Күмәнсіз белгілер /Күмәнді белгілер /Мүмкін белгілер /Нақты белгілер /Субъективті белгілер ! Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек? /Фильтр



бет1/23
Дата21.05.2024
өлшемі239.1 Kb.
#501630
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
фл каз 08.02.2024


Фл 2023 каз



Әйелдер кеңесіне етеккірдің 3 айға кешігуіне шағымданып әйел келді. Айналарда қарау барысында қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық қарау кезінде: жатыры жүктіліктің 8-9 апталығына сай үлкейген, ассиметриялы. Қарау кезінде анықталған белгілер, жүктіліктің қандай белгілеріне жатады?
/Күмәнсіз белгілер
/Күмәнді белгілер
/Мүмкін белгілер
/Нақты белгілер
/Субъективті белгілер
!
Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек?
/Фильтр
/Физиологиялық босану бөлімшесіне
/Гинекологиялық бөлімшеге
/Анестезиология және реанимация бөлімшесіне
/Жүктілердің патологиясы бөлімшесіне
!
40 жасар науқас, созылмалы бейспецификалық сальпингит диагнозымен стационардың гинекологиялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қынап пен вульва аймағындағы қышуға, ақшыл бөліністерге шағымданады. Мазасыз, ұйқысы бұзылған. Объективті: жыныс ағзаларын қараған кезде кіші жыныс еріндернің , қынаптың шырышты қабатының қызаруы, ірімшіктәрізді бөліністер. Сыртқы жыныс ағзалары аймағында тырналған іздер. Науқастың басым мәселесің көрсетіңіз:
/Жыныс ағзалары аймағында қыш мен ақшыл бөліністер
/Ұйқысының бұзылысы
/Ыңғайлылықтың өзгерісі
/Денсаулықты бақылаудың әлсізденуі
/Жеткіліксіз гигиена
!Босанған әйел, босанудан кейін 3-ші тәулікте дене температурасының 38*С жоғарылауына, ішінің төменгі жағында тұрақты, сыздайтын ауырсынуларға, жағымсыз иісті іріңді лохияларға шағымданады. Қарау барысында жатыры кіндік аймағында, пальпацияда ауырсынады, лохиялар іріңтәрізді, жағымсыз иісті. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
/Эндометрит
/Миома
/Сальпингит
/Вагинит
/Параметрит
!
Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде, егер бала су іше алмаса, сұйқтықты көктамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде қандай ерітінді көктамырішілік еңгізіледі?
/Глюкоза 5%
/Глюкоза 40 %
/Регидрон ерттіндісі
/Реополиглюкин
/Рингер лактат
!
2 айлық қыз бала. Мазасыздануға, бөксе мен шап аймағында терісінің қызаруына шағымданады. Кеше күні бойы баланың жөргегі ауыстырылмады. Мерзімді, бірінші жүктіліктен дүниеге келген, емізулі. Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Бөксе мен шап қатпарларының терісінде айқын гиперемия байқалады. Басқа мүшелері ерекшеліксіз. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең иықтимал?
/Тербөртпе
/Пиодермия
/Баздану
/Склерема
/Күлдіреуік
!13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы, зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде ауызынан ацетон иісі шығады, байланысқа селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздер бар. ТАЖ -20 ЖСЖ-96 мин АҚҚ -90\50 мм с.б. Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруда алғашқы кезектегі әрекет болып табылады:
/Ем тағайындау
/Тексеруге жолдау
/Маман кеңесіне жолдау
/Дәрігер шақыру
/УДЗ –ғ,а жолдау
!
Жаңа туылған нәрестеге бірінші патронаж жасалуда. Анасымен емшекпен емізудің маңыздылығы жайлы әңгімелесу өткізілді. Тек табиғи тамақтандыру кезінде ғана болатын тамақтандырудың маңызды құраушы үрдісін көрсетіңіз:
/Тиімді сапа және негізгі нутриенттердің саны
/Ана мен баланың терілік- тактильді байланысы
/Анасының тамақ үлесінің антигендеріне иммунологиялық толеранттылықты дамыту
/Иммунологиялық қорғаныс
/Тиімді тамақ тәртібін қалыптастыру
!
Аталғандардың қайсысы нәрестелердің салмақ жоғалтуын алдын алу әдісі болып табылады?
/Баланы ерте ана кеудесіне жатқызу
/Инфузды терапия
/Сұйықты көп ішу және инфузды терапия
/Жасанды тамақтандыруға көшіру
/Шөлмектен тамақтандыру
!
Келесі қашықтықта жаңа туылғандардың дыбыстарға реакциясын тексеру қажет (метрмен):


0,25
/2
/5
/3
/3,5
!
Аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде тек қана бір таңғыш салу кабинеті бар. Медбике отадан кейінгі келесі диагноздары бар 4 науқасқа таңғыш ауыстыруы қажет: табан флегмонасы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы. Науқастарға таңғыш ауыстыруды қандай кезекте орындау қажет?
/іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, табан флегмонасы
/Қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, табан флегмонасы
/табан флегмонасы, , іштің ақ сызығының жарығы, асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі
/асқазан жарасы, қолдың 1 саусағының панарицийі, іштің ақ сызығының жарығы, табан флегмонасы
/Таңғыштарды ауыстырудың кезегі маңызды емес
!
30 жасар науқас, үдеуші әлсіздікке, бас айналуға, бірнеше секунд есінен тануға шағымданады. Бірреттік «кофе тұнбасы» түріндегі құсық және «шайыр» (дегтеобразный) тәрізді нәжіс болған. Тері жамылғылары бозарған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. 7 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Науқасты қалай тасымалдау қажет?
/Тек қана зембілмен
/Мүгедек арбасымен
/Өз бетінше қимылдау
/Персоналдың қолында
/Жаяу
!70 жастағы науқасты тексеру барысында, Сіз іштің кебуін , перистальтиканың күшейген дыбысын және «щалпыл шуылын» байқадыңыз. Осы клиникалық көрініс қандай ауруға тән?
/Ішектің жедел түйілуі
/Компенсациялық ойық жаралы стеноз
/Бауыр шаншуы
/Ішек инфарктісі
/Перитонит
!
Науқас Б, 37 жаста. Әлсіздікке, басының ауруына , жүрек айнуға, мезогастрий мен эпигастрийдегі ауырсынуға, сұйық сулы нәжіске шағымданады, берретік құсу болған . Эпидемиологиялық анамнезі: аурудың алдында кешке гриль тауығын жеген. Қарау барысында жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, және температурасы 38,2*С , тері жамылғылары таза бозарған. Тілі құрғақ, сұр қақпен жабылған. Пальпацияда іші жұмсақ , эпигастрийде ауырсынады . ішектердің жолы бойынша қатты құрылдайды. Нәжіс сулы. «батпақты шылам» (болотная тина) түстес, тәулігіне 10 рет. Төменде аталғандардың қайсысы тәуелді медбикелік шаралар болып табылады?
/Асқазанды жуу
/Науқасты қадағалау (ЖЖЖ, ТАЖ, АҚ)
/Өзіне-өзі күтім жасауға үйрету
/Зертханалық зерттеулерге дайындау
/Ыңғайлы жағдайды қалыптастыру
/!
Стационарға науқас әлсіздікке, t-38.1*С, сол жақ балтыр бұлшықетінің аймағындағы ауырсынуға, қызаруға, жергілікті температураның жоғарылауына серозды-қанды сұйықтыққа толы булланың пайда болуына шағымданып түсті. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
/Тілме
/Тромбофлебит
/Сіреспе
/Есекжем
/Экзема
!
4 жастағы бала басының қатты ауыруына, әлсіздікке шағымданады. Бала анасының сөзінше баланың ауруы жедел басталды, дене температурасы көтерілді, басы ауыра бастады, құсу және әлсіздік пайда болды. Объективті: сәбидің санасы анық, дене температурасы -39,2*С, АҚҚ-60/20мм с.б. желке бұлшық еттерінің тартылуы анықталды. Болжамалы диагнозды таңңдаңыз:
/Минингококті инфекция
/А грипп
/Инфекциялық-токсикалық шок
/Энтеровирусты инфекция
/Тағамдық токсикоинфекция
!
Жұқпалы аурушандықты зерттеу үшін қолданатын құжатты атаңыз:
/Шұғыл хабарлама
/Амбулаторлық науқастың талоны
/Амбулаторлық карта
/Ауру тарихы
/Ауруханадан шыққан науқастың статистикалық картасы
!
Алыс аймақта дифтерия белгілерімен науқас анықталды. Көмей дифтериясына тән белгі?
/Тығыз кірлі-сұр түсті жабындылар
/Тұншығу ұстамасы
/Байламастылық кеңістіктің шырышты қабатының ісінуі
/Үрмелі жөтел
/Қызба
!Науқас С. 45 жаста, шынтақтың іріңді бурситін ашу жасалды. Жара антисептикпен жуылған, турундамен дренаждалған, стерильді дәкелі салфеткамен. Таңғыш материалды қандай таңғыш түрімен бекітіп байлау керек?
/Тасбақа тәрізді таңғыш
/Дезо таңғышы
/Масақ тәрізді таңғыш
/Спираль тәрізді таңғыш
/Крест тәрізді таңғыш
/!
Электрожарақаттың 4-ші дәрежесі сипатталады:
/Клиникалық өлім
/Тырысу, есі сақталған
/Есін жоғалтумен бірге тырысу
/Есі сақталған, тынысы бұзылған
/Сезімталдық жойылған, рефлекстер сақталған
!
Егер реактивтіге дейінгі кезеңде гиперемия, ісіну, теріде мөлдір сұйқтықтарға толы көпіршік пайда болса, үсіктің қай дәрежесі?
/ІІ

/ІІІ В
/ІІІ А
/ІV
!
Науқас 24 жаста. Тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпигатрий аймағында болатын ауырсынуға, қыжылдауға шағымданады. Диагноз қою үшін қандай әдістерін өткізу керек?
/ЭФГДС
/УДЗ
/Холецистография
/Ирригоскопия
/Колоноскопия
!
Эпигастрий аймағында «ашқарынға» және «түнде» болатын ауырсынуға шағымдану келесі ауруға тән:
/12 елі ішектің ойық-жарасы ауруы
/Гастрит
/Асқазанның ойық-жарасы
/Асқазанның қатерлі ісігі
/Жедел холецистит
!
Қарау кезіңде дененің жоғары бөлімдерінде «медуза басы» , асцит пен «тамырлы жұлдызшалар» симптомдарының анықталуы қандай ауруға тән?
/Бауыр циррозы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет