ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі465.5 Kb.
#123922
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-9.1.39/03-2014



«Ғылыми-техникалық құжаттар, жасау және сертификаттау» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

11.09.2014 ж.

№ 2 басылым 18.09.2013 ж.

№ 1 басылымның орнына




ПӘННІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



«ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР,

ЖАСАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ»

5В072600– «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы

және құрастырылуы»

мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2015


Мазмұны





1.

Лекциялар …..……………………………………………………………..

4

2.

Практикалық сабақтар ………………………………………………….

4

3.

Студенттердің өзіндік жұмыстары ......................................................

5



















































































1 Лекциялар
Лекция 1-2. Стандарттау тарихы. Стандарттау саласындағы негізгі ұғымдар


  1. Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер.

  2. Стандарттау саласындағы негізгі ұғымдар.




  1. Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер.

Стандарт деген сөз ағылшын тілінен бастапқы, онымен басқа, оған ұқсас объектілерді салыстыру үшін қолданылатын норма, үлгі, эталон, модель деп аударылады.


Стандарттау қоғамның дамуымен және адамдардың еңбектік қызметінің ең жақсы нәтижелерін оларды қайта пайдалану мақсатында бекітуге (тіркеуге) ұмтылумен байланысты. Көне мемлекеттерде бірегей шама жүйелерін, өлшемдерді стандартталған құрылыстық бөлшектерді (Көне Египет – кірпіш), стандартты диаметрлі су құбырларын қолдану (Көне Рим) – бұлар стандарттау жөніндегі қызеттердің мысалдары болып табылады.
Орта ғасырларда мануфактуралар дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолданыла бастады. Мысалы, маталар енінің өлшемдері бекітілді, өндірісте қолданылатын шикізатқа бірегей талаптар қойылатын балды. Венецияда кемелерді алдын- ала дайындалған бөлшектер мен тораптардан құрастыратын болды (яғни, унификациялау әдісі қолданылған).
1785 жылы француз инженері Леблан 50 данадан тұратын мылтық құлптарының партиясын жасап шығарды. 50 құлптың әрқайсысының өте маңызды - өзара алмасушылық және үйлесімділік қасиеттері болды. Олардың әрқайсысын алдын- ала қиылыстырусыз кез келген мылтыққа қоюға болатын болды.
Сериялып шығару мақсатында Геранияда калибры 13,9 мм – ға тең мылтықтар стандарты бекітілген.
XIX ғасырдың ортасына дейін стандарттау жеке фирма, кәсіпорындар ішінде жүргізілді. Бірақ одан кейінгі жылдарда стандарттау ұлттық және халықаралық деңгейде жүргізіле бастады.
1846 ж. Германияда темір жол колеянының ені вагондарды бір- біріне тіркестіретін құрылғылар унификацияланған.
1870 ж. Еуропаның бірнеше елдерінде кірпіштердің стандарталған өлшембері бекітілді.
1891 ж. Англияда, одан кейін басқа елдерде де бұрандаларды стандарттау жұмыстары жүргізілген. Алдымен дюйм бірліктерінде, содан соң миллиметр бірліктерінде (метрлік жүйе бойынша).
Халықаралық стандарттау 1875 ж. Парижде 17 мемлекет өкілдері Халықаралық метрлік конвенцияға қол қойып, Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын тағайындағанынан басталды деуге болады.
Бұл ұлттық және халықаралық стандарттаудың алғашқы нәтижелерінің өндірістік күштерінің дамуы үшін үлкен практикалық маңызы болды.
XIX ғасыр аяғы және XX ғасырдың басында техника, өнеркәсіптің дамуы және өндірістің шоғырлануында үлкен табыстарға қол жеткен болатын. Осыған байланысты экономика жағынан дамыған мемлекеттерде ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдар пайда бола бастады.
Мысалы, 1901 ж. Англияда стандарттар Комитеті құрылған. Комитеттің бас міндеті шикізат, өнеркәсіптік өнімдер мен соғыс техникасына стандарттар әзірлеу және енгізу арқылы Британ империясының экономикалық күшін кқтеруге жардемдесу болып табылдв.
XX- ғасырдың басында Бельгия (1912), Голландия (1916), Германия (1917), Франция, Швейцария; АҚШ (1918) және т.б. мемлекеттерде ұлттық тандарттау жөніндегі жүйелер құрылды.
Халықаралық тауар алмасудың үнемі дамуынан және ғылым мен техника саласында қарым- қатынастарды көбірек жасау қажеттілігі болғандықтан 19…… жылы Стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация құрылды, бірақ 1939 ж. II Дүниежүзілік соғыстың басталуымен оның жұмысы тоқтатылды.
1943 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы ішінде стандарттау мәселелері жөніндегі Үйлестіру Комитеті құрылды. Комитеттің Лондонда және Нью- Йоркта 2 Бюросы ашылды.
1946 ж. Лондонда Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым (ISO) құрылды. Басянда оған 33 мемлекет кірді. Қазір ISO ең ірі халықаралық техникалық ұйымдардың бірі болып табылады. Оның құрамына 146 мемлекет кіреді.
ISO- дан басқа көптеген халықаралық және региондық стандарттау жөніндегі ұйымдар жұмыс істейді.
Қазақстанда стандарттаудың дамуы Қеңес уақытымен байланысты. 1923 ж. Семей қаласында өлшемдер мен салмақтарды салыстырып тексеру палатасының Омбы бөлімшесінің филиалы ашылды. 1925 ж. Семей а-палатасының Алматыдағы бөлімшесі ашылды.
1931 ж. алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өлеклік бюросы ашылды. Бұл бюро 1938 ж. ҚССР Министрлер Кеңесі жанындағы шама және өлшем құралдары жөніндегі уәкілетті комитеттің Басқармасы деп аталатын болды.
1966 ж. Алматы мемлекеттік бақылау лабораториясы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қадағалау лабораториясы ашылды. 1975 ж. бұл лаборатория Казақстан Республикасы Метрология және Стандарттау орталығы деп аталды.
1992 ж. Қазақстан Республикасы Стандарттау, метроология және сертификаттау жөніндегі Комитеті құрылды.
1992- 2003 жылдары Қазақстан Республикасы стандарттау жүйесі мынадай бағыттарда жұмыс атқарды:


  • мемлекетаралық стандарттауды дамыту, 13.03.1992 – жылғы ТМД Мемлекетарлық Келісімі бойынша;

  • Қазақстан Республикасы стандарттарын халықаралық стандарттармен гармонизациялау жұмыстарын жылдамдату, халықаралық рынокты игеру және Бүліләлемдік сауда ұйымына кіруге байланысты;

  • бірінші кезекте міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтерге мемлекеттік стандарттар әзірдеу;

  • ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттады еңгізу және осы стандарттарға сай келетін отандақ сапа менеджменті жүйесін құру;

  • және т.б.

2004 жылдың 9- қараша күні Қазақстан Республикасы “Техникалық реттеу туралы” Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша 1999 ж. 16- шілдесінде қабылданған “Стандарттау туралы” Заңның күші тоқтатылды (жойылды). Бұл заңның 14- бабы және 15- баптың 1- тармағы күшін сақтап қалды. (14- бап – “Техникалық шарттар”; 15- бап, 1- тармақ – “нормативтік құжаттарды қолдану).

Мемлекеттік стандарттау және Мемлекеттік сертификаттау жү!елері Мемлекеттік техниклық реттеу жүйесімен алмастырылды.


  1. Стандарттау саласындағы негізгі ұғымдар.

Стандарттау саласында ғылым және техниканың кез келген басқа саласында сияқты жемісті қызмет істеу үшін нақты, ғылыми негізделген терминология қажет. Терминологияның реттелмеуі мамандардың ұғынысуын қиындатады, бірыңғай әдістемелік құралдар әзірлеуге кедергі болады, ең жаңа, оның ішінде есептегіш техниканы енгізуде, халық шаруашылығын басқаруда қиындақтар тудырады.


«Стандарттау» терминінің анықтамасы ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Адамдардың стандарттау туралы түсініктері ғылым және техниканың даму, өндірістің формалары мен әдістерінің жетілу процестеріне қарай қалыптасты. Экономикалық байланыстардың ұлттық және халықаралық деңгейде кеңейуі жағдайында бұл термин нақтыланып отырды. Бұл жерде стандарттаудың өзі де ддамудан өтіп әртүрлі кезеңдерде оның барысында қол жеткен деңгейді көрсетіп отырды.
ISO 1952 ж. стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі Комитет (СТАКО) құрып, оның алдына стандарттауға қатысты негізгі терминдерінің анықтамасын беру міндетін қойды.
СТАКО «стандарттау», «стандарт», «стандарттау жөніндегі техникалық комитет», «техникалық реттеу» сияқты маңызды терминдердің анықтамаларын зерттеп дайындады. Осы терминдердің СТАКО дайындағаны ИСО Кеңесімен қабылданған және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тағайындаған анықтамаларының негізіне қойылды.
ISO құжаттарында стандарттау термины былаы анықталады:

Стандарттау – белгілі салада реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған, ғылым, техника және экономика сфераларында қайталана кездесетін міндеттердің шешімдерін табу әрекеттері (қызметтері).


Жалпы түсінік бойынша бұл қызмет стандарттарды зерттеп дайындау, басып шығару және қолданудан көрінеді.
Стандарт әлемнің қай географиялық, экономикалық немесе саяси аймағында қабылданғанына байланысты стандарттау әрүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Стандарттау жұмысының масштабына байланысты стандарттау халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы «Техникалық зерттеу туралы» Заңында жазылған негізгі терминдердің анықтамалары практикалық сабақтарда зерделенеді.

Лекция 3. Стандарттауың жалпы сипаттамасы
ISO құжаттарында стандарттау – белгілі салада реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған, ғылым, техника және экономика сфераларында қайталанып кездесетін мәселелердің шешімін табу қызметі деп анықталады. Жалпы түсінік бойынша бұл қызмет стандарттарды зерттеп дайындау, басып шығару және қолданудан көрінеді. Стандарттау жұмысының масштабына байланысты халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық стандарттау кездеседі.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын сәйкес стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттау мақсаттары жалпы және нақты, сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты мақсаттарға бөлінеді.

Жалпы мақсаттар - мынадай нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау:

- өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін;

- саудадағы техникалық баръерлерді жою, өнімнің және көрсетілетін қызметтің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін;

- техникалық және ақпараттық сиысымдылықты, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасушылығын қамтамасыз ететін;

- өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасының ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін;

- өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұтынушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ететін;

- ресурстардың барлық түрлерінің сақталуын және рационалды қолданылуын қамтамасыз ететін;

- әртүрлі табиғи және техногенді сипаты бар апаттардың және басқа да төтенші жағдайлардың оран алу мүмкіндігі тұрғысынан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін;

- еліміздің қорғаныс қабілетін және мобилизациялық дайындығын қамтамасыз ететін.



Нақты мақсаттар әрекеттердің белгілі облысына, тауарлар шығару мен қызмет көрсетулердің белгілі саласына, белгілі кәсіпорынға, нақты өнімдер, процестер (жұмыстар), көрсетәлетін қызметтерге және т.б. қатысты қойылады.

Стандарттау объектілері және облысы.

Стандарттау объектілері болып, әдетте, көп мәрте ұдайы қайталанылатын және/немесе қолдану перспективасы бар өнімдер, процестер (жұмыстар), көрсетілетін құзметтер табылады. Екіншіден, стандарттау объектілеріне оларға нормалар, талаптар, сипаттар, параметрлер, ережелер және т.б. әзірленетін объектілер жатады. Стандарттау объектілері 1-таблицада көрсетілген

Таблица 1. Стандарттау объектілерінің жіктелуі.

Стандарттау объектілері

Өнімдер (тұтыну тауарлары, өндірістік құралдар)

Қызмет көрсетулер Ұтұрмыстық, өндірістік)

Процестер (жұмыстар)

Бақылау әдістері

Шикі-зат және табиғи отын

материалдар және азық-түлік

дайын өнім-дер

мате-ри-алдық

матери-алдық емес (әлеу-меттік- мәдени)

және біртекті өнімдер топтарының жеке аспектілері:

  • терминдер, белгілер;

  • параметрлер мен өлшемдер;

  • техникалық талаптар.

және біртекті қызмет көрсету тпотарының жеке аспектілері:

  • терминдер;

  • техникалық талаптар;

  • бағалау әдістері;

  • көсіпорындарды жіктеу;

  • персоналға қойылатын талаптар.

  • өнімнің өмірлік циклының жеке кезеңдерінде кездесетін процестер;

  • бақылау әдістері;

  • қабылдау ережелері;

  • маркалау, буып- түю, тасымалдау және сақтау ережелері;

  • материалдық емес өндірістермен (статистикалық, банк, баспа қызметі) байланысты процестер;

  • басқару процестері;

  • өлшеу процестері;

  • ақпаратты есепке алу және ұқсату процестері;

  • қорғау процестері (адамдарды, табиғатты)

  • сынама алу;

  • сынау, өлшеу, талдауларды өнімді шығару, сапасын бағалау, сертификаттау, қолдану кезіндежүргізу амалдары мен әдістері.

Стандарттау облысы деп өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығын айтады. Мысалы машина жасау стандарттау облысы болып табылады, ал машина жасаудағы стандарттау объектілері: технологиялық процестер, қозғалтқыштар типі, машиналардың қауіпсіздігі және экологиялылығы және т.б. болып табылады (экологияға қолайлығы).


Лекция 4. Стандарттау әдістері
Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістерге сүйенеді. Бұл әдістер қайталанып кездесетін мәселелерді оңтайлы деңгейде шешу үшін қолданылады.

Мына әдістер стандарттау жұмыстарында жиі қолданылады:



  1. стандарттау объектілерін ретке келтіру;

  2. параметрлерді стандарттау;

  3. унификаицялау;

  4. агрегаттау;

  5. кешенді стандарттау;

  6. озық стандарттау.

Стандарттау объектілерін ретке келтіру алуан түрлі стандарттау объектілерін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеугіштер, типтік конструкциялар, құрастырушы бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың нұсқалары ретке келтіру жұмыстарының нәтижелері болып табылады.

Ретке келтіру стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру, селекция, симплификация және оңтайлау арқылы жүзеге асырылады.



Жүйелеубіртекті, өзара байланыстағы стандарттау объектілерін белгілі тізбекке келтіру болып табылады.

Объектілердің алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы топтарға біріктіруге, жіктеуге және ранжирлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Техника - экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктегіштері» жүйелеу нәтижесі болып табылады.



Типтендірустандарттау объектілерінің ортақ сипаттары негізінде типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу әрекеттері. Типтендіру нәтижелері: типтік конструкциялар, бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу тәртібі және т.б.

Селекция - ары қарай да өндіруге немесе қолдануға жарамды деп танылатын нақты стандарттау объектілерін іріктеп алу.

Симплификацияселекцияға кері - ары қарай да өндіруге немесе қолдануға жарамсыз деп танылатын нақты стандарттау объектілерін іріктеп алу. Басқа сөзбен айтқанда симплификация деп қолданылатын элементтердің санын оңтайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, киімнің, бекіту элементерінің типтерін азайтуды) айтады.

Оңтайлаужиынтықтың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау объектісін таңдап алу. Стандартталатын объекті параметрлерінің (арналуы, қауіпсіздігі, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы мәндерін табуда негізделеді. Стандарттау объектілерін оңтайлау экономика-математикалық әдістер мен оңтайлы модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Параметрлерді стандарттау – параментрлердің оңтайлы номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.

Параметр – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттайтын шама.

Өнімнің ең маңызды параметрлері:

- өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың сиымдылығы.;

- салмақтық параметрлер (құрал-жабдықтың массасы);

- машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметарлер (желдеткіштің өнімділігі, көлік жылдамдығы);

- энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б.

Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар беп аталады. Мысалы электр лампаларының параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.

Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады.

Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп арифметикалық немесе геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағнасы – параметрлер мәндері үшін кез келген сан емес, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндер алынуы керек.

Параметрлік стандарттау ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размерц» стандарттары негізінде жүргізіледі.

ГОСТ 8032 бойынша 4 негізгі үйлестмді сандар қатары бекітілген:

1- қатар - R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00 – прогрессия знаменателі 1,6;

2- қатар – R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; … – прогрессия знаменателі 1,25;

3- қатар – R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; … – прогрессия знаменателі 1,12;

4- қатар – R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; … – прогрессия знаменателі 1,06.

Мұндағы R индексі француз инженері Ш. Ренар атымен байланысты.

1 – 10 сандары интервалында R5 қатарында 5 сан бар, R10 қатарында - 10 сан, R20 қатарында - 20 сан, R40 қатарында - 40 сан бар.

Параметрлік қатардың жиілігі оңтайлы болуы керек: тым «қою» қатар тұтынушылар мүдделерін максимум қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, өнімнің типтік өлшемдері тым көбейіп кетеді. Сондықтан R5 қатарын қолдану R10 қатарына қарағанда дұрыс болып табылады, ал R10 қатарын қолдану R20 қатарын қолданғаннан дұрыс болып табылады.

Үйлесімді сандар жүйесін қолдану белгілі типты өнімнің параметрлерін унификациялау ғана емес, сонымен бірге бөлшектерді, бұймдарды, көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Радиотехникада Халықаралық электротехниалық комиссиямен қабылданған Е3, Е6 және Е12 үйлесімді сандар қатарлары қолданылады.

Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных стпротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген.

Лекция 5. Стандарттау әдістері (жалғасы)
Унификация – (бірыңғайлау) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын тағайындау.

Бірыңғайлау – объектілерді бірыңғай жүйеге, нысанға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайлау - өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіру.

Бірыңғайлаудың мақсаты - өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлеріның болуына жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады.

Бірыңғайлау стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру, селекция, симплификация және оңтаылауда негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:

- бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектерді параметрлік және өлшемдік қатарларға келтіру;

- біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру үшін типтік бұйымдарды зерттеп дайындау;

- бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат нұсқаларын және т.б. зерттеп дайындау;

- біртекті стандарттау объектілерінің номенклатурасын оңтайлы минимуммен шектеу.

Бірыңғайлау мына түрлерге бөлінеді:

- типтік-өлшемдік бірыңғайлау (функционалдық арналуы бойынша бірдей, бір-бірінен бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);

- тип шегінде бірыңғайлау (бас параметрі бойынша бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);

- тип алалық бірыңғайлу (типтері мен конструкциясы әртүрлі өнімдер).



Агрегаттау - бұйымдарды, машина, аспап және жабдықтарды жеке, бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптардың әртүрлі қосылысы конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын бұйымдардың кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндек береді. Мысалы, жиһаз өндірісінде қалқандардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі қосылысы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.

Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігін жоғарылатуға болады.

Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшеу құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салалар бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз агрегаттарға бөледі. Әр агрегат машинада белгілі функция атқарады. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек тексеруге мүмкіндек берді.

Кешенді стандарттау кезінде тұтас объекттің өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты проблеманың оңтайлы шешімін табу.

Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттар, материалдар және құрастырушы тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауын қамтамасыз ету (буып-түю, марклау, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табылады.

Кешенді стандарттау мысалы ретінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады:

- ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 5.0 «Техникаөэкономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»;

- ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер».



Озық стандарттау - стандарттау объектілеріне қазіргі күнгі практикада қол жеткен ноормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.

Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдің ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің дамуына кедергі болып қалуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогрестің дамуына кедергі болмау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.

Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80-жылдары бекітілген аудио компакт- дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын ала әзірленген болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын (совместимость) қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Лекция 6. Стандарттаудың құқықтық негіздері
Стандарттаудың құқықтық негіздері алғашқы рет 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңында бекітілген болатын.

1999 жылы бұл Заң Қазақстанның дамуы және нарықтың реформа жүргізуге байланысты қайта құрылып, жаңа «Стандарттау туралы» Заңы қабылданған. Бұл заңға 10.06.2003 ж. өзгерістер мен толықтырулар негізілген.

2004 ж. қараша айында қабылданған Қахақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес «Стандарттау тыралы» Заңының күші жойылды. Кейбір баптары ғана уақытша күшінде қалды.

«Техникалық реттеу туралы» Заңы Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестедің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Сонымен бірге бұл Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (процестерге) қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқару техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Қомитетке (ары қарай Мемстандарт) жүктелген.

Мемстандарт атқару үкіметінің салааралық үйлестіруді, сондай-ақ стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және аккредиттеу облысында реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органы болып табылады.

«Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Мемстандарт немесе оның бағынысындағы ұйымдар арқылы стандарттау саласында төмендегі негізгі функцияларды орындайды:

1) мемлекеттік стандарттарды және техника-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;

2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық- экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттау жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағындаесепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығару туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;

6) стандарттау жөніндегі ноормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

Стандарттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар қатысуы мүмкін. Мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар өз құзіреті шегінде стандарттау облысында жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді және осы жұмыстарды орындау үшін тиісті стандарттау жөніндегі бөлімшелер мен қызметтер құруы мүмкін. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар атқарады. Стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет тағайындаған тәртіп бойынша аттестациядан өтуі керек.

Кәсіпорындар және мекемелердің стандарттау жөніндегі қызметтер өз құзыреті шегінде стандарттау облысында ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми- техникалық басқаруды жүзеге асырады. Бұл мақсатта олар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және басқа өнімді, көрсетілетін қызметтерді, өндірістік процестерді, оның ішінде өндірісті басқару процестерін стандарттау және унификациялау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар нәтижелері сапа жүйесін және экологиялық басқару жүйесін енгізу арқылы іске қосылады.



Лекция 7-8. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Стандарттау жұмыстарын жүргізу барысында стандарттау объектілеріне нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар нормативтік құжат түрінде өңделеді.

«Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары

2. Қазақстан Республикасының техникалық- экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері

3. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар

4. Халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттерінің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Бұл жұмысқа өнімнің технологиясын әзірлеуші, оны шығарушы және тұтынушылардың, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушы қоғамдарының өкілдері, Мемстандарттың мамандары шақырылуы мүмкін.

Стандартты әзірлеудің төмендегі 6 кезеңдері тағайындалған.

1-кезең – жұмыстарды ұйымдастыру және техникалық тапсырма әзірлеу;

2-кезең – стандарттың жобасын (I- редакциясын) әзірлеу және оны пікір беруге жіберу;

3-кезең – түскен пікірлерді өңдеу, стандарт жобасының соңғы (II- және келесі) редакциясын (редакцияларын) әзірлеу;

4-кезең – стандарт жобасын дайындау, келісу және бекітуге жіберу;

5-кезең – стандарт жобасын қарастыру, оны бекіту және тіркеу;

6-кезең – стандартты басып шығару.



Әр түрлі стандарттардың сипаттамалары.

Стандарттау объектлерінің ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына сәйкес стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді:

1) негізін қалаушы стандарттар;

2) өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;

3) бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;

4) процестер стандарттары.



Негізін қалаушы стандарттар:

- белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру-әдістемелік жағдайларды;

- өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;

- басқа да жалпы техникалық талаптарды тағайындайды.

Негізін қалаушы стандарттарды былай бөлуге болады:

а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салады жұмыстарды жүргізу жәніндегі жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдеріне технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі ережелер».

б) жалпы техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды:

- ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми- техникалық терминдерді;

- әртүрлі стандарттау обектілерінің шартты белгілерін – кодтарын, символдарын, маркаларын;

- әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұныныа қойылатын талаптарды;

- техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар және нормаларды (үйлесімді сандар, параметрлік және өлшемдік қатарлар, өлшеу құралдарының дәлдік кластары және т.б.). Мысалы, ГОСТ 8.417 – 81 ГСИ. Единицы физических величин»;

- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын (мысалы, СТ РК 1043 – 2001 «Машины для борьбы с ветровой эррозией. Номенклатура показателей качества.»);

- техникалық эстетика және эргономика талаптарын;

- қауіпсіздік талаптарын (мысалы, СТ РК 12.002 – 2002 «Система стандартов безопасности труда. Процессы производства. Овцеводство. Требования безопасности») және т.б.



Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды.

Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді:

а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»;

б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия».

в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»;

г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»).



Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін бекітеді (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).

Стандарттармен бекітілген бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:


  • сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;

  • сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;

  • сынақ жүргізу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;

  • сынақтың жіберілетін қателігін.

Сертификаттау тәжірибесі комбинирленген стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).

Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, утилизациялау). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация».

Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау талаптары енгізілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет