ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Мақсаты: Ландшафт шекараларын анықтау Жоспар



бет3/6
Дата11.06.2016
өлшемі476 Kb.
#127514
1   2   3   4   5   6

Мақсаты: Ландшафт шекараларын анықтау

Жоспар:

1. Ландшафт сферасының негізгі түрлері.

2. Ландшафттардың жазықтардағы, таулардағы класстарға, типтерге бөлінуі.

3. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы ландшафттар, олардың түрлері.


Ландшафттану ғылымының дамыған кезінде-ақ Л.С.Берг ландшафттар бір-бірімен табиғи шекаралармен шектеседі деген еді. Бұл сөзімен ол ландшафттардың шекарасының обьективті түрде табиғатта болатынын және өз бетінше қалай болса солай белгіленбейтін немесе субьективті болмайтынын айтқан еді. Іс жүзінде ландшафтты зерттеуші ғалымдар олардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтарға кездескен еді. Бұл жайында пікірталас 50 – жылдардың бас кезінде өріс алды, осы кезде бірталай ғалымдар бүкіл ландшафттар шекарасының тік сызықты екенін дәлелдемекші болды. Бірақ көпшілік бұл пікірмен келіспеді, өйткені практикалық өмірде әртүрлі ландшафттардың бір-бірімен ауысатыны, өтпелі шекара екендігі бұрыннан белгілі еді.

Сызықты шекаралар геосистеманың дискретті концепциясына сәйкес еді, бірақ біздің білуімізше, ландшафттық сферада дискреттік диалектикалық мағынада континуалдықпен сай келеді, сол үшін де шекаралар проблемасы тік сызықтарды жүргізумен шешілуі мүмкін емес. Дұрысында, кеңістіктегі ландшафттар шекарасы әртүрлі ені бар ауыспалы алқаптар болуы керек. Ландшафттар шекарасының шығу тегі әртүрлі және бір ғана бастаушы фактордың әсерімен айқындалуы дұрыс емес. Өйткені ландшафттар дифференциациясы зоналық және азоналық факторлармен айқындалады, яғни соңында кеңістікте осы факторлар ландшафт шекараларын анықтайды. Зоналық, сонымен қатар секторлық айырмашылықтар өз көрінісін климаттан, ал азоналдық ландшафттың қатты фундаментінен табады, сондықтан да осы компоненттер ландшафт шекараларының ерекшеліктерін анықтайды. Нақтылы жағдайда ландшафттардың кеңістікте ауысуының негізгі себебі зоналар немесе секторлар бойынша климаттың өзгеруі, теңіз деңгейімен салыстырғанда биіктіктің өзгеруі, беткей экспозициясы, морфоструктуралар ауысуы, осыған байланысты байырғы және төрттік жыныстардың өзгеруі.

Жоғарыда көрсетілген себептер ландшафттың барлық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, сондықтан ландшафт шекараларын комплекстік деп айтуға да болады, өйткені олар көптеген жеке шаралар жиынтығынан тұрады. Бірақ әрбір жекелеген компоненттің кеңістіктегі ауысуы бірдей емес. Мысалы, климаттық шекаралардың табиғатының тиянақсыз екендігі белгілі, топырақ және геоботаникалық шекаралар тиянақсыз да, анық та, Ал геологиялық, геоморфологиялық шекаралар көбінесе анық болады. Сонымен қатар кеңістіктегі шекаралар уақыт бойынша өзгермелі, оның үстіне әрбір компоненттің өзгеру деңгейі бірдей емес.

Қатар орналасқан ландшафттардың шекаралары өз маңызын морфологиялық құрылымның өзгеруінен табады, яғни морфологиялық бірліктердің жиынтығынан. Шын мағынасында ландшафттың шекарасы жекелеген “көршілес” жатқан мекендердің шекараларының қоспасынан тұрады да, біз оны не бірінші, не екінші ландшафтқа жатқызуымыз керек. Дегенмен, біз мекендер шекаралары сызықты деп айтсақ та, одан ландшафт шекаралары да сызықты деген түсінік тумау керек. Көптеген мекендер ауыспалы болғандықтан екі ландшафтқа да жатқызуымызға болады (мысалы, тайгадағы суайрықтық батпақтар).

Көбінесе белгілі бір ландшафтқа тән мекендер кенеттен осы ландшафт шегінде жоғалып кетпейді, біртіндеп өтпелі аумақта сирейді. Мысалы, Балтық қалқанындағы жартасты қырат мекендерінің шекаралары оңтүстікке қарай біртіндеп көлемі азайып, биіктігі төмендеп кетеді. Сонымен, ландшафттардың морфологиялық құрылымының өзгеруіне негізделе отырып та біз сызықтық шекаралар емес, керісінше өтпелі аумақтар туралы түсінік аламыз. Олай болса, ландшафт шекараларының белгілі ені болады және карта масштабына сәйкес шартты түрде сызық деп қаралу керек. Ландшафт шекараларының шын мәнісіндегі ені үлкен шекте түрленіп отырады. Әсіресе айқын көрінетін шекаралар азоналдық геологиялық, геоморфологиялық факторлармен байланысты. Мысалы, петрографиялық құрамы әртүрлі жыныстар рельефте айқын кемерлер құрғанда (Балтық глинты, Үстірт). Айқын білінетін ландшафттық шекаралар бір-біріне қарама-қайшы тау жыныстарымен де байланысты болады, тіпті бұл ауысу рельефте айқын байқалмаған жағдайда да. Рельефте айқын байқалмайтын шекаралар біртіндеп ауысып отыратын, тіпті бір-біріне кірісіп жататын төрттік дәуірдің жыныстарына тән.

Зоналықпен салыстырғанда азоналдық факторлар кеңістікте тез өзгеріп отыратын болғандықтан, көптеген ландшафт шекаралары азоналдық болып келеді. Ірі және рельефі бойынша біртекті болып келетін жазықтарда олар тиянақсыз ландшафттық өткелдер құрайды. Кейбір жағдайда зоналық шекаралар азоналдықпен сәйкес келеді, мұндай жағдайда айқын ландшафттық шекаралар пайда болады. Ең айқын ландшафттық шекаралардың өзі күрделі болып келеді, өйткені жоғарыда айтылғандай жекелеген компоненттердің шекаралары бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, Онега – Валдай қыртының батыс бөлігінің ландшафттары көршілес жазықтардан айқын орографиялық шекара арқылы бөлінеді. Бірақ геологиялық шекара “карбонаттық глинт” моренаның қалың қабатының астында жатқандықтан біршама шығысқа қарай орналасқан, ал климаттық шекараны жауын-шашын мөлшері бойынша жүргізетін болсақ, онда ол орографиялық шекарадан да батыста болады. Өйткені ауа массаларының көтерілуі орографиялық тосқауылдан біршама батыста айқын байқалады. Ландшафттық шекара есебінде соңғысы есептеледі, өйткені бәрінен оңай белгіленеді, сонымен қатар басқа компоненттер үшін де маңызы зор.

Ландшафт - үш өлшемді зат, сондықтан оның литосферада сыртқы (вертикальды) және тропосферада шекарасы болуы керек. Геожүйенің әрбір таксономиялық бірлігіне географиялық қабықшаның белгілі қабаты сәйкес келеді, яғни геосистеманың деңгейі жоғары болған сайын оның вертикальдық қабаты да үлкен деген ұғым бар. В.Б.Сочава бойынша фацияның вертикальдық қалыңдығы 0,02 – 0,05 км, ландшафттікі 1,5 – 2,0, ландшафттық провинцияныкі 3,0-5,0, ал ендік белдеудікі 8-17 км. Бірақ мұндай таза теориялық пікірді дәлелдеу қиын.

Атмосфера қабатындағы ландшафт шегін осы ландшафттың атмосфералық процеске тигізетін әсері білінбейтін орталық деп есептеу керек. К.Н.Дьяконовтың зерттеуі бойынша тундра зонасындағы фациялардың температуралық айырмашылығы антициклональдық ауа райы кезінде 2 м биіктікте, қисық қайыңды ормандарда 4-5 м биіктікте теңеледі де ландшафттар шекарасы 7-9 м биіктікте болады. Бірақ мұндай қорытынды бір жыл мезгілінің біртекті климаттық жағдайында жасалған еді.

Ауа қабаты қозғалмалы болғандықтан біз геосистеманың әсер ету шегін бір мезгілде анықтағанмен келесі уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ландшафттардың жоғарғы шекарасын анықтаудың қиындығы ландшафттың үстінде қалыптасқан ауаның касиеті, оның әсерімен емес, сыртқы әсерлердің негізінде болатындығы. Көптеген атмосфералық құбылыстар (бұлттылық, жауын-шашын) қандай биіктікте пайда болса да тек қана ландшафттарды емес, ландшафттық зоналардың, провинциялардың, тіпті ландшафттың морфологиялық бөліктерінің ерекшеліктерін сипаттайды. Сондықтан геожүйенің таксономиялық бірліктері артқан сайын оның атмосферадағы жоғарғы шегі артады деген теориялық жорамалдың практика жүзінде керектігі шамалы. Сол үшін ландшафттардың жоғарғы шекарасын анықтауды өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болмайды.

Геожүйелердің деңгейі мен оның төменгі шекарасы арасында әрқашанда тура байланыс болмайды. Мынандай жоғарғы азоналдық аймақтар: физгеогрфиялық елдер, жер қыртысының ірі геоструктуралық бірліктерімен байланысты болғандықтан өзінің негізін литосфера қабатынан бастайды. Бірақ ландшафттық зоналар мен подзоналардың төменгі шегі күн энергиясының сәулесімен анықталатын болғандықтан, төменге, онша тереңге бармайды. (А.А.Григорьев бойынша бұл шекара 15-20 м тереңдікке барады). Жүйелі мағынада ландшафттардың шекарасы зоналар мен подзоналардың шекарасынан төмен болмау керек. Ол эпигеосфераның түйісу қабатының қалыңдығымен анықталады. Бұл қабаттың төменгі деңгейі ландшафт компоненттерінің қарым-қатынасы, күн энергиясының өзгеру процесі, ылғал айналымы, үгілу, организмдердің белсенді геохимиялық әсері тиетін тереңдікпен анықталады.

Жыл ішіндегі температураның өзгеруі 20-30 м тереңдікке дейін болады. Оттегінің жер қыртысына ықпал етуі жер асты суларының жоғарғы деңгейімен сәйкес келеді. Тотығу зонасының қалыңдығы 60 м, ал ең көп жарылған жыныстарда 300 м дейін. Үгілу қабығының қалыңдығы ондаған метрге, кейде 100 м дейін жетеді. Тірі организмдердің: өсімдіктердің, микроорганизмдердің, омыртқалылардың жер асты бөліктері көбінесе топырақ жамылғысында, аздаған бөлігі үгілу қабығында жинақталған. Кейбір кеміргіштер 5-6 м тереңдікке, ал жауын құрттары 8 м-ге дейінгі тереңдікке енеді. Өсімдіктердің тамыры аналық жыныстарға ондаған метр тереңдікке дейін әсерін тигізеді.

Сонымен ландшафттың дамуына әсер ететін процестердің төменгі шегі бір-біріне сәйкес келмесе де жақын. Осы көптеген көрсеткіштердің біреуін екіншісінен жақсы, артықтау деп айту қиын. Дегенмен, ландшафттардың төменгі шекарасын анықтайтын көлемді, мөлшерді ондаған метр деп ландшафтты гипергенез зонасына жатқызуға болады. Фациялар мен ландшафттардың төменгі шекарасы үшін, негізінде, ерекше бір критерийді іздеудің керегі жоқ, өйткені олар жоғарыда көрсеткен шекке сәйкестенеді. Дегенмен литосферада ландшафт шекаралары айқын болмайды. Үгілу және топырақ түзілу процестерімен өзгермеген тау жыныстары ландшафттың фундаменті болып есептеледі де біртіндеп зат айналымына қатысады. Ландшафттардың пайда болуын, оның құрылымы мен дамуын қарастыра отырып біз оның фундаментінен дерексіздендіре алмаймыз. Сондықтан жыныстардың жоғарғы литосфераның түйісу қабатын құрайтын бөлігін ландшафттардың сыртқы бөлігі деп қарастырамыз.

Осылайша ландшафттардың жоғарғы шекарасы туралы сұрақты шешуге болады. Әрине, еш талассыз ландшафттарға ауа қабатының өсімдіктер әсерін тигізетін тропосфераның жер бетінен 30-50 м биіктікте орналасқан төменгі бөлігі кіреді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ландшафт сферасының негізгі түрлері.

2. Ландшафттардың жазықтардағы, таулардағы класстарға, типтерге бөлінуі.

3. Өзендердің, көлдердің жағалауындағы ландшафттар, олардың түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

8 дәріс. Антропогендік ландшафттар.


Мақсаты: Антропогендік ландшафттарға сипаттама беру.

Жоспар:

1. Адамдардың табиғатқа әсері.

2.Әсер ету деңгейі.

3. Адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуі.

4. Әсер етудің жүйелері немесе класстары. Ауыл шаруашылық ландшафтысы. Өңдірістік ландшафт. Транспорт ландшафтысы. Рекреациялық ландшафттар.
8 дәрістің қысқаша конспектісі

.

Антропогендік Әсердің даму кезеңдері – Қазақстан территориясы бойынша. Реионалдық жӘне типологиялық Әдістерді пайдалана отырып антропогендік ландшафттарды картаға түсіру.

Техногендік ландшафттар.Оларды жіктеу: функционалдық жӘне өзгеру деңгейіне қарай ландшафттардың бөлінуі. Жіктеу қағидалары.

Академик А.Е.Ферсман 30 жылдары техногенез терминін адамның техникалық іс - әрекеті, инженерлік, химиялық, ауылшаруашылықтық, тау - кен техникалық процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық және минералогиялық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп оны адамның іс - әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір немесе бірнеше компонентке әсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын суларына, ауа қабатына, өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне т.б. әсер ететін факторларды анықтау. Қазіргі уақытта біртіндеп комплексті бағыт алуда.

Дегенмен, әлі де болса ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерге комплекстік физгеографиялық талдау жасауға арналған еңбектер жеткіліксіз. Т.В.Звонкованың басқаруымен Курск магнитті аномалиясы аймағында темір рудасын өңдейтін өнеркәсіптің табиғи ортаға әсер ету ерекшелігі зерттелген. Қиыр Шығыста тау - кен өнеркәсібінің ортаға тигізер әсері мен табиғи комплекстердің даму тенденциясын болжау Ю.Г.Симонованың жетекшілігімен өткізілді. Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны жіктеуге бағытталған. Жартылай стационарлық ізденістер нәтижесінде топырақ қабатының биологиялық, физикалық және химиялық процестерінің, ортаның геохимиялық жағдайының мұнай мен көмір өндіргенде өзгеруіне Н.П.Солнцеваның, К.Н.Дьяконовтың т.б. еңбектері арналған. Ландшафтардың жекелеген компоненттерінің жылу электростанцияларының әсерінен өзгеру механизмі мен өсімдік жамылғысының динамикалық трансформация деңгейі, осыған байланысты ландшафттық - геохимиялық көрсеткіштердің эволюциясы В.Г.Волкова мен Н.Д.Давыдованың еңбектерінде қарастырылды.

Қазақстан территориясы бойынша геожүйелердің табиғи даму тенденциясына техногенез факторларының әсер ету ерекшелігі мен оның салдарына талдау жасап, табиғи ландшафтарды тиімді пайдалану мен оның экологиялық ахуалын жақсарту шараларына арналған ғылыми, комплекстік еңбектер жоқтың қасы.

А.И.Перельманның антропогендік ландшафтарды белгілі бір жүйеге келтіруде пайдаланған геохимиялық принципі материяның қозғалыс формасына негізделді және ландшафтардың дамуын төмендегідей кезеңдерге жіктеді: абиогенді (тек механикалық және физикалық - химиялық миграция), биогендік (биологиялық миграция қосылады), техногендік (техногендік миграция қосылады). Біздің түсінігімізше техногендік комплекстердің пайда болуы ең алдымен техногендік заттардың шоғырлану қарқындылығына, яғни техногендік миграция көлеміне байланысты; кейіннен ландшафт шеңберіндегі техногендік заттардың миграциялық сипаты зоналық және региональдық факторларға, әсіресе техногендік, механикалық және биологиялық миграциялардың қарқындылығының қарым - қатынасына тікелей байланысты.

Техногенез қалдықтарының шоғырлану қарқындылығы заттардың миграциялық ерекшеліктеріне, миграция түрлерінің қарым - қатынасына да бағынышты. Егер техногендік зат ағыны табиғи зат ағынынан басым болса, онда геожүйелерде техногендік қалдықтардың шоғырлануы күрт өседі, сөйтіп геохимиялық аномальды аймақтар қалыптасады.

Топырақ қабатындағы аномальды аймақтардың қалыптасу ерекшелігі мен оны зерттеуге арналған салалық ізденістер Докучаев атындағы топырақ институтының, Мәскеу Мемлекеттік университетінің топырақтану факультетінің, Қиыр Шығыс ғылыми география институтының және Қазақстан Республикасының топырақтану ғылыми институтының ғалымдарының еңбектерінен көрініс тапты.

ЮНЕСКО – ның «Адам және биосфера жобасы бойынша әртүрлі бағыттағы мониторингтер: биосфералық, геохимиялық, экологиялық және ландшафтарды ұйымдастыру қарастырылған. Мониторингті ұйымдастырудың методологиялық негізі әлі толығымен, бірыңғай шешімін таппады. Өйткені территорияны таңдап алғанда территорияның ландшафтық - географиялық ерекшелігі есепке алынбай, ізденіс өткізілетін аймақтың шекарасы ғылыми дұрыс анықталмайды.

Терртиорияның ландшафтық құрылым ерекшелігін есепке алмау ғылыми нәтижелерді қате түсіндіруге, талдауға негіз болды. Мысалы, өнеркәсіп қалдықтары бірдей түскеннің өзінде ландшафтардағы техногендік өзгеру зонасының пішіні рельефтің тілімденуіне байланысты өзгермелі екені айқын. Ландшафтың морфологиялық құрылымында беткейлік тау комплекстері басым болса оған әсер етуші техногендік фактордың ролі жазық ландшафтарымен салыстырғанда жоғары. Табиғи комплекстердің өзгеру деңгейі территорияның ландшафтық фонын көрсететін болғандықтан техногендік фактордың және табиғи процестердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді бөліп қарастыру керек.

Кез - келген мониторинг біртұтас табиғи құрылым – ландшафт шеңберінде өткізілгені дұрыс. Сондықтан бақылау жүргізілетін территорияда алдымен ландшафтық съемка өткізілу керек, ал бақылау параметрлері өткізілетін мониторингтің мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Салалық мониторинг нәтижелері бір - бірімен сәйкес келмейді және территорияның табиғи ерекшелігі туралы толық мәлімет бермейтіндіктен экологиялық нормалауға негіз бола алмайды.

Табиғи комплекстердің техногендік ластану деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі әдіс – ландшафтық индикация. Территорияның ландшафтық құрылымы да өздігінен табиғи орта индикаторы болып табылады, ал оның вертикальдық және горизонтальдық құрылымының өзгеруі техногендік ластану қарқындылығын көрсетеді. Ландшафтық индикацияның маңызы оның морфологиялық құрылымына қарай ластану деңгейіне баға беру, анықтау. Әсіресе ландшафтардың биотикалық компонентінің өзгеру деңгейін айқын анықтауға болады. Сондықтан техногендік стационарлар ұйымдастырғанда ғылыми ізденістерге ландшафтық және ландшафтық - геохимиялық бағыт беру қажет. Осының нәтижесінде ландшафтардың техногендік салмағын, ондағы техногендік зат ағынын реттеуге және экологиялық норманы анықтауға мүмкіншілік туады.

Әртүрлі табиғи зоналарда қалыптапсқан біртұтас табиғи құрылымдар – ландшафтардың техногендік салмаққа жауап қайтару ерекшелігін есепке ала отырып олардың техногендік әсерге салыстырмалы тұрақтылығын анықтайды. Біртұтас табиғи бірлік ретінде ландшафтардың техногендік факторға жауап қайтаруы мен тұрақтылығы техногендік әсер түріне және қандай табиғи зонада орналасқанына байланысты. Техногендік әсерде дамып отырған ландшафтардың бұзылу, нашарлау деңгейін жалпы ландшафт құрылымының немесе оның жекелеген компоненттерінің өзгеруіне қарай анықтайды. Мұндай жағдайда өзгерістер техногендік модификациялардың пайда болуынан немесе комплекстің түбірімен өзгеруінен байқалады. Егер компоненттердің техногендік өзгеруі онын бір инвариант шеңберіндегі табиғи өзгерісінен аспаса, онда техногендік ландшафтар модификациялары пайда болады. Жетекші компонеттердің техногендік өзгеруі оның табиғи даму тенденциясынан басым болғанда, ландшафтың құрылымының түрлігі өзгергенде техногендік құрылымдар – техногеомалар – табиғи – техногендік жүйелердің құрамдас бірлігі пайда болады. Сонымен, техногендік фактордың әсері ландшафтардың құрылымының нашарлауынан, техногенез модификацияларының пайда болуынан және ондағы жекелеген компоненттер мен элементтердің трансформацияға ұшырауынан көрініс табады.

Яғни техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, өзгеру мен айналымға қатысу қасиеті ландшафтық - геохимиялық жағдайдың табиғатына байланысты.

Құрылықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық -геохимиялық жүйелердің (ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы топтарға жіктейді. Болжаудағы негізгі мақсат – техногенез заттарының тірі организмге тигізер әсерінің деңгейін анықтау. Кез - келген типке жататын ландшафтық - геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек:

1) Геохимилық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдығынан тазаруы;

2) Егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) және олармен байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу керек. Технобиогеомалар белгілі бір географиялық заңдылықққа бағынады, сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық - географиялық аудандастыруға мүмкіншілік бар.

Технобиогеомалардың геохимиялық тұрақтылығын анықтайтын табиғи факторлар бойынша топтастырғанда есепке алынатын көрсеткіштер: а) атмосферадағы, топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі минералдық және органикалық заттардың химиялық өзгеру жылдамдығы; б) геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты заттардың химиялық айналу жылдамдығы; в) техногенез қалдықтарының ЛГЖ шеңберінен шығу жылдамдығы; г) олардың жер беті, жер асты суларымен және ауа ағынымен таралу ерекшелігі. Кез-келген химиялық айналым жылдамдығы ЛГЖ шеңберіне келіп түсетін энергия шамасына байланысты. Сондықтан химиялық процестердің жылдамдығын есепке алуда төмендегідей орташа жылдық көрсеткіштер ескерілу керек: 1) күннің жиынтық радиациясы мен оң температураның жиынтық мөлшері; 2) ультракүлгін радиация мөлшері; 3) фотосинтез кезінде ассимиляцияланған және жыл ішінде өсімдік шіріндісі арқылы топыраққа жиналған энергия мөлшері (биохимиялық процестердің энергия көзі); 4) найзағайлы күндердің саны.

Геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты есепке алынатын көрсеткіштер: 1) топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі қышқылды - сілтілі және тотығу мен қалпына келу процестері; 2) өзен сулары мен көлдердегі органикалық заттың шамасы; металдардың еруі мен миграциялық ерекшелігін анықтайтын фактор – органикалық зат мөлшері; 3) жылдық жауын - шашын мөлшері мен булану; 4) булану барьерлері мен булану нәтижесінде жиналған элементтердің көрсеткіші- тұзды топырақ жамылғысы мен тұзды көлдердің таралуы. ЛГЖ шеңберінде жиналған заттардың ыдырау және шығу жылдамдығы әртүрлі факторларға байланысты олар: 1) жылдық өзен ағынының жиынтық шамасы; 2) әртүрлі жылдамдықтағы желдің жылдық орташа көрсеткіші, әсіресе (штиль) тымық ауа шамасы; 3) мәңгі тоңдардың температурасы төмен болғандықтан олар механикалық және термодинамикалық тосқауыл болады. Сондықтан мәңгі тоңдардың бар, жоқтығы есепке алынады.



Мәдени ландшафттар. Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы антропогендік кешендер туралы мәліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық және сандық көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ, негізгі бағыт шаруашылықтағы жер көлемінің үнемі көбеюі.

Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану әсерінен шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жердің де ауданы артып отыр. Олар: бедлендтер, антропогендік карстер, карьерлер, тұзданған және батпақтанған территориялар, қозғалмалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар. Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі.

Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты анықталған – ірі қалалар мен тау-кен өнеркәсібінің көлемінің артуына байланысты егіншілік, жайылымдық және орман алқаптарының ауданы кемуде. Бірақ, экономикалық жоғары дамыған, урбандалу деңгейі жоғары елдерде рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман ағаштарының көлемі кеміп отыр.

Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми - техникалық революцияның қазіргі жетістіктеріне, халық санының - осының салдарынан табиғи ортаға антропогендік салмақтың артуына қарай табиғи кешендер сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол -өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану, құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым - қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т.б. Осындай алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына тікелей байланысты. Антропогендік әсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы, экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді. Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мәдени ландшафтармен ауысады.

Мәдени ландшафтарға екі қасиет тән: 1) Жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік; 2) Адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы табиғи ортаны сақтау. Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына әкеліп соқты. Мәдени ландшафттарға қойылатын негізгі шарт – биологиялық ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мәдени ландшафтарда табиғи және техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының тартылуы мен қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты және өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді. Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ оларға жүктелетін жұмыс – мәдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана кешендердің қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып әрбір жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі. Дегенмен, әрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне сәйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді. Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады: 1) Әртүрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану; 2) Оларды “күту, бағу”- олар: орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау; 3) Ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу. Егер мәдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда құруға жоспарланса онда осыған сәйкес “емдеу” шараларын қолдану қажет. Мысалы, кесілген немесе өртке ұшыраған орманды алқаптарға қайтадан ағаш егу, карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу. МӘдени ландшафттарды В.А.Николаев пен Ф.Н.Мильковтың тұжырымдарына қарай жіктеу. Жіктеуде пайдаланылатын көрсеткіштер.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Адамдардың табиғатқа әсері.

2.Әсер ету деңгейі.

3. Адамдардың қайтымды және қайтымсыз әсер етуі.

4. Әсер етудің жүйелері немесе класстары. Ауыл шаруашылық ландшафтысы. Өңдірістік ландшафт. Транспорт ландшафтысы. Рекреациялық ландшафттар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

9 дәріс Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафтысы.



Мақсаты: Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафттарына сипаттама беру

Жоспар:

1. Жазықтардағы зоналық заңдылық.

2. Ландшафттардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауы.

3. Жазықтардағы интрозоналды ландшафттар.

4. Орманды дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары.
9 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазақстан Республикасы солтұсгік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық процесстердің, климат жағдайының, қар-жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктиқалық және полярлық, жазда полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары - әр түрлі болып келеді де, табиғаттық ерекше құбылыстары мен процестерішң әсерінен ландшафтысы жиі-жиі өзгеріп тұрады.

Республика территориясының орасан үлкеңдігіне, орографиясьшың ерекшелігінен тым континентті болуына, әртекті жазықтар (мүсіндік, аккумуляциялық, денудациялық) сонымен әр турлі биіктіктегі таудың (аласа, биіктігі орташа және аса биік) кең аймақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен .ұштасып жатуьша байланысты Қазақстанның. ландшафтысы бірнеше типті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарьша жатады. Жазық аймақ-гардағы ландшафтысы зоналы, таулы аймақтардағы ландшафтысы азоналы. Биіктік белдеу рет бойынша жуйеленеді.

Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтустіктен солтустікке 160 (3 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық-геоморфологиялық, радиа-цияльіқ, атмосфералық. циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет - етуіне қарай орманды ;.ала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтыеыныц территориялық болшеқтенуне себепші болған.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Жазықтардағы зоналық заңдылық.

2. Ландшафттардың әсер етуші факторларға байланысты өзгеруі, біркелкі болмауы.

3. Жазықтардағы интрозоналды ландшафттар.

4. Орманды дала, шөлейт, шөл зоналарының ландшафттары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
10 дәріс Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет