Ар намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау



Дата31.03.2023
өлшемі16.76 Kb.
#471516
ар намыс


Ар намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау
Бүгінгі күні сөз бостандығы жария етілген заманда адам өз ойын еркін білдіре алады. Бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет желісі белсенді дамып тұрған кезде азаматтардың ар-намысы және қадір-қасиетіне, ұйымдардың іскерлік беделіне қысым жасалу қаупі бар. Ар-намыс дегеніміз азаматқа оның моральдік, іскерлік, отбасылық және өзге де қаисеттерінің негізінде қоғам тарапынан баға беру. Тұлғаның беделі және абыройы, сондай-ақ, күнделікті қолданылатын жақсы ат ұғымдарының мәні бір біріне ұқсас. Қадір-қасиет дегеніміз адамның өз құндылығын, өз қасиеттері мен қабілеттерін сезіну, яғни тұлғаның өзін-өзі бағалауы. Алайда егер де ар намыс пен қадір-қасиет тек азаматқа қатысты ғана қолданылатын болса, іскерлік бедел термині азаматқа да, заңды тұлғаға қатысты да қолданылады.
Азаматтық кодекстің 143-бабында егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратқан адам олар шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдей алмаса өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды сот жүзінде шындыққа сай келмейді деп тануды талап етуге құқылы екендігі туралы айтылған.
Жеке тұлғаның не ұйымның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне озбырлану орын алғандығы туралы деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін бірнеше жағдайлар көзделген.
Атап айтсақ, аталған құқық бұзушылықтың орын алуы үшін тұлғаны масқаралайтын мәліметтердің таратылуы шарт. Олар ауызша да, жазбаша да таратылуы мүмкін. Осындайда олар арыздашушының өзіне емес, үшінші тұлғаға айтылуы тиіс. «Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысында (онан әрі - Нормативтік қаулы) азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтердің баспа жүзінде жариялануы, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарлануы, қызметтік және басқа да мінездемелерде, көпшілік алдындағы сөз сөйлеулерде, әртүрлі ұйымдарға жолданған арыздарда, хаттарда көрсетілу немесе өзге, соның ішінде ауызша түрде бірнеше тұлғаларға немесе бір тұлғаға болсын хабарлануы азаматтар дың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәлімет терді тарату деп танылатындығы туралы айтылған
Сондай..ақ, мәліметтер жаман атқа қалдыратындай болуы тиіс. Мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын немесе іскерлік беделділігін заңдардың, қоғамның моральдық нормаларының сақталуы тұрғысынан қоғамдық пікірде немесе жекелеген азаматтардың пікірінде кемітетін мәліметтер.
Таратылған мәліметтер шынайы емес, ойдан шығарылған немесе арыз берген тұлғаға қатысты емес болуы міндетті шарт болып саналады.
Нормативтік қаулының 3-тармағына сәйкес АПК-тің 24-бабында және АК-тің 143-бабында көзделген тәртіпте сотың шешімдері мен сот үкімде рінде, тергеу органдарының қаулыларында және өзге де ресми құжаттарда келтірілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар қаралмайды, себебі заңда аталған құжаттарға шағым арыз келтірудің басқа тәртібі көзделген.
АК 141-ші бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес таратылған мәліметтер шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі. Талапкер тек өзін масқаралайтын мәліметтерді жауапкер таратқандығын ғана дәлелдеуі тиіс, осындайда ол өзінің ар- намысын және абыройын масқаралайтын мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігі туралы дәлелдемелер келтіруге құқылы. Егер де дәлелдемелер жеткіліксіз болсасот тараптарға қосымша дәлелдемелерді ұсынуға немесе оларды өз бастамасы бойынша сұратуға құқылы.
Қорғаудың арнайы нысандары дегеніміз - мәліметтерді теріске шығару немесе жауап қайтару - осындай мәліметтердің таратылуына жол берген тұлғалардың кінәсінің бар немесе жоқтығына байланыссыз қолданылады. Ар-намысты, абыройды немесе іскерлік беделдікті қорғау үшін қорғаудың арнайы әдістермен қоса жалпы әдістерін де пайдалану мүмкіндігін растайды. Осындайда кеңінен таралған әдістер туралы айтылған, олар: залалдарды өтеу және моралды зиян үшін өтемақы төлеу. Ар-намысты, абыройды немесе іскерлік беделдікті бұзу нәтижесінде туындаған мүліктік және мүліктік емес зиян зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді реттейтін нормаларына сәйкес өтелуі тиіс. Осы нормаларға сәйкес мүліктік зиян (шығындар) мәліметтер кінәлі түрде таратылған кезде ғана өтеледі, ал моральдік зиян кінә орын алғандығына не болмағандығына байланыссыз өтелуі тиіс.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы республиканың соттары ар-намысын, абыройын немесе іскерлік беделділігін қорғау туралы 552 азаматтық істі қозғаған. 321 істі қарау нәтижесінде шешім шығарылған, олардың ішінен 127 бойынша талап арыз қанағаттандырылсын деген шешім шығарылған. 85 қаралған іс бойынша өндірісі тоқтатылған, олардың ішінде 42 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған.
Осындай санаттағы істер бойынша соттардың шешімдеріне сәйкес өндіртіп алынатын жалпы сома 23 071 718 теңгені құрайды.
2015 жылы қаралған істер статистикасы келесідей: 523 іс қозғалған, олар бойынша 269 шешім шығарылған, шығарылған шешімдердің 104 шешімінде талап арыздар қанағаттандырылған. 80 іс тоқтатылған, олардың ішінде 36 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған. Сот шешімдеріне сәйкес 56 470 754 теңге өндіртіп алынған.
Статистикалық мәліметтер азаматтар мен заңды тұлғалар өзінің қорғау құқығын белсенді түрде пайдаланындығын көрсетті. Тиісінше, Қазақстан Республикасында ар-намысты, абыройды немесе іскерлік беделділік сот жүзінде қорғау институты тиімді қызмет етуде деген қорытынды жасауға болады.

Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау
Қазақстан мемлекеті әрбір азаматтың және ұйымның ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін жалпыға белгіленген міндеттер бойынша қорғайды және қандайда адамның жеке игілігіне кір келтіру бұзушылығы болса сот арқылы қорғауға болады. Қазақстан Республикасының құқығы әрбір субъекітіге өзінің абыройы, беделі, қоршаған ортаның сыйластығы маңызды екенінен шығады.
Заң ережелері бойынша субъектті құқығына жататындардың ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел құқығы тәртіп ержелерін белгілеп, басқа да адамдарға әсер етеді. Бұл ержелер тек реттеп және қорғау функцияларын орындап қана қоймай, сонымен қатар оның тәрбиелік маңызы бар. Бұл ережелер адамның өз еркімен жасалып, олардың қоғам алдындағы борышы деп түсіндірілу керек. Құқықтық қатынас арасында ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел құқына байланысты жанжал болса, ол белгіленген құқықтар мен ережелердің бұзылуына байланысты болады.
Жеке немесе заңды тұлғаға қандай да бір белгілі құқық берілсе, онда мемлекет сол берілген құқықтың орындалуының кепілдік жүйесімен қамтамасыз етеді және қорғауға алады. Сол кепілдік жүйесіне сай әрбір азаматтың өзінің бұзылған құқығын қалпына келтіру құқығы болады. Азамат немесе ұйым өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды сол таратушы адамдарға жасатуға талап етуге құқылы екенін заң қарастырады, сонымен қатар осы қатынастың қатысушыларын заң арқылы анықтайды.Бұл жағдайда бір адамның құқығын басқа адамдардың міндетін анықтайды.
Адамның жеке қажеттілігін жетклікті қанағаттандыру өзінше ғана болуы мүмкін емес, олар басқа әртүрлі топтардың, ұжымның, ұйымның құралдары арқылы болады. Сондықтан белгілі бір топ құқығын анықтауға болады және олар ұжымдық болып саналады. Бұл ұжымдық құқықтардың болуы біріншіден өмірдің қажеттілігі болса, ал екінші ұжымдық құқық пен бостандық қандай да бір мемлекеттің немесе бір қоғамдық ұйымның болуына байланысты болады.
Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік беделге ие болу құқығыңың мүмкіндігі үшінші адамға тәуелді емес және осы қатынастарды бұзбауға кез келген заңды немесе жеке тұлғадан талап ету керек.
Өзі туралы қалыптасқан пікірлерді әр түрлі салаларда қолдану мүмкіндігіне ие болу құқығы.
Өзінің іскерлік беделінің мазмұнына өзгеріс және қолдау жасау белгілі бір әрекеттер жасау мүмкіндігімен түйінделеді (осы мақсатпен шартқа отыру, мәліметтерді жариялау және жарнама жасау сияқты т.б).
Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел құқыңының ережлеріне сай жеке және заңды тұлғаларға міндетті адамдардың қол сұғуға тыйым салу мен қатар олардың ар- намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрайтын барлық субъекті құқықтар жиынтығын қолдануға рұқсат береді.
Субъект құқығы өздерінің тәртіптері мен қызметтері үшін дұрыс баға алады деген сенімділік алып, олар туралы жалған мәліметтер таратылмайды, оларға қысым жасалмайты, олардың заң, қоғамдағы тәртіп ережелерінің талаптарының сай дұрыс орындағандары бойынша нақты, дұрыс баға беруін талап ету мүмкіндіктері бар сай өздерін
Ар-намыс, қадір- қасиет, іскерлік бедел құқығына кез келген ұйымның, еңбек ұжымының, жеке тұлғаның бөлінбес құқығы болып табылады. Оны бұзу моралдық зиян, қоғамдағық жағдайда және іс-әрекеттің еркіндігіне шығын келтіру, қоршаған ортаға тиімсіз әсер етеді. Сондықтан мемлекет бұл мүліктік емес жеке құқықты қорғау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет