ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қоршаған орта туралы ілім»


Дәріс. Қазіргі заманда адамзаттың тұрақты даму мәселесі



бет4/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#136793
1   2   3   4

11 Дәріс. Қазіргі заманда адамзаттың тұрақты даму мәселесі

Адамзат қоғамынның алдында тұрған экологиялық мәлелелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адмзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие боды. Экологиялық мәлеленің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәлелелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі , олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылғы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.





ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 49-сы

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» аты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.



Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

1

2

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 101 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету;кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау;қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзатың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі-қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының сабептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді.Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллирдтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

-СПИД-пен күреске жұмылдыру;

-туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

-бала өлімін кеміту;

-халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

-еркектер менәйелдердің өздерінің балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

-халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

-балалардың денсаулығын қорғау;



-қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60 %-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық идеградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды.шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінң кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп,құрылыс, ауыл шаруашлыығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды эколгиялық мәселелердің бірі болып табылады.2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

  • қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40 литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап,жүзеге асыру;

  • барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95 % келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4 млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру керек. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істеҚазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. XXI ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының

Қосымша сұрақтар :

1. Негізгі тұрақты даму мәселесі

2 «21-ғасырдың күн тәртібінде » бағдарламасы


№1 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы.

Мақсаты: Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда экожүйеге таралатын негізгі химиялық элементтермен және ластануды алдын алу жолдарымен студенттерді таныстыру.

Химиялық ластаушылар дегеніміз экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ортаның негізгі ластануы өнеркәсіп қажеттелігі үшін отындарды жағу, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады.

Атмосфераны ластайтын химиялық заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрит, күкірт қышқылы), азот тотықтары жатады

Жерге ағаштар егу газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына бөгет бола алады. Қүкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді.

1 тапсырма: Қоршаған ортаны ластушы химиялық заттардың топтарын анықтау.

2 тапсырма: Ластушы химиялық заттардың қоршаған ортаға таралуының алдын алу жолдарын қарастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж


ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 53-сі

№2 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Химиялық элементтердің қоршаған ортада таралуы

Мақсаты: Студенттерді қаупі жоғары тұрақты органикалық ластаушылар (ТОЛ) тобымен және оларды қоршаған ортаға шығаратын көздермен таныстыру.

Тұрақты органикалық ластаушылар(ТОЛ)-химиялық улы қосылыстары ыдырауға және биоаккумуляция мөлшерінің жоғары болуына тұрақты химиялық заттар топтары. Аз дозаның өзінде ТОЛ қалыпты биологиялық қызметті бұзып, қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін үлкен қауіп туғыза алады.

1 тапсырма: Қаупі жоғары тұрақты органикалық ластаушылар (ТОЛ) тобымен танысу.

2 тапсырма: ТОЛ-ды қоршаған ортаға шығаратын көздерді анықтау.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж

№3 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Атмосфералық ауаның ластануының алдын алу.

Мақсаты: Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен оларды алдын алу жолдарымен студенттерді таныстыру.

Атмосфералық ауаны ластаушылар –механикалық, химиялық, физикалық және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық ластаушылар-шаң, қоқыс.

Химиялық ластаушылар-экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар.

Физикалық ластаушылар-биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері.

1 тапсырма: Атмосфералық ауа сапасына әсер ететін заттарды анықтау.

2 тапсырма: Автокөліктерден бөлінетін затттарды анықтау.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж





ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 54-сі

№4 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ластанудың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері.


Мақсаты: Фитоценоз бен зооценозға әсер ететін негізгі ластаушы көздермен студенттерді таныстыру.

Фитоценоз-өсімдіктер бірлестігі. Фитоценоз-күннің энергиясын пайдаланып, көмір қышқыл газымен, судан және минералдық заттардан органикалық зат жүйе алатын биологиялық құбылыс

Өсімдіктер -300000 аса түрлері бар табиғаттың ерекше патшалығы Жер бетінде тіршілікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Ормандардың үлкен санитарлық-гигиеналық және емдік қасиеттері бар. Сондай-ақ атмосфераның химиялық тепе-теңдігін ұстап тұрады.

Зооценоз- неше түрлі жануарлар бірлестігі. Зооценоз органикалық заттарды бір түрден екінші түрге айналдырады, яғни тасымалдаушы қызметін атқарады.

Жануарлардың жоғалуы, табиғи эволюциялық процесс. Жер бетінде жыл сайын әрбір миллион түрдің ішінен тек бір түр ғана жоғалып отырғаны белгілі болды

1 тапсырма: Фитценозды ластаушы көздерді анықтау.

2 тапсырма: Зооценозды ластаушы көздерді анықтау.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж

№5 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Су қасиеттері және тірі зат

Мақсаты: Студенттерді судың қасиеттерімен және онда тіршілік ететін гидробионттармен таныстыру.

Су -өзіне тән ерекшеліктері бар тіршілік ортасы . Оның негізгі қасиеттеріне тығыздығы,оттегі режимі, температуралық режим,тұздылық режимі, жарық режимі жатады.

Суда тіршілік ететін ағзаларды гидробионттар деп атайды.

1 тапсырма: Судың органолептикалық қасиеттерін анықтау.

2 тапсырма: Гидробионттар және олардың жіктелуі.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 55-сі

№ 6 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Табиғи және ластанған судың химиялық құрамы

Мақсаты: Студенттерді табиғи және ластанған судың химиялық құрамы мен таныстыру.

Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі -өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы синтетикалық заттар. Ағын сулардағы ластаушы заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды.Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0, 1 мг/л-ді құрайды

1 тапсырма: Су қорларының ластануының түрлерін анықтау.

2 тапсырма: Су ресурстарын қорғау шараларын ұйымдастыру жолдарын қарастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж

№7 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс. 0

Тақырыбы: Табиғи және шайынды суларды тазалау.

Мақсаты: Студенттерді су тазалау әдістерімен таныстыру.

Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі-қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлітехнологиялық процестерде қолданылады.

1 тапсырма: Суды тазалаудың әдістерімен танысу.

2 тапсырма: Суды тазалаудың тиімді әдістерін топтастыру.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж

№ 8 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Топырақ мониторингісін ұйымтастыру принциптері.

Мақсаты: Студенттерді мониторинг ұғымымен және топырақтың жай-күйін бағалау, болжау түрлерімен таныстыру.

Экологиялық мониторинг-антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, болжау жүйесі. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 56-сы

-қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау;

-табиғи жәнеантропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау;

-қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

1 тапсырма: Мониторинг және оның түрлерімен танысу.

2 тапсырма: Топырақ мониторингісін топтастыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж

№9 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Топырақ эрозиясы.

Мақсаты: Топырақ эрозиясы және олардың түрлерімен студенттерді таныстыру.

Литосфера- жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен жердің беткі мантиясы кіреді.

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд т ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенентін болсақ, ХХ ғ 90 жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтын ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ланшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақ эрозиясы-топырақтың беткі құнарлы қабатының бұзылуы.

1 тапсырма: Топырақ эрозиясы және олардың түрлерімен таныстыру.

2 тапсырма: Топырақты эрозиядан қорғау шаралары.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж

2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 57-сі

№ 10 Тәжірибелік-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Топырақ қабатының екіншілік тұздануы

Мақсаты: Студенттерді Топырақ қабатының екіншілік тұздануы туралы мәліметтермен таныстыру.

Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады, соынң ішінде санитарлық сан деп аталатынымен, яғни белоктағыазот мөлшерініңжалпы рагникалық азотқа қатысымен; сонымен қатар ішектің таяқша құртының, шыбынның балапан құртының, гельминтер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі.

Топырақтың тазалылығы немесе ластандылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады.Осыдан басқа топырақтың санитарлық жағдайын сипаттайтын тағы да бірнеше қосымша көрсеткіштер бар, олардың өндірістік кәсіпорындардың және де елді мекендердің жерінде анықталады.

1 тапсырма: Топырақтағы ластаушы заттардың үш бағытта нормалануын анықтау.

2 тапсырма: шекті рауалы концентрация және уақытша рауалы концентрация

түрлерімен таныстыру.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Т. Қуатбаев . Жалпы экология.-Алматы. 2012ж



2. Ә. Бозшатаева. Экологиядан оқу әдістемелік құрал. 2002ж


ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 58-сі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Вернадский В.И. Биосфера. М., «Мысль» 1967.

  2. В Н.Радкевич В.А. Экология, Минск: Высшая школа,1997.

  3. Чернова Н.М., Былова А.М. Экология, М..Просвещение,1981.

  4. Наумов Н.П. Жануарлар экологиясы... М: Высшая школа,1963.

  5. Горышина Т.К. Өсімдіктер экологиясы. М:Высшая школа,1979.

  6. Одум Ю. Экология. М.,Мир,т 1-2,1986.

  7. Одум Ю. Экология негіздері. М.:. Прогресс,1975

  8. Дажо Р. Жалпы эколгия негіздері. М..; Мир,1979.

  9. Риклефе Р. Жалпы эколгия негіздері.М;Мир,1979.

  10. Чернова Н.М. Экология негіздері. М.:Просвещение,1995.

  11. Горелов А.А.Экология,М.:центр,2000

  12. Данилов П.С. Маркевич Әлеуметтік экология,М.:Просвещение,1991.

  13. Воронков Н.А. Жалпы экологгия негіздері.; М. Издательство Рандеву А.М. 1999.

  14. Акимова Т.А. Хаскин В.В. Экология, М.: ЮНИТИ,1998

  15. Воронков Н.А. Жалпы экология неіздері, М: Рандеву А.М.1999

  16. Лосев А.В. Провадкин Г.Г. Әлеуметтік экология,М: Владос,1998

  17. Бродский А.К. Жалпы экология бойынша қысқаша курс,с-Пб,1992

  18. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология-Алматы,Ғылым,2001

Қосымша әдебиеттер:

  1. Тарасов А.О. Экология және табиғатты қорғау, М...,1990

  2. Алексеев С.В. және басқалар.Экология парктикумы, М..АО МДС,1996

  3. Чернова Н.М. Экологиядан лабораториялық практикум, М.Просвщение,1986

  4. Новикова Ю.В. Адам және қоршаған орта экологиясы,М..,1998

  5. Саданов А.К.,Сванбаев З.С. Экология, М.,Алматы,Агроуниверситет,1999

  6. Плешаков А.А. Төменгі сынып оқушыларына арналған экология, М.,Просвещение,1995

  7. Шклярова О.А.Мектеп экологиясын меңгеру.Мектептегі биология №3,1990



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 59-сы



  1. Мектептің экологиялық паспортизациясы.Кузнецова О.Б. және б. құрастырған – Вологда,1993

  2. Экологиялық терминдер сөздігі – Алматы,Рауан,2000

  3. Агаджанян И.А. Адам және биосфера.М.,Знание,1987

  4. Будыко М.И. Глобалды экология,М.,Наша Ксенгарня,1971

  5. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.СПБ,Химия,1997


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет