КІРІСПЕ
Дүниежүзілік қоғамдық өндірістердің жылдам дамуының нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілетін шығынның да мөлшері де артып отыр. Оны адамның өндірістік қызметінің бүкіл сферасын қамтитын құқықтық, техникалық және технологиялық шараларды қолданбай табиғи жолмен қалпына келтіру мүмкін болмай отыр.
Өндірістік қалдықтар мен (ӨҚ) мен өнеркәсіптердің технологиялық циклдары мен өндірістік ақаба суларды тазарту кезінде бөлінетін ластаулар ең алдымен ірі өндірістік орталықтар мен оларды қоршаған аймақтарға қауіптілік туғызады.
Сонымен бірге өндірістік қалдықтар құрамында қайта өңдеуге немесе бөліп алуға жарамды заттар бар бағалы технологиялық өнім болып табылады. Кеткен ағындылар және газдармен бірге жылудың елеулі түрде жоғалуы да энергияның жетіспеуі және өнім өндірісіндегі шығынды төмендету проблемасы жағдайларында қызығушылық туғызады.
Бағалы компоненттер мен жылуды қайта өңдеу , агрессивті заттар мен қауіпті құраушыларды залалсыздандыру, және де қауіпті және ары қарай қолдануға келмейтін материалдарды өндірістік технология әдістерімен көму,
қалдықсыз үрдістерді құру артуда және қазіргі өнеркәсіптер үшін елеулі қызығушылық тудырады.
Тәжірибелік сабақтарда қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру міндеттерін шешуге арналған негізгі тәсілдер мен техникалық құралдар және де қалдықтарды көму және қалдықтарды олардың мөлшері анықталады, олардың экологиялық қауіптілік дәрежесі мен агрегаттық күйін ескере отырып полигондарда орналастыру карталарының сызбанұсқасы дайындалады.
№ 1 Тәжірибелік жұмыс
ҮЙІНДІЛЕРДЕ БОЛАТЫН ТЕХНОГЕНДІ ШИКІЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ-МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Жұмыстың мақсаты – студентті қалдықтардың негізгі параметрлерін, олардың сипаттамалары мен газдардың негізгі заңдарымен өзара байланысын анықтауға үйрету.
1.Өлшеу бірліктері.
Қазіргі кезде техникалық есептеулерде өлшеудің халықаралық метрологиялық жүйесі қолданылады, оның негізін өлшем жүйесі құрайды.
Өлшем жүйесіндегі негізгі бірліктерге 1 м, 1 кГ, 1сек жатады. Сонымен бірге бірқатар арнайы есептеулерде абсолютті жүйені қолданады (СGS) (оның негізгі бірліктері 1 см, 1Г, 1 сек). Есептеулердегі негізгі метрологиялық шамаларына тоқталайық.
Салмақ (G,g). Металлургиялық есептеулерде салмақтың негізгі өлшемі килограмм (кг); материалдардың үлкен көлемі үшін тонна (т) түсінігі, ал аз мөлшерлер үшін грамм (г) қолданылады. Кей жағдайларда молекулалық бірліктерде – килограмм-молекулада (кг-моль) немесе грамм-молекулада (г-моль).
Көлем, сыйымдылық (V,v). Көлем бірлігі ретінде кубтық метр (М3)- қабырғасы 1 м. тең кубтың көлемі. Сыйымдылықтың бірлігі - литр (л) - бір килограмм судың оның ең үлкен тығыздығындағы көлемі(4 градус пен1 ат).
Достарыңызбен бөлісу: |