Поэзия жанры (өлең, өлеңдер топтамасы,баллада, поэма)



Дата09.03.2023
өлшемі442.27 Kb.
#470554
түріПоэма
Түркістан


- Поэзия жанры (өлең, өлеңдер топтамасы,баллада, поэма);


Байжұманова Нұржамал Ергешбаевна 1980 жылы тамыз айының
12 - жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Монтайтас елді мекенінде дүниеге келген. 1998 – 2002 жылдары АҮББУ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алды.
2002-2005 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасын бітіріп, филология магистрі біліктілік академиялық дәрежесін алды.
Алғашқы еңбек жолын Б.Онтаев мектебінде 1998 жылы лаборант болып бастап, 2000 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2004 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009 жылдан бері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Оралхан Бөкей оқуларының, «Кәнекей,тілім,сөйлеші»республикалық байқауларының жеңімпазы. «Қоңыр дауыс иесі» кітабының авторы. «Сағынып менде күй кешем», «Ұнатамын», «Алғашқы махаббат», «Монтайтастың мәрт ұлы», «Сағыныш», «Көңілдің кей сәттері», «Ауылым- аңсарым», тағы да басқа жүзшақты өлеңдері мен «Өмір-сынақ», «Көңілден көшпес сезім» әңгімелері облыстық, аудандық баспа беттеріне жүйелі түрде жарияланып тұрады.
Мекен жайы: Түркістан облысы, Арыс қаласы.
Телефоны: 87716354273, элект. почтасы: nurjamal.120880@mail.ru

Түркістан
Түркістаным қастерлі,
Алғаш келдім алаңдай.
Көк күмбезің от берді,
Құшақ ашып атамдай.

Топырағыңа тәу еттім,


Үнін тыңдап жүректің.
Мен - ақтамақ тілекшің,
Сен - үмітті түлеттің.

Хақ Тәңірдің елшісі,


Уа,Түркістан – киелім!
Көкбөрінің үр қызы ,
Сәлем бере кеп едім.

Арыстан баб қолдаған,


Иманды жер-Түркістан.
Қожа Ахмет- пірлі адам,
Басын иген Шыңғысхан.

Ақсақ Темір бабама,


Зәулім мешіт салғызған.
Тайқазаның ғаламға,
Мәшқұр болған Түркістан.

Алты Алашқа екінші,


Мекке болған –Түркістан.
Құран сөзге жығылтып,
Адалдыққа тұрғызған.

Талай текті тұлғаға,


Бесік болған -Түркістан.
Әл-Фараби - нұр дана,
Азық қылған -Түркістан.

Дауа іздеген жандарға,


Қорған болдың - Түркістан.
Укаша ата барғанда,
Жол көрсеттің - Түркістан.

Шахан ата - ділімен,


Шырақ жақтың - Түркістан.
Гаухар ана - суымен,
Дертті жаздың- Түркістан.

Бау-бақшалы нуыңмен,


Көріктенген хан шаһар.
Бесік әулие - үнімен,
Перзент сүйді қанша жар.
Көк Түрік пен Қазаққа,
Көпір болған құт мекен.
Мұсылманды жұмаққа,
Жақын қылған от мекен.

Жібек жолы тоқтаған,


Төрт қақпалы Түркістан .
Ақиқатты сақтаған,
Үміт күтіп ұл-қыздан.

Абыздар мен хандардың,


Белі тиген ақ ордам!
Түркістаным - үкінің ,
Дауысымен оянған.

Құлдық еткен Алла деп,


Қылуетте жатса да.
Қожа Ахмет Яссауи,
Тәңір сүйген шоқ дара!

Даналықтың бұлағы,


Тазалық –әз ұраны.
Таразысы Тәңірдің,
Жердің өшпес шырағы!
Көз көрмесе сағындым,
Бармай қойсам, ауырдым.
Ақ патшасы сезімнің.
Дұға оқып, табындым.

Жел қармаса жанымды,


Саған келіп емделем.
Сенен аштым жолымды,
Тілек тілеп, күнде мен.
Оңтүстіктің бүгінде
Орталығы – Түркістан.
Зәулім сарай салынып,
Көркеюде Түркістан.

Әкімдері көркіңе


Көрік қосқан Түркістан.
Ақындарың өзіңе
Жыр төгуде Түркістан.

Көк бөрінің көк туы


Желбіреп тұр төріңде.
Тұркістаным – киелім
Асқақтай бер елімде!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет