Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек?



Дата21.05.2024
өлшемі19.47 Kb.
#501628
Дайын Ситуац задачи без ответа 1


Әйелдер кеңесіне етеккірдің 3 айға кешігуіне шағымданып әйел келді. Айналарда қарау барысында қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық қарау кезінде: жатыры жүктіліктің 8-9 апталығына сай үлкейген, ассиметриялы. Қарау кезінде анықталған белгілер, жүктіліктің қандай белгілеріне жатады?


Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек?


40 жасар науқас, созылмалы бейспецификалық сальпингит диагнозымен стационардың гинекологиялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қынап пен вульва аймағындағы қышуға, ақшыл бөліністерге шағымданады. Мазасыз, ұйқысы бұзылған. Объективті: жыныс ағзаларын қараған кезде кіші жыныс еріндернің , қынаптың шырышты қабатының қызаруы, ірімшіктәрізді бөліністер. Сыртқы жыныс ағзалары аймағында тырналған іздер. Науқастың басым мәселесің көрсетіңіз:


Босанған әйел, босанудан кейін 3-ші тәулікте дене температурасының 38*С жоғарылауына, ішінің төменгі жағында тұрақты, сыздайтын ауырсынуларға, жағымсыз иісті іріңді лохияларға шағымданады. Қарау барысында жатыры кіндік аймағында, пальпацияда ауырсынады, лохиялар іріңтәрізді, жағымсыз иісті. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде, егер бала су іше алмаса, сұйқтықты көктамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде қандай ерітінді көктамырішілік еңгізіледі?

2 айлық қыз бала. Мазасыздануға, бөксе мен шап аймағында терісінің қызаруына шағымданады. Кеше күні бойы баланың жөргегі ауыстырылмады. Мерзімді, бірінші жүктіліктен дүниеге келген, емізулі. Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Бөксе мен шап қатпарларының терісінде айқын гиперемия байқалады. Басқа мүшелері ерекшеліксіз. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең иықтимал?

13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде ауызынан ацетон иісі шығады, байланысқа селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздер бар. ТАЖ -20 ЖСЖ-96 мин АҚҚ -90\50 мм с.б. Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруда алғашқы кезектегі әрекет болып табылады:


Жаңа туылған нәрестеге бірінші патронаж жасалуда. Анасымен емшекпен емізудің маңыздылығы жайлы әңгімелесу өткізілді. Тек табиғи тамақтандыру кезінде ғана болатын тамақтандырудың маңызды құраушы үрдісін көрсетіңіз:


Аталғандардың қайсысы нәрестелердің салмақ жоғалтуын алдын алу әдісі болып табылады?


Келесі қашықтықта жаңа туылғандардың дыбыстарға реакциясын тексеру қажет (метрмен):

Аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде тек қана бір таңғыш салу кабинеті бар. Медбике отадан кейінгі келесі диагноздары бар 4 науқасқа таңғыш ауыстыруы қажет: табан флегмонасы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы. Науқастарға таңғыш ауыстыруды қандай кезекте орындау қажет?


30 жасар науқас, үдеуші әлсіздікке, бас айналуға, бірнеше секунд есінен тануға шағымданады. Бірреттік «кофе тұнбасы» түріндегі құсық және «шайыр» (дегтеобразный) тәрізді нәжіс болған. Тері жамылғылары бозарған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. 7 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Науқасты қалай тасымалдау қажет?


70 жастағы науқасты тексеру барысында, Сіз іштің кебуін, перистальтиканың күшейген дыбысын және «щалпыл шуылын» байқадыңыз. Осы клиникалық көрініс қандай ауруға тән?


Науқас Б, 37 жаста. Әлсіздікке, басының ауруына , жүрек айнуға, мезогастрий мен эпигастрийдегі ауырсынуға, сұйық сулы нәжіске шағымданады, берретік құсу болған . Эпидемиологиялық анамнезі: аурудың алдында кешке гриль тауығын жеген. Қарау барысында жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, және температурасы 38,2*С , тері жамылғылары таза бозарған. Тілі құрғақ, сұр қақпен жабылған. Пальпацияда іші жұмсақ , эпигастрийде ауырсынады . ішектердің жолы бойынша қатты құрылдайды. Нәжіс сулы. «батпақты шылам» (болотная тина) түстес, тәулігіне 10 рет. Төменде аталғандардың қайсысы тәуелді медбикелік шаралар болып табылады?


Стационарға науқас әлсіздікке, t-38.1*С, сол жақ балтыр бұлшықетінің аймағындағы ауырсынуға, қызаруға, жергілікті температураның жоғарылауына серозды-қанды сұйықтыққа толы булланың пайда болуына шағымданып түсті. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

4 жастағы бала басының қатты ауыруына, әлсіздікке шағымданады. Бала анасының сөзінше баланың ауруы жедел басталды, дене температурасы көтерілді, басы ауыра бастады, құсу және әлсіздік пайда болды. Объективті: сәбидің санасы анық, дене температурасы -39,2*С, АҚҚ-60/20мм с.б. желке бұлшық еттерінің тартылуы анықталды. Болжамалы диагнозды таңңдаңыз:

Алыс аймақта дифтерия белгілерімен науқас анықталды. Көмей дифтериясына тән белгі?


Науқас С. 45 жаста, шынтақтың іріңді бурситін ашу жасалды. Жара антисептикпен жуылған, турундамен дренаждалған, стерильді дәкелі салфеткамен. Таңғыш материалды қандай таңғыш түрімен бекітіп байлау керек?

Электрожарақаттың 4-ші дәрежесі сипатталады
Егер реактивтіге дейінгі кезеңде гиперемия, ісіну, теріде мөлдір сұйқтықтарға толы көпіршік пайда болса, үсіктің қай дәрежесі?

Науқас 24 жаста. Тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпигатрий аймағында болатын ауырсынуға, қыжылдауға шағымданады. Диагноз қою үшін қандай әдістерін өткізу керек?


Эпигастрий аймағында «ашқарынға» және «түнде» болатын ауырсынуға шағымдану келесі ауруға тән:


Қарау кезіңде дененің жоғары бөлімдерінде «медуза басы» , асцит пен «тамырлы жұлдызшалар» симптомдарының анықталуы қандай ауруға тән?

Үлкейген, тығыз және ауырмайтын лимфа түйіндері кездеседі:
Миокард инфарктын диагностикалау үшін негізгі анализді таңдаңыз:

Темір тапшылықты анемияның ең жиі себебі болып табылады:


Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталды. Бұл патология қалай аталады:


Төсек режиміндегі 30 жасар ер адамның пульсі 98 рет\мин құрайды. Төменде аталған жағдайлардың қайсысы науқастағы осы мәселені сипаттайды?


Тері жамылғыларының бозаруымен, сілекей ағумен, бас айналу сезімімен жүрегін асқазан тұсындағы жағымсыз сезім:




АИТВ- жұқпалы әйелде, босану кезінде ұрық көпіршігін ашуды жүргізді, нәтижесінде ұрықмаңы суларының шшырауы туындады, тамшылары балалар медбикесінің көзіне және бетінің терісіне түсті. Медбике медициналық халат, бас киім, алжапқыш киген, бетінде –маска қолдарында –қолғап болған.бұл жағдайда сіз қандай бұзылыстарды байқадыңыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет