Web-қолданба қҰрудағы visual studio. Net ортасының ерекшеліктері



Дата22.02.2016
өлшемі39.5 Kb.
#17
УДК 004.4

WEB-ҚОЛДАНБА ҚҰРУДАҒЫ VISUAL STUDIO.NET ОРТАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Амангельды А.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші – ф.-м.ғ.к, информатика кафедрасының доценті Абдрашева Г.Қ.
Web-қолданбалар 1990-жылдардың соңында 2000-жылдың басында кеңінен көпшіліке мәлім бола бастады. Web-қолданбалар «клиент-сервер» архитектурасы бойынша құрылған программаның ерекше типі болып табылады [1]. Олардың ерекшелігінің мәнісі, Web-қолданбаның өзі серверде болып және сонда орындалады, ал клиент жұмыстың тек нәтижесін ғана алып отырады. Қолданбаның жұмысы қолданушыдан (клиенттен) сұраныстар алуға, олардың өңделуіне және нәтижелерінің берілуіне негізделеді. Сұраныстарды және олардың өңделген нәтижелерін жіберу Интернет арқылы жүреді. Сұраныстардың нәтижелерін көрсетілуімен, сонымен қатар, клиенттен мәліметтерді қабылдаумен және оларды серверге жіберумен, әдетте арнайы қолданба-браузер айналысады (Internet Expolrer, Mozilla, Opera және т.б).

Web-қолданбаларды браузердің стандартты функцияларын қолдау үшін құрудың басты артықшылығы, функциялар берілген клиенттің операциялық жүйесіне тәуелсіз түрде орындалуы керек. Microsoft Windows, Mac OS X, GNU/Linux және басқа операциялық жүйелер үшін қолданбаның әр түрлі нұсқаларын жазудың орнына, еркін таңдалған платформа үшін бір рет құрылады және сонда ашылады. Дегенмен, HTML, CSS, DOM әр түрлі жүзеге асырулары және басқа да спецификациялары Web-қолданбаларды құрастыруда және келесі қолдаулар кезінде браузерлерде мәселелерді туындатуы мүмкін. Бұдан басқа, қолданушының браузердің көптеген параметрлерін баптау мүмкіндігі (мысалы, шрифттің өлшемі, түстері, сценариялардың қолдауын тоқтату сияқты) қолданбаның дұрыс жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Web-қолданбаларды құрудың басқа да жолы қолданушы интерфейсін толық немесе жартылай жүзеге асыру үшін Adobe Flash, Silverlight немесе Java-апплеттерді қолдануда болып табылады, бірақ бұл құрудың әмбебап жолы болып есептелмейді. Браузерлердің көпшілігі осы технологияны (ереже бойынша, плагиндердің көмегімен) қолдайтын болғандықтан, Flash немесе Java-қолданбалар жеңіл орындала алады. Себебі олар программалаушыға интерфейстің үстінен үлкен бақылау жасау мүмкіндігін беретіндіктері-нен, браузерлердің конфигурациясында болатын көптеген сәйкес келмеушіліктерден өтіп кету қабілетін пайдаланады. Дегенмен де, Java немесе Flash жүзеге асыруының арасындағы сәйкессіздік клиент жағында түрлі қиындықтарға алып келуі мүмкін.

Интернетке бағытталған ақпараттық жүйелерді құрастырудың бірнеше технологиясы бар. Қазіргі кезде өте қуатты технологиялардың бірі болатын ASP.NET (Active Server Pages, Белсенді серверлік беттер) технологиясын айтуға болады. ASP.NET негізінде жасалған Web-қолданбалар тек қана Windows платформасының IIS (Internet Information Services, Интернеттің ақпараттық қызметі) ортасында ғана жұмыс жасайды. ASP.NET .NET Framework инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылады.

Бұл архитектура Windows ортасында жұмыс жасауға бағытталған заманауи қолданбаларды құру үшін негіз болып табылады және программалық кодты жазу үшін үйлесімді келетін программалау тілінің кез келгенін қолдана алады. .NET Framework-тің ерекшелігі, бір программалық жүйенің әр модулі әр түрлі программалау тілінде жазылуы мүмкін. Сондай-ақ архитектураның маңызды элементтерінің бірі – жадтың қолданылмайтын облысының тазалауын жүзеге асыратын қоқыс жинаушысының бар болуында.

1997 жылы Internet Information Services 4.0 сервері шыққаннан кейін, Microsoft компаниясы, ASP-ге деген шағымдарды қанағаттандыратын, әсіресе мазмұн мен ресімдеуді бөлектеуге байланысты және «таза» код жазуға мүмкіндік беретін Web-қолданбаның жаңа моделінің мүмкіндігін зерттей бастады. Осындай модельді құрастыруды IIS командасының менеджері Марк Андерс пен Скотт Гутриге міндеттеді. Андерс пен Гутри екі айдың ішінде алғашқы жобаны жасады және 1997 жылы Гутри алғашқы прототипінің кодын жазды. Алғашқы жоба «XSP» (eXtensible Server Pages) деп аталды. XSP прототипі Javaда жазылды, бірақ кейіннен Common Language Runtime (CLR)-ге негізделген жаңа платформа құру туралы шешім қабылданды, себебі бұл платформада ОБП принципі бойынша программалау, қоқысты жинау және өзге де мүмкіндіктердің бар болатындығында. Гутри бұл шешімді «орасан зор тәуекелділік» деп сипаттады, себебі жаңа жобаның жетістігі CLR жетістігімен байланысты болды, ол XSP сияқты құрастырудың алғашқы кезеңінде болатын [2].

ASP.NET Web-қолданбаларды құрастыруға арналған біртұтас модель болып табылады. ASP.NET .NET Framework-тің бөлігі болып табылады және CLR ортасының мүмкіндігін толық түрде қолдана алады.

ASP.NET Web-сайттары Microsoft компаниясы ұсынған, Web-қолданбаларды құрастыру-дың толық функционалды ортасы – Visual Studio-ны, яғни жобалаудың икемді және әмбебап сайманын қолдану арқылы құрастырылады.

Visual Studio-да жобалауды басқару құралы, бастапқы мәтіннің редакторы, қолданушы интерфейсінің конструкторы, шеберлер, компиляторлар, жинақтауыштар, құрал-саймандар, утилиттер, документация және жөндеушілер бар. Ол 32- және 64-разрядты Windows-платформасы үшін, сонымен қатар .NET Framework жаңа платформа үшін де қолданбалар құруға мүмкіндік береді. Маңызды жетістіктің бірі – құрастырудың біртұтас ортасында әр түрлі тілдермен және қолданбалардың әр түрлі типі мен жұмыс істеу мүмкіндігінде.

Сонымен Visual Studio-ның негізгі артықшылығына келесілерді жатқызуға болады [3]:



  • Кірістірілген редактор WISIWYG (What You See Is What You Get) («Не көрсең, соны аласың»). Оның көмегімен Visual Studio орнықты HTML мазмұнды, соның ішінде шрифттер мен стильдерді баптауға мүмкіндік береді.

  • Кодты құруға байланысты негізгі есептердің автоматтандырылуы арқасында жазуға арналған кодтың аз болуы.

  • Visual Studio-да кодты теру кезінде программалаудың интуитивтік стилі, яғни шегіністерді автоматты түрде орналастырып қою және түстік кодтауды қолдану сияқты кодтың форматталуы, яғни бұл кодты оқуды едәуір жақсартады және кодта қателерді жіберу мүмкіндігін азайтады.

  • Жобалау ортасынан тікелей Web-сайтты орындауға мүмкіндік беретін кірістірілген Web-сервердің болуы. Бұл қолданушы үшін ыңғайлы болумен қатар, қауіпсіздік деңгейін де артырады. Себебі құрастырылып жатқан Web-сайтқа сыртқы компьютерден қол жетімділік мүмкіндігінің болмауында.

  • Visual Studio — көп тілді әзірлеме тек бір интерфейсті (Integrated Development Environ-ment) қолдану арқылы кез келген тілде кодтауға мүмкіндік береді. Бұл ортада C#-та жүзеге асырылған Web-беттерді Visual Basic-те жазылған Web-беттері бар жобаға орналастыруға мүмкіндік береді. Бұнда бір бетке тек бір тілді қолдануға болатын шектеуді ескеру керек.

  • Visual Studio-ның көптеген мүмкіндіктері: іздеу мен алмастыру функцияларының ыңғайлығы, сонымен қатар, кодтың блогын уақытша жасырып қалатын түсіндірмелерді автоматты түрде қосу және өшіру, тез және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Visual Studio-да жөндеуге (debug) байланысты бірнеше құрал-саймандар бар.


Әдебиеттер

  1. Столбовский Д.Н. Основы разработки Web-приложений на основе ASP.NET: БИНОМ. Лаборатория знаний, -ИНТУИТ.ру, 2008.

  2. http://ru.wikipedia.org.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет