Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстық ғылымдар факультеті
Химия және география кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Техникалық оқыту құралдары»
5В011300 – «Биология» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014г.
Құрастырған: аға оқытушы Нуркасымова Б.Н.. ______________________________________________________
Химия кафедрасының мәжілісінде бекітілген: № _1__ хаттама 02.09.2014 ж.
Химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к____________Онтагарова Д.Р.________
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: № _1__ хаттама 03.09 ____2014 ж.
Жаратылыстық ғылымдар факультетінің
ОӘК-нің төрағасы_____________З.В.Абдишева
Жаратылыстану ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланды: № _1__ хаттама 11.09.2014 ж.
Жаратылыстық ғылымдар
факультетінің деканы _______Ибраева Л.С.
МАЗМҰНЫ
|
|
1. ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ .
|
|
2. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
|
|
2.1. Дәріс №1-2 Химия мұғалімінің кәсіби даярлығында техникалық оқыту құралдары
|
|
2.2. Дәріс №3-4. Техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың теориялық негізі
|
|
2.3. Дәріс №5-6. Техникалық оқыту құралдарын оқытуда қолданудың дидактикалық негізі
|
|
2.4.Дәріс № 7-8. Химияны оқытуда аудио-, видиео құралдарын қолданудың әдістемелік негізі
|
|
2.5.Дәріс№9-10 Химияны оқытуда оқу киноларының ролі жэне әдістемесі
|
|
2.6. Дәріс №11-12.Химияны оқытуда экрандық проекциялардың ролі жэне әдістемесі
|
|
2.7. Дәріс №13. Техникалық оқыту құралдарын оқытуда кешенді қолдану
|
|
2.8. Дәріс №14-15. Химияны оқытуда мультимедиалық ресурстар
|
|
4. СРО бойынша әдістемелік нұсқаулар
|
|
5 Бақылау-тексеру құралдары
|
|
«Техникалық оқыту құралдары» ПӘНІНЕН ГЛОССАРИЙ
Диапозитивтер – бейнелер мен суреттер түрінде көрсетілген, дыбыстық эффектілер қолданылмайтын экрандық құралдардың бір түрі. Олар сабақтың әр этапында дидактикалық құрал ретінде, оқу кинофильмдерінің бөлек эпизодтарын нақтылау мақсатында, сұрақты толық қарастыру, пәнаралық байланысты орнату үшін қолданылады.
Диафильмдер – белгілі демонстрация жоспары бойынша қойылатын, дыбыстық эффектілері бар кадрлар түрінде көрсетілетін экрандық құралдар.
Ақпараттандыру – азаматтардың ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру үшiн тиiмдi шарттарды құру процесi.
Компьютерлендiру - бiлiм беру жүйесiн компьютермен жабдықтау.
Бiлiм беру ортасы – бiлiм беру мекемелерiндегi оқыту технологиялары мен ақпараттық ресурстардың жиынтығы.
Оқытудың компьютерлiк технологиясы – ақпаратты жинақтау, ұсыну және бақылауды ұйымдастыру, танымдық iс-әрекеттi басқару секiлдi педагогтың атқаратын функцияларының компьютерлiк техника негiзiнде педагогикалық шарттарын құрудың әдiстерi мен тәсiлдері жиынтығы.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – білім беруге бағытталған компьютерлiк техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструменталды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы.
Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар - локалдық, аймақтық, бүкiл әлемдiк желiлерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазiргi заманғы байланыс құралдарының барлық түрлері, бағдарламалық жүйелер мен кешендер (бағдарламалау тiлдерi, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструменталды пакеттер), мультимедиа, телекоммуникация секілді техникалық-бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.
Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.
Гиперсілтеме – компьютердегі пайдаланушының бір орындағы ақпараттан екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын сілтеме.
Гипермәтiн - әртүрлi мәтiндiк ақпараттардың бiрiнен кез келгенiне сызықтық емес формада ауысу технологиясы. Гипермәтiн ұғымын 1965 жылы американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша “гипермәтiн – сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар”.
Гипермедиа (гиперорта) – компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi де гипермәтiндiк жүйе ретiнде ұсынатын технология.
Модель – қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны екінші бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір құрылымды екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі. Кез келген модель белгілі бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі.
Модельдеу – нақты объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды модельге ауыстыру процесі мен әдісі.
Компьютерлiк модель - бағдарламалық жабдықтардың көмегiмен ұсынылған модель.
2. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Дәріс № 1,2 Химия мұғалімінің кәсіби даярлығында техникалық оқыту құралдары
Мақсаты : Химия мұғалімінің кәсіби даярлығында техникалық оқыту құралдарының орны, маңызы туралы хабардар ету Негізгі сұрақтары:
-
Мектепте ТОҚ орны және маңызы.
-
Химия мұғалімі қызметінің техникалық оқыту құралдарын қолдану үрдісінде жүзеге асуы.
-
Химия пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығында ТОҚ кешенді пайдалану.
-
Химияны оқыту үрдісінде құралдарды қолданудың педагогикалық жүйесін модельдеу.
-
Оқыту құралдары - жаңа білімді меңгерту үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын материалдық немесе идеалды нысаны. Ол оқу үрдісінен дербес нысан, сондай – ақ оқу үрдісінде белгілі бір қызмет атқара отырып, оны игеру пәні ретінде қатысады. Оқыту құралы дидактикалық жүйенің барлық компоненттерімен тығыз байланысты. Бұл кестеде көрсетілген:
Педагог Оқыту мазмұны Оқу
МАҚСАТЫ Оқыту құралдары НӘТИЖЕСІ
Оқыту әдістері Оқытуды ұйымдастыру Тәрбие әдістері
формалары
Кесте – 1. Дидактикалық жүйенің компоненттері
Педагогикалық тұрғыдан оқыту құралдарының басқа компоненттерімен өзара байланысты келесі жағдайларымен көрінеді:
а) педагог үшін ОҚ – оның қызметін жүзеге асыратын педагогикалық еңбек құралы.
б) оқушылар үшін ОҚ – таным және оқу қызметін жүзеге асырудың бір құралы.
в) білім беру мазмұнына қатысты ОҚ – мазмұнды білім беру және оны меңгертуді ұйымдастыру тәсілі.
г) оқу – тәрбие үрдісі және ұйымдастыру формаларына қатысты ОҚ – оларды түрлендіру және жетілдіру педагогикалық құзырлылық компоненттерін үйлестіре қолданудың жаңа тәсілі.
д) оқыту құралына қатысты жалпы оларды қолдануда бағыттаушылық роль атқарады, мұнымен қатар оқыту құралдары ОҚ нәтижеге жетуге ықпал етуі тиіс.
Барлық ОҚ келесі топтарға бөлінеді:
-
оқулықтар және оқыту құралы;
-
көрнекі құралдар;
-
сарамандық әрекеттерді жүзеге асыру құралы;
-
ТОҚ
-
оқу үрдісінің көмекші құралдары.
Оқулық және оқыту құралдары: әр пән бойынша оқулықтар мамандық бойынша әдебиеттер, есеп жинақтар, бақылау топсырмалары, бағдарламалар, жұмыс дәптері, анықтамалар, т.с.с
Көрнекі құралдар: пәндік – нақтылы деген атпен іс – жүзінде қолданылатындары. Ол пәндік – бейнелі және белгіленген көрнекіліктердін құралады.
Пәндік бейнелі:
-
Табиғи (гербарий, скелеттер, коллекциялар).
-
Көлемді – бейнелі (модельдер, макеттер, мулеждар)
Бейнелі құралдар:
-
Бейнелі белгілер (суреттер, картиналар, аппликация, фото).
-
Шартты белгілер (карта, сызбанұсқа, диаграмма, кесте, формула,т.с.с)
Сарамандық әрекеттерге арналған құралдарды: оқу – зертханалық құралдар, бөлме жабдықтары, олардың негізгі міндеті – сарамандық сипаттағы дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
Көмекші оқыту құралдары дидактикалық функция атқармайды, бірақ оқу үрдісін қамтамасыздандыру негізгі құралы болып табылады: тақта, мел, қағаз, жапқыштар, т.с.с.
2.Ғылыми – техникалық және әлеуметтік процесс білім беру жүйесі алдында тек өмірдің талаптарына байланысты оқыту мазмұнын жетілдіру ғана емес сонымен қатар күн сайын артып отырған ақпарат ағыны мен оны оқып – үйренуге байланысты уақыттың шектеулігі арасындағы қайшылықтардың шешуде жаңа әдістер мен құралдарды іздестіруді қажет етеді. Осы міндеттерді шешуде техникалық оқыту құралдарының маңызы зор. Техникалық құралдар (ТҚ) белгілі бір қызмет атқаратын жіне дамытылатын біртұтас материалдар жүйесінен тұрады.
«Техникалық оқыту құралдары» ( ТОҚ) ұғымы механикалық және электрондық құралдарды қамтиды, мұғалім ақпараттарды беру үшін және оқушыладың білімін бақылауға пайдаланады. Оған: динамикалық және статикалық проекциялық қондырғылар: (кино қондырғылары, эпи және диапроекторлар); телевидео жүйелері, видео және дыбыс жазушы қондырғылар; бақылау және бағдарлы оқыту қондырғылары;электрлендірген кестелер, макеттер, модельдер, қабырғалық көрнекіліктер (стенд), лингофондық құралдар, элекрлік есептегіш жүйелермен қоса есепті шешуге арналған есептегіш техника мен компьютерлер, электронды және радиотехникалық көмекші жабдықтар және детальдар (диодтар, транзисторлар, резисторлар, т.б.) бұлардың барлығы көрнекі және оқу эксперименттерін жетілдіруге арналған. Осы айтылғандардың барлығы «педагогикалық техника» ұғымымен де анықталады. Оқылатын материалдар және оқу – құралдарымен жұмыс жасауға арналған «аудиовизаульды құралдар» термині қолданылады.
Педагогикалық техника және аудивизуальды құралдардың қызметі – фиксация, сақтау және оқу ақпараттарын беру.
Техникалық оқыту құралдары бірнеше аспектіні қамтитын дидактикалық категория болып табылады. Оның қызметі оқу үрдісінің мазмұны және ұйымдастыру формасының ауқымдылығымен шектелмейді. Бұл оқушының диалектикалық ойлауын, ғылыми көзқарасын, сенімін жан – жақты дамуына ықпал ете отырып, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
ТОҚ әдістемелік қалыптастырушы (білім беру, дамытушылық, тәрбиелілік) және конструктивтік (жүйе түзуші) қызмет атқарады.
ТҚ оқытуда тек көрнекілікпен шектелмейді, оқушылардың білімді тиянақты меңгеруін, оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруды, оқушының танымдық белсенділігімен олардың қызығушылықтарын дамытуда, қалыптастыруға ықпал етеді. ТҚ көмегімен түсініктемелік білімдер бейнелі көрсетілімді (заттың құрылымдық формулалары, атомдардың электрондық конфигурациялары, молекула құрылысынң схемасы, т.б.)
ТҚ оқытылатын құбылыстардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы орны жайында нақтылы бейнелейді, әлемнің біртұтастығының бейнесін қалыптастырады, сол арқылы білімді сенімге айналдырады, теориялық сұрақтардың мәнін терең түсінуге ықпал етеді.
ТҚ химиялық экспериментпен ұштастырыла отырып химиялық реакцияларды. Заттың құрылысы катализ, коррозия, кристалдардың өсуі, өндірістік процестерді, т.б. оқып үйренуде тиімді қолдана алады.
Мұғалімның педагогикалық қызметі жалпы еңбегінде және педагогикалық әс – әрекетіндегі оқушыларды оқыту және тәрбиелеу үрдісімен тығыз байланысты.
Педагогикалық қызметі нақтылы оқу – тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімнің іс – әрекетінің өзара тығыз байланысы жүйесімен анықталады.
Педагогикалық функциясын атқара отырып, мұғалім оқушыларды біліммен сусыздандырады, оларды таным нысанына көңілін аудартады, адамгершілік түсініктерін қалыптастырады.
Жалпы еңбектік қызметі мұғалімнің алдына тұрған міндетті шығармашылықпен шешу үшін материалдық және деректік шарттардың барынша тиімді жағдайларын туғызуға бағытталған операциялар мен амалдар жүйесін қамтиды. Оқу үрдісінде ТОҚ тиімді қолданудағы мұғалімнің кәсіптік әрекеті оның педагогикалық - әдістемелік және техникалық даярлығына байланысты.
Психологиялық - педагогикалық даярлығы келесі жағдайлардың 1) аудиовизуальды ақпараттарды қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері; 2) ТҚ әртүрлі қызметі және педагогикалық мүмкіншіліктерімен; 3) аудиовизуальды құралдарды даярлауда қолдануда психологиялық - педагогикалық талаптардың ескерілуі; 4) аудиовизуальды құрадардың және химиялық эксперименттің оқушылардың жеке басына эмоциялық әсерімен байланысты.
Әдістемелік даярлығы: 1) қажетті оқыту құралдарын және тақырыптарды анықтау; 2) ТҚ тиімді қолдануды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдерді анықтау; 3) әртүрлі дидактикалық құралдардан (диафильмдер, диапозитивтер, графоқұралдар, бақылау бағдарламалар) құрастыра алуы, қолдана білу; 4) техникалық жабдықтар мен құрастырмалы қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін білу.
Техникалық даярлығы: 1) әртүрлі ТҚ құрылымын және оны пайдалана білудің ережелерін білуі және ақпараттарды өңдей алуы; 2) әртүрлі ОҚ техникалық мүмкіндіктерін үйрену; 3) дидактикалық құралдарын өздігінен даярлай білу (диа және кинофильмдер, графоқұралдар);4) зертханалық, бөлмелі техникалық жабдықтардың әдістері мен принциптерімен танысу. ТОҚ пайдалана отырып, мұғалімнің жүзеге асыруға тиісті функциялары жеткілікті. Оған : ақпараттық әрекеті, танымдық үрдістерді басқару, қабылдау сапасына бақылау жасау т.с.с жатады.
Ақпараттық әрекеттің жүзеге асуы әртүрлі ақпарат көздері арқылы жүзеге асырылады. Бұл функцияның ішкі жағы танымдық үрдіске әсерімен байланысты: а) материалмен сезімдік ( сезу және қабылдау) танысу; б) материалды неғұрлым терең түсінуді қамтамасыз ететіндей ой елегінен өткізу; в) түскен ақпаратты жадына сақтау негізінде еске ұстау.
Аудиовизуальды ұғымдарды меңгеруге және қалыптастыруға әсер көрсетеді, ой – тұжырымдарды дәлелдеуге және дәйектеуге, олардағы себеп – салдарлық байланыстарды тағайындауға ықпал етеді.
Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру функциясының жүзеге асырылуы келесі бағытта асырылады: а) оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару; б) бақылау ұйымдастыру; в) оқу үрдісіне түзетулер енгізу.
Аудиовизуальды құралдардың көмегімен көбінесе осы а) жағдайды іске асыруға мүмкіндігі бар. Ал компьютерлік және микропроцессорлық техника осы бағыттағы екінші (б) және үшінші (в) бағыттарда басымдылық көрсетеді.
Мұғалімнің іс – әрекетінде оқытудың мақсатына жетуге бағытталған әдістер мен құралдар үлкен роль атқарады, ол төмендегі кестеде берілген:
Кесте -1. Химия мұғалімінің әдістемелік даярлығы үрдісіндегі қолданылатын оқыту құралдары мен әдістердің өзара байланысы.
Оқыту мақсаты және құралдарды қолданудың шарттары.
|
Оқыту құралдары және әдістері
|
1.Теориялық білімді қалыптастыру. Оқу материалы теориялық – ақпараттық сипатқа ие болғанда қолданылады.
|
1.Ақпараттардың хабарлама әдісі.
1.1. оқыту жормалары: әдіс, әңгімелесу, көрнекі – иллюстрациялар мен көрнекі тәжірибелер арқылы семинар өткізу.
1.2.оқыту құралдары: оқу – әдістемелік әдебиеттер, аудиовизуальды құралдар, химиялық эксперимент.
|
2.Әдістемелік біліктерді қалыптастыруды зияткерлік және жалпы еңбектік, теориялық білімді қабылдау негізінде жүзеге асыру. Егер оқушылар мәселелік оқытуға даяр емес, тек берілген үлгі бойынша ғана әрекет жасай алған кезде қолданылады.
|
2. Репродуктивті әдіс.
2.1. оқыту формалары: химиялық эксперимент бойынша эксперименттік практикум, семинар сабағы, жаттығулар, типтік есептер.
2.2. оқыту құралдары: нақты нұсқау бойынша тапсырмалар жүйесі, нұсқау материалдары, тәжірибелердің видеожазбалары, студент, мұғалімнің сабақтары.
|
3.Оқу жағдайларын және мәселелік міндеттерді шешу негізінде шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру. Егер оқылатын материал қарама – қайшы мәселені туғызып отырғанда, білімнің қисынды жүйесі, теориялық дәлелдеменің реті қажет болған жағдайда қолданылады.
|
3. Мәселелік оқыту.
3.1. оқыту формалары: лекция, семинар, практикалық сабақ, педагогикалық практика.
3.2.Оқу құралдары: көрнекі құралдар, диа, графопроекциялар, оқу фильмдері.
|
4. Мәселелік оқу және міндеттерін кезеңдерге сәйкес шешуде өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, білімді, біліктілікті қалыптастыруда шығармашылық қырын дәйектеу.
|
4. Жартылай ізденіс (эвристикалық) әдіс
4.1. әңгімелесу формасы: өзара байланыстағы ізденіс сұрақтары төңірегінде әңгімлесу.
4.2. оқыту құралдары: әдістемелік әдебиеттер, тақырыптық және сабақ жоспары, оқу теле бейнелерді даярлау.
|
3. ТҚ қолдану мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық даярлығының алғы шарты болып есептеледі.
Оқу материалдарын баяндау кезінде қажетті кесетлер, суреттер, реакция теңдеулері, слайдтар, фрагменттер, диафиьмдер және кинофильмдер тыңдаушылардың алдына дер кезінде көрінгені дұрыс.
ТОҚ бір немесе бірнеше дидактикалық функцияны арнайы техникалық құралдар көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ТОҚ түрліше болуы оларды әртүрлі жіктеуге әкеледі. Барлық ТОҚ бес топқа бөлінеді:
-
Ақпараттық техникалық құралдары (АТҚ)
-
Бақылау техникалық құралдары (БТҚ)
-
Ақпараттық – бақылау ТОҚ (АБТОҚ)
-
ЭЕМ (электронды есептеу машиналары) базасы негізінде оқытылатын кешен.
Электронды есептегіш және компьютерлік техника тек барлық өндірісті автоматтандыру құралы ғана емес, сондай – ақ тұлғаның интеллектуалды әрекетін шұғыл көтеруге әрекет ететін құрал.
Компьютерлік техника оқу мәнісін сақтаушы, жинақтаушы ретінде орын алады.
Химияда электронды техникалық қолдану бағыттары:
-
Ғылыми есептеулер және мәліметтерді өңдеу;
-
Химиялық құралдарды автоматтандыру;
-
Автоматтандырылған басқару жүйесі және ақпараттық банкі;
-
Автоматтандырылған оқыту және бақылау жүйесі.
Осыған байланысты химиялық оқытуда электронды есептегіш және компьютерлік техника қолданылады:
а) оқушылардың білімін тексеру және өздігінен оқып үйренуге арналған бағдарлама құрастыру.
в) химиялық экспериментті автоматтандыру.
с) қажетті анықтамалық мәліметтерді алу, бақылау жұмысын ұүрастыру, оқушылардың типтік қателерін анализдеу.
Ақпарататтық қызметті жүзеге асыру барсында компьютер дисплейі проблемалық ситуация шығару үшін қолданылады. Мысалы, дисплей экранында лабораторияда хлорды алу үшін екі құралдың суреттері кескінделген. Төменде: «Қандай құрал және неліктен хлорды алу үшін қолданылады, егерде оны алуға бастапқы заттар а) калий перманганты және тұз қышқылы; б) марганец (IV) оксиді және тұз қышқылы». Суреттерді талдай отырып және бастапқы заттар қандай күйде алынатынын еске ала отырып, сондай – ақ хлордың қасиетіне байланысты құралдың құрастырылуын есепке ала отырып анықтаймыз. Бастапқы мәліметтер сұрақтың жауабын негіздеуге база болып табылады.
Сондай – ақ тотығу – тотықсыздану теңдеулеріне коэффицент қоюдың алгоритімін дисплейде көрсете отырып, бұл жағдайда оны қажетті анықтамалық мәліметтерді алу қолданамыз.
4. Компьютерлерді оқу – үрдісінде қолданудың педагогикалық мақсаттылығы оның қойылған міндеттеріне байланысты.
Химиялық құбылыстар мен үрдістерді модельдеу – ең әуелі мектеп зертханасында жүргізу мүмкін емес эксперименттерді көрсету үшін қажет. Компьютерлік модельдерді қолдану арқылы оқылатын нәрсені терең игеруге, заңдылығын түсінуге мүмкіндік береді. Әрекеттесетін заттардың әртүрлі концентрациясының мәнін бере отырып, оның химиялық реакция жылдамдығына тәуелділігін түсінуге болады,
Модель – қандай да бір нақты объектінің қасиеттерін білу үшін, оны екінші бір объекті арқылы сипаттау. Басқаша айтқанда, модель – бір құрылымды екінші құрылым негізінде бейнелеудің нәтижесі. Кез келген модель белгілі бір гипотеза негізінде құрылады және зерттеледі.
Модельдеу – нақты объектіні жан-жақты сипаттайтын ақпараттарды модельге ауыстыру процесі мен әдісі.
Модельдерді пайдалану саласына байланысты былайша жіктеуге болады:
-
оқытуға арналған (мысалы, көрнекілік құралдар);
-
тәжірибелік мақсаттағы модель (мысалы, кеменің әртүрлі табиғи жағдайларға төзімділігін анықтау үшін оның модельі су қоймаларында сыналады);
-
ғылыми зерттеу бағытында пайдаланылатын модельдер т.б.
Жалпы, қандай да бiр нысанды сипаттау материалдық және ақпараттық модельдеу негiзiнде жүзеге асырылады. Егер материалдық модель объектiнiң геометриялық формасын нақты жағдайда сипаттаса, ақпараттық модель объектiнiң қасиетi мен күйiн сипаттайтын ақпараттар жиынтығын құрайды. Ақпараттық модель белгiлiк және вербальды модельдерден тұрады. Вербальды модель деп объектiнiң ауызша сипатталуын айтуға болады. Ал, белгiлiк модель сурет, графика, сұлба сияқты арнайы белгiлермен берiлген ақпараттық модель болып табылады. Белгiлiк модельдер компьютерлiк және компьютерлiк емес болып бөлiнедi.
Компьютерлiк модель - бағдарламалық жабдықтардың көмегiмен ұсынылған модель.
Компьютерлiк модельдеу ұғымдардың мағынасын тереңiрек ашуға, процестер мен құбылыстарды зерттеу әдiстерiн толық түсiндiруге мүмкiндiк бередi. Мысалы, компьютерде модельденген демонстрациялық тәжiрибелер, зертханалық жұмыстар студенттер мен оқушыларға заңдылықтар мен құбылыстардың табиғатын ғылыми тұрғыдан түсiне бiлуге бейiмдейдi. Бiр жағдайда олар көзбен көруге мүмкiн болмайтын құбылыстарды экранда бақылауға мүмкiндiк берсе, екiншi жағдайда, ғылымда күрмеуi қиын мәселелердi графика, анимация, бейнекөрiнiс түрiнде бақылап, шешiмiн табуға көмектеседi. Сонымен қатар, компьютерлік модельдер оқытудың сабақ барысындағы немесе сабақтан тыс формалары мен әдiстерiн жетiлдiруге және оқу-тәрбие процесiн қызықты әрi мазмұнды етiп жүргiзуге көмектеседі. Оқытушының жұмысын жеңiлдетедi. Бұл, оқытушы сабақтан тыс қалады деген сөз емес, оқытушы қай кезде де оқыту процесiндегi басты тұлға болып табылады.
Қуатты процессормен, жедел жадымен, кескiн бейнелеудi жылдамдатқыш құрылғылармен жабдықталған компьютерлiк технологиялардың үш өлшемдi кескiндермен жұмыс iстеу мүмкiндiгi оларды оқыту процесiнде қолданудың тиімді бiр бағытын айқындап бердi. Ол - ақпараттың виртуалды модельi. Арнайы модельдеуші бағдарламалар көмегiмен дайындалған виртуалды модель пайдаланушының интерактивтi қарым-қатынасына динамикалық түрде әсер етедi. Мысалы, виртуалды модельдердiң оқытуда жиi қолданыла бастаған дидактикалық мүмкiндiгi жоғары түрi - виртуалды эксперимент те студенттер мен оқушылардың эксперименттiк дайындығын арттыратын бiрден-бiр құрал болып табылады. Әсiресе, эксперименттiк ғылымдарды оқытуда виртуалды эксперименттердi тиiмдi пайдалануды дұрыс жолға қою қажет. Себебi, орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы зертханалық кабинеттердегi жарамсыз болуға айналған құрал-жабдықтарды, аспаптарды жаңарту көп қаржыны қажет етедi. Мұндай қиындықтан шығудың бiр жолы - компьютерлiк виртуалды эксперименттердi пайдалану. Бiрақ виртуалды эксперименттер iс жүзiнде жасалынған қандай да бiр тәжiрибелiк жұмыстардың орнын толтыра алмайды. Себебi, мұндай ортада нақты материалдық зерттеу объектiсi жоқ.
Виртуалды эксперименттiң бағдарламалық жабдығы эксперименттiк мәндердi графикалық интерпретациялау, виртуалды „өлшеулердiң” нәтижесiн өңдеудi жүргiзетiн математикалық есептеулер әдiстерiмен жабдықталады. Виртуалды эксперименттердiң рөлi мен орнын айқындау оқу практикасында жалпылай (дидактикалық аспектiлерi бойынша) және зертханалық жұмыстарда жекелей (әдiснамалық аспектiлерi бойынша) түрде жүргiзiледi.
Виртуалды эксперимент имитациялық және сандық есептеу эксперименттерi болып бөлiнедi. Имитациялық эксперимент дисплей экранындағы эффектiлер мен нақты материалдық объектiдегi байқалатын эффектiлердiң тек сыртқы ұқсастығын қамтамасыз етедi. Мысалы, математикалық маятниктiң қозғалысы. Бұл жағдайдағы компьютерлiк эксперименттi қамтамасыз ететiн бағдарламалық жабдық сүйенген заңдылық, табиғаттағы заңдылықпен мүлде үйлеспейдi. Ал, сандық есептеу экспериментi табиғаттағы процестер мен құбылыстардың заңдылығы негiзiнде жүргiзiледi. Мұндағы бағдарламалық жабдық табиғаттағы заңдылыққа сүйенедi. Мұндай эксперимент құбылыстардың математикалық модельi көмегiмен ұйымдастырылады.
Бақылау сұрақтары:
-
ТОҚ анықтамасы және оның оқыту құралы ретіндегі орны.
-
Оқыту құралдарының жіктелуі.
-
«Педагогикалық техника» ұғымына түсінік.
-
Мұғалімнің педагогикалық және еңбектік қызметінде ТОҚ орны.
-
Мұғалімнің психологиялық – педагогикалық даярлығы, оның мәнісі.
-
Мұғалімнің әдістемелік даярлығы, оның мәнісі.
-
Мұғалімнің техникалық даярлығы, оның мәнісі.
-
Мұғалімнің ТОҚ қолдана отырып жүзеге асыруға тиісті қызметі.
-
Оқытуда компьютерлік модельді пайдаланудың қандай тиімділігі бар?
Дәріс № 3,4 Техникалық оқыту құралдарын пайдаланудың теориялық негізі
Достарыңызбен бөлісу: |