ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Филология факультетінің
деканы
__________ А.Қ. Қадыров
«_____» _________ 2013 жыл
050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ»
пӘннiң оқу-Әдiстемелiк кешенi
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырған–ф.ғ.к., доцент М.Т.Әбікенов
050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жалпыға міндетті Мемстандарт 03.03.05ж., ҚР БҒМ 11.05.2005ж. №289 бұйрығы бойынша бекітілген 050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Қазақ филологиясы кафедрасының « » қыркүйек 2013 ж. отырысында қаралған. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі ________________ ф.ғ.к., доцент Ә.М.Жұмағұлова
Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы мақұлдаған.
Хатама № 1 « » қыркүйек 2013 жыл.
І БӨЛІМ
ТИПТІК БАҒДАРЛАМА
Қазақ тілінің стилистикасы
АЛҒЫ СӨЗ
1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАҒАН: филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Шалабай.
МАҚҰЛДАҒАН: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы оқу әдістемелік бірлестігі.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.05.2005ж., № 289 бұйрығы бойынша бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген.
3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.
4. Типтік оқу бағдарламасы 050117 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған. Хаттама № 7 03.03.05 ж.
ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша маман дайындауда «Қазақ тілінің стилистикасы» пәнінің алатын орны мен маңызы ерекше зор.
Студенттер бұл пәнді оқып үйрену барысында стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі қажет. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.
Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық дағда мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.
ІІ БӨЛІМ
ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы мәлімет
1.1. Пәннің атауы және коды: KTS 4306 Қазақ тілінің стилистикасы
1.2. Сағат саны:
Барлығы 2 кредит
4 курс, 411, 413 оқу тобы
1 семестр
Дәріс -15 сағат
Тәжірибе – 15 сағат
Барлығы – 45 аудиториялық сағат
ОЖСӨЖ - 15 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – І семестр
2. Алғысөз
Стилистика тіл білімінің негізгі салаларының бірі. Тілдік элементтердің дұрыс, әсерлі қолдануын өзінің обьектісі санайтын стилистика тіл білімінің барлық салаларымен байланысты. Ол сөз ішіндегі дыбыстардың жүйелі жұмсалуын, морфологиялық сөз тұлғаларымен грамматикалық формалардың жүйелілігін, сөз тіркестері мен сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойластырып, дұрыс құрмаластыру жақтарын қарастырады.
Стилистика сөйлеу тілі, әдеби жазба тілі, оның әрбір салаларындағы стильдерін қамтиды. Сөйлеу, жазу барысында белгілі бір әдеби нормаға сай дұрыс әсерлі қолдануын, көңілдегі көрікті ойдың тіл арқылы айқын да көркем жеткізілуін, эмоционалды-экспрессивті бояуы бар амал-тәсілдерді орынды қолдануды үйретеді. Қазақ халқының қымбат қазынасы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің сөздік қорын мол қамтитын сауатты пайдалана білуге үйретеді. Көркем әдебиеттегі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармаларының стильдік ерекшелігі, тілдерінің көркемдігі, енгізген жаңа сөз үлгілері, сөздік, лексикалық байлығы талданады.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
- студенттердің сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана алу дағдыларын дамытып жетілдіру;
- болашақ тілші – мұғалімдерді оқушылардың стилистикалық дағдыларын қалыптастыруға баулып дайындау;
- студенттердің тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін арттыру.
3. Пәннің тақырыптық жоспары
1- тақырып: «Стилистика пәні, міндеті, мақсаты»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Стилистиканың жалпы мәселелері.
-
Стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысы.
-
Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы, оның негізгі обьектісі: грамматика, лексикология, фонетика.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы. Фонетикалық стилистиканың шығу төркіні. Фонетикалық принцип. Фонетикалық элементтердің стильдік өңі. Жеке дыбыстардың, екпін түрлерінің, такт, кідіріс, сөйлеу сазының стильдік боямалыққа қатысы. Орфография және орфоэпия мәселелері. Сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, сөз құрылысының дұрыстығы, дыбыс үйлесімділігі. Фонатикалық тәсілдердің практикалық мәні.
2- тақырып: «Стилистиканың негізгі мәселелері мен әдістері»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары.
-
Стилистикадағы «стиль» ұғымы.
-
Тілдік құралдардың стилистикалық сипаттамасы.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Жазба әдеби тіл стильдері. Олардың түрлері мен ерекшеліктері. Қазақша тұңғыш жазба тіл үлгілерін жасаған Абай, Ыбырай еңбектері жайлы. С.Көбеев, С.Торайғыров, Ш.Уалиханов, С.Дөненетаев шығармалары. Қазақ тілінде ең алғаш басылып шыққан «Қозы Көрпеш баян сұлу» қиссасы.
3- тақырып: «Әдеби тіл стильдері»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Сөйлеу стилі.
-
Кітаби жазба стиль.
-
Іс-қағаздар стилі мен ресми стиль.
-
Публицистикалық стиль.
-
Ғылыми стиль.
-
Көркем әдебиет стилі.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Ресми құжаттар мен іс-қағаздар стильдері. Жалпы сипаттама құжаттардың формасы, түрлері, саяси акт, үндеу. Ресми құжаттар стилінің лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі, даму тарихы.Мемлекеттік құжаттар. Терминдер, қысқарған сөздер. Сөйлем құрылымы, ойдың логикалық жүйесі.
4- тақырып: «Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Функционалдық стильдердің стильдік белгілері.
-
«Стилистикалық норма»ұғымы туралы.
-
Стилистикалық қате және оның түрлері.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Функционалдық стильдер туралы жалпы түсінік. Әр түрлі ой-тұжырымдар мен көзқарастар. Қазіргі жағдайдағы мемлекеттік тіліміздегі құжаттардың стильдік ерекшеліктері, жетістіктері мен олқылықтары. Ана тілімізде құжаттарды ғылыми, ұғынықты, сауатты жаза, айта білу құндылығы.
5- тақырып: «Қазақ тілі лексикасы туралы жалпы түсінік»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Бейтарап лексика.
-
Сөйлеу тілінің лексикасы.
-
Кітаби лексика.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Ғылыми стиль. Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Жалпы сипаттамасы, түрлері, зерттеу обьектісі. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелігі. Синтаксистік құрылысы. Ғылыми еңбектерден мысалдар. Ғылыми ой сана. Ғылыми тілді қалыптастыру.
6- тақырып: «Сөздердің экспресивтік-эмоционалдық бояуы»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Сөз және оның мағынасы.
-
Сөз мағыналарының берілу тәсілдері.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Публицистикалық стиль. Саяси тақырыптағы газет, журналдар. Бүгінгі таңдағы публицистиканың дамуы. Шешендік сөздердің стильдік ерекшеліктері. Мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясаты, экономика, мәдениет, ғылым, өнер саласындағы публицистика тақырыбы мен мазмұны. Баспасөз мәдениетінің дамып өркендеуі.
7- тақырып: «Фразеология туралы түсінік»
Дәріс жоспары ( 2 сағат ):
-
Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі.
-
Фразеологиялық синонимдер.
-
Фразеологиялық бірліктердің эмоционалдық-экспрессивтік бояуы.
-
Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер.
-
Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері.
-
Орыс тілінен енген фразеологизмдердің қолданылуы.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Кітаби лексика. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Метафора, метонимия, синекдоха, сөздердің көпмағыналылығы, омонимдер, антонимдер, синонимдер.
8- тақырып: «Грамматикалық стилистика туралы жалпы түсінік»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.
-
Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Көркем әдебиет стилі. Көркем сөз-ойды, адамның ішкі жан дүниесін, образ,характер, әрекет арқылы бейнелейтін құрал. Жалпы сипаттамасы. Көркем шығарманың рухани және эстетикалық қызметі. Көркем әдебиеттегі классик жазушыларымыздың тілдерінің стильдік ерекшеліктері. Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктері.
9- тақырып: «Сөз таптарының стилистикасы»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Есімдіктердің қолданылуы.
-
Етістік тұлғаларының қолданылуы
-
Етістіктің шақтық тұлғалары.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Ауызекі сөйлеу тілі стилі. Күнделікті қолданбалы тіліміздің ерекшелігі, түрлері. Әдеби тілден айырмашылығы. Жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін диалектілер. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеология. Күнделікті ауызекі сөйлеу тіліндегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Диалог, монолог. Ауызекі сөйлеу тілінің эмоционалдық-экспресивтік бояуы. Есту, бағалау сезімі.
10- тақырып: «Синтаксистік стилистиканың қолданылуы»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.
-
Синтаксистік синонимдер.
-
Экспрессивті білдірудің синтаксистік тәсілдері.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Шешендік сөздің стильдік ерекшелігі. Ауыз әдебиеті мен көркем шығарманың стильдік ерекшеліктері. Көнерген сөздер. Көркемдеу тәсілдері. Сөз қолдану шеберлігі. Сөздердің эмоционалдық-экспресивтік бояуы.
11- тақырып: «Сөйлем және оның түрлерінің стильдік қызметі»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер.
-
Сөйлем мүшелері.
-
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
СОӨЖ тапсырмасы (2 сағат ):
Лексикологиялық стилистика. Сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, әсірелеу, шендестіру. Омоним, синоним, антоним сөздердің стильдік өңі. Сөз және оның мағынасы. Кірме сөздер, кәсіби-техникалық сөздердің стильге қатысы. Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу және публицистикадағы экспрессивті сөздер. Фразеологиялық оралымдар. Идиома, фраза, мақал-мәтелдер. Ғылыми зерттеулер.
12-тақырып: «Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Қаратпа сөзді сөйлемдер.
-
Қыстырма сөзді сөйлемдер.
-
Толымды, толымсыз сөйлемдер.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Фразеологиялық синонимдер. Тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелердің бір-бірімен мағына ұқсастығы. Фразеологиялық синонимдердің түрлері. Сөз тіркестері мағыналарының кеңеюі. Фразеологизмдердің мақал - мәтелдерден айырмашылығы және ұқсастықтары. Плеоназмдар мен перифразалар. Фразеологиялық синонимдердің семантикалық реңі және стильдік бояуы.
13- тақырып: «Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметі»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Күрделі синтаксистік тұтастық туралы түсінік.
-
Күрделі синтаксистік тұтастықтардың түрлері мен стильдік қызметі
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Грамматкиалық стилистика. Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы. Экспрессивтік-эмоционалдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар.
14- тақырып: «Мәтін стилистикасы»
Дәріс жоспары ( 1 сағат ):
-
Мәтін туралы түсінік.
-
Мәтін құрылымы.
-
Мәтін құрамындағы стильдік құралдар.
СОӨЖ тапсырмасы (1 сағат ):
Синтаксистік стилистиканың қызметі. Синтаксистік құрылыс және стиль түрлері. Синтаксистік синонимдер. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері. Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі.
Семинар сабақ жоспары:
№ 1 семинар тақырыбы: Стилистика пәні, міндеті, мақсаты (1 сағат):
1. Стилистиканың жалпы мәселелері.
2. Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы.
3. Жазба әдеби тіл стильдері.
№ 2 семинар тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі (1 сағат):
-
Ауызекі сөйлеу стиліне тән экстралингвистикалық белгілер.
-
Ауызекі сөйлеу стилінің өзге функционалдық стильдерден тілдік ерекшеліктері.
№ 3 семинар тақырыбы: Ресми және іс қағаздар стилі (1 сағат):
-
Ресми және іс қағаздар стилінің түрлері.
-
Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
-
Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері.
-
Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.
№ 4 семинар тақырыбы: Ғылыми стиль (1 сағат):
1. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, түрлері.
2. Ғылыми стильдің фонетикалық ерекшеліктері.
3. Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
4. Ғылыми стильдің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері.
№ 5 семинар тақырыбы: Көркем әдебиет стилі (1 сағат):
1. Көркем әдебиет стилінің өзіне тән белгілері.
2. Көркем әдебиет стилінің функционалдық стильдер жүйесіндегі
алатын орны.
3. Көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стилі.
4. Көркем әдебиет және публицистикалық стиль.
№ 6 семинар тақырыбы: Публицистикалық стиль (1 сағат):
1. Публицистикалық стильдің өзіне тән белгілері.
2. Публицистикалық стильдегі шешендік шеберлік.
3. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі.
№ 7 семинар тақырыбы: Стилистикалық норма (1 сағат):
-
Стильдік норма және әдеби тіл нормасы.
-
Ауызекі сөйлеу стиліндегі стильдік норма.
-
Ресми стильдегі стильдік норма.
-
Ғылыми стильдегі стильдік норма.
№ 8 семинар тақырыбы: Фонетикалық стилистика (1 сағат):
-
Дыбыстардың стильдік мақсатта жұмсалуы.
-
Аллитерация мен ассонанстың көркем шығармадағы стильдік қызметі.
-
Интонацияның стильдік мүмкіндіктері.
№9 семинар тақырыбы: Лексикалық стилистика (1 сағат):
1. Омонимдердің стильдік қызметі.
2. Антонимдердің стильдік қызметі.
3. Синонимдердің поэзия тіліндегі қолданысы.
№ 10 семинар тақырыбы: Эмоционалды-экспрессивтік мағыналы сөздердің қолданылуы (1 сағат)
1. Эмоционалды-экспрессивтік мағыналы сөздердің стильдік
қолданысы.
2. Эмоционалды сөздер мен экспрессивтік сөздердің айырмашылығы.
3. Эмоционалды-экспрессивтік лексика жасайтын қосымшалар.
№11 семинар тақырыбы:Фразеологизмдердің стильдік қызметі(1 сағат):
-
Фразеологизмдердің стильдік қызметі.
-
Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері.
-
Фразеологизмдердің экспрессивтік-стильдік қасиетіне қарай топтастырылуы.
№ 12 семинар тақырыбы: Морфологиялық стилистика (1 сағат):
-
Морфологиялық құрылыстың негізгі стильдік белгілері.
-
Экспрессивті-эмоционалдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар.
-
Морфологияның стилистикалық құралдары.
№13 семинар тақырыбы: Синтаксистік стилистика (1 сағат ):
1. Синтаксистің стилистикалық қызметі.
2. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.
3. Күрделі синтаксистік тұтастықтың негізгі белгілері.
4. Күрделі синтаксистік тұтастықтардың стильдік қызметі.
№14 семинар тақырыбы: Жай сөйлем түрлерінің стильдік қызметі
(1 сағат ):
1. Көркем шығарма тіліндегі хабарлы сөйлемдердің стильдік қызметі.
2. Сұраулы сөйлемдердің стильдік қызметі.
3. Лепті сөйлемдердің стильдік қызметі.
4. Бұйрықты сөйлемдердің стильдік қызметі.
№15 семинар тақырыбы: Тілдің көріктегіш-бейнелегіш құралдарының стильдік қызметі (1 сағат ):
-
Көркем шығармадағы теңеулердің стильдік қызметі.
-
Метафоралардың стильдік қолданысы.
-
Эпитеттерді стильдік мақсатта қолдану.
4. СӨЖ тапсырмалары және оның орындалу кестесі
№
|
Тақыры
бы
|
Жұмыстың мазмұны мен мақсаты
|
Ұсыныла тын әдебиеттер
|
Жұмыс түрі
|
Орындау мерзімі
|
Жоғарғы ұпай
|
1.
|
Стилистика
|
А.Байтұрсынұлы, Р.Сыздық және орыс ғалымы В.В.Виноград овтың стилистикаға және жалпы тілдің қызметіне қатысты айтқан ой-пікірлерін конспектілеңіз.
|
1. 1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2. Р.Сыздық «Сөз құдіреті», Алматы, 1997
|
конспект
|
|
3
|
2.
|
Стилистика мәселелері
|
Стилистикада пікірта лас тудырып жүрген мәселелерді анықтап, олардың арасындағы қайшылықтарды атап көрсетіңіз.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы
2.Қ.Жұмалиев
«Стиль өнер ерекшелігі»
Алматы,1976
|
Баяндама
|
|
6
|
3.
|
Тілдің стилистикалық ресурстары
|
Функционалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2.М.СерғалиевКөркем әдеб. тілі. А., 1995
|
Реферат
|
|
5
|
4.
|
Стильдік ерекшелік тер
|
Қазіргі қазақ газеттер інің лексикалық ерек шелігін танытатын мысалдар жинап, олар ға талдау жасаңыз.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2.М.Серғалиев.Көрк.әдебиет тілі. А., 1995
|
Картотека
|
|
5
|
5.
|
Сөз таптар ының стилистикасы
|
Функционалдық стиль түрлеріндегі сөз таптарының қолданымдық ерекшелігін мысалмен түсіндіріңіз
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2. Б.Шалабай. Көркем әдебиет стилистикасы
|
Конспект
|
|
3
|
6.
|
Стиль түрлері
|
Әр түрлі автордың бір тақырыпта, бірақ әр түрлі стильде жазыл ған мәтін түрлеріне мысал келтіріңіз.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2. Р.Сыздық «Сөз құдіреті», Алматы, 1997
|
Конспект
|
|
3
|
7
|
Публицистикалық стиль
|
Қазіргі қазақ баспасөзінің тілі және жанрлары
|
2. Р.Сыздық «Сөз құдіреті»
3.Б.Шалабай. Көркем әдебиет стилистикасы Алматы,2006
|
Реферат
|
|
5
|
8
|
Стиль түрлері
|
Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
2. Р.Сыздық «Сөз құдіреті», Алматы, 1997
|
Конспект
|
|
3
|
9
|
Стиль түрлері
|
Еркін тақырыпта қалаған жанрда шығарма жазыңыз.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
|
Шығарма
|
|
6
|
10
|
Стилистика
|
Стиль - өнер ерекшелігі. Көркем әдебиеттегі дара стиль.
|
1.Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы А.,2006
|
Баяндама
|
|
6
| 5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |