ПОӘК 042 14 03-064 2008 №1 басылым



бет6/11
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#206236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс 3. Экономикалық және салыстырмалы талдау әдістері.

  1. Экономикалық талдаудың дәстүрлік әдістері.

  2. Салыстырмалы талдаудың қолданылуы және мазмұны.

  3. Салыстырмалы талдаудың кезеңдері.

Экономикалық талдау әдісі, шаруашылықтың қалыптасуында және дамуында экономикалык процестерді зерттейтін ғылыми сала.

Экономикалық тәлдау тәсілдері және әдістері екі топқа белінеді: дәстүрлік және математикалық. Экономикалық талдәу әдістерімен негізгі дәстүрлік тәсілдердің қатарына абсолютті, салыстырмалы және орташа шамалардың пайдалануын салыстырудың, топтаудың, индекстік әдістің, тізбекті алмасу әдіспен, баланстық әдісті колдануды қосуға болады.

Экономикалық құбылыстардың, процестердің, жағдайлардың, немесе басқа көрсеткіштердің талдануы абсолют шаралардың пайдалануымен басталады, бірақта оларды талдауда ең көп дегенде орташа және салыстырмалы шамаларды есептеу негіз ретінде пайдаланылады.

Салыстырмалы шамалар динамика құбылыстарын талдауда ауыстыруға болмайды және ең түсінікті, айқын. Динамиканың салыстырмалы шамалары уақыттылық қатарын қүру жолымен есептелінеді, яғни олар уақытылы құбылыс көрсеткішінін сол немесе басқа өзгерісін сипаттайды (мысалы, бірнеше жыл қатарынан өнеркәсіп өнімдерін базистік кезеңіне қатысты шығаруы, онысы 100 көрсеткіш етіп қабылданған).

Салыстырмалы шәмалар бүтіндей әлынған жиынтықтыи бөлігін қамти отырып, қүрылымдық реттіліктің көрсеткіштерін зерттеу кезінде де қолданылады (мысалы, негізгі белгіленген жылдық бұйымдардың, косымша бүйымдардың жалпы өніміндегі үлестік сәлмағы және т.б.}. Интенсивті салыстырмалы шәмалар нағыз анәлитикәлық сипәты бар (мысалы, инвестициялық қордың 100 мың тенгелік өнеркәсіп енімін шығару, жыртылған жердің 100 гектарынан ауыл шаруәшылық өнімін апу және т.б.).

Талдау процесінде орташа шамалардың маңызы аз емес. Олар бірліктен жалпыға, кездейсоқтан заңдылыққа көшу мүмкінділігін болдырады; оларсыз әр түрлі жиынтық бойынша зерттелетін белгісін салыстыру мүмкін емес; және уақыт көрсеткішін, түрленуші өзгерісін сипаттамасын біле алмаймыз. Қажеттілігіне қарай орташалардың әралуан түрлері -орташа арифметикалық, орташа межеленген геометриялык, мезгілдік қатардың хронологиялық орташа қатары, модасы, медианасы қолданылады.

Салыстыру - ежелден келе жатқан және кеңінен таралған тәсіл. Ол құбылыстардың арақатыстарынан басталады, яғни синтетикалық актіден, оның жәрдемімен салыстырылатын құбылыстар талданады, бүлардан жалпылары және әртүрлілері бөлінеді. Экономикалық талдауда салыстыру тәсілі ең маңыздысы болып саналады; содан талдау басталады. Салыстырудың бірнеше түрлері бар: салалар бойынша немесе іс-әрекеттердің тобы бойынша, өткенмен салыстыру, жақсы және орташа мәліметтермен салыстыру.

Шаруашылық іс-әрекетін талдаудың ең маңызды мәселесі бизнес-жоспарын орындаудың жан-жақты бағалануы болып саналады. Бұл тәсілдің маңызды болуына нақты көрсеткіштерді жоспарымен салыстыру қажет. Мұндай салыстырудың міңдетті шарттарына керсеткіштердің есептілігі және жоспарлык құрылымы және мазмүны бойынша біркелкілігі, салыстырмалылығы жатады. Есептілік көрсеткіштерді жоспарлық шамалармен салыстыру нәтижесінде айқындалған ауытқу талдаудың онан арғы объектісі болып саналады. Сонымен жоспарлаудын өзінің сапасымен байланыскан жағдайларын тағайындайды. Салыстыруды қамтамасыз ету үшін жоспарлық көрсеткіштеріне есептік түзетулер рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, алдыңғы кездегімен салыстыру экономикалық талдауда кеңінен колданылады. Ол шаруашылық көрсеткіштерінің күнделік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық кезеңдерін салыстыруда білінеді.

Өткен уақытпен салыстыру үлкен қиыншылықтармен байланысты, олар салыстырылатын жағдайларда мейлінше бұзылатын болады. Мысалы, бірнеше жыл қатарынан өткізілген өнімді, жалпы өнімді және тауарды казіргі бағалары бойынша салыстыру экономикалық тұрғыдан сауатсыздық болады. Өткен кезеңмен салыстыру, бірдей бағаларда айналымдардын есептелуін қажет етеді, мөлшерлемесінің, тарифтік, бағаларынын индексін колданумен шығындардың бір қатар баптары қайта есептелуі тиіс, ал әр түрлі жүйелердің салыстырылуы бірнеше факторлардың ескерілу қажеттілігін тұрғызады: әлеуметтік, этнографиялық, табиғаттық.

Жүмыстың жақсы әдістерімен, көрсеткіштерімен және


алдыңғы қатарлы тәжірибемен салыстырылуы кәсіпорындардың
шеңберінде жүзеге асыруға болады. Берілген экономикалық
жүйе жәқсы кәсіпорындардың көрсеткіштерімен оларды
салыстыру арқылы казіргі кәсіпорындардың экономикалық
талдау керсеткіштерінің үлкен тиімділігін береді.

Салыстырмалы талдаудың мақсаты - шаруашылықты жүргізетін субъектілердің немесе басқа кәсіпорындардың нәтижелерімен шаруашылық іс-әрекетінің табыстық нәтижелерін салыстыру, өзгешеліктерінің себептерін зерттеу, өндірістік факторларын қолдану, өндіріс тиімділігінің әлеуметтігін, одан әрі өсуін анықтау болып табылады.

Зауытаралық талдау бірнеше кәсіпорындардың тәжірибесін талдап қорытындылау мүмкіндігін береді.

Кәсіпорындар жұмысының салыстырмалы талдану мазмұны зерттеу объектісімен және мақсатымен анықталады. Өндірістік бірлестіктердің, кәсіпорыңдардың цех жұмыстарының нәтижелері, және де жеке жұмыс орындары талдау нысандары болып саналады. Құбылыстар, процестер, бір деңгейдегі объектілердің (кәсіпорын, бөлімдер, өнімі), мазмұндасы (еңбек, техника, технология, ұйым), бір өлшемдесі (ірі, орташа, ұсақ өндірісі), біркелкі параметрлері және бірдей көрсеткіштері (еңбек өнімділігі, өндірістік куаттылығы, өнімнің өзіндік құндылығы) салыстырылады.

Зауытаралык салыстыру жалпылама (толық) және жекеленген (жергілікті) болуы мүмкін. Жалпы талдау кезінде зкономикалық талдаудың кешенді сызбасы бойынша кәсіпорынның және олардың бөлімшелерінің тұтас жұмысы зерттеледі. Жалпы кешенді талдау ұқсас өнімді өндіретін кәсіпорын бойынша, яғни бір саланың немесе ішкі саланың кәсіпорыны бойынша жүзеге асырылады. Жергілікті талдаулар кезінде қандай болса да жеке блокты немесе жеке дараланған мәселелер зерттеледі, мысалы, жабдықтардың куаттылығы, жұмыс орындарын және т.б. пайдалануы.

Зауытаралык, салыстырмалы талдаудың нәтижелері, күнделікті жұмыста, сол сияқты болашақтағы жоспарларды әзірлеу кезінде ескеріледі. Сөйтіп, салыстырмалы талдау салалардың кәсіпорындарында қолданылатын жабдықтардың ескірген құралдарын білу мүмкіндігін береді, дәлірек айтсақ болашақтағы күрделі қаржылардың бағытын анықтайды.

Зауытаралык. салыстырудың маңызды шарты, кәсіпорындардың (бірлестіктердің) және олардың жұмыс көрсеткіштерінің салыстырылатындығы. Практика жүзінде салалардың ерекшеліктеріне байланыссыз барлық кәсіпорындарда салыстырылымы көрсеткіштері бар.

Салыстырмалы көрсеткіштердің аясы, салыстыру объектілерінің ортақтылығына және оларды салыстырылуын қамтамасыз ететін қосымша мүмкіншіліктерге байланысты. Ғылыми-техникалык процесс, өндірістің автоматтану, компьютеризациялануы, ұйымдық-техникалық деңгейін арттырады, үқсастықтын сол сияқты өндірістің әр түрлі түрлерінің салыстыру мүмкіндігін кеңейтеді.

Біркелкі немесе ұқсас өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың, өнеркәсіптердің әр түрлі салалы кәсіпорындары (өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейін талдауы, яғни кәсіпорындағы менеджмент және маркетинг, қосымша және атқарушы шаруашылықтарын, қаржылық жағдайын және төлем қәбілеттілігін ұйымдастыру); әр түрлі кәсіпорындардың бір типті цехтары (құю, механикалық және т.б.); бір типті агрегаттары (прокэт стандары, домиа пештері, конверторлары және т.б.); әр түрлі салаларда немесе кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердін біркелкі түрлері зауытаралық салыстырмалы талдаудың объектілері бола алады.
Салыстырылатын мәліметтердің негізгі шарттары болып саналатындар:


  • Салыстырылатын көрсеткіштердің біркелкілік сапалығын
    сақтау (мысалы, өнімнін өзіндік қүнына қосылған шығыннын
    біркелкілігін қамтамасыз ету).

  • Өнімнін бірыңгай өлшемдөрін қолдану (материалдарға
    және өнімге бірыңғай багаларды пайдалану және т.б.), бірдей
    географиялық жағдайлар және материалдарды жабдық-
    таушыға, техниканы және дайын өнімді тұтынушыға қатысты
    бұйрықтар беру.

Салыстырмалы талдау процесі кезінде салыстырудың шынайы жағдайларын жақсарту үшін кәсіпорындарға байланысты және байланыссыз және сол көрсеткіштер, факторлардың ерекшелік себептері айқындалады.

Зауыт-аралық талдаудын бет алысы келесі басты кезеңдерді қамтиды:

- кәсіпорындарды таңдау және салыстыру нысандары;

-нысандардың салыстырмалылығының дәрежесін және


салыстырылатын көрсеткіштердің аясын анықтау;

-нысандар жайлы экономикалық ақпараттарды жинау


және өндеу, көрсеткіштерді салыстырылатын түрге келтіру;

-көрсеткіштерді талдау және салыстыру, табысты


нәтижелердің бағасы, керсеткіштердің шамаларын анықтайтын
факторларды және олар бойынша айырмашылық себептерін
айқындау;

-талдау нәтижелерін қорытындылау, салыстырылатын


объектілердегі өндірістің тиімділігін көтеру арқылы ұсыныс-
тарды және қорытындыларды дайындау, оларды қорытынды-
лаушы экономикалық көрсеткіштердің және ұсыныстардың
жүзеге асырылғанынан шығатын тиімділігін есептеу.

Зауытаралық салыстырудың объекгілері және мақсаты талдаудың әдістемесін анықтайды. Сонымен бірге, зауыт-аралық салыстырмалы талдау әдістемесінің ерекшелігі, салыстыруды не үшін және кім, қайда, қашан жүргізгеніне байланысты. Сонымен, кәсіпорындағы зауытаралық талдауды бас экономиспен немесе деңгейі әр түрлі маркетингтік бөлімшелермен, экономикалық және техникалық қызмөттердін, аудиторлык. фирмалардың, экономикалық талдау бюросы және маркетингтік зерттеу фирмаларының қатыстырылуымен маркетингтік бөлім арқылы орындалады. Өндірістік және өнеркәсіп салаларын акционерлік қоғамдарға немесе шетелдік инвесторлардың басқаруына көшірілуімен салыстырмалы талдау класы жоғары мәмандарды және көп сандық есептегіш машиналарының қатыстырылуымен, ірі, дүние жүзіне белгілі аудиторлық, консалтинггік фирмалармен жүргізіледі.

Экономикалық талдаудың мақсатына байланысты салыстыру базасы таңдалады. Мәселен, өндірістің техникалық және ұйымдастырылған деңгейін салыстыру кезінде, база ретінде өндірістік қорлардың пайдалану дәрежесі сол немесе үқсас өнімдерді шығаратын мейлінше механикаландырылған арнаулы кәсіпорын бөледі. Егер талдаудың мақсаты жақсы кәсіпорындарды айқындау болса, онда салыстыру базасы ретінде жиынтық көрсеткіштерін бөледі, олардын талдануы салалық нормативін тағайындаумен ішкі шаруашылық қорларын жұмылдыру кезіндегі мүмкіндік нәтижелерімен алдыңғы кезеңдердің мәліметтерімен озат кәсіпорындардың нәтижелерін жан-жақты зерттеу мүмкіндігін туғызады.

Зауытаралық экономикалық талдаудың қорытындылары ведомствоға қарасты кәсіпорындардың іс-әрекеттерін объективті бағалаумен, күрделі қаржыларын үлестіруге байланысты шешімдерді қабылдау үшін арнаулы ведомстволарды және министрлік қызметкерлерін, кәсіпорындармен, басқарудың жоғары ұйымдарын пайдаланады.

Экономикалық нәтижелерінің салыстырмалы талдауы жеке кәсіпорындардың әрқайсысындағы әрбір жеке фактордың айқындалуы және бір қатар кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижелеріне өндірістік жағдайлардың және факторлардың ықпалы сенімді ғылыми-дәлелді ақпарат және ақпараттық негізін қүрайды. Осы факторды қолданудың озат тәжірибесін айқындау үшін керек. Атап айтқанда;

- дәл факторы анықталынады {немесе шек қойылады), сол бойынша кәсіпорындардағы жұмыс нәтижелерін арттырудың ресурстарын айқындайды;

- зерттелінетін факторды пайдаланудың ең жоғары дең-гейдегі тиімділігінің объектілерін айқындайды. Азаймалы үлгісін қолданудың артықшылығы және жаңалығы бір мезгілде әсер етуші факторлардың экономикалық нәтижесінің ықпалына шек қойылу мүмкіндігін көрсетпейді;

- талданатын кәсіпорындарды механизациялау, компьютеризациялау деңгейінің және алдыңғы кәсіпорындардың процестерін автоматизациялау жетістіктерінің есебінен озат тәжірибесін енгізуде экономикалық нәтижесін сандық дәлме-дәл өлшеу мүмкіндігін туғызады;

- басқарудың жаңа әдістерін енгізуге жұмсалынған материалдық, еңбек және қаржылық шығындармен экономикалық қорытындылардың салыстырылуы, өндірісті, маркетингті, менеджменті, ноу-хау және жаңа технологияны үйымдастыруды, техникалы-ұйымдық жабдықтауға шығарылатын экономикалық тиімділігін дәл бағалау мүмкіндігін береді.
Дәріс 4. Элиминирлау және салыстырмалы талдау әдісі.


  1. Элиминирлау әдісінің мағынасы.

  2. Қаржылық талдаудың бағыттары.

  3. Жүйені таныстыру әдістері.

Элиминациялау негізгі (қорытынды) көрсеткіштің өзгөрісіне жеке факторлардың ықпалын өлшеу Үшін пайдаланады, оның мазмүны негізгі көрсеткіш ықпалы кезінде бірнеше факторлар жүйелі қалдырылады жәнө олардың арасынан біреуінің ықпалы шамасы анықталынады, ал баскалардың ықпалы, қорытынды көрсеткіштен шығарылады. Экономикалық талдаудә тәсілдің үш түрі қолдаиылады:

1} тізбекті ауыстыру әдісі;



  1. абсолютті айырымдар әдісі;

  2. салыстырмалы айырымдар әдісі.

Тізбекті ауыстыруы қорытындылы көрсеткішпен факторлар-дың аралық байланысын тура немесе кері лропорционалды кезінде ғана қолданылады. Мысалы, негізгі көрсеткіш ретінде пайдасын, факторларына; бағаләрын, қүнын, салықтарын және т.б. жатқызуға боләды.

Фактор - бұл негізгі көрсеткішке тигізетін ықпал, себептер, факторлары теріс және оң болуы мұмкін.

Қаржылық талдау жағдайы бірнеше мақсаттарды көздейді:


  • қаржылық жағдайды қарқындату;

  • қаржылық жағдай, кеңістіктік-уақыттық тілігінде өзерістерді айқындау;

  • қаржылық жағдай өзгерістерін тудыратын негізгі факторларды анықтау.

Қаржылық талдау негізгі көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысын құрылымдау және қарқындату мүмкіндігін болдыратын әр түрлі типті үлгілердің көмегімен жүргізіледі. Үлгілерді негізгі үш типке бөлуге болады: дескриптік, предикаттық және нормативтік.

Дескриптік үлгілер сипаттаушы белгі сияқты белгілі үлгілер кәсіпорынның қаржылық жғдайын бағдарлаушы негізі болып табылады. Оларға: есептеу баланс жүйесін құру, әр түрлі аналитикалық тіліктерінде қаржылық есептерді ұсыну, есептердің сатылас және деңгейлес талдауы, аналитикалық коэффициенттер жүйесі, есептеме аналитикалық жазылулар жатады. Бұл барлық үлгілері бухгалтерлік есептің ақпаратын пайдалануға негізделінген.

Сатылас талдау негізіне салыстырмалы шамалар түрінде жалпы көрсеткіштердің қорытындылық құрылымын сипаттайтын бухгалтерлік есептің басқа ұсынысы жатады. Талдаудың міндетті элементінің рөлінде шамалардың динамикалық қатарларлы атқарады, бұл шаруашылық қаражаттарының және оларды төлеу көздерінің құрамындағы құрылымдық алға жылжудың барысын болжау мүмкіндігін береді.

Деңгейлес талдау бухгалтерлік есеп құрамына енетін жеке баптардың немесе олардың топтарын қолдану тенденциясын айқындау мүмкіндігін туғызады. Бұл талдаудың негізіне кірістер мен шығындар жайлы есеп баптар және баланстық бабының базистік өсуінің қарқынын есептеу жатады.

Аналитикалық коэффициенттер жүйесі - пайдаланушылардың әр түрлі топтарымен қолданылатын, қаржылық ахуалдың, талдауын жүргізу элементі болып: чменеджерлер, аналитиктер, акционерлер, инвесторлар, қарыз берушілер жәе т.б. саналады. Көпшілігінде қаржылық талдаудың келесі бағыты бойынша көрсеткіштер бес топқа бөлінеді, атап айтқанда:

1. Өтемпаздығын талдау. Бұл топтардың көрсеткіштері өзінің күнделікті мәселелері бойынша жауап беретін кәсіпорынның қабілеттілігін тадайды және сипаттау мүмкіндігін ашады. Бұ көрсеткіштердің есептеу алгоритмі негізіне қысқа мерзімдік несиелік қарыздың күнделікті активтерін салыстыру идеялары алынды. Есептеудің нәтижесінде күнделікті операция бойынша қаржы берушілермен толық есептесу үшін кәсіпорынның айналым қаражаттары қандай дәрежеде жеткілікті қамтамасыз ете алатынын тағайындайды.

2. Іс-әрекеттің кезектегі талдауы. Қаражаттардың айналымы жағынан ке келген кәсіпорын әрекеті басқа активтердің бір түрінің үздіксіз трансформациясы болып есептелінеді.

Кезекті қаржылық шаруашылық қызметтің тиімділігі, активінің әр түрлеріндегі қаражаттардың айналымдылығына байланысты, операциялық циклдің ұзақтығымен бағалануы мүмкін. Басқа жағдайлары бірдей болғанда айналыстың тездетілу тиімділігінің көтерілуін куәландырады. Сондықтан, қордағы және есеп шоттағы айналымды қаражаттардың коэффициетін, қордың қайтаруын, өңдеуін, қордың материалдығын, еңбекті және қаржыны тиімді пайдаланудың көрсеткіштері, бұл топтың негізгі көрсеткіштері болып саналады;

3. Қаржы тұрақтылығын талдау. Бұл көрсеткіштердің көмегімен қаржыландыру көздерінің құрамын және олардың арақатынас динамикасын бағалайды. Қаражат көздері құнының дәрежесімен, қол жетерлік дәрежемен, сенімділік дәрежесімен, тәуекелділік дәрежесімен ажыратылады, міне осылары талдау негізделеді;

4. Ұтымды талдау. Бұл топтың көрсеткіштері белгілі кәсіпорында жалпы жұмсалатын қаражаттың тиімділігін бағалауға арналған. Негізгі көрсеткіштер авансыланған капиталдың тиімділігі және меншікті капиталдың тиімділігі болып саналады;

5. Капитал нарығындағы қызметтің және жағдайдың талдануы. Бұл талдаудың аясында бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпорындар жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің кеңістік-уақыттық салыстыруын атқарады: дивиденттік шығысын, акция табысын, бағалы акцияларын. Уақытша еркін қаражаттары бар кез келген кәсіпорын оларды бағалы қағаздарға салуды қалайды және де белгілі топтың көрсеткіштеріне бейімделеді.

Предикаттық үлгілер – бұл алдын ала болжаушы, болжағыштық сипаттағы үлгілер. Олар кәсіпорынның кірістерін және оның қаржы жағдайларының келешегін болжау үшін қолданылады. Олардың ішінде ең кеңінен таралғандары: сатудың дағдарыс көлемінің шегін есептеу, қаржы есептемесінің болжамдығын, динамикалық талдау үлгілерін құру, жағдайды талдау үлгілері болып есептелінеді.

Нормативтік үлгілер. Бұл типті үлгілер бюджет бойынша есептелгенімен, тасымалдауымен кәсіпорын әрекеттерінің шын нәтижелерін салыстыру мүмкіндігін береді. Бұл үлгілер негізінен ішкі қаржылық талдауда пайдаланылады. Олардың мәні – бұл норматив үлгісінен шын мәліметердің ауытқуларының талдануына, жауапкершілік орталығы, бұйымдадың түрлері, тенологиялық процестері бойынша, және шығындарының баптары бойынша нормативтіктерін тағайындауға әкеледі. Талдау айтарлықтай дәрежеде қатал детерминантталған факторлық үлгілердің қолдануына негізделген.

Жүйелі талдау – бұл жүйе түрінде зерттелетін объектіні ұсынудың және жүйелі амалдың негізінде қоғамдық мақсатта бағытталған әрекеттің барлық салаларында туындаушы, әралуан проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерінің және белгілі ғылыми әдістерінің жиынтығы.

Қасиеттері, әрекеті немесе жағайы, сонымен бірыңғай иеленетін жүйесі, оның элементтерін құрастырушы, қасиеттерінен өзгеше болып келеді. Кез келген жүйе үшін жеке элементтерден тікелей туындамайтын, оның тек өз заңдылығы тән.

Жүйенің сыртқы қоршаған ортамен байланысты болу дәрежесіне қарай жүйелер ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық жүйелер үшін сыртқы ортамен ақпарат алмасу тән, мысалы, кәспорынның жмысын және де бүтіндей экономикасын жоспарлау. Мысалы, кәсіпорында цехтардың жұмысын жоспарлауы, жабық жүйеге тән.

Ұсынылу жүйесінің ресмилендірілген әдістері. Бұл әдіске аналитикалық, статистикалық, теориялық қисындық, лингвистикалық және т.б. жиынтықтар жатады.



Жүйелі талдау – бұл жүйе түрінде зерттелетін объектіні ұсынудың және жүйелі амалдың негізінде қоғамдық мақсатқа бағытталған әрекеттің барлық салаларында туындаушы, әр алуан проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерінің және белгілі ғылыми әдістерінің жинытығы.

Қасиеттері, әрекеті немесе жағдайы, сонымен бірыңғай иеленетін жүйесі, оның элементтерін (ішкі жүйелерін) құрастырушы, қасиетерінен өзгеше болып келеді. Кез келген жүйе үшін жеке элементерді тікелей туындамайтын, оның тек өз заңдылығы тән.

Жүйенің сыртқы қоршаған ортамен байланыста болу дәрежесіне қарай: жүйелер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық жүйелер үшін сыртқы ортамен ақпарат алмасу тән, мысалы, кәсіорынның жұмысын және де бүтіндей экономикасын жоспарлау. Мысалы, кәсіпорында цехтардың жұмысын жоспарлауы, жабық жүйеге тән.

Үлкен жүйелері үшін мынадай ерекшеліктер тән: мақсаттылығы, күрдеі көп деңгейлі құрылымы, көп анды элементтер, тұтастығы және күрделілік әрекеті.

Ұсынылу жүйесінің ресмилендірілеген әдістері. Бұл әдіске аналитикалық (бұған тағы классикалық математикалық әдстері – дифиринцалдық (шегермелі) есептеу, вариациялық (түсіндірмелі есептеу, математикалық бағдарлама жасау, ойындар теориясы), статистикалық (матемаикалық статистикасы, жаппай қызмет көрсету теориясы), теориялық қисындық, лингвистикалық және т.б. жиынтықтар жатады.

Г.Кантор ұсынған, көрсетудің теориялық жиынтығы: жиын («жиынтық». «Жиналыс», «ансабель», «коллекция» сияқты маңызды баламалы ұғым және т.б.), жиынтық элементтер және жиынтықтағы қатынастар түсініктеріне негізделінген.

Күрдлеі жүйе әр текті жиынтықтардың жиыны және олардың аралық қатынастарының жиыны түрінде қарастыруға болады.

Жиынтықтар екі тәсілдермен беріледі: {а,, а , ..., а} санап шығарумен және сипаттамалық қасиетің аталуымен, мысалы А жинағы.

Теориялы – жиынтыкқты көрсетулері кезінде кез келген қатынасы енгізуге болады. Қатынастардың қолданылуын және олардың ережелерінің пайдалануын айқындау кезінде логикалы алгебрадан біреуін, математикалық лингвистиканың ресми тілінен алуға болады.

Қисынды көрсетулер ресми логиканың заңдарын өрнектеу үшін алгебралық әдістердің қолданылуына негізделген логиканың алгебрасына біреуінің тіліне нақты жүйесін және ондағы қатынасын көшіреді.

Буль логикасының бинарлық алгебрасы ең көп таралғандардың бірі болып саналады.

Математикалық логиканың негізінде қисынды талдау және синтез теориясы мен автоматтар теориясы құрылды және дамытылды. Қисынды көрсетулердің негізінде ау бастан ресми тідер теориясының кейбір бөлңмдері дами бастады.

Бұл жерде әдістер аналитикалық деп аталды, бұлар жүйенің көп байланысқан көп өлшемдік бірсыпыра қасиеттері әлдеқандай қозғалыс жасайтын, жалғыз-ақ бір нүктесінің n-өлшемді кеңістігінде кескінделеді. Бұл кескінделу не f {Sx} функциясының көмегімен, не Ф {Sx} операторы арқылы жүзеге асырылады. Тағы да жүйенің екі немесе көбірегін, олардың бөліктерін нүктелер мен көрсетуге және өзара әрекетін қараструға болады, сонда олар заңдылықтармен бейнеленіп түсіндіріледі.

Экономикалық талдауда әдістер саласының қос корреляциялық талдануы және жиынтық әдістері кеңінен таралды.

Бір өлшемді статистикалық жиынтықты зерттеу үшін: вариациялық қатары, таратылу заңы, таңдамалы әдісі пайдаланылады. Статистика теориясының курсында зерттелінетін талдаудың факторлық түрлері, дисперциялы, регрессиялы, корреляциялы, көп мөлшерлі статистикалық жиынтықтарын зерттеу үшін қолданылады.

Экономикалық әдістер білім салаларының үш синтездік негізінде құрылады: экономика, математика және статистика. Онометрдің негізі болып экономикалық үлгі саналады, оны экономикалық құбылыстың сызба түріндегі көрсетілуі деп түсінеміз.



Ойындар теориясы операцияны зерттеу бөлімі – бұл әртүрлі ынталары бар даулы жақтардың немесе екі ұштылық жағдайлардағы мәсілелердің тиімді шешімдерін қабылдаудың математикалық теориясы.

Эвристикалық әдістер бұл мамандадың сараптамашылдықты бағалаудың, алдыңғы тәжірибені, сезінудің негізінде қалыптасқан жағдаймен байланысқан. Экономикалық мәселеледі шешудің ресмилендірілген емес әдістері.

Сонымен, жіктелудің тек екі белгісін қолдана отырып, барлық экономикалық-математикалық әдістер:



  1. тиімділікті дәл әдістерге тиімді процестер теориясының әдістерін, математикалық бағдарламалардың кейбір әдістерін және операцияларды зерттеу әдістерін жатқызуға болады.

  2. Тиімділігі жуықталған әдістерге – математикалық бағдарламалаудың жеке әдістері, операцияларды зерттеу әдістері, экономикалық кибернетика әдістері, экстремальдық экспериметтерді жоспарлаудың математикалық териясының әдістері, эвристикалық әдістері жатады.

  3. Тиімді емес дәл әдістерге – элементар математика әдістері және математикалық талдаудың классикалық әдістері, экономикалық әдістер жатады.


  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет