Вексель бойынша төлемдер. Вексель бойынша төлем жүргізу міндеттемесі вексель шарттарына (талаптарына) байланысты әртүрлі мерзімдерде орындала алады. Соның ішінде, ол ұсынып көрсету бойынша; ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақытта толтырғаннан кейін белгілі бір уақытта; белгілі бір күні төленуге тиіс ретінде берілуі мүмкін. Басқа ақшалай міндеттемелерге қарағанда вексель бойынша міндеттеме төлемді бөліп бөліп жүргізуге жол бермейді. Сонымен қатар төлем жүргізу мерзімін анықтаудың аталған тәсілдерінен басқа тәсілдеріне де жол берілмейді. Мәселен төлемді сөзсіз болуға тиіс уақиғаға туралауға болмайды. Басқа заңнамаға карағанда вексель айналымын реттейтін заңнамада мерзімдерді анықтауға неғурлым қатты көңіл аударылатынын атап өткен жөн. Бұл, сондай-ақ вексель міндеттемесінің сөзсіздігі (шартсыздығы) туралы талаптарды жүзеге асыруға есептелген және төлемдерді басқа тәсілдерімен қатар вексельдер мен төлем жүргізуді тең колдануды қамтамасыз етуге арналған.
Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармасы вексельге оны ұсынып көрсеткенде төлем жүргізіледі. Осы тұста біздің ойымызша, ҚР АК 277-бабының 2-тармағының ережесі де сақталуға тиіс. Соған сәйкес мерзім талап ету сәтімен анықталған міндеттемені борышқор оны орындау туралы несиеберуші талап қойған күннен бастап жеті күн ішінде орындауға міндетті. Егер вексель міндеттемесінің талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше талап туындамаса, осы ереже қолданылуға тиіс. Сонымен қатар, төлеушіде мілдеттемені бірден орындауға немесе одан да қысқа ойға қонымды қажетті мерзім ішінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда да жеті күндік жеңілдік мерзім қолданылуға тиіс.
Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармалы вексель оны толтырған күннен бастап бір жыл ішінде төленуге ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқартуы немесе одан да ұзақ мерзімді белгілей алады. Ол сондай-ақ, мұндай аудармалы вексельдің белгілі бір мерзімнен бұрын төлемге ұсыныла алмайтындығын алықтай алады. Мұндай жағдайда ұсынып көрсетуге арналған мерзімін тыйым салынған кезең аяқталған сәттен бастап жүре бастайды.
Оны төлеуге ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақыт аралығымен есептелетін вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі акцепт күнінен не қарсылық білдіру күнінен бастап жүре бастайды. Егер қарсылық білдіру болмаса, күні белгіленбеген акцепт акцептантпен акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған деп есептеледі.
Толтырудан немесе ұсынып көрсетуден бір немесе бірнеше ай мерзімге берілген аудармалы вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі төлем жүргізілуге тиіс айдың тиісті күнінде басталады. Егер сол айда тиісті күн болмаса, төлем жүргізу мерзімі айдың соңғы күнінде түындайды. Егер аудармалы вексель толтырылу немесе ұсынылуға берілу күнінен біржарым немесе бірнеше айлар жартысы мерзіміне берілсе алдымен толық айлар есептелуге тиіс. Егер төлем мерзімі айдың басына, ортасына немесе аяғына белгіленбесе, онда төлем мерзімі болып тиісінше айдың бірінші, ол бесінші немесе соңғы күні есептеледі. «Сегіз күн» немесе «он бес күн» деген сөздер бір немесе екі аптаны емес, керісінше толық сегіз немссе он бес күндік мерзімдерді білдіреді. Жарты аймен белгіленген мерзім он бес күнге тең болады.
Вексель жөніндегі заңнама белгілі бір шамада мерзімдерге қатысты вексель міндеттемелері бойынша халықаралық жеке құқықтық да мәселелерін реттейді. Бұл Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы Заңының 36-бабында көрініс тапқан. Онда былай делінген: «Егер аудармалы вексель берілген жеріне қарағанда басқа күнтізбе кабылданған қандай да бір жердің белгілі бір күйінде төленуге жатса, онда төлем мерзімі төлем орнының күнтізбесі бойынша тағайындалған деп есептеледі».
Егер толтырылғаннан кейін белгілі бір жерге мерзімін де шығарылған аудармалы вексель бойынша беру орны мен төлем жүргізу орнында әртүрлі күнтізбелер әрекет етсе, онда төлем орнының күнтізбесі бойынша беру күйіне сәйкес келетін күн белгіленеді және осыған байланысты төлем мерзімі анықталады.
Аудармалы вексельдерді ұсыну мерзімдері тиісінше алдыңғы заң ережелерімен есептеледі.
Бұл ережелер егер аудармалы вексельде қандай да бір ескертпе жасалса немесе құжаттың мазмұны өзге ережелерді қабылдау ниетінің бар екенін көрсетсе қолданылмайды.
Төлемнің белгілі бір мерзімі бар аудармалы вексельді ұстаушы вексельді ол төленуге тиіс күні не келе жатқан екі жұмыс күнінің бірінде төлемге ұсынуға тиіс. Аудармалы вексельді есеп айырысу палатасына ұсыну оны төлемге ұсынумен тең келеді. Есеп айырысу палаталары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес депозиттерді қабылдауға есеп айырысуды жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар қарастырылады.
Аудармалы вексельге төлем жүргізген кезде төлеуші оны өзіне вексель ұстаушы төлемді алғандығы туралы қолхатпен бірге беруді талап ете алады. Вексель ұстаушы ішінар атөлемнен бас тартуға құқылы емес. Егер ішінара төлем жүзеге асырылса, онда төлеуші бұл жағдайда да осындай төлем туралы белгі қоюды және өзіне осы туралы қолхат беруді талап ете алады.
Кез келген кәсіпкерлік міндеттеме сияқты вексель міндеттемесі де жалпы ереже бойынша оны мерзімінен бұрын орындауды көздемейді, мерзімінен бұрын орындауға вексель ұстаушының келісімімен жол беріледі, бірақ ол бұған мәжбүрлене алмайды. Егер төлеуші төлемді мерзіміне дейін жасаса, онда ол мұны өз тәуекелі мен қаупіне сүйене жасайды. Төлемді мерзімінде жүзеге асырған тұлға, егер оның тарапынан алдау мен дөрекі абайсыздыққа жол берілмесе, міндеттемеден босатылады.
Егер ол орындалудың тиісті емес несие берушіге жасалатынын біле тұра соны жүзеге асырса, бұл алдау болады, ал дөрекі абайсыздық несие берушінің жеке басын анықтауда жол берілген елеулі олқылықтардан және (немесе) басқа да олқылықтардан көрінеді. Егер ол индоссанттардың қолтаңбаларының растығын тексермесе, бұл елеулі олқылық ретінде саналмайды, өйткені төлеуші тек индоссаменттер қатарының жүйелігін (кезектілігін) ғана тексеруге тиіс (Қазақстан Республикасының «Вексель айналысы туралы Заңының 39-бабының 3-т.).
Заңнама халықаралық жеке құқықтың сондай-ақ төлем жүргізудің тәртібіне де қатысты кейбір мәселелерін козғайды. Аудармалы вексель төлем жүргізу орнында қолданылмайтын валютада жасалып берілген (яғни міндеттеме ҚР аумағынан тыс жерде туындады дерлік) жағдайларда, онда оны сомасы төлем мерзімі басталған күндегі не іс жүзіндегі төлем күніндегі курс бойынша жергілікті валютада төлене алады. Шетелдік валюта курсы төлем жүргізу орнында әрекет етуші әдеттегілікке сәйкес анықталатын болады. Сонымен бірге вексель беруші төленуге жататын соманың вексельде белгіленген курс бойынша есептеспейтіндігін алдын ала ескертіп қоя алады.
Аудармалы вексельдің сомасы берілген елде және төлем жүргізу елінде де бірдей атауға ие, бірақ, әртүрлі курстарға ие валютада белгіленген жағдайда, есепке төлем орнының валютасы алынды деп болжанады.
Вексель міндеттемесі бойынша төлем қабылдауда несиеберуші (вексель ұстаушы) жалтарған жағдайда борышқор, басқа да міндеттемелер бойынша сияқты, оны вексель ұстаушының есебіне, оның тәуекелі мен қаупіне заңмен арнайы уәкілденген тұлғаның депозитіне тиісті соманы енгізу жолымен орындауға құқылы.
Жалпы, біз вексель міндеттемесіне және оны орындау тәртібіне, соның ішінде ол бойынша қамтамасыз ету мәселесіне қатысты барлық қырларды қарастырып өттік. Алайда кейбір ерекше мәселелер әлі де ашылмай қалып отыр. Соның ішінде оларға вексель міндеттемелерін орындаудағы делдалдық мәселесі жатады.
Делдалдық тапсырыс шартындағы өкілдікке немесе делдалдықты реттейтін басқа да шарттар негізіне қарағанда басқа түсінікті білдіреді. Вексель аймалымында делдал болып өз атынан белгілі бір вексель міндеттемесін орындайтын немесе вексельді акцептейтін және осыған орай несие берушінің (регридиенттің) құқықтарына ие болатын субъект табылады.
Мұндай қарым-қатынас делдалды вексель берушімен, индоссантпен немесе авалистпен тағайындауға негізделуі мүмкін, олар мұны осындай тұлғамен араларында орнатылған ішкі қарым-қатынасқа сүйене отыръш жасай алады. Делдал акцепт немесе төлем үшін тағайындалады.
Кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша бастапқы борышқорының қайсыбірімен өзінің белгілі бір қатынастарына тағы да сүйене отырып, қандай да бір тұлға вексель міндеттемесін орындауда ерікті түрде делдал болуы мүмкін.
Өзінің заңдық табиғаты жөнінен вексель міндеттемесі бойынша делдалдық борышты аудару болып табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару ерекшеліктеріне де вексель айналымын арнайы реттеу елеулі түрде ықпал етеді. Айқын ерекшеліктердің бірі болып, кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша борышты (төлем міндеттемесін) басқа тұлғаға аудару кезінде несие берушінің (вексель ұстаушының) келісімі талап етілмейтіндігі табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару еркіндігіне деген ымырашыл көзқарас мұндай әрекетті жасау вексель берушіні, индосанттарды, авалисті егер олардың барлығы вексель міндеттемесін жүзеге асыру процесінде көрінсе, міндеттемеден түпкілікті шеттетпейтіндігімен байланысты. Осы соңғы жағдай делдалдықтың борышқорды толығымен және түпкілікті ауыстыру орын алаты, борышты жай аударудан екінші мәнді ерекшелігі болып табылады.
Делдалдың әрекеттері белгілі бір мерзімге вексель бойынша төлем жасауға тиіс болған тұлғалардың мүдделерін ескерумен шектеледі. Яғни, делдал міндеттемені орындау бойынша сәйкес емес шығындарды көтеру жолымен белгілі бір сәтке іс жүзіндегі борышқорға өз әрекеттерімен зиян келтірмейтіндей етіп, вексель ұстаушыға қарсы сол бір немесе өзге негізделгсн қарсылықтарды қою мүмкіндігін борышқорға бермей және т.с.с. әрекет етуге тиіс. Осы айтылғанға орай делдал екі жұмыс күні ішінде кім үшін делдал боп шықса соны өзінің делдалдығы туралы хабардар етуге тиіс. Осы мерзімді сақтамаған немесе осы міндетті мүлдем орындамаған жағдайда, ол өзінің салақтығынан болған зиян үшін жауапты болады. Делдал үшін мұндай жағдайларда шектелген жауапкершілік көзделеді. Шығындар вексель сомасынан аспайтын мөлшерде, кім үшін әрекет етсе сол тұлғаға өтелуге жатады. Алайда, егер оған зиян келтірген делдалдың әрекеттері қасақана құқыққа қайшы сипатта жүзеге асса, онда мұндай жағдайда делдалдық келтірілген зиян үшін толық жауапкершілігі туралы сөз козғаған жөн.
Егер сонымен бірге вексель ұстаушыда регресске деген құқық пайда болатын болса, делдалдық тәртібіндегі акцепт төлем мерзімі басталғаннан кейін және оған дейін де орын алуы мүмкін. Соңғы жағдайда делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының еркінен тыс орын алуы мүмкін.
Делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының бастамасымен жүзеге асуы мүмкін. Егер аудармалы вексельде, қажеттілік жағдайына,
төлем орнында акцепт үшін немесе төлем үшін тұлға көрсетілген болса,
вексель ұстаушы, өз мүддесін корғай отырып, вексельді осы тұлғаға ұсынып көрсете алады. Егср акцепт жасалатын болса, вексель ұстаушы егер
де онда төлемді мерзімінен бұрын талап ету құқығы пайда болмаса, төлем
мерзімінің басталуын күтуге тиіс болады.
Жоғарыда аталған тұлға тарапынан акцептеуден бас тарту орын алғанда, вексель ұстаушы вексельді акцептемеуге қарсылық білдіруге тиіс. Сонда ғана ол төлем мерзімі басталғанға дейін делдалдық туралы нұсқау көрсеткен тұлғаға және осындай нұсқаудан кейін вексельге өз қолтаңбаларын қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығын жүзеге асыра алады.
Делдалдыктың басқа жағдайларында, яғни вексель бойынша төлем мерзімі басталғаннан кейін, вексель ұстаушы делдалдық тәртібніде акцепт қабылдауы мүмкін. Бірақ егер ол акцептке жол берсе, онда ол төлем мерзімі басталғанға дейін кімнің есебінен акцепт берілсе сол тұлғаға қарсы және соның артынан қол қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығынан айырылады. Басқаша айтқанда, делдалмен акцептке жол беру вексель ұстаушы үшін мерзімі бойынша вексель міндттемесінің шартын өзгертеді және міндеттемені уакытысында орындауды кідіртеді.
Делдалдық тәртібіндегі акцепт белгіленген болуға тиіс. Ол аудармалы вексельде белгіленеді және оған делдал қол қоюға тиіс. Онда міндетті түрде оның кімнің есебінен жасалғаны көрсетіледі. Бұл туралы нұсқау болмаған кезде акцепт вексель берушінің есебінен жасалған деп есептеледі.
Делдал - акцептант сол тұлғамен бірдей жағдайларда және соның атынан делдал болған тұлғадан кейін өз белгілерін қойған вексель ұстаушы мен индосанттарға қатысты міндетті болады. Делдалдық тәртібінде орын алып отырған акцептке қарамастан, ол кімнің есебіне жасалса, сол тұлға, сондай-ақ оған жауапты тұлғалар вексель бойынша соманы вексель ұстаушыға төлей отырып, одан вексельді қарсылықты беруді, тиісті жағдайда төлем туралы қолхат беруді де талап ете алады.
Делдалдық тәртібінде вексельді акцептеген тұлға белгілі бір жагдайларда төлемді де жасауға тиіс болады. Төлем жасау міндетті төлем мерзімі басталғанда немесе оған дейін вексель ұстаушыда регреске деген құқық пайда болған жағдайларда орындалуға тиіс. Төлем кім үшін төлем жасалса сол тұлғамен төленуге жататын барлық соманы қамтуға тиіс, яғни делдалдық тәртібіндегі вексель бойынша ішінара төлем жасауға жол берілмейді. Ол төлем жасамағаны үшін қарсылық білдіруге арналған соңғы күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жасалуға тиіс.
Белгілі бір мерзімдерді сақтау жөніндегі міндеттер вексель ұстаушыға да жүктеледі. Аудармалы вексель төлем орнында өздерінің тұрғылықты жері бар делдарлармен акцептелгенде немесе осындай тұлғаларға қатысты нұсқау болғанда, вексель ұстаушы оларға вексельді ұсынып көрсетуге және тиісті жағдайларда төлем жасамағандығы туралы қарсылықты қарсылық білдіру үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей білдіруте тиіс.
Егер бұл мерзімде қарсылық білдіру жасалмаса, онда қажеттілік жағдайына төлем жүргізуші тұлғаны көрсеткен немесе кімнің есебінен вексель акцептелген болса сол тұлға, сондай-ақ кейінгі индосанттар міндетті болудан қалады. Делдалдық тәртібіндегі төлемнен вексель ұстаушы бас тартқан жағдайда ол жауапкершіліктен босатылғандарға қарсы өзінің регресс құқысын жоғалтады.
Делдалдық тәртібінде төлем жасау кімнің пайдасына төлем жасалса, сол тұлғаны көрсете отырып аудармалы вексельде жасалған қолхатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай нұсқау болмаса төлем вексель беруші үшін жасалды деп есептеледі. Делдалдық тәртібінде төлем жасаған тұлғаға аудармалы вексель мен қарсылық (егер ол жасалған болса) берілуге тиіс.
Төлем жасаған делдал кім үшін төлем жасаса, соған қарсы және аудармалы вексель бойынша осы соңғы тұлғаның алдында міндетті тұлғаларға қарсы аудармалы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді. Бірақ делдал аудармалы вексельді кайта индоссациялау құқығына ие болмайды, вексельге өз қолын койған және сол үшін төлем жүргізілген тұлғадан кейін тұратын индоссанттар жауапкершіліктен босатылады.
Вексель бойынша бірнеше делдалдардың төлем жүргізу туралы ұсыныс жасау жағдайлары орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде басымдық кім неғұрлым көп тұлғалы жауапкершіліктен босата алса, соған беріледі. Төлем жасай отырып өзінің осы ережені бұзатындығын білетін делдал өз төлемінің заңдылығын даулау кезінде жауапкершіліктен босатылып кетуі мүмкін болған тұлғаларға катысты регресс құқығын жоғалтатын болады.
Вексель міндеттемесі бойынша заңнамамен, оны тиісті түрде орындамаған жағдайда карсылықтар мен талап арыздар мәлімдеуге негізделген құқықтарды қорғаудың арнайы механизмі көзделеді. Құқықтарды қорғаудың кейбір процедуралық мәселелерімен қатар вексель ұстаушының алдында міндетті тұлғалардың қайсыбірімен вексель міндеттемесі орындалмаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде вексель ұстаушы талаптарының мазмұны да реттелуге жататындығын атап өткен жөн.
Вексель бойынша құқықтарды корғау механизмін қолдану негіздері болып тізімі заңнамамен белгілеметін жағдайлардың орын алуы табылады. Жалпылама түрде оларды вексель міндеттемесін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаудан туындайтын жағдайлар ретінде сипаттауға болады. Сондай-ақ вексель ұстаушының құқықтарын бұзудың іс жүзіндсгі каупі де есепке алынады.
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, вексель ұстаушы егер төлем жасалмаған болса, индоссанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті тұлғаларға қарсы, сондай-ақ егер акцептеуден толық немесе ішінара бас тарту орын алса, төлем мерзімі басталғанға дейін өзінің регресс құқықтарын жүзеге асыра алады (төлем жасау туралы талап коюға). Келтірілген екі негіз вексель ұстаушының құқықтарын вексель міндеттемесін орындамау (тиісті түрде орындамау) жолымен бұзу жағдайларына жатқызылады. Акцептеуден бас тарту (толықтай немесе ішінара) екі түрлі қасиетке ие және оны, сонымен бірге вексель бойынша төлемді алуға деген құқықтардың бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттеге де жатқызуға болады.
Вексель ұстаушы құқықтарының бұзылуына қауіп төндіретін, талап арыз негіздерінің жағдайларына мыналар жатады: 1) төлем мерзімінің басталуы (Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Вексель айналысы туралы Заңының 42-бабы 1-т); 2) төлеуші төлемдерлі токтатқан жағдайда, егер де тіпті бұл жағдайлар сотпен анықталмаса да, оның вексельді акцептемегеніне немесе акцептегеніне қарамастан төлеушіні банкрот деп тану; 3) төлеушінің мүлкін өндіріп алуға нәтижесіз жүгіну орын алғанда; 4) төлем акцептеуге жатпайтын вексель бойынша жасалуға тиіс болған жағдайларда вексель берушіні банкрот деп тану.
Акцептеуден немесе төлемнен бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс (акцептемеуте немесе төлемеуге қарсылық білдіру). Вексель бойынша акцептемеу немесе төлемеу туралы қарсылық білдіру нотариуспен оған вексельді беру күнінен бастап бір күн ішінде онда акцептемеу немесе төлемеу фактісін куәландыратын тиісті жазбаны жасау жолымен жүргізіледі. Вексель беруші не индоссант, авилист құжатқа «аиналым шығындарсыз» ескертпе он немесе басқа тең мағыналы ескертпеге қол қойып, енгізу арқылы вексель ұстаушыны регресс құқығын жүзеге асыру үшін акцептемелеуге немесе төлемеуге қарсылық білдіруді жасаудан босата алады. Вексель берушімен енгізілген ескертпенің күші вексельге қол қойған барлық тұлғаларға қатысты жарамды болады, егер ол индоссантпен немесе авалистпен енгізілсе, онда ол солардың өздеріне ғана қатысты жарамды болады.
Мұндай ескертле вексель ұстаушыны аудармалы вексельді белгіленген мерзімдерде ұсынып көрсетуден де хабарлама жіберуден де босатпайды (ол туралы кейінірек айтылады). Сонымен бірге мерзімдердің сақталмауын дәлелдеу вексель ұстаушымен дауласқанда осы жағдайға сүйенетін тұлғаға жүктеледі.
Вексельге вексель берушімен енгізілген ескертпеге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірген жағдайда қарсылық білдіру бойынша шығындар оның өзіне жүктеледі. Егер де ескертпе индоссанттан немесе авалистен ғана шықса және вексель ұстаушы сонда да қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіру бойынша шығындарды өтеу вексельге қол қойған барлық тұлғалардан талап етілуі мүмкін.
Акцептің күнін белгілемегені үшін вексельге қарсылық білдіру вексельді акцептемеуде қарсылық білдіру үшін белгіленген тәртіп пен мерзімдерде жасалуы мүмкін. Егер вексельде акцептікке қатысты ескертпе болса, вексель бойынша оны акцептемеу жағдайында қарсылық білдіру төлеушінің шотынан қаражатты сөзсіз өндіріп алу үшін атқарушы құжат және негіз болып табылады. Төлеушінің шотында қаражат болмаған кезде қарсылық туралы мәлімдеуші тұлға вексель бойынша борышқордың мүлкін өндіріп алуды талап етуге құқылы.
Акцептемеуге және төлемеуге қарсылық білдіру және вексель бойынша борыштарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау вексель міндеттемелері бойынша дауларды шешудің сотқа дейінгі нысаны болып табылады. Осыған орай, егер, төлеуші вексель ұстаушының әрекеттерімен келіспесе онда ол оларды сот тәртібімен даулай алады.
Қарсылық вексельдің өзінде толтырылған және бөлінушімен қол қойылған арызбен алмастырыла алады, бұған вексель беруші аудармалы вексель мәтінінің өзінде қарсылықты ресми акт арқылы білдіруді шарттап койған жағдайлар кірмейді. Мұндай арыз да қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімдерде жасалуға және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тізімге енгізілуге тиіс. Сонымен бірге күні белгіленбеген индоссамент қарсылыққа дейін қойылған деп танылады. Акцептемеуге қарсылық білдіру акцептке ұсынып көрсету үшін белгіленген мерзімде жасалуға тиіс. Егер осы мерзімнің соңғы күнінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының 23-бабына сәйкес вексельді қайталап ұсынып көрсету орын алса, онда қарсылық келесі күні жасала алады. Акцептемеуге қарсылық білдірудің мәнісі оның оны төлемге ұсынудан және төлемеуге қарсылық білдіруден босататындығында.
Төлемеуге қарсылық білдіру аудармалы вексель төленуге жататын күні не келесі екі жұмыс күнінің бірінде жасалуға тиіс.
Егер төлеуші вексельді акцептеп, содан кейін төлемдерді тоқтатса немесе төлеушінің мүлкін өндіріп алуға жүгінудің нәтижесіздігі орын алса, вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды тек вексельді төлеушіге төлем жүргізу және қарсылық білдіру үшін ұсынып көрсеткеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.
Ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан, сондай-ақ егер вексель акцептеуге жатпаса, төлеуші банкрот деп танылғанда вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру үшін оны банкрот деп тану туралы сот шешімін ұсынып көрсету жеткілікті болады.
Құқығы бұзылған субъект өзінің индоссантын және вексель берушіні акцептелмегендік немесе төленбегендік туралы қарсылық білдіру күнінен кейін немесе егер вексель акцептеуге жатпайтын болса, ұсынып көрсету күнінен кейін келетін төрт жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс. Әрбір индоссант өз кезегінде, өзі хабар алған күннен кейнгі екі жұмыс күні ішінде өз индоссантына алынған хабар туралы хабардар етуге тиіс. Ол, сонымен бірге алдынғы хабарларды жібергендердің атаулары мен мекен-жайларын көрсетуге тиіс. Егер хабар қағазы аталған тұлғалардың біріне жіберілген болса, онда сол мерзімде хабар қағазы ол үшін аваль берген тұлғаға да жіберілуге тиіс.
Егер индоссанттардың бірі өз мекен-жайын көрсетпесе немесе оны түсініксіз көрсетсе, хабарламаны оның алдындағы индоссантқа жіберу жеткілікті болып табылады. Хабарлама кез келген тәсілмен, тіпті аудармалы вексельді жай қайтару жолымен де жасалуы мүмкін.
Егер хабарламаны жіберудің дер кезділігі туралы даулар туындаса бұл фактіні дәлелдеу міндеті хабарламаны жіберген тұлғаға жүктеледі. Хабарламаны дер кезінде жібермеу субъектіні өз құқықтарынан айырмайды. бірақ ол егер зиян оның салақтығы салдарынан туындаса, сол зияи үшін жауапты болады. Өтелетін шығынның мөлшері сонымен бірге, аудармалы вексель сомасынан аспауға тиіс.
Акцептемегендікке немесе төлемегендікке қарсылық білдірілгенде, бұл туралы міндетті тұлғаларды ескерту міндеті нотариусқа жүктеледі. Ол мұны вексельдегі мекен-жайларға немесе қарсылықты талап еткен тұлғалардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарламаны жіберу жолымен жасауға тиіс. Хабарлау бойынша шығындар карсылық бойынша шығындарға қосылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, вексель міндеттемесі өзінің белгілі бір айналымы (бір тұлғадан екіншілеріне өту) кезінде өзіне белгілі бір көпшілік субъектілерді тартады, осылайша ол көпшілік тұлғалар бар міндеттемеге айналады. Сонымен бірге оны бәсең көпшілікті міндеттеме ретінде сипаттауға болады. Вексель беруші, вексельді индоссациялағандардың барлығы вексель бойынша барлық авалисттер мен акцептанттар ол бойынша вексель ұстаушы алдында солидарлы (ортақ) міндеттілерге айналады. Осыған орай ол, басқа ортақ міндеттемелер бойынша несие беруші сияқты, өз таңдауы бойынша осы тұлғалардың барлығына, әрқайсысына жеке жеке немесе барлығына бірдей талап арыз кою құқығына ие болады.
Осындай құқық аудармалы вексельге төлем жүргізгеннен кейін оған қол койған әрбір тұлғаға тиесілі. Міндеттемелердің біріне қойылған талап арыз оны басқаларға тіпті егер олар бастапқы борышқордан кейін міндеттенген болса да, коюға кедергі келтірмейді.
Вексель ұстаушының құқықтарын қорғаудың көзделген механизмінің құрамдас бөліктерінің бірі болып вексель міндеттемесін бұзғаны үшін жауапкершілік табылады. Вексель ұстаушы қолдалылуын талап ете алатын жауапкершіліктің келесі санкциялары көзделген:
-
аудармалы вексельдің акцептелмеген және төленбеген сомасын
пайыздармен өндіріп алу, егер олар алдын ала шартталған болса;
-
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен вексель төленуге тиіс
болған күнге белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде
вексель сомасынан өсім өндіріп алу;
-
қарсылық бойынша, хабарлама жіберу бойынша, сондай-ақ басқа да
шығындарды өндіріп алу. Бұған қоса, талап арыз берген векссль ұстаушы талап арыз сомасына вексель сомасьшан 0,01 % мөлшерінде комиссия енгізе алады.
Талап арызды төлем мерзімі басталғалға дейін берген кезде вексель сомасынан есепке алу пайызы ұсталатын болады. Ол вексель ұстаушының тұрғылықты жерінде талап арызды беру күніне көзделетін ресми есепке алу ставкасына (банктік ставкаға) сәйкес еселтеледі.
Аудармалы вексельді төлеген тұлға өзінің алдында жауапты тұлғалардан мыналарды талал ете алады:
-
барлық төленген соманы:
-
аталған сомаға Қазақстан Реслубликасының Ұлттық Банкінен вексель талапкермен төленген күнге белгіленген қайта каржыландыру ставкасының мөлшерінде есептелген пайыздар;
3) осы тұлға көтерген шығындарды, сондай-ақ ол талап арыз сомасына вексель сомасынан 0,05% мөлшерінде комиссия енгізе алады.
Егер өзіне талап арыз койылған немесе қойылуы мүмкін міндетті тұлға төлем жасаса, онда ол өзіне төлемге қарсы аудармалы вексельді қарсылықпен және төлем туралы қол хатпен беруді талал ете алады. Аудармалы вексельді төлеген индоссанттардың кез келгелі өз индоссаментін сиякты өзінен кейінгі калған индоссанттардың да индоссаметтерін сызып тастай алады.
Бұрын ішінара акцепт жасаған тұлға өз шегінде соманы төлеген жағдайда оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі пайда болуы мумкін. Сондықтан вексель ұстаушы бұл төлемді вексельде белгілеп қоюға және ішінара төлем жасаған төлеушіге қолхат беруге тиіс. Бұған қоса, вексель ұстаушы оған вексельдің куәландырылған көшірмесін де, және ол кейінгі регресті жүзеге асыра алу үшін қарсылық білдіру актісін де беруге міндетті.
Талап арыз қоюға құқылы тұлғалардың кез келгені, егер өзгеше ескертілмесе, оған жаңа вексель (кері тратта) жазып беру арқылы төлемді ала алады. Мұндай вексель несие беруші алдында жауапты тұлғалардың біріне ұсынып көрсету мерзіміне осындай тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төлеммен беріледі.
Егер вексель жоғалтылатын болса, онда бұл үшін жауапкершілікті вексель ұстаушы көтереді, буған вексель беруші жоғалтылған вексель бергендігін мойындайтын жағдайлар кірмейді. Жоғалтылған вексель бойынша төлем ол бойынша құқық сот тәртібімен қалпына келтірілетін шарт кезінде жасалуы мүмкін. Жоғалғанның орнына жаңа векесль беру және беру жазбаларын қалпына келтіру оны жоғалтқан вексель ұстаушы есебінен жүргізіледі.
Қандай да бір тұлға вексельді жеткізуге міндеттенген жағдайда, ол вексель үшін оны жөнелтуге қабылдаған сәттен және адресатқа бергенге дейін жауапты болады.
Қарсылық білдіру немесе вексельді төлемге беру мрзімдерін өткізіп алған вексель ұстанушы өз құқықтарынан айырылуға және бұзушыларды жауапқа тарту мүмкіндігінен айырылуға тәуекел етеді. Буған өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған вексель ұстаушының әрекеттеріне төтенше жағдайлар мен бой алдырмайтын күштер кедергі келтірілген жағдайлар кірмейді.
Вексель міндеттемесі қатысушыларының құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін талап қою мерзімдері де елеулі маңызға ие (сотка дейінгі процедураларды сақтаған жағдайда).
Акцептантқа қарсы аудармалы вексельден туындайтын талап арыздар бойынша талап қою мерзімі үш жылды құрайды және ол төлем мерзімінің күнінен бастап жүреді. Егер сөз төлем туралы болып отырса және талап арыз осыған орай индоссанттар мен вексель берушіге қарсы берілуге тиіс болса, онда ол үшін бір жылдыққа талап қою мерзімі белгілеледі, бұл мерзім белгіленген мерзімде жасалған қарсылық білдіру күнінен бастап немесе егер акцептсіз төлем туралы ескертпе болса, төлем мерзімі күнінен бастап жүреді. Весельді төлеген индоссант немесе талап арыз қойылған индоссант талап арызды вексель бойынша төлем жүргізген күннен немесе өзіне талап арыз берілген күннен бастап алты ай ішінде басқа индоссанттарға немесе вексель берушіге қоя алады.
Егер сөз вексель бойынша жабуды қамтамасыз етпеген вексель берушіге деген талаптар туралы не негізсіз байыған индоссантқа немесе вексель берушіге, сондай-ақ жабуды алған немесе негізсіз байыған акцептантқа қатысты талап тарту ралы болса талап кою мерзімі қолданылмайды.
Талап кою мерзімдерінің өтуі Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін. Оның үзілісі кімге қарсы мерзімді үзу әрекеті жасалса, соған қатысты ғана өз күшінде болады, мәселен талап арыз қойылса.
Достарыңызбен бөлісу: |