РЕФЕРАТ
Есеп б. 55, 40 қолданылған әдебиеттер, 5 қосымша, 13 кесте, 3 сурет
Зерттеу объектісі ассоциативті сауалнаманың деректер базасын қалыптастыру және соның негізінде жаңа менталдық модель жасау.
Жобаның мақсаты - қоғамның тұрақты құндылықтарын қалыптастыру үшін негізгі базистік ұғымдар-тұжырымдамалардың құрылымы мен мазмұнын өзгерту жолымен Қазақстан азаматтарын қазақстандық қоғамды тереңдетіп жаңғыртуға жұмылдыруға қабілетті жаңа менталдық модель құру.
Зерттеу міндеттері: қазақ тілінің базистік концептілерінің құрылымын анықтау; ассоциативті сауалнаманың деректер базасын қалыптастыру; қазақ тілінің ассоциативті сөздігін құру; үш тілде базистік тұжырымдамалардың құрылымы мен мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізу; базистік концептілердің жаңа құрылымы мен мазмұнын әзірлеу; әлеуметтік-мәдени институттар арқылы жаппай санаға енгізу үшін фрейм-сценарийлер тұжырымдамаларының жаңа модельдері негізінде әзірлеу.
Зерттеу әдістері мен методологиясы: бағытталған ассоциативті эксперимент әдісі, лингвистикалық интервьюлеу әдісі, деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістері, алынған нәтижелерді сапалы талдау, мазмұнды талдау, ассоциативті әдістер. бағытталған ассоциативті эксперимент әдісі, лингвистикалық интервьюирлеу әдісі, деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістері, алынған нәтижелерді сапалы талдау, мазмұнды талдау, ассоциативті әдістер.
Зерттеудің нәтижесі мен ғылыми жаңалығы: 2019 жылға жоспарланған жұмыс кезеңінде қазақ тіліндегі негізгі базалық концептердің құрылымы анықталды. Сонымен қатар, базалық концептердің құрылымы мен мазмұнын сараптап, салыстырмалы, салғастырмалы талдау негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі базалық концептердің құрылымының ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды. Ассоциативті сауалнаманың электрондық деректер базасы құрылды. Қазақ тілінің базалық концептердің ассоциативтік сөздігін құру үшін ассоциативтік сөздіктің деректер базасы әзірленді және электрондық деректер базасы құрастырылды. Есепті кезеңде ассоциативті эксперимент негізінде базалық концептердің ассоциативті сөздігіне арналған деректер базасы толық қалыптастырылды және associate.kz сайты іске қосылды. Әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен базистік тұжырымдамалардың құрылымы мен мазмұнын анықтау бойынша материалға талдау жасалды. «Қазақ тілінің ассоциативті сөздігі» сайтының тестілік нұсқасы жасалды. http://associate.kz/control/search -іздеу Login: adminPassword: 112233.
Қазақтардың дүниетанымының құрамдас бөлігі - базистік концептілердің құрылымы мен мазмұнын кешенді зерттеу алғаш рет қолға алынып отырғандықтан мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік:
материалдары негізінде өңірлер бойынша әлеуметтік және кәсіби топтардың тілдік санасын көрсететін электронды базалық концептілердің ассоциативті сөздігі жасалады;
алғаш рет кешенді зерттеу негізінде қазақтардың тілдік санасы ассоциативті парадигмалар жүйесі ретінде қарастырылды;
зерттеуде «концепт құрылымының парадигмасы», «парадигмалық дағдарыс», «тұрмыстық парадигмалар» үғымдары тұжырымдалып, ғылыми айналымға енгізілді.
өтпелі қоғамдағы базистік концептілердің мағынасының өзгеруінің адамдардың іс-әрекетіне әсері және оларды жаңадан тұжырымдаудың жолдары ғылыми негізделді.
қазіргі кезеңдегі «тұрмыстық парадигмалардың» орнына жаңа ғылыми негізделген және адамның іс-әрекетіне негіз болатын дүниетанымдық парадигмалар ұсынылады.
өтпелі қоғамдағы «парадигмалық дағдарыстың» жеке тұлғалардың өз болашағын болжауға кедергі жасайтындығы және осындай жағдайдың адамдардың белсенділігіне кері әсері анықталды.
Негізгі конструктивтік, технологиялық және техникалық-пайдалану сипаттамалары. Зерттеу нәтижесінде мектеп бағдарламасын, БАҚ концепцияларын қайта бағдарлау ұсынылады. Оқулықтың мазмұнын когнитивті модельдеу үшін: бірінші, әрбір сыныптағы балалардың жас және даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқулықтың мазмұнына негіз болатын базалық концептілерді анықтап алуымыз керек. Екінші, базалық концептілердің перифериялары, яғни локалды концептілермен байланысын анықтап белгілі бір концептуалды жүйелерді қалыптастырамыз. Үшінші, концептілер мазмұнының парадигмасы белгілі бір құныдылықтар мен ұстанымдарға неігзделуі керек. Осыған орай қазақ ғалымдары бірінші кезекте орта мектеп оқулығының мазмұнын жобалау үшін базалық концептілердің тезаурусын жасау қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат тарату технологияларын да жетілдіруге ерекше көңіл бөлу қажет
Зерттеуді енгізу дәрежесі. Зерттеу нәтижелері екі сайттағы материалдарда жинақталды. Сонымен бірге психолингвистикалық әдістер негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тілдік сананың қалыптасуын дамытуға арналған бір монография, 1 импакт-фактор мақала Thomson Reuters компаниясының ақпараттық базасында, 1 мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы нөлдік емес импакт-факторға ие яғни Scopus (Скопус) базасына тапсырылды жалпы 7 мақала отандық басылымдарда және 4 мақала шет елдік басылымдарда жарық көрді.
ҒЗЖ нәтижелерін енгізу немесе енгізу қорытындылары бойынша ұсыныстар. Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр. Осыған орай, егер біз жаңа буын оқулықтардың мазмұнын дұрыстай алсақ, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат таратудың психолингвистикалық концепциясын жүзеге асырсақ, онда барлық деңгейде айтылып жүрген адами капитал идеясын, еңбекке негізделген қоғам идеясын жүзеге асыра аламыз және ол өз кезегінде тұрақты экономикалық дамуға негіз болады.
Зерттеу аймағы. Адам санасын жан жақтан ақпарат қабылдаушы, өңдеуші ретінде қарастыру арқылы білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Осы тұрғыдан бұқаралық ақпарат құралдарының да мазмұнын өзгерту де маңызды мәселе. Сондықтан да жан -жақты тиімді, мазмұнды ақпарат тарату және оның қабылдану процесін жетілдіргенде ғана Қазақстан дамыған отыз елдің қатарына қосыла алады.
Зерттеудің экономикалық нәтижелілігі мен мәнділігі. Қазақ тілінің базистік концептілерінің жаңа құрылымы мен мазмұны азаматтардың жасампаздық әрекеттерін әлеуметтік жобалауға және олардың этномәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып, іске асыру ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Жасалатын жаңа ментальдық модель қазақстандықтарды еңбекке, білімге деген көзқарасын өзгерте отырып, нәтижелі еңбекке жұмылдыратын факторға айналады.
Зерттеу объектісін дамыту туралы болжамды ұсыныстар (ҒЗТКЖ, бизнес-инкубациялау, коммерцияландыру және т.б.). Ғылыми жоба орта білім беру жүйесіне арналған жаңа буын оқулықтарын дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл тақырыпты тереңдетіп зерттеуді жалғастырған жағдайда ғана кешенді нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ол үшін қазақ тілінің толық ассоциативті сөздігін, қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына, салалық министрліктерге қоғамдық сананың жетілдірудің арнайы жобаларын дайындау да күн тәртібіндегі мәселе.
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................... 9
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЗАЛЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ........................................................................... 12
Базалық концептілерді анықтау және олардың құрылымы...................12
2 БАЗАЛЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫН ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ САЛЫСТЫРМАЛЫ САРАПТАМАСЫ ........................................................................................16
2.1 Қазақ тіліндегі базалық концептілердің құрылымы мен мазмұны.......27
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................38
ҚОСЫМША А – 2019-20120 жылдарға арналған календарлық жоспар...........................................................................................................40
ҚОСЫМША Ә ............................................................................................ 45
ҚОСЫМША Б ............................................................................................. 50
ҚОСЫМША В.............................................................................................. 54
ҚОСЫМША Г ..............................................................................................55
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді орындау мақсатында республикамызда ауқымды іс шаралар атқарылуда. Мәселен ұлттық кодты сақтау, оны жастарға насихаттау - ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Мұның екі қыры бар екені мәлім, олар, біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Адам санасы мен оның технологиялық ойлауы – когнитивтік ғылымның негізгі пәні. Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.
Орындалған жұмыстар: зерттеу барысында қазақ тіліндегі базалық концептілерді және олардың құрылымдық ерекшеліктерін анықталды. Бұл қоғамдық сананы жетілдіруге арналған жаңа менталдық модельдің негізі болмақ. Себебі базалық концептілердің мазмұндық парадигмаларын қайтадан қалыптастыру қазақстандықтардың ойлау жүйесіне әсер ете отырып, олардың іс әрекетін жетілдіруге ерекше әсер етеді деп есептейміз.
Американдық белгілі лингвист Н. Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл-ой мен мидың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына, біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» деп жазды. В.Гумбольдт айтқандай, тіл – адам баласының болмысы мен танымының барлық саласына араласа алатын адамзат рухының ең басты əрекеті. Сөйтіп тіл зерттеушілері когнитивтік тіл білімі арқылы танымның шарттары мен құралы ретіндегі тілдің рөлін айқындауға мүмкіндік алады. Когнитивтік тіл білімі қазіргі антроөзектік талдаулар деңгейінде қалыптасқан когнитивизм негізінде пайда болып, тілдік зерттеулердің көкжиегін кеңейтеді. Когнитивизм, когниция тек адам рухына (білім, сана, ақыл, ой, түсінік, шығармашылық, ойлау, логикалық түйін, проблеманы шешу, қиялдау, арман, т.б. ) қатысты жайттарға ғана емес, сонымен бірге қабылдау, еске сақтау, зейін, танып білу сияқты процестерді қамтиды. Когнитологияда тіл тек ақпарат берумен шектелмейді, бейнелі образдар арқылы əлемнің тілдік бейнесін сипаттауда айрықша қызмет атқарады.
Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, оның бағыттары мен ұғымдарына алғаш көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Шетелдік лингвистиканың ішінде когнитивистиканың қатарына жататын А.Вежбицкаяның семантикалық примитивтер концепциясын (1999), М.Минскийдің фреймдер теориясын (1979), Э.Роштың прототип теориясын (1973, 1977), Р.Лангакердің кеңістік (когнитивтік) грамматикасын (1992), Ч.Филлмордың септік грамматикасын (1999) т.б. сияқты жаңа бағыттарын атап өткен жөн.
Қазіргі уақыттағы отандық ғылымдағы антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің қолға алынуы адам танымының, мәдениетінің, көңіл-күйінің, әлеуметтік әрекетінің тілмен байланысын анықтап, талдауға негіз болған еңбектердің қатарын арттырып отыр. Бұл когнитивті лингвистикада және психолингвистикада концептілік талдауларға үлкен көңіл бөлініп жатқанының айғағы. Себебі, мұндай талдаулар халықтың құндылықтар жүйесі мен ұлттық мінезін ашуға мүмкіндік береді. Кез келген нəрсе біздің санамызда сол туралы соған сəйкес ұғымның арқасында ғана қабылданады. Меңгерген ұғымдар жүйесі арқылы ғана біздің ойымыздағы нəрселердің барлығы біркелкі тұтас болып реттеледі, ұйымдастырылады. Аталған ұғымдардың əрқайсысы танымдық бөлшектер ретінде зерделенеді. Олар азамзат рухының жоғары көрсеткіштерін құрайтын білім, сана, ақыл-ой, шығармашылық, символ, логикалық түйін, қиял, арман сынды құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар күнделікті əрекеттер тізбегін де, атап айтсақ, қабылдау мен есте сақтауды, тану мен көңіл бөлуді қамтиды. Сондықтан, когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы – концепт болып табылады. Концептте сөздің беретін барлық мағыналары, ұғымдары иерархиялық түрде жинақталып, ол адамның ассоциациялық ойлауымен байланысып жататыны белгілі.
Осы ғылыми жұмыс шеңберінде әртүрлі әлеуметтік топқа жататын қазақ тілін қолданушылардың қатысуымен жүргізілген ассоциациялық эксперименттер негізінде 100 нақты базалық концепт анықталып, жіктелді. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол тілдік ортамен және де жеке адамның танымымен байланысты. Сондықтан нақты базалық концептінің мағыналық-ақпараттық өрісін ашу адамның психологиялық ерекшеліктерімен, ойлауы, қабылдауы, түсінуі сияқты әрекеттермен астасып жатады. Концепт – ұлттық болмысқа негізделген ұжымдық және тұлғалық санадағы ақпараттар бірлігі ретінде танымдық лингвистиканың басты ұғымы болып табылады. Концептіні лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика жан-жақты қарастыруда. Шет елдік зерттеушілердің еңбектерін пайдалана отырып осы зерттеу жұмысында ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі базалық концептілердің құрылымына салыстырмалы сараптама жасалды. Себебі экономикалық, тарихи, географиялық факторлардың әсерімен қалыптасқан базалық концептілердің мазмұнында өзгерістер бар және олар этникалық топтардың мәдениетіне, қоғамдық санасына және іс-әрекетіне белгілі бір деңгейде әсер етеді. Бұл ұлттардың әркелкі дамуына, экономикалық жағдайына әсер етіп отыр.
Сондықтан да еліміздегі рухани жаңғырудың үшінші кезеңі қазақстандық қоғамның жаңа интеллектуалдық үлгісін қалыптастырумен қатар жүруі тиіс екені дәлелденуде. Себебі модернизацияның мәні дамыған елдерде дамыған модельдерді қабылдауда жатыр. Ол өз кезегінде белгілі бір менталдық схемаларға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |