеті. Оның негізінде қалыптасатын когнитивті сфераның дамуы.


6. Мектепке дайындық мәселелері.

Мектепте оқытуға баланы психологиялық тұрғыдан дайындау. Мектепке түсуде қойылатын негізгі талаптар. Мектепте оқуға дайын баланың жеке тұлғалық қасиеттері және баоаның даярлығының психодиагностикасы.


7. Бастауыш мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінің қалыптасуы.

Оқытудың алғашқы этапының психологиялық ерекшеліктері. Баланың психологиялық дамуының резервтері және оны дұрыс пайдалану.


8. Бастауыш мектеп кезеңіндегі баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы.

Жетістікке жету мотивациясының дамуы. Қарым-қатынас нормалары мен ережелерінің меңгеруі.


9. Жеткіншектің қарым-қатынасының даму ерекшеліктері.

Жеткіншектің тұлғалық дамуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдаяттар. Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы.Жеткіншек пен ересектің талас-тартысының себептері.


10. Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдар.

Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдарды талдау.


11. Ерте жастық кезеңдегі өзіндік сананың дамуы.

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Мен – концепциясы.


12. Ерте ересектік кезеңдегі тұрақтылықтың қалыптасуы.

Аффективті және мотивтік сферадағы тұрақтылықтың қалыптасуы.


13. Ер адам мен әйел адамдардың психологиялық даму ерекшеліктерін салыстыру.

Физикалық, когнитивтік, аффективтік, мотивтік сфералардағы айырмашылықтарды салыстыру.


14. Ересектік кезеңдегі дағдарыстар.

Эриксон бойынша ересектік кезеңнің себептері.


15. Өмірлік циклдың аяқталуы.

Өмірлік циклдың аяқталуын мойындаудың сатылары.


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

Жас ерекшелік пстхологиясын зерттеу тарихы.

Даму жөніндегі теориялар мен тұжырымдамалар.

Бір жас ағымындағы баланың қозғалыс белсенділігінің дамуы.

Ерте сәбилік шақтағы сөйлеуді жетілдіру құралдары.

Балалардың мектепке психологиялық дайындығыныңжеке өзгешеліктері.

Бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуына іс-әрекеттің негізгі түрлерінің әсері.

Жеткіншек және ерте жастық шаққа тән негізгі таным процестерінің өзгеруі.

Жеткіншек және ерте жастық кезең жалпы және арнаулы қабілеттердің дамуының сенсетивті кезеңі ретінде.

Алғашқы махаббат- ол қалай келеді?

Ерте ересектік кезеңдегі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы.

Ересектік кезеңдегі мотивтің өзгеруі.

Ер және әйел адам өміріндегі дағдарыстардың себептері.

Гератология мәселелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет