С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
|
4 ЖМ ІШКІ АУРУЛАР МОДУЛІ ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ БОЙЫНША ТЕСТТЕР
|
ПСОРИАЗ
! 1 Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:
* түйіншек
* жарылу
* төмпешiк
* көпіршік
* күлдiреуiк
! 2 Псориаздық бөртпелердiң ең жиi орналасатын жерiн атаңыз:
* бет
* аяқ-қолдың алдынғы бетi
* аяқ-қолдың жазылма бетi
* шырышты қабық
* табан
! 3 Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Сіздің диагнозыңыз:
* қызыл жазық теміреткі
* псориаз
* Жибердің қызғылт теміреткісі
* атопиялық дерматит
* екіншілік мерез
! 4 Дәрігерге 25 жасар науқас 1 апта бұрын бастың шашты бөлігінде аяқ-қолдың сыртқы бетінде және денесінде пайда болған ұсақ ашық қызыл түсті ақ күміс түсті қабыршықтардан жабылған бөртпелерге шағымданды, ауырғанына 3 жыл. Рецидив қыста. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдістерді жүргізу керек:
* псориаздық үштік белгісі
* Никольский белгісі
* Бальзер сынамасы белгісі
* Ядоссон сынамасы
* Бенье-Мешерский белгісі
! 5 Қабыршақты темiреткiге тән бөртпенi атаңыз:
* төмпешік
* көпіршік
* түйiншек
* түйін
* күлдіреуік
! 6 50 жасар науқас 10 жылдан берi созылмалы терi ауруымен аурады. Жылда күзде-қыста ауру қайта қозып отырады. Қарағанда аяқ-қолының жазылма бетiнде,әсiресе шынтағы мен тiзесiнде,қывзғылт түстi,дөңгелек ,бетiнде күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер мен табақшалар орналасқан.Түйiншектердiң көлемi 0,2-см-ден 1,5-2,0 см аралығында. Бөртпелердi тырнағанда үш белгi-стеарин дағы, терминалдық қабықша, нүкте тәрiздi қан( қан шығы) ағу байқалады. Сiздiң диагнозыңыз:
* қызыл жазық темiреткi
* Жибердiң қызғылт темiреткiсi
* дискоидтық қызыл жегi
* псориаз
* диффуздық нейродермит
! 7 Науқас адамның терiсiнде көптеген қызғылт түстi, тарының дәнiнен тиынның көлемiндей, күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер пайда болған. Сiздiң диагноз туралы пiкiрiңiз:
* қызыл жазық темiреткi
* псориаз
* кебектi темiреткi
* мерез
* диффуздық нейродермит
! 8 Аяқ-қолдың жазылма бетiнде ашық қызыл,көлемi 2-3 мм, күмiс қабыршақты түйiншектер шыққан.Қабыршақтар оңай түседi. Стеарин дағы,терминалдық қабықша, қан шығы белгiлерi бар.Диагнозы қандай ?
* шектеулi нейродермит
* қызғылт темiреткi
* псориаз
* қызыл жазық темiреткi
* Дюринг дерматозы.
! 9 Псориаздық бөртпелердiң жиi орналасатын жерiн атаңыз:
* аяқ-қолдың бүгiлме бетi
* бетте
* шынтақ пен тiзеде
* табанда
* ірі қатпарларда
! 10 32 жасар науқастың аяқ-қолының,басының,кеудесiнiң терiсiне көптеген iрi сiңбелi,қызыл-көкшiл түстi.шеттерi ирек-ирек, сау терiден анық шектелген,бетi қабыршақты табақшалар шыққан.Зақым ошақтары аздап қышиды.Ауру көбiнесе қыста қозады.Диагнозын анықтау үшiн қосымша қандай зерттеу жасау керек
* серологиялық зерттеу
* зақым ошағына май жағып қарау (Уикхем торын көру үшiн)
* белгiлер үштiгiн анықтау (стеарин дағы,терминалдық қабықшы, қан шығы)
* зақым ошағынан алынған материалды микроскоппен қарау
* гистологиялық зерттеу
! 11 Псориаздың үдемелі сатысына тән белгіні көрсет:
* елек белгiсi
* псориаздық үштiк
* ысқы белгісі
* қабықша-қабыршақ
* Кебнер белгісі
! 12 Псориаздың мүгедектікке әкелетін түріне тән клиникалық белгіні көрсет:
* қарапайым
* жалқықты
* интертригинозды
* артропатиялық
* фолликулярлы
! 13 Псориаздың тұрақты сатысына тән белгіні көрсет:
* Кебнер белгісі
* Никольский белгісі
* қабыршығы бар табақша
* жаңа түйіншектердің шығуы
* қышу
! 14 42 жастағы адам 10 жылдан берi терi ауруымен ауырады. Бөртпелер шынтағында, тiзесiнде, басында, ал қыста бөртпелер кеудесiнiң, аяқ-қолының терiсiне жайылып кетедi. Басында,кеудесiнде, аяқ-қолында өте көп түйiншектер мен табақшалар орналасқан. Түсi ашық қызыл, анық шектеулi,бетiнде күмiстей қабыршақтары бар. Аздап қышиды. Сiздiң болжамды диагнозыңыз:
* қызыл жазық темiреткі
* псориаз
* себореялық экзема
* нейродермит
* аллергиялық дерматит
! 15 45 жастағы адам терiсiне бөр тпелердiң шыққанына шағымданады.
Аяқ-қолының жазылма бетiнде, кеудесiнде милиарлық, лентикулярлық,ашық қызғылт түстi,шетiне қарай өсуге бейiм, Кебнердiң изоморфтық реакцияс ымен,үштiк белгiсiмен түйiншектер шыққан.5жыл болған ауырғанына,ауруы көбiнесе қыста қозады. Сiздiң болжамды диагнозыңыз
* жайылмалы псориаз,тұрақты сатысы, қыстық түрi
* қызыл жазық темiреткiрiң үдемелi сатысы
* псориазға ұқсас мерездiк түйiншектер
* диффуздық нейродермит
* жайылмалы псориаз,үдемелi сатысы, қыстық түрi
! 16 Псориаздың жергiлiктi емiне қолданылады:
* эритромицин майы
* салицил майы
* низорал майы
*33 % күкiрт майы
* цинк пастасы
! 17 Псориаздағы стеарин дағы белгiсi байланысты:
* паракератозбен
* гиперкератозбен
* акантозбен
* папилломатозбен
* вегетациямен
! 18 Псориаздық үштiк белгiсiне не жатады:
* стеарин дағы
* Бенье белгісі
* ысқы белгiсi
* фолликулярлы гипенкератоз
* «әйел өкшесі» белгісі
!19 Псориаздың жиі кездесетіе клиникалық түрі:
* кәдiмгi
* атрофиялық
* iрiңдi
* артропатиялық
* вегетациялық
! 20 Псориазға тән гистологиялық белгісі:
* паракератоз
* гранулематоз
* спонгиоз
* вакуольдық дегенерация
* баллондық дегенерация
! 21 Псориазға тән дермадағы өзгерiс:
* жасушалық сiңбе
* папилломатоз
* тамырлардың тарылуы
* гранулема
* сему
! 22 Кәдiмгi псориаздың клиникалық түрiне жатпайтынан атаңыз:
* тамшы тәрiздi
* табақшалық
* жалқықтық
* эритродермиялық
* атрофиялық
! 23 Псориазық үштiк белгiсiне жатады:
* тамшалы қан шығу
* тас көше
* алма қойырпағы
* Уикхем торы
* әйел өкшесі
! 24 Псориаздың даму сатылары:
* созылмалы
* үдемелi
* жедел
* аралас
* анықталмаған
Достарыңызбен бөлісу: |