Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет1/11
Дата26.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#159737
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-14.4.05.1.20.60/03-2011

ПОӘК «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдайсалдарын жою тактикасы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

05.09.2011ж.




Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің

қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдары

Семей


2011

Глоссарилар


Апаттық жағдай - қауіпті жағдай, оқиғаның алдын – алу мүмкін емес жағдай.

Апаттық жиілілік - халықаралық тербеліс жиілігі, толқын ұзындығы, авариялық немесе апаттық хабарлама таратуда кемелік немесе жағалаулық радиостанция жұмыс істейді.

Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары – жеке бүліну ошақтары мен жоғары қауіпті аймақтағы бірінші кезектегі жұмыс, коммуналды желілердегі авариялар мен бүлінулерді жою, халықтың өмір сүруге қажетті жағдай жасау, сонымен қоса аумақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру.

Апаттық құтқару қызметі – басқару және қаржы органдарының жиынтығы, ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған, бір жүйеге функцияналды біріктірілген, негізіне авариялық құтқару құрамалар кіреді.

Апаттық - құтқару жұмыстары – адамдарды құтқаруға материалды және мәдени құндылықтарды, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны сақтауға, ТЖ жою немесе оның басқа да қауіпті факторға жалғасып кетуіне жол бермеуге бағытталған іс – шаралар.

Авариялық - құтқару жұмыстары – бұл жұмыстарды жүргізетін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді және арнайы дайындықты, экипировка және құралдарды қажет етеді.

Апаттық – құтқару құрамалары – өздігінен немесе апаттық құтқару қызметіне кіретін құрылым, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, негізін құтқарушылар құрайды, арнайы техникамен, құрал-жабдық, аспап және материалдармен жабдықталған құрамалар.

Авария - механизм, машина құрылғы, объектінің бүлінуі, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, адамдардың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді.

Авиакатастрофа – авиациалық техниканың апатқа ұшырауы.

Аман қалу – адамның экстрималды жағдайда өмір сүру қабілеті.

Азаматтық қорғаныс – қорғаныс, инженерлік – техникалық және ұйымдастыру шаралар жүйесі, бейбіт халықты қорғау шараларын ұйымдастыру.

Апат аймағы – ТЖ салдарын жоюға арналған жедел және қосымша көмекті қажет ететін ТЖ аумағының бөлімі.

Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық ТЖ салдарынан адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау.

Басқару нүктесі – ТЖ салдарын жою құралдары және нүктелерін бақылайтын жабдықталған инженерлік немесе көліктік құрал.

Барлау – бір нәрсені арнайы мақсатта зерттеу.

Ескерту дабылы – ТЖ пайда болуы жөніндегі хабарлама.

Дезинфикация – инфекциялық аурудың қоздырғышын жою.

Дегазация – авариялық химиялық қауіпті бейтараптандыру және жою.

Дозиметрлік бақылау – радиоактивті сәулелену мөлшерін анықтау.

Зақымдау аумағы – қоршаған ортаға, адамдар өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпті концентрациялы химиялық заттар әкелінген және таралған аумақ немесе акватория.

Залалсыздандыру – ластануды, аумақтың зақымдануын, нысандардың, судың, азық түліктің ластануын шекті рұқсат етілген шегіне дейін төмендету.

Газқағар – газ тәріздес заттармен шаңдардан тыныс алу органдарын қорғауға арналған құрал.

Жол көлік оқиғасы – транспорттық авария, жол жүру кезінде пайда болған оқиға, транспорттың қатысуымен адамның дене жарақатын алуы, кейде өлімге жететін оқиға. Транспорттың бүлінуі жол, ғимарат, жүк немесе басқа да материалды шығынға әкеледі.

Жерсілкінісі – жер қабатында және мантияда аяқ астынан бірігу және ажырау нәтижесінде пайда болады. Алыс қашықтықтарға серіппелі толқын түрінде таралатын жер бетінің және жер астының тербелістері мен дүмпулері.

Жаралану – ағзаның немесе тіннің абайсызда бұзылуы.

Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше составтың бүлінуі, поезд қозғалысының тоқтауы, бір немесе бірнеше адамның қайтыс болуы, адамдарға ауыр дене жарақат алуы мен сипатталатын темір жол апаты.

Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта апат, катастрофа, қауіпті табиғи құбылыс, табиғи жағдай нәтижесінде болған, адам шығынына, тіршілік жағдайының бұзылуына, қоршаған ортаға шығын әкелген оқиға.

ТЖ қауіпсіздік – халықты, халықшаруашылық объектілерін, қоршаған ортаны ТЖ қаупінен қорғау

Тіршілікті қамтамасыз ету – тіршілікті қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар.

ТЖ аумағында халықты қорғау – адам шығынын шекті қысқартуға немесе болдырмауға бағытталған іс-шаралар.

ТЖ қаупі бар аумақ – ТЖ қаупі пайда болуы ықтимал аумақ немесе акватория.

ТЖ көзі – қауіпті табиғи немесе техногенді құбылыс барысында пайда болуы мүмкін

ТЖ комиссиясы – жұмысты басқару және жұмыс кординациясымен танысу, ведомстваның териториядағы ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған функционалды құрылым.

ТЖ алдын алу кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар - халыққа, ТЖ зардап шегушіге медициналық және т.б көмектер көрсетуге, адамдардың өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты апаттық-құтқару жұмыстар әрекеті.

Тікұшаққа арналған құтқару арбалары – жараланғандарды, ауырғандарды тікұшақпен тасымалдауға қолданылатын жеке құтқару құралы.

Тікұшақтың құтқару торы – суда қалғандарды тікұшақпен құтқаруға пайдаланатын жеке құтқару құралдары

ТЖ мен жұмыс істеу үшін технологиялық құралдар кешені – ТЖ аумағындағы жұмыстарға арналған негізгі және қосымша техникалық құрал.

ТЖ салдарын жою – ТЖ зонасында барлау жүргізу, кезек күттірмейтін жұмыстар, зардап шегушілермен адамдарға тіршілік қамтамасыз етуін ұйымдастыру.

ТЖ дайындау – халықты және аймақты қорғауға бағытталған шаралар кешені.

Төменгі су басу – судың ғимараттың жерастындағы бөлігіне енуі.

ТЖ көзінің зақымдаушы факторы – ТЖ көзінен қалыптасқан және физикалық, химиялық, биологиялық байқалулармен сипатталатын қауіпті құбылыс немесе процесс.

ТЖ күштері мен құралдары – ТЖ салдарын жоюға және алдын алуға арналған күштер мен құралдар.

Тұрақты дайындық күштері – ТЖ аумағындағы жұмыстарды жедел жүргізуге арналған және үнемі кезекшілікте болатын күштер.

Тәжірбие – тәжірбие жағдайында жинақталған білім, дағды, әдет.

Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік іс – әрекеті себебінен пайда болатын төтенше жағдай.

Топографиялық карталар – аймақ жайлы жан – жақты карта

Токсиндер – улы заттар

Табиғи төтенше жағдай – себебі табиғи күштерден болатын ТЖ..

Табиғи апат – ірі масштабты және ауыр салдарлы, қоршаған ортаның басқа компоненттері мен ландшафтың қайтымсыз өзгеруімен қоса жүретін табиғат апаты.

Тәуекел – алдын алу әрекетінде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігінің дәрежесі.

Теңіз дауылының алдын – алу аса қауіпті гидрометерологиялық құбылыстар мүмкіндігін ұйымдарға және халыққа алдын – ала ескерту.

Катастрофа – адам шығындарымен болатын ірі авария.

Квалификация – кәсіптік дайындық деңгейі.

Клиникалық өлім – көрінетін тіршілік белгілері байқалмайтын ағзаның терминалды күйі.

Қорғаныс құрылымы – адамдарды, техникалық мүліктерді ТЖ нәтижесінде пайда болады және қауіп қатерден қорғайтын инженерлік құрылым.

Құлама – жартасты және тік таулардың бөлінуі және төмен қарай құлауы.

Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығымен, көлемімен, іс-әрекет ұзақтығымен теріс әрекет көрсететін табиғи оқиға.

Қар көшкіні – ауырлық күші әсерінен қардың төмен қарай жылжуы.

Қауіптілігі мүмкін нысан – ТЖ болуы мүмкін нысан.

Құтқарушы – апатты құтқару жұмыстарын жүргізуші азамат.

Құтқару құралы – адамды құтқару үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал.

«Қара жәшік» - әуе кемесінің күйі туралы маңызды ақпаратты автоматты жазуға арналған, ТЖ пайда болуы кезінде және апаттық жағдайларда сенімді мәліметтер алуға арналған құрылғы.

Радиация – бір заттан бөлінетін радиация.

Радиоактивті ластану – атмосферада, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.

Радиоактивтік – белсенді радиациалық сәулеленумен бірге жүретін атом ядроларының ыдырауы.

Рация – тасымалданатын радиостанция.

Сараптау – қорытынды жасайтын сұрақтарды қарастыру.

Сәулелену – радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаға әсері.

Су басу ауданы – су басу кезінде су астында қалған аймақ.

Санитарлық тазалау – ластануға ұшыраған адамдардың сілекейлі қабықшаларымен тері жабындарын жуу және механикалық тазалау, сондай – ақ ТЖ аймағынан шыққанда киіммен аяқ киімді залалсыздандыру.

Өрт – бақылаусыз жану, бір нәрсені кең орап жанған алау.

Өрт қауіпі – өрт пайда болу мүмкіндігі.

Шығындар – адамдардың қаза болуы, жаралануы, ауруына байланысты қатардан шығу

Шлем – басты қорғауға арналған зат.

Полигон – сынақ жүргізуге арналған орын.

Профилактика – алдын – алу шараларының жиынтығы.

Химиялық апат – химиялық зиянды заттардың қалдықтары.

Цунами – жерсілкінісінің әсерінен пайда болатын теңіз толқыны.

Эвакуация – ТЖ кезіндегі қауіпті жерлерден адамдарды алып шығу.

Эпидемия – кең тараған адам ауруы

Эпицентр – жер сілкінісінің аймағында орналасқан жер бетіндегі белгіленген аймақ.

ДӘРІСТЕР
1 дәріс. Кіріспе. Пәннің міндеті, мақсаты, оқыту себептері
Жалпы сұрақтар

  1. Пәннің жалпы мазмұны

  2. Пәннің міндеті мен мақсаты

  3. Пәнді оқыту себептері


Пәннің жалпы мазмұны. «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық-құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жоюды сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады.



Оқу құралында құтқарушыларды кәсіптік дайындау бойынша материалдар, төтенше жағдайда іздеу – құтқару жұмыстарын енгізу және ұйымдастыру, зардап шеккендерге көмек көрсету және іздеу – құтқару жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

«Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәні жедел – құтқару отрядының кәсіби құтқарушылар жеке құрамын дайындауда, АҚ әскери бөлімдерінде және ҚР ТЖМ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде, АҚ аумақтық және нысандық құрамаларында, ТЖ және АҚ құрама қызметтерін дайындайды.


«Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінің басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

«Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінің негізгі міндеттері:

ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады.

ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.



ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:

  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;

  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;

  • күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу;

  • тапсырманың орындалуын бақылау.

  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;

  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;

  • күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, ішінара түзетулер енгізу;

  • тапсырманың орындалуын бақылау.

Пәнді оқытудың мақсаты. Пәнді оқытудағы мақсат төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуын жан - жақты оқыту.

Пәнді оқытудың себептері:

  1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын мемлекеттік жүйені;

  2. Азаматтық қорғанысқа байланысты шаралардың орындалатын түрлерін;

  3. Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру мен негізгі жқмыс бағыттарын жақсарту жолдарын;

  4. ТЖ сақтандыру, жұмыс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің даму перспективасы туралы;

  5. ТЖ қорғанудың озық тәжірбиелері туралы оқыту.

Осыған орай әрбір студент оқу барысында өз шеберлігін, әдістермен тәсілдердің бәрін көрсете білу керек. Пәннің жалпы міндеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар құрылымындағы мамандықтарды дайындау.

Пәнді оқу барысында студент білу қажет:

  • табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін;

  • радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі;

  • ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық-құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттерін;

  • төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру;

  • апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді;

  • ҚР ішкі істер, қорғаныс министрлігі және ТЖ агенствасының апаттардан халықты қорғауға құрылған құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіріп, бағыттай алулары керек;

  • ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Пәнді оқу барысында студент білу қажет

    2. Пәнді оқытудың себептері

2 дәріс. ІҚЖ басқару. Кезекшілікті, хабарлауды, байланысты ұйымдастыру


Жалпы сұрақтар

  1. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті

  2. ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны

  3. Құтқарушылар мен кезекшілердің негізгі міндеттері

ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс– шаралардың жиынтығы болып табылады.

ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:


  • ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;

  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;

  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;

  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;

  • күштер мен құралдарды есептеу;

  • міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;

  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;

  • жұмыстың нәтижесін талдау, түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау.

ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс – қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады.

ІҚЖ – ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады.

ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді.

Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:



  • тұрақты, тәулік бойы;

  • іздеу – құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;

  • ТЖ болуы ықтимал кезеңде;

  • жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша;

Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді.

Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру – құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу.

Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және теле­фон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі.

Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.

Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:


  • байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;

  • талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;

  • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;

  • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;

  • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады.

Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.

Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ).

Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.

ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.

Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері

  2. Дағдарыс орталығы

  3. Жеке дара басшылық ұстанымы

  4. Байланыс, Радиохабарды өткізу тәртібі

3 дәріс. Құтқарушылардың жылжуы



Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушылардың ойлы - қырлы жерлерде жылжуы

  2. Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы

  3. Үйінді жағдайындағы, Үйіндінің үстінен жылжулар

  4. Қысылысу жағдайындағы жылжулар Қарда, мұзда жылжу

Құтқарушылар қызметінің кәсіби ерекшелігінің бірі олардың ІҚЖ өткізу орнына қарай және тікелей ТЖ аймағына жылжуы.

Құтқарушылардың ІҚЖ өткізуге қатысулары туралы шешім қабылданған соң, оларды жұмыс орнына жеткізу тәсілдерін анықтайды. Соны­мен қатар, жасақтың орналасқан жері мен жұмыс орнының арақашықтығын, ТЖ сипатын, құтқарушылардың және қажетті техникалар мен қолда бар көлік құралдарының санын ескеру керек.

Құтқарушылар мен жүктерді жеткізудің негізгі көлігі автомобильдер,

поездер, ұшақтар, су кемелері болып табылады. Құтқарушылардың жыл­жуы оларға арналған адамдар мен жүктерді тасу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің талабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған құжаттарда көлік құралдарын тиеу (түсіру), жолаушыларды орналастыру, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс жылдамдығы талаптары егжей – тегжейлі баяндалған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет