ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Техникалық оқыту құралдары»


Мақсаты : Негізгі сұрақтары



бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#185492
1   2   3

Мақсаты :

Негізгі сұрақтары:

Экрандық дидактикалық құралдардың жалпы талаптарын жеке – жеке қарастырсақ. Дәстүрлі құралдар - приборлар, лабораториялық құралдар, кестелер – барлық оқу құралдарының 2/3 бөлігін құрайды. Оның ішінде экрандық құралдар шамамен 1/3 бөлігі, бұлардың ішінде кинофильмдер 1/5 бөлігін құрайды.

Экрандық құралдар химиядан дидактикалық құралдар жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл бөлікке келесі компоненттер – кинофильмдер, диапазотивтер және т.б. жатады. Компоненттердің әрқайсысы ұсақ құраушы бөліктерге бөлінеді. Мысалы: кинофильмдер дауысталған және мылқау, түсті және ақ – қара. Экранды құралдар сонымен қатар статикалық әрі динамикалық та болуы мүмкін.

Экрандық құралдардың жүйешесін дидактикалық құралдардың толық жүйесі ретінде қарастырса, ол тұрақсыз, әрдайым өзгеріп отыратын, жаңа құралдармен толықтырылып отыратын жүйе.

Экрандық құралдардың қорын әртүрлі сипаттауға болады:


  1. 8,9,10,11 сыныптардағы химия бағдарламасының тақырыптары бойынша;

Курстың тізбекті сұрақтары бойынша:

а) негізгі химиялық түсініктер, заңдар, теориялар;

ә) химиялық элементтер, олардың қосылыстары;

б) химиялық өндіріс;

в) ғалым – химиктер мен химия өндірісінің жұмысшыларының өмірі мен еңбектері.

Материалдарды беру сипатына қарай:

а) тақырыпқа кіріспе;

ә) иллюстративті;

б) инструктивті;

в) оқушылардың өздік жұмыстарына арналған.

Экрандық құралдардың қорының сипаттамасының әртүрлі әдістерінен мектеп практикасында химия бағдарламасын толық қамтитын әдіс қолданылады. Ол бағдарлама бойынша нақты сұрақтарға жауап беретін экранды құралдарды қолдану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. берілген мәліметтер бойынша мұғалім сабақ құралдарын рационалды таңдауға, оларды оқу процесіндегі ретін анықтауға, бір құралды екінші құралмен алмастыруға мүмкіндігі болады.

Кейбір жағдайларда экрандық құралдардың әртүрлі формаларының атаулары бойынша жақын немесе бір болуы мүмкін. Солай болса да оларды әртүрлі дидактикалық құралдар ретінде қарап, оларды құрамы мен құрылысы жағынан ерекшеленетіндігін, сабақта қолдану кезінде әртүрлі әдістемелік қолдану керектігін есте сақтаған жөн. Мысалы: диафильмдер мақсатты түрде оқушылардың өздік жұмысы кезінде тақырыпқа кіріспе, проблемалық ситуация туғызу үшін, тақырыпты қорытындылау кезінде қолданылады. Осы кездің өзінде диапозитивтердің сериясы сұрақтың бір бөлігін қарастыру кезінде қажетті иллюстративті материал таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қажетті диапозотивтерді әртүрлі сериялардан, соның өзінде тек химиядан ғана емес, басқа да оқу пәндерінен таңдауға болады. Осының арқасында пәнаралық байланысты орнатуға болады.

Экрандық құралдар – аудиовизуалды құралдардың негізгі бөлігі.

Экрандық құралдар қоры жалпы құрамы бойынша 4 топқа бөлінеді:

1-топ. Химияның негізгі түсініктері, заңдары мен теориялары.

2-топ. Жай заттар мен химиялық қосылыстардың қасиеттері.

3-топ. Химия өндірісі. Химия өндірісі әртүрлі экрандық құралдармен көрсетілген. Сұрақтар бойынша кинофильмдер, диафильмдер, диапозитивтер, кинофрагменттер мен транспаранттар бар.

4-топ. Химия бойынша білімді қорытындылау. Бұл топқа қатаң локализацияланбаған құралдарды жатқызамыз. Олар әртүрлі тақырыптарда, әртүрлі сыныптарда, сонымен қатар 10 сынып курсын толық қайталауда: «Адсорбция», «Аллотропия», «Бутлеровтың құрылыс теориясы», «Дисперсті жүйелер», «Зауыттық химиялық аппараттар», «Изотоптар», «Изомерия», «Катализ және катализаторлар», «Тотығу – тотықсызданы реакциялары», «Халық шаруашылығында маңызды өнімдерді қолдану» және т.б.

Қарастырылған экрандық құралдар қоры мазмұны бой ынша толықтырылуы мүмкін. Бұл жағдайда фильм мазмұны белгілі мөлшерде оның құрылысын да анықтайтынын есте сақтаған жөн. Фильмдердің бірінші бөлігінде фактілерді хабарласа, келесісінде теориялық сұрақтар қойылады. Бірақ фильмнің мазмұны мен формасына тәуелсіз, сонымен қатар басқа да экрандық құралдар келесі талаптарға сай болуы керек:



  • Ғылымилылығы;

  • Жаңалылығы;

  • Қолжетімділігі;

  • бағдарламаға сәйкестігі;

  • көрнекілігі;

  • қысқалығы;

Дидактикалық құралдардың талапқа сай болуы оның эффективтілігіне де жауап береді. Ол көбінесе қолдану әдістемесіне байланысты. Ең алдымен дидактикалық құралдар белгілі мақсатқа жету үшін дұрыс таңдалуы қажет, қолданылатын әдістерге сәйкес болып, мектепте көрсету жағдайы (белгілі орынның болуы, проектор, экран және т.б.) ескерілуі керек. Сабақта кинофильмдерді қолдану эффективтілігі берілген фильм бойынлша құрастырылған әдістемелік ұсынысқа тәуелді.

Фильмдер қорын сәйкестік көзқарасы бойынша талдауда талаптарға сәйкес сабаққа толық емес, фрагменттер мен кадрлар ғана енгізіледі.

Соңғы жылдары мектептер үшін оқу және ғылыми – белгілі фильмдерден құрастырылған кинофрагменттер шығарылған. Фрагменттердің көп бөлігі химия сабағына жақсы енгізілген.

«Оқулық» деп аталатын көптеген фильмдерді «ғылыми – әйгілі» фильмдер категориясына жатқызған жөн. Себебі олардың ішінде тақырыпқа қатысы жоқ, артық заттар көп. Оларда көпсөзділік, кадрлардың өте тез ауысуы, көргенді есте сақтау қиындығы басым. Берілген материалдар логикалық ойлауды дамытуға әсер етпейді. Сондықтан мұндай фильмдерді оқу процесінде қолдану алдында дұрыс таңдалуы керек. Мұғалім фильмді толық көрсетпей, белгілі фрагменттерді ғана көрсетіп, ауызша түсіндіруді, суреттерді көрсетумен шектеледі.

Экрандық құралдарды қолдану үшін алдымен келесісұрақтарға жауап берген жөн:


  1. Фильмнің дидактикалық маңызы неде?

  2. Берілетін ақпарат қаншалықты анық және түсінікті?

  3. Артық ақпарат жоқ па?

  4. Материалды беру темпі дұрыс па?

  5. Бөгет жасайтын музыка және басқа да дыбыстық эффектілер жоқ па?

Кинофильм. Байқағанымыздай оқытушы киноларда заттардың қүрылысын көрсетуге болады . яғни олардың қалыптасуы даму және өзгеруі ол обьектінің белгілі-бір бөлігін ерекшелеу арқылы немесе жеке жақтарын ғана , шынайы объектілердің жылдамдатылған немесе баяулатылған түсірімдерін келтіруге болады(Мысалы:кристалдардың өсуі мен еруін бақылау).Немесе эртүрлі мультипликация колдану арқылы (мысалы: реакцияның механизімін суреттеу , катализатордың эсері) Кино арқылы жалпы жоспарды (цехтағы өнеркэсіптік апарат ) орташа жоспары (химиялық реакция орналатын прибордың негізгі бөлігін көрсету).Және прибор детальі кинокамераның жақындауы мен алыстауы қабылдауды күшейтеді.Осы тәсілдердің көмегімен шынайылықтың бейнесі фильмда байытылған өзгеше боп көрінуі мүмкін ,-қарапайым бақылауға қарағанда.

Сонымен қатар қарапайым бақылауға қарағанда кино атомдардың микро әлемі аспан денесіні әлеміне енуіне мүмкіндік береді және таныс нәрсені басқа көз қараспен қарағанда көптен күтпеген жаңалықтарды күтуге болады.

Оқытушы фильмдерді сабақтың кіріспе бөлімінде мотивация қүралы ретінде қолданылады. Қарастырылған эпизод фильмі немесе фрогменті оның тірек нүктесі болып табылады. Сабақтың бүкіл құрамы соның маңайында шоғырланған. Бүндай тэсіл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады, оны белсенді оқуда алдын ала нүсқаулар жасайды. Ситтуация мэселесін жасау негізінде бөлек эпизодтар қызмет ете алады. Бірақ негізгі белгіленген фильм сабақты оқыту информациясының негізі болады.( Бұл мақсатта ойлануын жақсарту) сүрақты ауызша қою арқылы оқушылардың ойлауын жақсартуға болады. Қарастырылғанның негізін ашу фильмде тек астарлап көрсетілгендерге толықтыру жасау. Мысалы: сәйкес көрнекі тәжірибе көрсету, зертханалық жүмысты жасату, прибордың қүрылымын немесе өнеркэсіп аппаратын бөлшектеп қарауға, қарастырылғанға сайсұрақтары бар бетке жауап жазу,жаттығулар жасау, фильмнің мазүнын жаңа мэлеметпен толықтыру.

Кинофильм сондай - ақ тақырыпты жалпылау немесе программа бөлімін тиімді бөлімін тиімді құралын атқарады.

Бүрын көрсетілген фильм тақырыптың аяақталуында оқушыларға жаңа жақтарын ашады, бұрын байқалмаған детальдердің ерекшелігін , объектіні жаңа қырлы көзбен қарастыруға рүқсат береді.

Мәлім болғандай мектеп фильмотекадан кинофильм алады. Әр фильмге монтажды беттер қоса беріледі. Қатаң салдарда ,біріншіден соңғы кадрдан бастап , бейнелеу қатары жазылған , дикторлық мэтін , съемканың тэсілі жэне т.б көрсетілген .

Монтажды бетпен танысқаннан кейін мүғалім 2-Зрет фильм сабағы басталарда шолу жасалады жэне фильмнің дидактикалық жүйесінің амалын анықтайды.Көбіне маңызды эпизодтар мен фильмдер белгіленеді. Сабақ қүрылымымен байланысқан. Сосын кіріспе мәтінні мен сұрақтар құрастырылады. Әдетте көрсетілген фильмі 10 мин.ға дейін созылады. Ұзақ фильмдер де қолданылады - жалпылаушы - өткен бөлімді қайталау үшін. Көбінесе көп бөлімді фильмдер фрогменті немесе дайын кинофрогменті көрсетілімдерді басқа дидактикалық амалдарымен үйлесуі: табиғи объектілер, модельдер, таблицамен, химиялық эксперимент және т.б. Соңғы уақытта пайда болған химияны оқытушы фильмдерді толығымен қайталауға немсе жаңа материалдарды игертуде жеке фрагмент ретінде қолдануға болады. Ондай фильмдерге мысал ретінде төмендегілерді атай аламыз: «Химиялық реакциялар»(Бейорганикалық заттар үшін) - 3 6.7 фрагмент «Органикалық заттардың реакциялары» -2 6. және т.б

Жоғарыда айтқанымыздай, сабақта кинофильмді қолдану оның барысын ерекшелеп, өзгертеді. «Химиялық реакциялар » фильмі көмегімен химиялық өзгерістерді түсіндіруде қолданылып, мүғалімнің жүмысын жеңілдетеді. Соңғысының атқарар қызметі де оңай емесдажетті сауалдар тізбегін қолдану арқылы, оқушылардың тақырыпты игеруінің сапасын тексереуге болады.

Бақылау сұрақтары:

Дәріс № 11,12Химияны оқытуда экрандық проекциялардың ролі жэне әдістемесі

Негізгі сұрақтары:

Дәріс № 13-15Химияны оқытуда мультимедиалық ресурстар

Мақсаты :

Негізгі сұрақтары:


  1. Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық

жабдықтары

  1. Медиатека, медиаорталық

  2. Мультимедианың техникалық құралдары




  1. Мультимедиалық ресурстарға арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған мультимедиалық қарапайым өнімдер (мәтін, сурет, анимация т.б.) мен мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жатқызуға болады.

Оқыту процесінде дидактикалық құралдар ретінде қолданылатын мультимедиалық ресурстарды жасау және пайдалану үшін оқытушыдан алдымен сапалы мультимедиалық өнім дайындаудың технологиясын білуі, сондай-ақ, аппараттық және бағдарламалық құралдарымен (оларды инструменталдық құралдар деп те атайды) жұмыс жасай алуы талап етіледі.

Мультимедиалық ресурстарды жасау үшiн қолданылатын инструменталдық құралдар арнайы (авторлық орта) және әмбебап (бағдарламалау жүйелерi) болып бөлiнедi. Бiрiншi түрде электрондық материалдар автоматты түрде авторлық орта негiзiнде, ал, екiншi түрде бағдарламалау тiлдерiн пайдалану негiзiнде жасалынады. Visual Basic немесе Delphi т.б. визуалды жобалау жүйелерiнiң пайда болуына байланысты бұл екi түрдiң арасындағы айырмашылық азаюда.

Қарапайым мультимедиалық өнім дайындау бағдарламаларын қарастырайық.

Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.

Adobe Photoshop – сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу, безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және JPEG форматында сақталады. Бұл форматтағы кескіндер боялған нүктелер мен пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту кезінде пиксельдер анық байқалады.



Анимация жасау бағдарламасы.

Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған. Бұл бағдарлама пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы да пайдалануға мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді ұсыну кезінде геометриялық формулалар пайдаланылады. Сондықтан да векторлық графиканың растрлық графикаға қарағанда көлемі аз болады, тез өңделеді.

Қазіргі кезде бұл бағдарламаның жетілдірілген түрі Flash MX бағдарламасы интерактивті векторлық анимация жасауды іске асырады.

Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.

Sound Recorder – дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама дыбыстық файлды құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге бөлу, қиып алу, оны басқа дыбыстық файлмен біріктіру, дыбысты беру жылдамдығын өзгерту, дыбыстық файлды қандай да бір эффектімен толықтыру т.б.) сақтау жұмыстарын орындайды.

Dragon Naturally Speaking Sound Record - Dragon Naturally Speaking лингвистикалық тіл үйрету бағдарламасының қосымшасы. Мұнда дыбыстық файлды іске қосу, тоқтату, дыбыстық жазба жұмысын жүргізу функциялары орындалады.

Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.

IuVCR бағдарламасы - Microsoft DirectShow технологиясының базасында құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI және WMV типті форматта жазып алуды жүзеге асырады. TV-тюнермен немесе бейнеграббер тақшасымен жабдықталған компьютерді іuVCR бағдарламасының көмегімен сандық бейнемагнитофонның атқаратын жұмысын қоса орындау үшін пайдалануға болады. Бағдарлама сонымен қатар, компьютерді теледидарлық каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.

Canon Home Edition Video – бейнемәліметтерді өңдеу, клиптерді импорттау, дыбыстық ақпаратты бейнеақпаратқа кірістіру, нәтижені түрлі бейнеформатта сақтау жұмысын атқарады.

Adobe Premiere - бейнемәлімет өңдеу, бірнеше бейнеүзінділерден жаңадан бейнефильм құрастыру және мультимедиа, презентацияларға бейнероликтер дайындау үшін қолданылады. Adobe Premiere 6.0 нұсқасында RealNetworksRealMedia, Microsoft WindowsMedia, Apple QuickTime web-форматтары көмегімен сандық бейнемәліметтерді Интернетке шығару мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Adobe компаниясының After Effects, Photoshop, GoLive секілді бағдарламаларымен байланыста жұмыс атқара алады.

Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау үшін көп жағдайда әртүрлі HTML- редакторлар қолданылады.

HTML (Hyper Text Markup Languge) тілі мәтін, сурет, музыка, бейнемәлімет, анимация секілді ақпарат түрлерін гиперсілтеме негізінде байланыстыру үшін қолданылады. HTML-редактордың жетілдірілген MS Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді нұсқалары бар.

Front Page редакторы MS Office бағдарламалық жабдығының құрамына кіреді. Бұл редактордың негізгі кемшілігі – шектен тыс, өте көп кодтармен жұмыс істейді.

Ал, Macromedia Dreamweaver бағдарламасы негізгі кодтарды ғана генерациялайды. Мұнда бағдарламаның визуалды мүмкіндігінің көмегімен HTML кодтарды жазбай-ақ, жобаның дизайнын тез құруға, өзгертуге болады. Dreamweaver визуалды редакторларға жататындықтан, жұмыс нәтижесін экраннан бірден көріп отыруға болады. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын тікелей Интернет желісіне шығаруға мүмкіндік береді.

2.Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде қолданудың перспективалық бағыттарының бірі - оқу орындарында медиаорталықтар құру және оны дамыту деп нақты айтуымызға болады.

Медиатеканы ұйымдастыру мынадай мақсатты жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды: оқыту сапасын жоғарылату мақсатында білім саласындағы барлық тұтынушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру.

Медиатека латынның media – орта, жиынтық деген сөзінен, гректің theke –қойма деген сөзінен шыққан. Яғни, визуалды, дыбыстық, бейнелік, телекоммуникациялық құралдардың бір ортаға жинақталуын білдіреді.

Медиатека - кітап, мерзімді басылым, дыбыстық және бейнелік таспалар, CD, DVD секілді құралдарда ақпараттық ресурстарды жинақтау ортасы. Медиатека – кітапханалар мен ақпараттық технологияларды өзара байланыстыра пайдалану. Медиатека – оқу орындарының ақпараттық инфрақұрылым орталығы.

Медиатеканы ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі – оқушылар мен студенттерге тек қажеттi ақпаратты жеткiзiп берудi ғана емес, олардың түрлi шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкiндiк туғызуы тиіс. Осыған байланысты медиатеканың қазіргі заманға сай ақпараттық технологиялармен жабдықталуы және интернетке қосылу мүмкiндiгi қарастырылған болуы керек. Медиатека құрамына тек кiтапханалық қор ғана емес, әртүрлi ақпарат көздерiн пайдаланушы орта: бейне-, дыбыстық қорлар, электрондық оқулықтар мен оқытушы бағдарламалық қамсыздандыру бөлiмi, оқу залы, телестудия орталығы, мультимедиалық лекциялар өткiзуге арналған бейнепроектормен жабдықталған оқу дәрiсханасы, бейнежазбаларды пайдалануға арналған оқу кинозалы, лингофондық дәрiсханалар, интернет-зал т.б. кiредi. Мұндай медиатеканы ұйымдастыру бiр жылдың ғана жұмысы емес, өйткенi, ол, белгiлi бiр мөлшерде материалдық шығын мен педагог мамандар ұжымының шығармашылық еңбегiн қажет етедi.

Медиатеканы әсіресе, жоғары оқу орындарында ұйымдастыру, шын мәнінде іс жүзіне асыруға мүмкін болатын процесс. Өйткені, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы кітапханалар негізінде қазіргі талапқа сай медиатекалар ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді. Сондықтан да, кiтапханалар жоғары деңгейдегi сұранысты толық қамтамасыз ету үшiн түрлi ақпаратты пайдалануға жағдай туғызатын орталық болып қайта жабдықталуы қажет. Өйткені, көпшілікке арналған кітапханалардың басым бөлігі қазіргі күні баспа өнімдерінде (кітап, газет-журналдар) берілген ақпаратты ұсыну қызметімен ғана айналысып келеді. Визуалды, аудитивтi, аудиовизуалды ақпарат түрлерiн сол кiтапхананың немесе басқа кiтапханалардың қорынан, ғылыми орталықтардан, бейнеқорлар мен дыбыстық қорлардан компьютерлiк желiлiк байланыс арқылы алып пайдалануды жүзеге асыру үшiн медиатекалар ұйымдастырудың қажеттілігі айқындала түседі.

Медиатеканың тағы бір артықшылығы: сирек кезедесетін кітаптардың электрондық нұсқасын әлемнің кез келген түкпіріндегі кітапханалардан іздеп табуға мүмкіндік береді. Дүниежүзіне танымал әлем классиктерінің кездесе бермейтін шығармаларын әлемдік кітапханалардан электрондық нұсқасын көшіріп алып, пайдалануға болады. Ал, қандай кітапты қай кітапханалардан табуға болатыны жөнінде Интернетте орналасқан арнайы анықтамалық Web-сайттар арқылы табуға болады. Мысалы: http://www.online.ru/sp/eel/russian/ Ресей онлайн серверінен орыстың ұлы классиктері А.Блок, М.Булгаков, Н.Гоголь, Ф.Достоевский, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой шығармаларына қол жеткізуге болады.

Медиатекаларды ұйымдастыруды және пайдалануды кезең-кезеңмен жүзеге асыруға болады:

1-кезең:

1) Нормативтік құжаттарды дайындау (мысалы, медиатеканы пайдалану ережесі т.б.).

2) Медиатеканың материалдық-техникалық базасын құру.

2-кезең:

1) Педагогикалық процестің барлық қатысушыларына ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық қор ұйымдастыру.

2) Білім беру процесіне қатысушылардың кәсіптік, өзіндік т.б. іс-әрекеті үшін әртүрлі ақпарат көздерін пайдалануды қамтамасыз ету.

3) Медиатека базасындағы пайдаланушылардың барлық іс-әрекетінің сұранысын қанағаттандыру.

4) Медиатеканың материалдық-техникалық базасын кеңейту.

Медиатеканы ұйымдастыруда орындалуға тиісті міндеттер қатарына мыналарды жатқызуға болады:



  • білім мазмұнына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жүйелеу және оны пайдаланушыға жеткізу;

  • компьютерлік каталог жасау;

  • мәліметтер банкін құру;

  • қажетті ақпаратты іздеп табу және оны пайдалана білу әдістемесін оқытушылар мен студенттерге меңгерту;

  • дыбыстық және бейнелік материалдар, слайдтар дайындау, программалық жабдықтар құру, олармен тұтынушыларды қамтамасыз ету.

Жоғарыдағы аталған деңгейде құрылған медиатека оқу-әдiстемелiк, оқу-танымдық iс-әрекеттердiң сапасын жоғарылатады. Оқытушылар тек педагогикалық немесе әдiстемелiк әдебиеттер жөнiнде ақпарат алып қана қоймай, жаңа оқыту құралдарын тиiмдi пайдалануды меңгередi. Ал, студенттер мен оқушылар тек кiтап, мерзiмдi басылым, энциклопедия сияқты баспа өнiмдерiн пайдаланып қоймай, микрофишалық: кино, бейне, сурет, графика, анимация өнiмдерiн де пайдалана алады.

  1. Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:

  • дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);

  • телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);

  • проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);

  • интерактивті тақта;

  • ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);

  • компьютерлік құралдар;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.).

Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталамыз.

Интерактивті тақта

Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.

Интерактивті тақтаның жұмыс принципі компьютердің монитор экранындағы кескінді проектор арқылы электрондық тақтаға кескіндеу.

Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:



  • жазба кітапшасы (SMART Notebook);

  • бейнежазба құралы (SMART Recorder);

  • бейнеплеер (SMART Video Player);

  • маркерлік құралдар (Floating Tools);

  • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).

Бұл құралдардың барлығы да жеке немесе бірлесіп пайдалануға негізделген.


Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады.

Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады.

Бейнеплеер бейнефайлға сақталған ақпаратты тақтаға шығарады.

Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.

Виртуалды пернетақта оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.

Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:



  • статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;

  • әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;

  • оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;

  • ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;

  • жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды;

  • экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;

  • оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады;

  • сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады;

  • интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады;

  • экрандағы басқару батырмалары интерактивті тақтадан проекторді ажырату арқылы, оны қарапайым тақта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Кең тараған интерактивті тақталарға StarBoard және Walk-and-Talk сериялы тақталарды жатқызуға болады.

Электрондық қаламсапты пайдалану кезінде тақтаның металл қабаты бүлінбеуі үшін StarBoard сериялы интерактивті тақта инфрақызыл және ультрадыбыстық технологияға негізделіп жасалады. Ал, Walk-and-Talk сериялы интерактивті тақта сенсорлық технологияға негізделіп жасалғандықтан, онда маркер ретінде саусақты да пайдалануға болады.

Интерактивтi тақта бiлiм беру салаларымен қатар, көрмелерде, пресс-орталықтарда көлемдi экрандардың қызметiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi.



Интерактивті проектор

Интерактивті проектор – білім беру процесінде қолдануға арналған, проекциялық құрылғы мен интерактивті тақта қызметін бір өзі атқаратын технология.

Бүгінгі таңда оқыту процесінде пайдаланылатын ең тиімді, баламасы жоқ ақпараттық технология болып саналады.

Интерактивті проектордың мынадай тиімді жақтары бар:



  • интерактивті тақта ретінде кез келген қарапайым проекциялық экранды немесе дәрісхана қабырғасын пайдалануға болады;

  • интерактивті басқарылатын кескіннің өлшемін пайдаланушының өзі анықтай алады;

  • 2 метр қашықтықтан диагоналы 2,54 метр болатын кескін алуға мүмкіндік береді;

  • телескопиялық нұсқағыш немесе интерактивті қашықтан басқару қаламсабы арқылы кескінге әртүрлі өзгерістер енгізуге, кескіннің қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады;

  • интерактивті проектордағы бағдарламалық жабдық пен интерактивті тақта қызметіне қолданылатын бағдарламалық жабдық орыс тіліне аударылған;

  • пайдаланылған мәліметтерді, оған жасалған өзгертулерді файлға сақтау мүмкіндігі қарастырылған;

  • экрандық (виртуалды) пернетақта қызметі қамтылған;

Интерактивті проектор құрамына мынадай құрылғылар мен жабдықтар кіреді: қысқафокусты сұйықкристалды проекциялық құрылғы, телескопиялық нұсқағыш, интерактивті қашықтан басқару қаламсабы, қашықтан басқару пульті, бағдарламалық жабдық.
Медиавизор

Медиавизор – мультимедиалық құрылғылардың бір орталыққа жинақталған кешені.

Медиавизордің ерекшелігі – мұнда компьютердің монитор экраны мен интерактивті тақта экранының қызметін бір ғана құрылғы (кері проекциялы сенсорлық экран) атқара алады.

Кері проекциялы сенсорлық экран дәрісханадағы жарық сәулесіне тәуелсіз жұмыс істейді, яғни, кескінді анық, дәл бере алады.



Сонымен қатар, сенсорлық экран:

  • интерактивті тақта экранында атқарылатын барлық іс-әрекеттерді орындайды (мысалы, интерактивті нұсқағыш, басқару қаламсабы, маркер, тіпті, саусақ көмегімен кескінге әртүрлі өзгерістер енгізуге, кескіннің қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады);

  • компьютердегі қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды пайдалануды, сондай-ақ, ақпаратты файлға сақтауды, баспаға шығарып алуды жүзеге асырады.

Медиавизордың тікелей проекциялауды жүзеге асыратын интерактивті тақтадан артықшылығы – медиавизор алдында тұрған баяндамашының көлеңкесі экранға түспейді, тыңдаушылар экрандағы кескінді анық көре алады. Сонымен бірге, баяндамашының көзіне проекциялық сәуле әсер етпейді. Бұл оның дәрісханадағы тыңдаушылармен визуалды қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды.
Медиавизор мынадай құрылғылардан жинақталған:

  • кері проекциялау экраны;

  • сенсорлық панель;

  • мультимедиалық проектор;

  • салқын ауа алмасу жүйесімен жабдықталған корпус;

  • бағдарламалық жабдық.

Қосымша құрылғылар:

  • компьютер;

  • DVD-ойнатқыш;

  • радиомикрофон;

  • дыбыс күшейткіш (динамик).

Интер-Бим

Интер-Бим (eBeam) – кез келген тегіс бетті немесе қарапайым тақтаны интерактивті тақтаға айналдыратын, оқыту процесіне арналған құрылғы.

Компьютерге және мультимедиалық проекторға жалғанған Интер-Бим құрылғысы қарапайым тақтаға бекітіледі де, оны 2.4 х 1.2 өлшемді интер-активті тақтаға айналдырады. Бұл құрылғыда экрандық маркер (стилус) мен электрондық пернетақта пайдаланылады.
Дәрісханадағы оқушылардың назарын аудару үшін мәтіндік ақпаратқа немесе графикалық объектіге белгілеулер мен өзгерістер жасауға, оларды экрандық кадрлар тізбегі ретінде бөлек-бөлек сақтап қоюға болады.

Интер-Бим құрылғысының сипаттамасы:

  • жұмыс принципі инфрақызыл және ультракүлгін технологияға негізделген;

  • меню жүйесі пайдалануға өте қолайлы жасалған;

  • стилус құрылғысы комьпютердің тышқан құрылғысы қызметін атқара алады;

  • Windows 2000, Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істеуге арналған;

  • pdf, vector pdf, html, monochrome bmp, 24 bit color bmp, 256-color bmp, eps, jpg, tif, emf, ppt, pps типінде сақталған файлдармен жұмыс істей алады;

  • сабақ барысын avi форматындағы бейнефайлға сақтауды, оны кез келген компьютерде демонстрациялауды жүзеге асырады;

  • Интернет желісі арқылы бағдарламалық жабдық драйверін жаңарту мүмкіндігі қарастырылған;

  • Интер-Бим құрылғысының көлемі 14 см, салмағы 300 г.

Интерактивті панель
Интерактивті панель – сымсыз электрондық қаламсап арқылы пайдаланушыға қолжазбалық мәтін немесе графикалық фигуралар салуға мүмкіндік беретін құрылғы. Панель бетіне мәлімет енгізу электромагниттік технологияға негізделген.

Интерактивті панель көмегімен дайындалған мәліметтер мен слайдтарды әртүрлі форматта сақтауға, қағазға басып шығаруға, электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыға жіберуге болады. Панель Windows жүйесінің кез келген қосымшасымен, Интернет желісімен, электрондық кестелермен, мәтіндік редакторлармен жұмыс жасай алады,

Панельді басқару және оны проекторға жалғау үшін енгізу-шығару порттары мен басқару батырмалары қолданылады.

Интерактивті панельдердің диагоналы 15 және 17 дюйм болып келеді.

Verdict дауыс беру жүйесі

Бұл құрылғы сабақ барысында оқу материалын бекіту мақсатында оқушылардың білімін тексеру мен тестілеуді тез арада өткізуге арналған.

Verdict дауыс беру жүйесін, әсіресе, семинарлар мен тренинг сабақтарды өткізуде пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізеді.

Жүйе инфрақызыл сәулені қабылдағыш құрылғыдан, орталық басқару басқару пультінен, пайдаланушыларға арналған пульттер жиынтығынан, бағдарламалық жабдықтан тұрады. Орталық басқару пульті көмегімен білімді бақылау мен тестілеудің типтері таңдалады және тестілеу бағдарламасы іске қосылады, тестілеуге берілетін уақыт анықталады. Сонымен бірге, бұл жүйе көмегімен дыбыстық және бейне мәліметтен тұратын тест сұрақтарын да дайындауға болады.

Әрбір оқушыға дұрыс деген жауаптарды таңдауды жүзеге асыру үшін жеке пульт беріледі. Оқушының берген жауап нәтижесін анықтау сол пульттегі код бойынша жүргізіледі. Тест нәтижелері мен сауалнамалар қорытындысы сол мезетте өңделіп, экранға шығарылады. Экранға бір ғана оқушының немесе бүкіл сынып оқушыларының нәтижесін шығаруға болады.

инфрақызыл сәулені қабылдағыш құрылғы пайдаланушыларға арналған пульттер

және орталық пульті басқару басқару жиынтығы
Verdict дауыс беру жүйесінде сауалнама жүргізудің мынадай режимдері бар:


  • толық сауалнама (сыныптағы барлық оқушылар жауап бергеннен кейін келесі сұрақ экранға шығады);

  • жылдам жауап беру (жылдам әрі дұрыс жауап берген алғашқы оқушының жауабынан кейін экранға келесі сауалнама шығады);

Бұл жүйе кез келген компьютермен, кез келген проекциялық құрылғымен жұмыс істей береді. Компьютерлік класстың атқаратын қызметін Verdict дауыс беру жүйесін интерактивті тақтамен немесе интерактивті панельмен бірлесе пайдалану арқылы ауыстыруға болады.

Компакт-дискiлер

Мультимедианың басты мәселесi мультимедиалық ақпаратты тарату және жеткiзу. Бұл мәселе оптикалық дискiлердiң түрлi типтерiнiң пайда болу нәтижесiнде шешiлдi.

Компакт-дискiлердiң пайда болуы компьютерде пайдаланылатын кез келген көлемдi ақпараттарды сақтауға, тасымалдауға зор мүмкiндiк туғызды. Қажеттi мәлiметтi қосымша суреттермен, аудиожазбалармен, бейнеүзiндiлермен толықтырып, бiр ғана компакт-дискiге жазып, пайдалануға болады. Компакт-дискiлердiң мұндай мүмкiндiгi мультимедиалық энциклопедиялардың, электрондық оқулықтардың, үйретушi бағдарламалардың шығуына, қолданысқа енуiне себепшi болып отыр.

Компакт-дискiлердiң бiр ғана кемшiлiгi - қатты магниттiк дискiлермен салыстырғанда жылдамдығының аз болуы.

Компакт-дискi бiр бетi жұқа жарық шағылдырғыш қабаттан тұратын пластмассадан жасалады. Жарық шағылдырғыш қабат сақина немесе спираль тәрiздi микроскопиялық ойық жолдардан тұрады. Ойық жолдың енi 0.4 мкм, тереңдiгi 0.12 мкм, ал қатар орналасқан ойық жолдардардың ара қашықтығы 1.6 мкм болады. Дискi бетiнiң 1 дюймдiк (2.5 см) өлшемiнде 16 мың жол (ал жұмсақ магниттiк дискi бетiнiң 1 дюймдiк өлшемiнде бар болғаны 96 жол) орналасады. Лазерлiк дискiлердегi ойық жолдар 650-700 Мб көлемге дейiн ғана ақпарат жазуға мүмкiндiк бередi.

Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнiн сипаттайтын болсақ: қалыңдығы 1.2 мм, сыртқы диаметрi 120 мм, iшкi диаметрi 15 мм болады. Ішкi диаметрiнiң енi 6 мм болатын сыртқы айналасы бекiту бөлiмi деп (clamping area), онан кейiнгi бөлiк дискi мазмұнынан тұратын (table of content) тақырыптық бөлiм (lead in area) деп аталады. Мұнан әрi енi 33 мм болатын мәлiмет жазу бөлiмi орналасады. Ал соңғы бөлiм енi 1 мм болатын терминалды бөлiм (lead out) деп аталады (суретте).

Мәлiмет жазуға арналған бөлiм 1-ден 99-ға дейiнгi логикалық тректерден тұруы мүмкiн. Әртүрлi типтi ақпараттар бiр тректе орналаса алмайды.





Компакт-дискiнiң сыртқы пiшiнi



Компакт-дискiде мәлiметтiң орналасуы

Компакт-дискiнiң бiр секторында шамамен 2352 байт ақпарат орналасады. Әрбiр сектор мынадай бөлiктерден тұрады:

- синхронизация үшiн 12 байт;

- ақпаратты тиiстi блокқа жазу режiмiнiң типiн және адресiн идентификациялауға қажеттi тақырып үшiн 4 байт;

- пайдаланушының мәлiметiн жазу үшiн 2048 байт;

- қосымша мәлiмет үшiн 288 байт.

Компакт-дискiден секундына 175000 байт мәлiмет оқылады (175 Кб/с), яғни секундына 75 сектордағы мәлiмет оқылады деген сөз (175000/2352).

Дискiдегi әрбiр жолдың оқылу ұзақтылығы 4 секунд. Олай болса әр жолда 300 сектор (4х75) болады.

Бiр компакт-дискiде барлығы 72 минуттық мәлiметтер жиынтығы орналасады. Сол мәлiметтердiң көлемi шамамен 663,5 Мб (72х60х75х2048) немесе 756,8 Мб (72х60х75х2336) болады.

Компакт-дискiде шамамен 277000 беттiк мәлiмет сақталады (756,8 Мб/2728 б). А4 типтi параққа 44 қатардан, әр қатарда 62 таңбадан тұратын мәтiн орналасады десек, онда оның өлшемi 2728 байт болады.

Мәлiметтi компакт-дискiге жазудың мынадай режимдерi бар:

- 0-дiк режим, CD-DA (CD-Digital Audio –сандық аудио ақпаратты компакт-диск) дискiсiне аудио ақпарат жазу үшiн қолданылады;

- 1-лiк режим, дискiнi мәлiмет жазу кезiнде қателiктен қорғау үшiн қосымша мәлiмет жазуға керектi 288 байт пайдаланады. Көп жағдайда осы режим қолданылады;

- 2-лiк режим, қосымша мәлiмет жазуға пайдаланылатын 288 байт көлемдi де негiзгi мәлiметтi жазуға пайдаланады. Бұл жағдайда компакт-дискiнiң бiр секторында мәлiмет жазуға қолданылатын көлем 2336 байт болады.

CD-DA және CD-ROM технологияларының физикалық сипаттамалары, атап айтқанда, дискi өлшемi, дискi құрылымы, дискiнi айналдыру жылдамдығы, мәлiмет оқу механизмi бiрдей.
2.9.2 Ақпарат жазу әдiстерi
Лазерлiк дискiлерге ақпарат жазудың екi әдiсi бар: CAV (Constant Angular Velocity –тұрақты бұрыштық жылдамдықпен) және CLV (Constant Linear Velocity-тұрақты сызықтық жылдамдықпен).

CAV әдiсi бойынша дискi минутына 1500 айн/мин тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Мұнда дискi бетiндегi жолдар сақина тәрiздi орналасады (а-сурет) және дискiнiң әр бетi 54000 жолдан тұрады. Әрбiр жолда жекелеген бiр ғана графиктiк ақпарат орналасады. Демек, CAV әдiсiмен жазылған дискi 54000-ға дейiн кескiн сақтай алады.

Әрбiр кескiннiң нөмiрi немесе адресi болады. Сол бойынша қажеттi кескiнге пайдаланушының тез арада қол жеткiзу мүмкiндiгi бар.

Мұндай әдiспен жазылған дискiлердiң кемшiлiгi - сыртқы жолдардың өлшемi ұзын болғандықтан олардың көп бөлiгi бос қалады. Дискiнiң мәлiмет беру ұзақтығы 36 минут.






а)

ә)

Лазерлiк дискiлерге ақпарат жазудың
CAV (а) және CLV (ә) әдiстерi
Ал, тұрақты сызықтық жылдамдықпен (CLV) жазылған дискiде тек бiр ғана спираль тәрiздi жол орналасады (ә-сурет). Мұндай дискiнiң мәлiмет оқу кезiнде бұрыштық айналу жылдамдығы өзгерiп отырады: iшкi жолдарды оқу кезiнде ол минутына 1500 айн/мин жасаса, сыртқы жолдарға қарай бiрте-бiрте азайып, ең шеткi сыртқы жолдарды оқу кезiнде минутына 500 айн/мин жылдамдықпен айналады. Мәлiмет беру ұзақтығы 60 минутты құрайды. Мұндай дискiлердiң кемшiлiгi - қажеттi ақпаратқа бiрден жету мүмкiн емес. Яғни, бұл CLV дискiлердiң интерактивтi мүмкiндiгi шектеулi деген сөз.
Компакт-дискiнiң түрлерi

CD – диаметрi 8 немесе 12 см, қалыңдығы 1.2 мм болатын мәлiмет сақтаушы лазерлiк дискiлердiң жалпы атауы.

CD-WO (CD-Write-Once) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сәйкес келедi.

CD-WORM (CD-Write-Once-Read-Many) - бiр рет қана мәлiмет жазылатын және бiрнеше рет оқылатын компакт-диск. CD-ROM стандартына сәйкес келмейдi.

CD-DVІ (CD-Digital-Video-Іnteractive) - сандық бейнесигналды ақпаратты жазатын интерактивтiк компакт-диск. Қозғалыстағы бейнекескiндердi сақтауға арналған компьютердiң сыртқы есте сақтау құрылғысы ретiнде қолданылады.

CD-EROM (CD-Eraseble-Read-Only-Memory) – бiрнеше мәрте мәлiмет жазуға арналған компакт-диск. Сондықтан да ондағы ақпаратты өшiрiп тастауға болады.

CD-DA (CD-Digital-Audio) – сандық аудиоақпаратты сақтауға арналған компакт-диск.

CD-І (CD-Іnteractive) – интерактивтi компакт-диск. Арнайы бағдарламалық жабдықпен жұмыс iстейтiн және компьютердiң басқаруын қажет етпейтiн дискiжүргiзушi көмегiмен оқылатын, ақпараттың кез-келген түрiн сақтай алатын компакт-дискi. Көп жағдайда оқыту процесiнде тренажерлiк бағдарламаларда қолданылады. Жалпы көлемi 90 минуттық ақпаратты сақтай алады.

CD-V (CD-Video) - ұзақтылығы 20 минуттық сандық музыкалық ақпаратты және ұзақтылығы 5 минуттық аналогты бейнелiк ақпаратты сақтай алатын, арнаулы дискiжүргiзушiмен жұмыс iстейтiн сандық-аналогтi компакт-дискi.

DVD (Digital-Versatile-Disk) – сандық ақпаратты қайталап жазуға мүмкiндiк беретiн дискi. DVD дискiлердi пайдаланатын құрылғы DVD-плеер деп аталады. DVD-плеер теледидарға немесе компьютерге қосуға, 4.7 Гб сиымдылықты дискiдегi дыбыстық және бейнеақпаратты пайдалануға арналған құрылғы.

DVD-V (DVD-Video) - өшiрiлмейтiн бейнелiк ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-ROM (DVD-Read-Only-Memory) - өшiрiлмейтiн компьютерлiк ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-A (DVD-Audio) - өшiрiлмейтiн аудио ақпаратты сақтаушы дискi.

DVD-R (DVD-Rewritalle) – дискiнi шығарушы компания емес, пайдаланушы адамның бiр рет қана мәлiмет жазуына арналған дискi. Жазылған мәлiмет қайтадан өшiрiлмейдi.

DVD-RAM (DVD-Random-Access-Memory) – ақпаратты бiрнеше мәрте өшiрiп, қайта жазуға мүмкiндiк беретiн дискi.


Бақылау сұрақтары:


  1. Интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдығы қандай құралдардан тұрады?

  2. Виртуалды пернетақтаның қызметі қандай?

  3. Жазба кітабы не үшін қолданылады?

  4. Интерактивті тақтаның қарапайым дәстүрлі тақтадан айырмашылығы қандай?

  5. Интерактивті тақтаның жұмыс ұстанымы қандай технологияға негізделген?

  6. Интерактивті проектордың жұмысы қандай технологияға негізделген?

  7. Интерактивті проектор құрамына қандай құрылғылар кіреді?

  8. Интерактивті проектордың әдістемелік тиімділігін атап көрсетіңіз.

  1. Медиавизор құрылғысы не үшін қолданылады?

  2. Кері проекциялы сенсорлық экран қандай жұмыс атқарады?

  1. Медиавизорды құраушы құралдарды атаңыз

  2. Verdict дауыс беру жүйесі қандай режимдерде жұмыс істейді?

  3. Жүйені құраушы құрылғыларды атап беріңіз.

  4. Жүйені қандай оқыту формасында пайдалану тиімді?

  5. Интерактивті панельдің сұйықкристалды панельден айырмашылығы қандай?

  6. Интерактивті панельді интерактивті проектор ретінде қолдануға бола ма?

  7. Интерактивті панельді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері қандай?

  8. Компакт-дискілердің физикалық пішініне сипаттама беріңіз.

  9. Компакт-дискілерде неше сектор болады?

  10. Мәлімет жазудың қандай режимдері бар?

  11. Ақпарат жазудың қандай әдістері бар?

  12. CAV әдісімен жазылған компакт-дискі қандай жылдамдықпен айналады?

  13. Тұрақты сызықтық жылдамдықпен жазылған дискіде қандай жол орналасады:?


CРО бойынша әдістемелік ұсыныстар .

Оқытушылармен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары(ОСӨЖ) зертханалық аудиторияларда орындалады , мұнда теориялық білім деңгейін анықтайтын бақылау тапсырмаларын орындау, зертханалық жұмыстардың жүргізу әдістемесіне бағыт беру, есеп-жаттығулар орындау ,зертханалық жұмыс дәптерлерін өңдеу ,зертханалық жұмыстардың есебін тапсыру, курстың тақырыптары бойынша коллоквиум тапсыру жұмыстары орындалады. Оқу жұмысының бұл түрі студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған. ОСӨЖ кеңес беру және бақылау функциясын атқарады.



Әдебиеттер :

  1. Дрижун И.Л. Технические средства обучения в химии.-М: «Высшая школа».-1989

  1. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.

  2. Шлыкова О.В. Немного о мультимедиа в профессиональном образовании//Библиотека, 1998. -№4. -С.55-57.

  3. Татарников О. Мультимедиа: со средством и посредством //Компьютер Пресс, 1999. -№1. -С.29-37.

  4. Морозов М.Н. и др. Школьное мультимедиа: мир знаний //Мир библиографии, 2000. -№2. -С.42-45.

  5. Усова А.В. Психолого-дидактические основы формирования учащихся научных понятий. Уч. пособие. -Челябинск: ЧГПИ, 1986. -84 с.

  6. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2004, -81 б.

  7. Вымятнин В.М., Демкин В.П. и др. Мультимедиа-курсы: методология и технология разработки. -Томск, 2003. -265с.
  8. Карпов П. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение, 1998. -№3. -С.52-54


6. БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ



    1. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ.

  1. Мектепте ТОҚ орны және маңызы.

  2. Химия мұғалімі қызметінің техникалық оқыту құралдарын қолдану үрдісінде жүзеге асуы.

  3. Химия пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығында ТОҚ кешенді пайдалану.

  4. Химияны оқыту үрдісінде құралдарды қолданудың педагогикалық жүйесін модельдеу.

  5. Аудиовизуальды құралдарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

  6. Техникалық оқыту құралдарының жіктелуі.

  7. Көрнекілік ұстанымын жүзеге асыруда аудиовизуальды құралдардың рөлі.

  8. Химияны оқытудың политехникалық бағытындағы ТҚ.

  9. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі ТҚ қолдану.

  10. Оқушылардың өзіндік дайындықтарында ТҚ рөлі.

  11. Аудиовизуальды құралдардың дидактикалық, гигиеналық, техникалық, ұйымдастырушылық талаптары.

  12. Телекөрсетілімдердің оқыту жүйесіндегі орны, мәні және мүмкіндіктері.

  13. Оқу телекөрілімнің жанры және формалары.

  14. Телекөрілімдер арқылы оқу материалдарын баяндауда оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару.

  15. Дыбыс және виедожазбаларды химияны оқытуда қолдану, қолданудың бағыттары, тәсілдері және формалары.

  16. Химияны оқытуда оқу киноларының ролі және әдістемесі

  17. Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық жабдықтары

  18. Медиатека, медиаорталық

  19. Мультимедианың техникалық құралдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет