ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «саяси психологиясы»


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



бет5/5
Дата07.07.2016
өлшемі256 Kb.
#183605
1   2   3   4   5



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1. Тақырып Қазіргі саяси психологияның теориялық-әдістемелік мәселелері.

Саяси психологияның зерттеу объектілері және олардың ерекшелігі. Саяси психологияның зерттеу әдістері. Саяси ұғымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер саяси жүйенің маңызды бөлігі ретінде.

Әдебиет: [1,9,13,16]
2. Тақырып Саяси жүйе осы заманғы психологиялық мәселе ретінде

Саяси психологияның негізгі категориялары және олардың өзара байланысы. Саяси сана, саяси мәдениет, саяси психика, саяси бағдар және стереотиптер.

Әдебиет: [9,7,10,11]
3. Тақырып Қазіргі саяси психологиядағы саяси феномен ұғымы

«Саяси феномен» ұғымы. Биосаясат саяси психологияның саласы ретінде. Вайленсология саяси психологияның саласы ретінде.

Әдебиет: [1,4,7,9,11]
4. Тақырып Ресей және шетелдік саяси психологияның пайда болу және даму тарихы

Антика және орта ғасыр Европа ойшылдарының саяси психоолгиялық көзқарастары. АҚШ-тағы «мінез-құлықтық қозғалыстардың» дамуы. Ресей саяси психологиясының дамуында психоанализдің ролі. Европа елдеріндегі саяси психологияның қазіргі жайы.

Әдебиет: [4,7,9,11,26]
5. Тақырып Егеменді және тәуелсіз Қазақстандағы саяси психологияның негізгі мәселелері

Түрік ғұмалаларының саяси-психологиялық ой-пікірлері. Қазақ ақын-жырауларының толғауларындағы саяси психологиялық мәселелер.ХХ ғ. қазақ саяси қайраткерлерінің шығармаларындағы саяси психологиялық мәселелер. Қазіргі Қазақстанда саяси психологияның дамып, қалыптасуы.

Әдебиет: [1,5,7,10,18]
6. Тақырып Саяси психологияның категориялық аппараты және саяси-психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері

Саяси психологияның категориялық аппаратының дамуы. Саяси психология дамуындағы психологиялық категориялардың мәнісі. Саяси-психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Қазіргі саяси психологияның жетекші мектептері және бағыттары.

Әдебиет: [4,8,9,10,18,24]
7. Тақырып Тұлғаның саясаттағы психологиялық мәселелері

Саяси әлеуметтенудің механизмдері. Саяси сана мен ойлаудың байланысы. Саяси белсенділіктің психологиялық концепциялары. Мінез-құлық революциясы. Жалпы әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және дара-психологиялық деңгейлердегі саяси әлеуметтенудің механизмдері.

Әдебиет: [1,9,16,17]
8. Тақырып Қазіргі саяси психологияның шеңберіндегі биліктің психологиялық детерминанты

Билік. Саяси биліктің мазмұны және функциялары. Саяси биліктің түрлі мемлекеттердегі өзгешелігі. Биліктің легитимділігі және суверенитеті. Биліктің легитимділігі мен суверенитеті, олардың өзгеріске ұшырауы

Әдебиет: [1,9,24,26,27]
9. Тақырып Саяси психология құрылымындағы лидерлік (көшбасшылық) мәселесі.

Саяси лидер және оның түрлері. Көшбасшылық және басқарушы. Саяси лидердің беделдігі. Лидерліктің теориялары. Қоғам дамуында болған әйгілі саяси лидерлер.

Әдебиет: [9,13,17,20,21]
10. Тақырып Диктатура психологиясы мәселесі

Диктарура ұғымы және оның түрлері. Диактатураға қатысты психологиялық реакциялар.Адамның тотаритарлық мемлекетке қарсы реакциялары.

Әдебиет: [5,6,14,]
11. Тақырып Зорлық-зомбылық психологиясы мәселесі.

Саяси зорлық және оның негіздері. Саяси зорлықтың түрлері. Саяси зорлық және мемлекетті басқару стилі. Саяси зорлықтың қоғам дамуына тигізетін әсері.

Әдебиет: [9,11,16,23,26]
12. Тақырып Еркіндіктің психологиялық детерминантының негізгі мәселелері

Еркіндіктің психологиялық детерминанты. Субьект белсенділігінің психологиялық факторы. Саяси конфликт және оның түрлері. Конфликттің саяси-психологиялық рефлексияның дамуы. Саяси конфликтті басқару.

Әдебиет: [5,6,14,]
13. Тақырып Саяси сана психологиясы.

Сана және саяси сана. Саяси сананың құрылымы, оның саяси қатынастар үшін маңыздылығы және ролі. Посавторитарлық қоғам. Қоғамдық сұхбаттың психологиялық феномені. Демократиялық қоғам. Билікке деген қатынастың эволюциясы

Әдебиет: [1,9,16,17,19]
14. Тақырып Саяси мінез-құлық психологиясы

Саяси мінез-құлықтың психологиялық психологиялық үлгісі. Саяси мінез-құлықтың құрылымы. Саяси психика және саяси бағдар мен стерпотип.

Әдебиет: [1,4,6,11,14,17,26]
15. Тақырып Саяси мәдениет психологиясы

Саяси сананың психологиялық детерминанты. Саяси мінез-құлықтың психологиялық үлгісі және құрамындағы инстинкттер. Қажеттілік саяси мәдениет факторы ретінде. Билікті иелену мотиві.

Әдебиет: [4,10,12,16,23]

16. Тақырып Топтық динамика және саяси процесстер.

Ұлттық мәдениет және саясат. ХАҚ және оның түрлері. ХАҚ саяси көзқарастың қалыптастыруындағы ролі. ХАҚ және сайлау кампаниясы. Саяси жарнама қоғамдық сананы манипуляциялау құралы ретінде

Әдебиет: [4,7,8,10,12,18,23]
17. Тақырып Ұлттық менталитет және саясат.

Ұлттық мінез және ұлттық сана. Ұлттық-этникалық мәселелердің шиеленісуі. Ұлттық және ұлтаралық қақтығыстар және оларды реттеу жолдары.

Әдебиет: [8,23,25,26]
18. Тақырып Саясаттағы бұқара психологиясы

Саяси процестердегі бұқара психологиясының ролі. Саяси көзқарасты қалыптасытыруда ХАҚ қолдануы. Қоғамның мәліметтік қауіпсіздіктегі ҚР саясаты.

Әдебиет: [4,8,18,23,25,26]
19. Тақырып Саяси психологияның қолданбалы проблемалары

Психологтың саясат саласындағы қызметі. Сайлау процесінде әлеуметтік технологиялар: саяси-психологиялық негіздер және сипаттама.Билік өкілдерінің саяси манипуляциясы қоғамның мәліметтік-психологиялық қауіпсіздік мәселесі ретінде.

Әдебиет: [4,12,17,18,20,26]

Курстың саясаты

Оқытушы мен студент арасындағы саяси академиялық тәртібі және этикасы институттың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес болуы керек. Олар:

- оқу процесіне белсенді қатысу қажет;

- топ мүшелері мен оқытушыларға сыйластықпен қарау;

- оқытушы сөйлеген кезде дауыстап сөйлеуге тыйым салынады, екінші ескерту жасалғаннан кейін студент аудиториядан шығуы тиіс;

- сабақты себепсіз босатуға болмайды, ал қатыспаған сабақтарды оқытушының бос уақытын пайдаланып жұмысты атқару;

- сабаққа кешігіп келуге болмайды;

- үй тапсырмасын міндетті түрде орындау;

- жазбаша тапсырмаларды уақытымен дайындап, тапсыру;

- бақылау жұмысында, тестте, емтихан барысында көшіріп алуға тыйым салынады;

- оқытушының консультациясына міндетті түрде қатысу;

- сабақтың барысында ұялы телефондарды сөндіру.


СӨЖ уақытда орындамауы (сабаққа дайындалуынан басқа) баллды төмендетеді:

    • 1/3 бір жұмаға кешіккенде;

    • - бір жұмадан кешіктеу 2 есе.

Сабақ кезінде тәртіпті бұзуы немесе қандай да болсын сабаққа кешігуі үшін балл 2-ден 0,5 дейін төмендеуі мүмкін. Сабақтан шығарылуы кезінде сабақ үстінде қойылған балл 0-ге теңестіріледі.
Студенттің дәріс және практикалық сабаққа қатысып, тапсырмаларды орындауы үшін қойылатын баллдар:

- дәріс сабағына қатысу, мәліметті конспектілеу – 2 балла (қатысуы 1 балл, конспектің болуы 1 балл);

- практикалық сабаққа қатысуы және белсенді жұмыс істеу – 3 балла (қатысу 1 балл, белсенді жұмыс 1 балл және тапсырманы дұрыс орындау 1 балл);

- үй тапсырманы орындау және қорғау – 2/5 балл.


Семестрде пән бойынша өткен білімдерін бағалауы екі рубежды бақылаудан тұрады. Білімдердің рубежды бақылау тест түрінде өтеді.

Әрбір аралық бақылау 25 баллдан құрылған, тест түрінде өткізіледі. 25 сұрақ қарастырылады:

- сұраққа дұрыс жауап берілді – 1 балл.

Дұрыс жауаптар саны қосылады.


Егер сіз себеп бойынша сабаққа немесе бақылау шараларына қатыспасаңыз, онда Сізге оны жеке дара жоспар бойынша белгілі уақыт мерзімінде тапсырманы орындау мүмкіндігі беріледі.

Қорытынды жұмыстар бойынша қорытынды ағфмды үлгерушілік баллы (рейтинг) анықталады. Балл 50-ден төмен болмауы тиіс.

Қорытынды емтихан жазбаша түрде жүргізіледі. Емтиханда көшіру немесе жазбаша жұмысты орындау кезінде тыйым салынады.

Қорытынды баға пән бойынша ұпай анықталатын формула


Қ

осында Р1, Р2, БЖ, Е – 1-2 рейтинг кезінде алынған баллдар, яғни жұмысты орындауы мен емтиханды тапсырып, 100 баллды шкаламен анықтауы;



0,3, 0,2 және 0,5 – ЖОО Ғылыми кеңесімен орнатылған көрсеткіштер.
Егер сіз емтиханда қанағат емес (50 баллдан төмен) бағаны алсаңыз, онда сіздің пән бойынша қорытынды рейтингіңіз шығарылмайды, ал құжатқа «қанағат емес» бағасы қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет