ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-31.1.14/03-2014
|
ПОӘК
Оқу-әдістемелік материалдар
«Психология және адам дамуы» пәнінен
|
№2 баспа
11.09.2014 ж.,
№1 баспа орнына
5.09.013ж.
|
«ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Психология және адам дамуы»
5В01200 «Кәсіптік білім»
5В010600 «Музыкалық білім»
5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу»
5В010300 «Педагогика және психология»
5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
мамандықтарына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Дәріс
|
9
|
3
|
Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
|
48
|
4
|
Курс жұмысы (жоба)
|
-
|
4
|
Білімалушылардың өздік жұмыстары
|
58
|
Алғы сөз
1ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы: «26» 08.2014 ж. Р.Х.Кошкимбаева п.ғ.магистрі,
аға оқытушы, кафедра педагогикалық психология
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама № 1 «03» 09.2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Г.К.Джумажанова
2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама № 1 «05» 09.2014 ж.
Төрайымы _________________ Т.Ш.Ахметова
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11» 09.2014ж.
ОӘК төрайымы________________ Г.К.Искакова
4 Баспа №2 11.09.2014 ж.
1 ГЛОССАРИЙ
Акцептор әрекеті -- «акцептор»—«қабылдаушы» деген латын сөзі. Бұл — зат. Ол атомдарға, электрондарға және өзге де заттарға қосылып, орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырады. Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер. Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметінде реттеледі.
Анимизм — латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни «нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.
Антропоморфизм — «антропос»— грекше «адам» және морфе—«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер.
Апперцепция — латынша an — префикс, сөз алды қосымша, перцепция — қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болды.
Анализатор (грек) – түйсік тудыратын анатомиялық физиологиялық аппарат.
Аксон (грек) – жүйке клеткаларының ұзын талшығы.
Амнезия (грек) – естің бұзылуы.
Ассоциация—1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық, құбылыстардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.
Ассоциациялық психология — психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Бұл бағыт XVII—XIX ғасырларда пайда болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп өз алдыиа дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологиялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм принципін ендіруді көздеді. Ал XX ғасырда А. п. механикалық бағытты ұстанған бихевиоризммен ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.
Аффект—«жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар.
Әрекет — белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орьшдалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.
Бағдарлау реакциясы —жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады.
Бихевиоризм — психология ғылымында XX ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.
Генетикалық әдіс — генетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл — психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.
Гештальтпсихология —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялык психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Дағды — сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатьн іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип.
Дедукция, Индукция, Аналогия. Дедукция — жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.
Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытьндысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағынын, маңындағы аймақтарға тарауы.
Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.
Детерменизм принципі —философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.
Динамикалық стереотип—шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің, құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.
Жоғары жүйке қызметінің типі —жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болы табылады.
Инстинкт (соқыр сезім) — 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.
Интериоризация, Экстериоризация — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.
Интроверт пен экстраверт —Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері — интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып калмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар — экстраверттер.
Қажеттілік — адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсеңді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Қозғыштық— әсерленгіштік. Сезімнің тез қозьш, тез әсерленуі.
Қоғамдық тәжірибе — адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі.
Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады.
Психика дамуының қозғаушы күші - психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай_ жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды peттеу мәселесі болып табылады.
Проблемді ситуация - күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның «шешімін» табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы «құрал» қолданып алып жейді.
Перцептивті әсер — қабылдау процесіне қатысты әсер түрлері (перцепция — қабылдау). П. ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда — объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі.
Ретикулярлық формация - мұның өрлеуші және төмендеуші ретикулярлық формация дейтін екі түрі бар. Ми алаптарындағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) отыруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады. Түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағаиасына т. б. келіп, оларды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп атайды. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италия оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Рефлекторлық теория — адамның мінез-құлқы мен психикасы оның белсенді қызметі мен іс-әрекеті нәтижесінде реттеліп отыратын материалистік көзқарас. «Рефлекс» сөзінің мәні — бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы И. М. Сеченев өзінің «Бас миының рефлексі» деген еңбегінде психикалық қүбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді.
Рефлексия — латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам. санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Рефлексология —орыс ғалымы В. М. Бехтеров (1857— 1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексология адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты.
Сана — психиканың тек адамға ғана тән ең, жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың, бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананьң генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды.
Семантика — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиология деп те атала береді.
Синтагма — лингвистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді.
Сөздік – мағыналық ойлау — ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік — мағыналық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай _ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы аркылы анықталады.
Стимул— қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оңың қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.
Темперамент - жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпе-раменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов,
Тест — сынақ. Психологияда адаммың дара басындағы психологиялық ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі аркылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест»— ағылшын сөзі. Мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді.
Топ—қоғамдағы адамдардың, белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Топ жетекшісі — жора-жолдастары мен қатар құрбыларына «өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.
Тітіркенгіштік — әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйесінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі сатыдағы микроорганизмдердегі психиканың көрінісі — тітіркенгіштік. Тітіркенудің өте қарапайым түрі — тропизмдер. Тропизм—«бұрылу» деген сөз.
Ұғым — заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтнжесі арқылы жасальіп, оның мазмұны мен көлемі анықталады.
Ұғымталдық — сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасьн жете түсіну қабілеті.
Ұжым — қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында.
Үйлесім, сыйымдылық. Бұл — әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.
Үнсіз сөйлеу — сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек, болған пікірі дыбыссыз айтылады.. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Фрейдизм — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтің, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының козғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді.
Эгоцентрлік сөйлеу —сөйлеудің бұл түрін психологияда
баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің, үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел) деп санауға болады.
Электроэнцефалограмма (ЭЭГ)— мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды.
Эмпатия—өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі — идентификация. . Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.
2 ДӘРІСТЕР
Модуль 1. Психологияға кіріспе.
Тақырып. Психология ғылым. Психология әдістері.
Дәріс жоспары:
-
Психология пәні туралы түсінік.
-
Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым.
-
Психология ғылымының салалары.
-
Психологияның зерттеу әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ»-жан деген сөзінен шығады. «логос»-ілім. Сонымен, психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады.
Психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық приициптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Психология - адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылыктарын қарастырады.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.
Психикалық процестер дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер дегеніміз – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй дегеніміз – адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері.
Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады.
Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек психологиясы еңбек әрекеттерінін. психологиялық негізін зерттейді, жеке адамнын белгілі бір мамандыкқа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін зерттейді, еңбек өнімділігін арттырудың және енбек коллективіндегі қарым-қатыстардың психологиялық негіздерін зерттейді. Инженерлік психология — еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Әскери психология міндеті - әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен, куәлар жауаптарының талдауы, куәгерлік керсетулерді, жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен байланысты проблемаларды зерттейді. Медициналық психология психотерапия, психогигиена мәселелері, дәрігерлер мен аурулылардың карым-қатысы мәселелерімен айналысады. Патологиялық психология адамдардың нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық дамудың әр түрлі ауытқуларын зерттейді. Салыстырмалы психология (бұрын бұл зоопсихология деп аталатын) психологияның салалары ішінен ерекше орын алады, өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді.
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Психологиядағы субъективті ж/е объективті әдістер. Бақылау әдісі психологиядағы есуі ж/е бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Эксперимент. Сауалнама – зерттелетіндерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама-тест. Тапсырма-тест. Бүгінде тестер-психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.
Негізгі ұғымдар: психология, псиикалық құбылыстар, психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер, патологиялық психология, салятырмалы психология, әдіс, бақылау, эксперимент, тест.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Психология ғылымы нені зертейді?
-
Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары.
-
Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?
-
Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?
-
Психологиялық тестердің қандай түрлері бар.
Әдебиеттер:
-
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
-
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995
-
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
-
Немов Р.С. Психология. М., 1998
-
Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000
Тақырып. Адамды психологиялық жағынан талдау-таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ретінде тану.
Дәріс жоспары:
-
Жеке адам туралы түсінік.
-
Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны.
-
Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Жеке адам дегеніміз — қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Жеке адам — саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын тандай алады. Жеке адамның қоғам өміріндегі ролі мен мәні қоғамдық қатынастардын, дамуына қарай арта түсіп отырады. «Адам», «Жеке адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы. Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «адам» «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінен қолданылады. Адам туралы түсінік. Түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам — бұл, ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүт қоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда санасы бар. Адамның биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері: - денесін тік ұстап жүру; - еңбекке бейімделген екі қолының болуы; - жоғары дәрежеде дамыған миының болуы. Жеке адам - қоғамдық-тарихи категория. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі.
Даралық туралы түсінік. Даралық дегеніміз — өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиет.
Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері. Бірінші компоненті жеке адамның бағыттылығы, адамның болмысқа қатынасы. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық әрекеттер жүйесінен құралады. Екінші жеке адамның мүмкіншілігі және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттес болады. Үшінші мінез - адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады. Мінез дегеніміз — күрделі синтетикалық құрылым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы. Төртінші басқару жүйесі болып табылатын «мен» сөзі. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады.
Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз - сол адамнық талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Жеке адамның қажеттілігі дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Қажеттіліктердің түрлері. Олар: материалдық, рухани, коғамдық қажеттіліктер.
Адамның дамуында еңбекке деген қажеттілік барған сайын адамдардың негізгі қажеттілігіне айналып отыр. Еңбекке деген қажеттілік өмірге керекті іс-әрекетпен айналысуға құлшыныс түрінде көрініс табуда. Қоғамда еңбек адамның арының ісіне, адамгершілік мәртебесінің өлшеміне айналады. Ол жеке адам дамуының қайнар көзі болып табылады. Адамдар қабілеттеріне қарай өз еңбегін өмірінің мәнін еңбектен іздейтін болады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамнық әлеуметтік табиғатын танытады. Бұл қажеттілік Ф.Энгельс атап көрсеткеніндей, еңбекте қалыптасты, өйткені қарым-қатынас - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың қажетті шарты. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге өзін де танып біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. Адамдармен карым-қатынас жасау жеке адамды интеллектуалдық және эмоциялық жағынан байыта түседі; білім, тәжірибе және пікір алмасуына өз ықпалын тигізеді.
Қарым – қатынастың құрылымы: коммуникативті жағы – қарым-қатынастың адамдармен информация алудан тұрады. Интерактивті жағы – қарым-қатынастың бұл өзара әрекеті білімі, идеясы, әрекеті. Перцептивті жағы – адамдардың бір-бірін қабылдауы, өзара түсінушілік.
Қарым-қатынастың 2 түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым-қатынастың сөз арқылы болуы вербальды деп аталады (грек тіл аудр. сөздік). Вербальды емес қарым-қатынастың құралы информация беру болып табылады. Вербальды емес белгілермен (поза, жест, мимика, интонация, көзқарас, т.б.). Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады
Қарым-қатыңас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сапа мен адам-дардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |