Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 3, 4 – Алициклді қосылыстар



бет3/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

Дәріс 3, 4 – Алициклді қосылыстар
Дәріс жоспары:

  1. Номенклатура. Изомерия

  2. Алу әдістері

  3. Физикалық және химиялық қасиеттері

  4. Жеке өкілдері

Циклді қосылыстардың аттарын «цикло» деген сөз қосылып май қатары көмірсутектерінің аттары тәрізді етіліп жасалады.

Оларға структуралық изомерияның мына түрлері тән:

  1. сақинаның үлкен-кішілігі бойынша, мысалы үшін С6Н12


2) сақинадағы орын басушылардың үлкен-кішілігіне қарай:

3) сақинада орын басушылардың орналасуларына қарай:

4) орын басушылардың құрылысына қарай:

Сақинада бір ғана орын басушы болса, стереоизомерияға орын қалмайды. Екі орын басушы болып қалса геометриялық та, оптикалық та изомерия бола алады.

Геометриялық изомерия (цис-транс-изомерия) геминальдық күйінен басқа (орынбасарлар көміртектің бір ғана атомында) орын басушылар күйлерінің барлығында да болады:
Оптикалық изомерия, молекуланың симетриялық жазықтығы болмаған күнде ғана байқалады.
Алу әдістері.
1.Циклопарафиндерді алудың жалпы әдістердің біріне мырышты дигалогенмен әрекеттестіріп туындыларын гологенсіздендіру жатады. Ондай жолмен циклопропан және оның гомологтары оңай алынады:

2.Циклопропанды және оның гомологтарын этиленді көмірсутектерге диазометанмен әрекеттестіріп алуға да болады.

3.Төрт-(одан да көп) буынды циклдері көмірсутектердің цикліндегі атомының сондай санымен қанықпаған көмірсутек сутектетдіріп алуға болады.

Химиялық қасиеттері.
1. Сутектендіру.


2. Галогендендіру.


3. Галогенсутектердің қосылуы.


4. Тотығу реакциясы. Күшті тотықтырғыштар әсер етсе циклопарафиндер циклдерін үзіп көміртек атомының саны өздерінікіне тең екі негізгі қышқылдар түзеді. Циклопарафиндердің изомерлік олефиндерден өзгешеліктері олар көміртек атомдарының саны кем қышқылдар немесе карбонилді қосылыстар түзетіндігінде.
Жеке өкілдері. Қарапайым циклопарафин-циклопропан – қайнау температурасы -340С газ күйіндегі зат. Өнеркәсіп мөлшерінде этанолға араласқан мырыштың тозаңымен 1,3-дихлорпропанға әрекеттестіру арқылы алынады, ол нигаляциялық, анестездегіш құралдар ретінде қолданылады.
1,3-дихлорпропанды пропанды 1000С-де газ күйіндегі хлор мен хларландырып алады. Бұл процесте құрамында 19,3% 1,3-ди-хлор-пропан бар, дихлоридтердің қоспасы түзіледі, қайнау температураларының айырмашылығы болғандықтан 1,3-дихлорпропан басқа изомерлерден оңай бөлініп шығарылады.
Циклогексан-қайнау температурасы 810С сұйық зат. Бензол сутектендіріп алынады. Адипин қышқылын және капролактам алуда еріткіш есебінде қолданылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: циклоалкандардың номенклатурасы мен изомериясы, физикалық және химиялық қасиеттері, жеке өкілдері
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Алициклды қосылыстарды қандай жолмен алады?

  2. Алициклді қосылыстардың химиялық қасиеттері қандай?

  3. Алициклді қосылыстарға тән изомерия?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Бруис, П.Ю. Органикалық химия негіздері. 1-бөлім: оқулық /П.Ю. Бруис; [қазақ тіліне ауд. Бажықова К.Б.] – Алматы: Полиграфкомбинат, 2013. 93, 115-127 б.
2. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 171-182
3. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.208-232




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет