1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы «___» _______
№ ____ бұйрығына
10-қосымша
«Құпиялылық туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – құпиялылық туралы келісім.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
1. Өтеусiз негізде геологиялық ақпаратты беру
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінімі геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау рәсімін (әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
5. Геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау тәртібі:
1-рәсім – өтінімді қабылдауды (30 мин.) және тіркеуді (30 мин.) жүзеге асыру және басшы және жетекшілік ететін басшы орынбасары оған бұрыштама қойып, өтінімді тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберуі үшін, оны басшылыққа беру;
2-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және өтінімді қарауға жібереді;
3-рәсім – жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар жиынтығының комплектілігі мен толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, 5 күн мерзім ішінде өтінім Көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылып беріледі;
4-рәсім – уәкілетті органның жауапты орындаушысы өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім жасау үшін өтінімді 3 күн мерзім ішінде тиісті өңіраралық департаментке (бұдан әрі – ӨД) жібереді;
5-рәсім – ӨД өтінімді алғаннан кейін 7 күн мерзім ішінде Көрсетілетін қызметті алушымен өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім жасасады.
-
Жер қойнауын пайдаланудан бос объект бойынша
геологиялық ақпаратты ақылы негізде беру
6. Көрсетілетін қызметті алушының үзiндi көшiрме мен көшiрме жасау құқығынсыз жер қойнауын пайдаланудан бос объект бойынша геологиялық ақпаратпен танысуға өтінімі геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау бойынша рәсімді (әрекеттерді) бастау үшін және геологиялық ақпаратты оған қоса қызығушылық тудыратын объект жөніндегі мәліметтерді (объектінің атауы, объектінің орналасуы туралы мәлімет – облыс, аудан, жақын орналасқан елді мекендер, басқа да объектілер, егер болса – бұрыштық нүктелердің немесе объект орталығының географиялық координаттары) немесе қызығушылық тудыратын геологиялық есептердің тізбесін алуға негіз болып табылады.
7. Геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау тәртібі:
1-рәсім – өтінімді қабылдауды (30 мин.) және тіркеуді (30 мин.) жүзеге асыру және басшы және жетекшілік ететін басшы орынбасары оған бұрыштама қойып, өтінімді тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберуі үшін, оны басшылыққа беру;
2-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және өтінімді қарауға жібереді;
3-рәсім – жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар жиынтығының комплектілігі мен толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, 5 күн мерзім ішінде өтінім өтініш берушіге қайтарылып беріледі;
4-рәсім – уәкілетті органның жауапты орындаушысы қызығушылық тудыратын объектінің жер қойнауынан бос/бос еместігі туралы ақпарат алу үшін, Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті бөлімшесіне жазбаша өтінім жібереді, немесе сұратылған геологиялық есептердің жер қойнауынан бос/бос еместігі туралы ақпарат алу үшін, Геологиялық қорлар бөлімшесіне (бұдан әрі – ГҚБ) өтінім жібереді;
5-рәсім – КБ/ГҚБ 7 күн мерзім ішінде объектінің/ геологиялық есептердің жер қойнауынан бос/бос еместігі жөнінде жазбаша жауап береді;
6-рәсім – объект/ геологиялық есептер жер қойнауынан бос болған жағдайда, уәкілетті органның жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушыға республикалық және тиісті аумақтық геологиялық қорларда үзінді көшірме мен көшірмелер жасау құқығынсыз осы объект бойынша геологиялық ақпаратпен/сұратылған геологиялық есептермен танысуға рұқсат береді.
Объект/ геологиялық есептер жер қойнауынан бос болмаған жағдайда, уәкілетті органның жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушыға объектінің/ геологиялық есептердің жер қойнауынан бос еместігі және танысуға рұқсат беру мүмкін еместігі жөнінде жауап береді;
7-рәсім – Көрсетілетін қызметті алушы оның қызығушылығын тудыратын геологиялық материалдарды іріктеп алады және Көрсетілетін қызметті берушіге оларды алуға өтінім береді;
8-рәсім – Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ақылы негізде құпиялылық туралы келісім жасасу үшін өтінімді 3 күн мерзім ішінде тиісті өңіраралық департаментке жібереді;
9-рәсім – ӨД-нің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының іріктеп алған геологиялық ақпараты бойынша түгендеу ведомосын жасайды, оны ӨД басшысы бекітеді және 7 күн ішінде Көрсетілетін қызметті алушымен ақылы негізде құпиялылық туралы келісім жасасады.
-
Жер қойнауын пайдалану құқығын алғаннан кейін
ақылы негізде геологиялық ақпаратты беру
8. Конкурс нәтижелері бойынша немесе тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған Көрсетілетін қызметті алушының құпиялылық туралы келiсiм жасауға және геологиялық ақпараттың көшірмелерін алуға өтінімі, оған қоса міндетті түрде берілген тау-кендік/геологиялық бөлудің көшірмелері, жұмыстарды орындауға арналған тікелей келіссөздер хаттамалары/талаптар геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау бойынша рәсімді (әрекеттерді) бастауға негіз болып табылады.
9. Геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау тәртібі:
1-рәсім – өтінімді қабылдауды (30 мин.) және тіркеуді (30 мин.) жүзеге асыру және басшы және жетекшілік ететін басшы орынбасары оған бұрыштама қойып, өтінімді тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберуі үшін, оны басшылыққа беру;
2-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және өтінімді қарауға жібереді;
3-рәсім – уәкілетті органның жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар жиынтығының комплектілігі мен толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, 5 күн мерзім ішінде өтінім өтініш берушіге қайтарылып беріледі;
4-рәсім – уәкілетті органның жауапты орындаушысы түгендеу ведомосын жасау, ақылы негізде құпиялылық туралы келісім жасау және геологиялық ақпаратты беру үшін өтінімді 3 күн мерзім ішінде тиісті ӨД-ге жібереді;
5-рәсім – келіп түскен өтінімнің негізінде ӨД 7 күн мерзім ішінде түгендеу ведомосын жасайды, оны ӨД басшысы бекітеді, геологиялық ақпарат құнын/тарихи шығындарды есептейді және Көрсетілетін қызметті алушымен ақылы негізде құпиялылық туралы келісім жасасады.
-
Келісімге толықтыру жасасу кезінде
геологиялық ақпаратты беру
10. Көрсетілетін қызметті алушының өтінімі, оған қоса міндетті түрде берілген келісімшарттық аумақты кеңейту кезінде – келісімшарттық аумақты кеңейту туралы құзыретті органның шешімі мен кеңейтілген бөлімге арналған тау-кендік/геологиялық бөлу; қосымша геологиялық ақпаратты алу кезінде – қажетті геологиялық ақпарат тізімі; үш жақты шарт жасасу кезінде – мердігерлік жұмыстарды орындау туралы шарт; жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде – жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы құзыретті органның шешімі, қайта ресімделген тау-кендік/геологиялық бөлу геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау бойынша рәсімді (әрекеттерді) бастауға негіз болып табылады.
11. Геологиялық ақпаратты беру үшін құжаттаманы дайындау тәртібі:
1-рәсім – өтінімді қабылдауды (30 мин.) және тіркеуді (30 мин.) жүзеге асыру және басшы және жетекшілік ететін басшы орынбасары оған бұрыштама қойып, өтінімді тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберуі үшін, оны басшылыққа беру;
2-рәсім – құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді және өтінімді қарауға жібереді;
3-рәсім –жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар жиынтығының комплектілігі мен толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, 5 күн мерзім ішінде өтінім Көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылып беріледі;
4-рәсім – уәкілетті органның жауапты орындаушысы құпиялылық туралы келісімге толықтыру немесе үш жақты шартты жасасу үшін өтінімді 3 күн мерзім ішінде тиісті өңіраралық департаментке (бұдан әрі – ӨД) жібереді;
5-рәсім – ӨД келіп түскен өтінімді алып, 7 күн мерзім ішінде түгендеу Көрсетілетін қызметті алушымен ақылы негізде құпиялылық туралы келісімге толықтыру немесе үш жақты шарт жасасады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесу тәртібіне сипаттама
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) бөлімше басшысы;
3) жауапты орындаушы;
4) өңіраралық департамент.
13. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы жазылған, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігіне сипаттама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымшада берілген.
«Құпиялылық туралы келісімді жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Функционалдық өзара әрекет ету диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |