ХХ ғасырдың қол жеткізген үлкен жетістігінің бірі – ғылымның түрлі
салалырының өзара байланысы мен шектес пәндердің дүниеге келуі.
Гуманитарлық пәндер арасындағы аталмыш
синтезді адамзаттың іс-
әрекеті мен қызметінің заттанған, таңбаланған нәтижелерін өнбойына
сіңірген мәдениеттің феномені ретіндегі мәдениеттанулық зерттеулерден
көруге болады. Фразеология саласын зерттеуші ғалым В.Н. Телия сөзі-
мен айтсақ, «... қазіргі уақытта тіл мен мәдениеттің ара-қатынасын зерттеу
мәдениеттану ғылымының негізгі міндеті болып табылады» [В.Н. Телия,
1996; 217 б.].
Лингвомәдениеттану ғылымын зерттеуші ғалым В.Н.
Маслова пәннің
мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, тілдік бірліктер негізінде ғана
мәдени бірліктердің көзі ашылмайды, керісінше, мәдени бірліктер арқылы
тіл бірліктерінің табиғатын ашуға әбден болады [В.А. Маслова, 1997; 7 б.]
деген пікір айтады.
Тілдің екі жақтық функциясы – қарым-қатынас құралы және сөйлеушінің
конитивтік қызметінің бейнесі болуы, тілде адамзат өмір сүрген ортаның
бейнесі көрініс табады, адам үшін қызмет ететін тіл адамзат өмір сүретін
әлемге, дүниеге де өз әсерін тигізеді, әлемдегі өзгерістер адамдар ұжымына,
олардың көз-қарасына, мінез-құлқына, қарым-қатынасына да әсер ете ала-
ды деген антропологтар мен культурологтар, философтар мен этнографтар
пікірлеріне сүйене отырып, лингвист ғалымдарға өзіндік тұжырым жасауға
ықпалын тигізеді. Әлемдегі өзгерістер, тарихи құбылыстар мен халық ба-
сынан кешірген оқиғалар тілде өз ізін қалдырары сөзсіз аксиома.
Түркі тілдерінің құрылым-құрылысына қатысты іргелі ғылыми зерт-
теулер, сондай-ақ түркі тілдерінің әрқайсысының
сөздік қорларын
түстеп түгендеуге бағытталған терминологиялық, диалектологиялық,
ономастикалық, түсіндірме, екі тілді т.б. сипаттағы сөздіктер, ауыз
Авакова Р.А. Фразеосемантика
132
әдебие тінің сан алуан жанрларына қатысты көлемді жинақтар т.б. негізінде
түркі тілдерін салыстыра зерттеудің фактологиялық
базасы толығымен
қалыптасты десек те, оны жетілдіру мен толықтыруды бүгінгі таңдағы
түркітілдес халықтардың интеграциялану үдерісі талап етеді. Олай бол-
са, түркі тілдерінің зерттелу деңгейлерінің әр қилылығы, түркі тілдерінің
әрқайсысының тілдік қорын толық ашып көрсететін сөздіктердің біркелкі
жасалмағандығы, түркі тілдерінің лексикологиясы
мен фразеологиясы
саласының қарастыратын мәселелерінің аса ауқымдылығы т.б. обьективті
себептерге қарамастан, көне және ортағасырлық тарихи жазба мұралардың
әрқайсысының сөздігін түзу, түркі тілдері арасында екі тілді, көп тілді
сөздіктер құрастыруды қолға алу – түркі лексикографиясының ғана емес,
жалпытүркологиялық заманауи өзекті мәселе.
Егер халық тілін оның тарихи-мәдени құндылықтар әлемінің таныта-
тын айнасы десек, түркі тілдерінің лексика-фразеологиялық қоры түркілік
дүниетаным мен ділдік болмыстың, түркілік рухани құндылықтар жүйесінің
концептуалдық тұғырнамасын, түркі өркениетінің қайталанбас болмысын
танытатын тілдік дереккөз қызметін атқаратынымен ерекшеленеді. Осы
орайда түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы-сипат-
тамалы фразеологиясын қалыптастыру – ең алдымен оның эмпирикалық
материалдық
базасын дайындаумен, яғни жекелеген түркі тілдерінің
фразеологиялық түсіндірме сөздіктерін ғана емес, екі немесе үш туыс
тілдердің фразеологиясын қамтыған сөздіктер құрастырумен тығыз бай-
ланысты.
«Әлемнің бейнесін адам жасайды. Әлемнің бейнесі дегеніміз – бұл
тіршілік әрекетінің айнадай көрінісі емес, ол оның белгілі бір деңгейдегі
интерпретациясы, себебі «белгілі бір
призма арқылы әлемді көру
есебінен құрылатын әлемнің кез келген бейнесінің құрамында адамзаттық
субъективтілік, арнайы белгілері әрдайым кездеседі» [А.А. Султангубиева
2009; 8б.]. Әлемнің бейнесі адамның дүниетанымының өзегін құрайды және
оның негізгі қасиеттерін бойына жинайды», бұл тілдің антропоцентрлігінің
негізі болып табылады [А.И. Геляева, 2002; 41 б.]. Әлемнің тілдік бейнесі
– сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу
құралдары ретіндегі өзара әрекеттерінің нәтижесі. Әлемнің концепту-
алды көрінісі ұғымының аясы өте кең, себебі оның жасалу барысында
ойлаудың көптеген түрлері қызмет атқарады, олардың қатарында бейвер-
балды түрлері де кездеседі. Берілген ұлттық тілдің нұсқасына тән арнайы
тәсілдер мен атау (номинация) құралдары әлемнің тілдік бейнесінің ажы-
рамас бөлшегі ретінде әлемнің номинативтік көрінісін білдіреді.
Тіл әлемнің ұлттық мәдени көрінісін жүзеге асырады, вербалданды-
рады, оны сақтайды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей
бермейді, олар тек қана бейнелей алады. Біз
мәдениеттің тілге алғашқы
қатынасы немесе керісінше, тілдің мәдениетке деген қатынасы туралы са-