Үлкен нығмет. Мейірімді де, Рахымды Аллаһ Тағаланың атыменен бастаймын



Дата10.06.2016
өлшемі167.09 Kb.
#127130
Үлкен нығмет .
Мейірімді де , Рахымды Аллаһ Тағаланың атыменен бастаймын .

( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )

Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән . Бір Аллаһтан басқа ғибадатқа лайықты ешбір тәңірдің жоқтығына және Мухаммед пайғамбардың Оның құлы , әрі елшісі екеніне куәлік береміз . Және пайғамбарымыз Мухаммедке , оның әулетіне , сахабаларына Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын .

Біз бұл тақырыбымыздың астында Аллаһтың адамға берген бір үлкен нығметі жайында сөйлемекшіміз . Аллаһтың пенделерге берген нығметтері өте көп . Тіпті оларды есепке алатын болсақ санына жете алмаймыз . Оны Аллаһ Тағаланың Өзі де Құранында былай деп баяндаған :



« Егер Аллаһтың нығметін есептесеңдер санына жете алмайсыңдар ». ( Ибраһим :34).

Ия , біздерде қандай-да бір нығмет болмасын - ол Аллаһтан .Бірақ ол берілген нығметтердің санына жете алмасақ та , соны берген Раббымызға тілімізбен , амалымызбен шүкірлік ету үшін еске алып Тұруымыз керек . Өйткені Аллаһ Тағаланың Өзі де солай бұйырған :



« Ей , адамдар ! Сендерге берілген Аллаһтың нығметін еске алыңдар ... ». ( Фатир :3).

Ондай болса бізде шамамыз келгенше сол нығметтердің кейбірін еске алып өтелік . Жалпы біздің адам болып жаратылуымыздың өзі нығмет . Біз өзіміз білетіндей , негізінде Аллаһтың жаратқан жаратылыстарының түрі көп . Аспанда ұшқан құс болсын , шыбын шіркей болсын , жерде жүрген жан –жануарлар болсын , жорғалаған құрт-құмырсқалар болсын соның бәрі Аллаһтың бар еткен болмыстарынан . Бірақ сол жаратылыстардың ішіндегі ең көркемі , артықшасы , әрі ардақтысы адамзат баласы . Бұл сөзге мына аят дәлел болады :



« Расында адам баласын ардақтадық . Сондай-ақ оларды құрлықта да , теңізде де көліктендірдік . Және оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік . Әрі оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық ».( Исра :70).

Және адамның көптеген жаратылыс түрінен артықша жаратылғанына адамның өзінің ақылы да куәлік етеді . Себебі кім адамға берілген артықшылықтарды танып білсе , онда ешкім адам кейпінен аспандағы құсқа немесе жердегі жануарға , әлде теңіздегі балыққа өзгеруді таңдамас еді . Және бір таңқаларлығы , әрі көңіл бұратын бір нәрсе бұл артықшалық пен , көркемдікті өзіміз таңдап алған жоқпыз .Біздің жаратылысымыз түзілген сәтте , оған куәгер болып , ұсыныстарымызды айтқан да жоқпыз . Расында біздің адм кейпінде , көркем бейнеде жаратылуымызды Құдіретті Жаратушымыз Аллаһ Тағала қалаған . Құранда бұл жайында :



« Ол ( Аллаһ ) сені қалаған бейнеде құрастырды » - делінген . ( Инфитар:8).

Сипаттарында кәміл болған , көркем Жаратушы Аллаһқа мақтаулар болсын !

Ия , Аллаһ бізді тек жаратып қана қоймай , Шекеміздегі болмашы маймен маңайымызды көргізіп , кішкене сүйектермен түрлі дауыстарды естіртіп , бір жапырақ етпен сөздерді сөйлетіп қойған . Расында бұл көз , құлақ , тіл деген нәрселер әрбір адам ғанимет білуге тиісті болған нығметтерден . Бұларды ешкім үлкендігі айдай болған алтынға , күндей болған күміске де айырбастамайды . Бірақ Жомарт Аллаһ оларды бергені үшін ешкімнен түймедей де теңге сұрағаны жоқ . Сондай нығметтердің қарсысында шүкірлік етпеу қандай надандық ! Өкінішке орай шүкірлік етпейтіндер де көп . Аллаһ Құранда :

Ей , Мухаммед оларға : « Ол сондай Аллаһ , сендер үшін есту , көру және сезу жаратқан . Сонда да аз шүкірлік етесіңдер , -деп айт »-деген . ( Мулк :23) .

Ал , шүкірлік – дегеніміз нығметтердің Аллаһтан екенін мойындау . Және сол үшін Раббысын тілмен мақтап пәктеу . Әрі Аллаһтың пенделеріне әмір еткен намаз , ораза сияқты тағы да басқа бұйрықтарын орындап , тиымдарынан тиылу . Ақылмен анғарып , көзбен көре білгендер үшін нығметтер көп . Әрі бірі бірісінен өтеді . Алыс-жақынға барып келуге мүмкіндік беретін жүру-тұру нығметі қандай ? Сусынды шашпай , тағамды төкпей қоректенуге мүмкіндік беретін ішіп , жеу нығметі қандай ? Жылымен жылынып , суықтан қорғануға мүмкіндік беретін сезіну нығметі қандай ? Ақ пен қараны , жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік беретін ақыл нығметі қандай ? Өзіміз мұқтаж болған мал-мүлік нығметі қандай ?Өміріміздің зейнеті болған бала-шаға нығметі қандай? Аяғымыздың астында төселіп жатқан жерде нығмет . Маңайымыздан қорған болған тау да нығмет .Төбемізден көмкеріп тұрған аспан да нығмет . Жауған жаңбыр , шыққан шөп , піскен жеміс бәрі де нығмет . Ия, бұлар көзімібен көре алатын нығметтеріміздің бірен –сараны ғана . Ал , көзімізден таса болған нығметтер қанша ? Бұл біліміміздің аясында болған нығметтердің бірен- сараны ғана . Ал , білімімізден тысқары болған нығметтер қанша ? Расында Аллаһтың нығметтерінің санына жету мүмкін емес . Ал , сол нығметтер үшін Раббымызға жасайтын шүкірлігіміз санауға да келмейді . Біз осы нығметтер ішінен иман нығметі туралы айтып өтпекшіміз . Ақиқатында иман нығметі дүние нығметтерінің баршасынан артық . Бұл нығмет өзінің ішінде көптеген ғажап нығметтерді және қамтыған . Бұл нығмет егесіне есепсіз пайда келтіретін көптеген жақылықтар мен ізгіліктерге жол сілтеуші . Осы нығметтің арқасында адам намаз , ораза , зекет сияқты тағы басқа адамның екі дүниеде бақытты болуына себепкер болатын нығметтерді табады . Және де бұл нығмет - Аллаһтың Өзінің сүйген құлдарына беретін ерекше сыйлығы .Оған дәлел Аллаһтың әлемге рахмет ретінде жіберген елшісі , Мухаммед пайғамбардың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) мына бір сөзі :

« Расында Аллаһ дүниені сүйген пендесіне де , сүймеген пендесіне де береді . Ал , иманды тек сүйген пендесіне ғана береді ».(Бұлхадис имам Бухаридің «Тарих » атты кітабында келген. Тирмизи , Бағауилер де риуаят еткен ).

Аллаһ баршамызға Өзінің разылығы мен сүйіспеншілігіне бөлейтін амалдарды жасауымызды нәсіп етсін !

Ия, негізінен дүние нығметтері иман егесі болған мұсылманда да , иман егесі болмаған кәпірде де бар . Ал , иман нығметі тек мұсылманға ғана тән . Кәпір қауымы ондай үлкен нығметтен махрұм . Расында иманнан алыс болған кәпір де көріп-естиді , жүріп-тұрады , байып-шіриді , туып көбейеді , киініп таранады , тыныстап демалады . Бірақ оларда иман нығметі жоқ . Сондықтан олар көре тұра Раббыларын танымайтын көр , ести тұра ақиқаттан алыс болған есалан , сөйлей тұра зікірі , шүкірі жоқ мылқау .Аллаһ олар турасында Құранда :



« Олардың жүректері бар , алайда олар онымен түсінбейді . Көздері бар , онымен көрмейді . Және олардың құлақтары бар , ол арқылы естімейді . Олар хайуан тәрізді , тіпті одан ары адасуда . Міне солар мүлде қаперсіздер » - деген . ( Ағраф:179).
Иман арқасында адам өзінің тірі екендігін сезінеді .Өмірді нығмет біліп , онымен шынайы араласа алады . Ал , имансыз адам тірі бола тұрып , өлік іспетті . Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )өзінің шарапатты хадистерінің бірінде :

- Раббысын еске алушы мен Оны еске алмайтын пенденің мысалы , тірі мен өлінің мысалындай , - деген . ( Бухари риуаят еткен ).

Иман – Аллаһтың берген сыйы .Сүйгені үшін берген сыйы . Сондықтан оған жеткендердің оны ғанимет білуі басты істерден . Және бұл жердегі айтып отырған иманымыз – Аллаһтың кітабы Құран мен Оның елшісінің ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )сүннетіне негізделген дұрыс иман .Раббысының құдіреті мен қадірін шынайы танып , Оған арнаған құлшылықтарында ешкімді серік қоспағанның иманы .Ақыреттегі ізгілер түсетін жаннатқа жетіп , қылмыскер , күнәһарлар түсетін тозақтан құтылу үшін , тынымсыз ізгі амалдарға асыққандардың иманы . Істеген әрбір жақсылығы үшін тек Аллаһтың ғана разылығын аңсап , елден мақтау мен ұлықтауды көздемейтін ықыластылардың иманы . Өйткені Жаратқан Аллаһтың барлығына сенбейтін адам жоқ . Тіпті « Құдай жоқ » деп , жар салып қасарысқан кәпірдің өзі , жүрегінің түбінде Аллаһтың бар екенін біледі . Бірақ бойын билеген тәкаппарлығынан оны мойындағысы келмейді . Олардың ішінен қатты қиналған сәттерінде Аллаһқа жалына жалбарынып кеткендер мен кейде жаратылыстарға ой көзін жүгіртіп отырып ; « жаратылған дүниелерді көре тұрып , олардың жаратушысы жоқ , өздіктерінен пайда болды – деу , ақылға сиымсыз нәрсе екен » - деп іштей райларынан қайтып жатқандарды да жиі естіп те , көріп те жатамыз . Бірақ өкінішке орай оларды тәкаппарлығы таза иманның егелерінен болудан тосып тұрады .Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып , иманнан күпірлікке , жаннаттан тозаққа кіріптар болуына себеп болған күнә да осы – такаппарлық . Сол сияқты кейбіреулер Аллатың барына сенеді , Оның бүкіл әлемді жаратқандығын мойындайды , бірақ Оның қатарында өзге тас , су , от , ағаштар мен өлген адамдардың рухтарына да сиынып жатады . Сөйтіп Раббыларын шынайы танып , құдіретін біліп , қадіріне жетпей , Оған серік қосып , иманнан жырақта жатады .Расында серік қосушылық - ең ауыр күнә , ең үлкен зұлымдық .( серік қосқанның күфірлік екеніне дәлел болатын аятты жазу ) Ал , кейбір адамдар болса « Құдайға сенемін » - дейді , бірақ сол сенімін салихалы алдармен растамайды . Халал нәрселерді қалап , харам нәрселерден қашпайды . Парыз етілген істерді атқарып , тиым етілген істерден бой тартпайды . Ал , ислам ғұламалары болса былай дейді :

-Адамның кеудесінде жанның бар екенін немесе жоқ екенін , ол дененің әрекеттер жасап қимылдайтыны немесе қимылдамайтынынан білгеніміз сияқты , жүректе иманның бар екенін немесе жоқ екенін , ол адамның салихалы амалдарды жасайтынына немесе жасамайтынына қарап білеміз , - деген .

Және бір өлең жолдарында :

Сүйдім дейсің Аллаһты , тиылмастан күнәдан ,

Бұлай жалған сөйлер ме Раббысына сірә адам .

Рас болса егер махаббат жүрегіңе орнаған ,

Жасар едің құлшылық Сүйгеніңе ұнаған - деп айтылған .


Серік қосушылықтың кірінен таза болған , адасушылықтан алыс тура болған иманның егесі балған адам – бақытты адам . Себебі кім Аллаһқа шынайы сенсе , онда ол Оның разылығына жету үшін тыңбай салихалы амалдарды жасайды .Ал кім салихалы амалдарға бекем болса , Аллаһ оларға жақсы да бақытты тіршілікті сөзсіз нәсіп етеді . Бұған мына аят дәлел :

« Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда салихалы істерді жасаса , әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз . Әрі оларға сөзсіз істеген істерінен де көркемірек сыйлық береміз » . ( Нахл : 97 ) .

Бұл аяттан көріп тұрғанымыздай , иман келтірген ер болсын , әйел болсын сол имандарын салихалы амалдармен растайтын болса , Аллаһтың оларды өмір тіршілігінде бақытты да , рахат, әрі тыныш күй кештіретіні .Әрі ақыретте оларды одан да жақсы , одан да көркем сыйға бөлейтіні .

Иә , иман үлкен нығмет . Біз олардан бөлек нығметтердің өзін ажырап қалмау үшін қорғаштаумен боламыз .Мысалға малымыз болса оның өсіп-өнуі үшін ерінбей жем-шөп береміз . Қасқырдан , ұры-қарыдан қору үшін оларға арнап қора соғамыз . Тіпті сол қора маңайындағы сытырлаған бөгде дауыстарды аңдып , ұйқымыздан сергек жатамыз .Немесе Аллаһ бірімізге қыз немесе ұл беріп қуандырса , ол сәбиімізді жөргекке орап жайтандап , бесікке бөлеп бөпелеп , ыстық-суықтан қорғап жанымыз қалмайды . Оған бір нәрсе бола қалса жүрегіміз ауырады . Сол сияқты алтын , күміске ұқсаған асыл бұйымдарымыз болса , оларды қай жер болса сол жерге тастамай , ұқыптап кісі көзінен жасырын жерге қойып бекітеміз . Ұрының қолына оңай олжа болып кетуін қаламаймыз . Осылайша қалған барша нығметтерді де өзіне сай түрде қорғаштап жататынымыз сөзсіз . Ал сол нығметтердің ішіндегі ең көркемі , әрі ең абзалы болған иман нығметін қалайша қорғауымыз керек ? Иә , артықша нәрсені артықша қорғауға тиістіміз . Өйткені иман өзінде екі дүниенің жақсылығын ұстап тұр . Одан ажырау екі дүниенің жақсылығынан ажыраумен тең . Сондықтан оны салихалы амалдардың бесігіне бөлеп , жүректің төріне жасырып , ықыласпен жуып жалтыратып , Аллаһтың сөзі Құранмен мәпелеуіміз керек .Расында осы иман салихалы амалдарға жетектейді , әрі күналардан қориды .Ал , иман қорғансыз қалып әлсіресе , онда пенде салихалы амалдарға бейғамдық көрсетіп , күнәлі істерге бой ұра бастайды . Иман – ол нұр . Егер ол нұрдың жарығы кеми бастаса , немесе өшсе , онда пенде қаранғылықта қалып , оңы-солындағы нәрселерді ажырата алмай , өмір атты жолдың бойында көптеген шұңқырлардан сүрініп , кедергілерден тосылып отырады . Тіпті қаранғылықтан ештеңені ажырата алмай барып соғысқан кейбір кедергісі оны мәңгіге бақытсыз етіп қоюы мүмкін . Пенде өзінің иман дәрежесіне қарай амал жасайды . Иман дәрежесіне қарай ізет-мәртебеге бөленеді . Иман дәрежесіне қарай жәрдем мен жеңіске жетеді . Иман дәрежесіне қарай бақыттың дәмін сезеді . Иман дәрежесіне қарай жүрегі тыныштық пен рахатта болады . Бұл айтылғандардың дәлелдерін аяттардан да жолыға аламыз . Аллаһ Құранда Мунафиқун сүресінің сегізінші аятында :



« Ізет-мәртебе Аллаһқа , Оның елшісіне және иман келтіргендерге тән » - деген.

Бұл аяттан көріп тұрғанымыздай Аллаһ ізет-мәртебені Өзіне шынайы иман келтіргендерге беретінін баян еткен . Және Әл-Ғимран сүресінің Жүз отыз тоғызыншы аятында Аллаһ Тағала :

« Егер нағыз иман егелерінен болсаңдар , сендер әркез үстемсіңдер » - деп айтқан .Ал , Ғафир сүресінің елу бірінші аятында :

« Расында елшілерімізге , иман келтіргендерге бұл дүниеде де , куәгерлер әзір болып тұратын қиямет күнінде де жәрдем етеміз » - делінген . Иә , кім егер шынайы иман егесі болса , онда ол адам екі дүниеде де қайғы-қасәреттерден аман болады . Өйткені иманмен бірге болу – Аллаһпен бірге болу . Ал, Аллаһ кіммен бірге болса , оған уайым жоқ . Бұған дәлел болатын оқиғалар да көп .Сондай оқиғалардың бірі пайғамбарымыз Мухаммедпен ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) болған жағдай . Ол кісі Аллаһтың хақ дінін адамдарға үйрете бастағанда , иманнан алыс болған Мекке мушриктері оған және оның соңынан иман келтіріп ерген серіктеріне дұшпандықпен үлкен қастандықтарды жасай бастайды . Кейін Мухаммед пайғамбар ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өзінің сахабаларына Медина қаласына көшуін әмір етеді . Артынша өзі де қасына Әбу Бәкірді серік етіп Медина қаласына қарай бағыт алады . Пайғамбарды өлтіруді аңсаған Мекке мушриктері олардың соңынан қуғын салады . Өз мақсаттарына жету үшін барынша әрекетке көшеді . Жолда пайғамбар мен Әбу Бәкір Сәуір атты бір үңгірге жасырынады . Оларды ізбе-із қуып келе жатқан дұшпандары ол үңгірге де жетеді . Сонда сол үңгірде жатқан ол екеуі мен барынша қаруланған дұшпандарының арасын бар болғаны өрмекшінің құрған әлсіз бір торы ғана бөліп тұрған болатын . Сол қуғыншылар сәл еңкейіп , үңгірге назар салса болды оларды көретін еді . Ал , көрсе барынша қаруланған оларға ол екуін өлтіру ешбір қиындыққа соқпас еді . Соны білген Әбу Бәкірдің жүрегін аздап уайым билейді .Сонда Раббысының назарынан ешнәрсенің тыс қалмайтынын , ешбір нәрседен бейхабар еместігін жақсы білген , әрі сол толық көруші , бәрін естуші болған Аллаһтың Өзіне шынайы иман келтірген құлдарының жәрдемшісі екеніне сенген пайғамбар ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) үңгірдегі жолдасы Әбу Бәкірге :

« Уайымдама ! Расында Аллаһ бізбен бірге » - деген . ( Тәубе : 40 ).

Осы бір Аллаһтың аты зікір етілген көркем сөз , Әбу Бәкірдің жүрегін орнықтырып , уайымнан арашалайды . Ал , бар қарулары қолында болған , иманнан алыс ол қуғыншы топ өздері сыртта ,ал дұшпан тұтқан адамдары тар бір үңгірде .Және сан жағынан да үңгірдегілерден елеулі басым . Әрі өздері сыртта болғандықтан икемсіз тар үңгірде болғандардан гөрі мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары . Сөйте тұра олар ал екі адамға ешбір қастандық , ешбір айла-шарғы қолдана алмады .Тіпті олар араларын бөліп тұрған өрмекшінің әлсіз де осал ұясының бір талын үзуден де дәрменсіз болды .Әлбетте олар еш нәрсе істей алмайды . Аллаһпен бірге болғандарға , Аллаһтың панасында болғандарға кім қылдай қиянат жасай алсын ? Аллаһпен бірге ететін де , Аллаһтың панасына кіргізетін де Оған болған шынайы иман . Сондықтан да ілгергі өткен мұсылмандар бір-біріне : « Егер Аллаһ сенімен бірге болса кімнен қорқасың , ал егер Аллаһ саған қарсы болса кімнен үміт етесің » - деп өсиет ететін .

Сонымен қатар иманның өзіне тән ләзаты бар . Иә , дүниеде лазаттардың түрі көп . Мысалға жеу лазаты бар . Адам баласы түрлі тамақтарды ұнатады . Бірде аштысын , бірде тәттісін , бірде қышқылын , ал бірде шыжғырылып қуырылғанын , не былбырап піскенін ұнатады . Оған жолында әрекетте болады . Ақшасы болса соған шығын қылыды . Неге ? Себебі ол тамақ оның денесі үшін қуат . Сонымен қатар одан лазат табады . Сол сияқты шол қандырған сусындарда да лазат бар . Киер киімнің де лазаты бар . Мінер көліктің лазаты бар . Сол сияқты көру , есту , сезіну лазаттары өз алдына . Ал адал жұбайдан табылатын лазат тағы басқа . Осы лазаттардың бәріне адам баласы жеткісі келеді . Жетсе ажырап қалмау үшін қам жасайды . Бірақ осы лазаттардың ішінде ең көркемі , әрі ең ерекшесі , әрі рахаттырағы иман лазаты . Осы лазаттың дәмін адам бір жолы көрсе одан еш уақытта ажырағысы келмес еді .Оған дүние лазаттары мен дене лазаттарының бәрін алып келсе де , ол лазатты оларға айырбастамас еді .Ол ләзат –жүрек ләзаты . Ол ләзат жүректің иманның тәтті дәмін сезінгеннен кейін тапқан ләзаты .Осыған байланысты бірде мәшһүр Ибраһим ибн Адһам өзінің серіктерімен бірге бір судың қасында , кепкен нан жеп отырып былай деп айтқан екен :

Егер патшалар мен олардың балалары біздің иман нығметінің арқасында қандай бақытты күйде екенімізді сезсе , онда олар оған жету үшін бізге қылышпен күрес ашар еді –деген .

Және белгілі ғалым Ибн Таймия өзінің бір сөзінде :

-Бұл дүниеде бір жаннат бар . Кім ол жаннатқа кірмеген болса , онда ақыреттегі жаннатқа да кіре алмайды-деген .Яғни , бұл дүниедегі жаннат – иман , ислам жаннаты .Иманның шынайы дәмін сезінген адамның жаннаты .

Және пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) өзінің шарапатты хадистерінің бірінде :



-Үш нәрсе . Олар кімде болса , онда ол иманның тәтті дәмін табады . Олар ; оған Аллаһтың және Оның елшісінің , ол екеуінен басқа нәрселердің бәрінен сүйіктірек болуы . Және кісіні тек Аллаһ үшін ғана сүйуі .Және Аллаһтың оны күпірліктен құтқарғаннан кейін , оған қайтып оралуды , тозаққа тасталғанды жек көргендей жек көруі – деген .( Бухари , Муслимдер риуаят еткен )

Иә , кімде осы үш нәрсе болса , ол иманның ләзатын , тәтті дәмін сөзсіз табады . Ал , егер иман келтірдім деген пенде сол иманының ләзатын таппай жүрсе , онда өзінде осы хадисте айтылған үш нәрсенің бар екенін , не жоқ екенін тексеріп көрсін . Ол Аллаһты және Оның елшісін барша заттан артықша сүйе ме ? Жоқ әлде жүрегінің түбінде олардан басқа бір нәрсеге деген махаббат үстемдік құрып , жасырынып жатыр ма ? Және өзінің мұсылман бауырын Аллаһ үшін сүйе ме ? Сүйсе ондағы бауырлықтың хақтарын Оллаһ риза болатын дәрежеде өтеп жүр ме ? Және күпірлікке қайта түсуден , күпірлікке алып баратын істерге қадам басудан тура тозаққа түсетіндей болып қарқа ма ? Егер бұл айтылған нәрселер онда болмаса , онда оның хәлі өте аянышты . Оның хәлі Раббыларының шынайы хақысын танымай және Одан келген хақ дін Исламға парасатсыз кіріп , кейін пайғамбарға ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )келіп : « Біз иман келтірдік »- деген Бәдәуилердің мысалы сияқты . Ал , Аллаһ олардың ондай даурықпасына , Өзінің елшісіне былай деп жауап айтуды бұйырған :

-Ей , Мухаммед ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) оларға : « Сендер иман келтірмедіңдер ». Алайда : « Исламға кірдік » деңдер .Өйткені иман жүректеріңе кірмеді ... де . ( Хужурат :14 ) .

Аллаһ баршамызға шынайы иманды нәсіп етсін !

Иә , хадисте ол иманның тәтті дәмін Аллаһты және оның елшісін барша заттан артықша сүйгендер табады делінген . Аллаһқа деген махаббат – Оның әміріне мойынсыну . Сол Раббысының сүйетін істерін атқарып , Оның ұнатпаған істерінен алыстау . Махаббаттың шынайылығының белгісінің өзі де үшеу . Олар : бірінші сүйгенінің сөзін өзгелердің сөзінен артық көру . Екінші сүйгенімен бірге болуды өзгелермен бірге болудан артық көру . Үшінші сүйгенінің ризалығын табуды басқалардың ризалығын табудан артық көру . Сондықтан Раббысын шынайы сүйген адам Оның сөзін өзгелердің сөзінен артық тұтады . Оған құлшылық-ғибадаттар жасап , Онымен бірге болуға жаны құмартады . Әрі , Оның разылығыны жетуді басты мақсаты етіп алады .Әлбетте Аллаһты сүйген адам Оған толық мойынсынады . Ал , Оған күнәһар болып , харам істерге түсушінің Аллаһты сүйдім деуі шындыққа көп жанаспайды .Және ол жүректегі иман ләзатынан махрұм .

Расында Аллаһты сүйген адам , сол Сүйгеніне ұнайтын істерде болады . Және Аллаһты сүйгендіктің тағы бір нақты дәлелі , Оны сүйген адам Оның әлемдерге рахмет ретінде жіберген Елшісі Мухаммед Пайғамбардың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )сүннет жолынан бекем ұстанады . Себебі Аллаһ Тағала Құранда :

-Ей , Мухаммед ! Оларға : « Егер сендер Аллаһты сүйетін болсаңдар маған ілесіңдер . Сонда Аллаһ сендерді сүйеді , деп айт » – деген . ( Ал-Ғимран :31).

Және Абдуллаһ ибн Омар риуаят еткен хадистердің бірінде Пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ):



- Сендердің ешбірің , оның көңілінің соққан нәрсесі мен келтірген нәрсеге ермейінше иман келтірген болмайды – деген .

Және мәселе тек сүйуде емес . Сол сүйген Аллаһтың сүйіктісі болуда . Ал , Аллаһтың сүйікті құлы болғаннан артық дәреже бар ма ? Сол үшін , яғни тек Аллаһты сүйіп қана қоймай , сонымен қатар оның сүйген құлдарының қатарынан болғың келсе , Оның елшісінің көрсеткен сүннет жолына айна қатесіз ер. Ол пайғамбардың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) үмбеті үшін әкелген әмірлерін қабылда да , бүкіл қайтарған істерінен тиыл . Оның сүннетінде келмеген барша бидағаттардан сақтан !

Иә , иман жүрек азығы . Ол иманннан табылтын тәтті л»ззат , тілдің тағам мен сусыннан табатын лазаттарынан артық . Бірақ білетініміздей ауырған адамның тәбеті қашып , жейтін тағам мен ішетін сусынның дәмін таппай қалатыны . Сол сияқты күнә да қатерлі ауру . Ол жүректің ауруы . Кімде кім жүрегінеи осы ауруды жұқтырса , онда ол иманның тәтті ләзатын таппай қалады . Сондықтан оны күнәлардан келетін кесепат пен аурулардан қору керек . Өйткені күналар иманның дәмін бұзады . Адамның тәбеті шаппаған тамақтан ауыз тимегені сияқты , иманы әлсіреген адам да көптеген көркем ғибадаттарды тастап қоюы мүмкін . Иманнан кейінгі пасықтық қандай жаман !

Және біз жоғарыда иман келтіргендер өздерінің келтірген имандарын салихалы амалдармен растайтынын айтып өттік . Сонымен қатар ғалымдар да :

-Салихалы амалдар атқарылып , күнәлі істер тасталмайынша иман кәміл иман болып есептелмейді , -деген .

Осы иман мен амалдың өзара қатысы жайында имам Ибн Таймия ( Аллаһ оны рахметіне бөлесін) былай деген :

-

Сондықтан , ойланшы ! Аллаһ сені өзгелерден ардақтап , иман беріп таңдады . Ал , сен тағат,ғибадаттарыңмен , сол жоқтан бар етіп , судан қан етіп , одан ет етіп , кейін көркем келбет беріп дүниеге келтірген Раббың Аллаһты таңдадың ба ? Сені сүйгені үшін иман силап , ізгі іске талпындырған Раббың үшін шын ықылас таныттың ба ? Сол Раббың үшін түн ортасында ұйқың қашып , Оның разылығы үшін , ең болмаса екі ракағаттық таһажжуд намазына тұрып көргенсің бе ? Сол Раббың үшін күндізгі уақыттарда , түңгі мезгілдерде Құран оқып , Оның сөздеріне ой жүгіртіп көргенсің бе ? Ол Аллаһтың саған берген нығмет , рызық , фазилеттеріне жараса садақа , напақа , не зекет беріп шүкірлік қылып жүрсің бе ? Аллаһ сені сүйіп иман берді . Сен сол нығметтің қадірін түсініп , сол махабатқа лайықты махаббатпен жауап бере алдың ба ?



Жоқ , әлде Раббыңның бәрін көріп тұрушы екенін біле тұрып , харам нәрселерге немесе көшедегі , не теледидардағы , не газет-журналдардағы бөтен әйелдер мен кісілердің әуретіне көз салып , күнәға ұрынып күпірлік қылып жүрсің бе ? Жоқ , әлде Раббыңның барлық нәрсені еститінін біле тұрып , өсек , өтірік, ғайбаттардан тіліңді тия алмай шүкірсіз болып жүрсің бе ? Жоқ , әлде Раббыңның бүкіл істен , ішкі-сыртқы дүниеңнен хабардар екенін біле тұрып , ертеңгі күн – ақырет күніне дайындап жатқан амалдарыңда ықыласты жоғалтып , сауаптарын жойып алып жүрсің бе ?

Кімнің иманы күшті болса , онда ол пенденің амалы да күшті . Және керісінге кім амалында ықылас танытып , оларға бекем болып жүрген болса , онда оны ол нәрсеге итермелеп отырған иманның қуаты . Кейбір ғалымдар айтқандай :



  • Сыртқы амал ішкі иман дәрежесінің көрсеткіші .

Егер сен таң намазына ұйықтап қала беретін болсаң , немесе жалпы намаздардың уақытына қаперсіздік танытып ,кешіктіріп оқуды әдетке айналдырған болсаң , немесе жәй бос сөздерге сағаттап уақыттарыңды беріп , ол Аллаһтың сөзі Құранға келгенде уақыт таппай , тіпті ол қасиетті Құран кітабына бір күн бойы назар салмай , күн емес апта , айлар бойы қолыңа ұстамай жүрсең , онда біл кеудеңдегі иманыңның әлсіреп жүргенін . Және сен осы хақ дінді адамзат баласына үйреткен Пайғамбарыңның ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) , ол кісіден қасында жүріп дәріс алған сахабалардың , сол сахабаларды көргендердің және сахабалардан кейін де келгендердің амал-ғибадаттарына назар салып көрші ! Сонда сен олардың иман деген нығметті қандай ғанимет білетінін көресің . Сол иманды берген Раббыларына қалай ықылас танытқандарын білесің . Мүмкін өзіңді есепке алып , олардың істерінен ғибрат табарсың . Әрі Аллаһ иманыңды қуаттай түсер . Өйткені иман нығметінің қадірін түсіну , сол иманның талабына қарай амал жасау , әрі сол амалдарды шын ықыласпен орындау Аллаһтың қалаған құлына беретін фазилеттерінен . Аллаһ бізді де , сізді де ондай фазилеттерінен құр қалдырмасын !

Бірінші олардың ғибадатттардың ең абзалдарының бірі намазбен қалай болғандарына назар салайық . Құдіреті күшті Аллаһ ол намазды Өзінің кітабы Құранда иман деген атаумен де атаған .Белгілі сахаба Хузайфа Ибн Иаман атты сахабадан жеткен , мына мағынадағы хадис бар . Ол сахаба ( Аллаһ одан разы болсын) былай деп айтады :

-Түндердің бірінде Пайғамабарымыздың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) намазға кіріскенін көрдім де , ол кісіге ұйып менде намаз оқыдым . Ол кісі намазындағы қиямында « Бақара » сүресін оқи бастады . Бұл сүренің жүзінші аятына жеткенде рукуғ жасайтын шығар деп есептедім . Бірақ ол кісі жалғастыра берді . Сонда « Бақара» сүресін намаздың бір ракағатында толық оқып барып рукуғ жасайтын болған екен ғой деп есептедім . Бірақ ол кісі бұл сүрені аяғына дейін оқыды да , « Ниса » сүресін оқуға кірісті . Ол сүрені бітірген соң рукуғ қылмастан «Ал-Ғимран » сүресіне кірісті . Және ол кісі әрбір аяттардағы әріптердің хақысын беріп , асықпай оқыр еді . Сонымен қатар тасбих аяттарына келсе , яғни Аллаһты пәктеу , мақтау аяттарына келсе , Раббысын мақтап пәктейтін .Ал сұрау, тілеу аятттарынан өтсе , Раббысынан сұрап тілейтін . Және сиыну , пана сұрау аяттарынан өтсе , Раббысынан пана сұрайтын . Осыдан кейін барып қана ол кісі рукуғқа барды . Және рукуғында « Субхана Роббиял Ғазим » деп , яғни , « Ұлы Раббым өте пәк » деп Аллаһты пәктеп зікір етті . Ол рукуғының өзі жоғарыдағы Құран сүрелерін оқыған қиямындай ұзақ болды . Кейін « Самиғаллаһу лиман хамидаһ , Роббана лакал хамду » деп , сәжде алдындағы қиямында тік тұрды .Ол тұрысының ұзақтығы да жасаған рукуғының ұзақтығына жақын болды . Одан кейін сәждеге барды . Сәждесінде « Субхана Роббиял Ағла » деп , Раббысын пәктеп зікір етті . Және сәждесінің ұзақтығы , оның алдында жасаған қиямының ұзақтығына жақын болды . ( Муслим риуаят еткен ).

Міне бұл сенің сүйікті Пайғамбарың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) ! Міне бұл сенің « Намазды дүниедегі барша заттан артық сүйемін » деген пайғамбарың( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) ! Міне бұл сенің өзінің өмірінің соңғы сәтінде , кеудесінен жаны шығып бара жатып үмбетіне айтқан соңғы сөздерінде «Намаз ! Намаз ! » деп өсиет етіп кеткен Пайғамбарың ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) !

Ал , Пайғамбарымыздың сүйікті сахабаларынан болған хазреті Омар ( Аллаһ одан разы болсын ) қандай болған еді. Ол кісі ол кісінің өлімін аңсаған дұшпанының қолынан оқыста қатты жарақаттанады . Қансырап әлсіреген ол кісінің көзі ілініп кетеді . Сол мезгілде намаз уақыты кіреді . Ол кісінің қасындағы серіктері : « Иә , мұсылмандардың әмірі ! Намаз » - дегенде , ол тұрып , ауыр жарақатына қарамастан намазға кіріседі . Ол жаратқан Раббысының алдында шын ықыласпен құлшылық жасап жатты . Ал оның сол уақытта жарақатынан қан төгіліп жатқан еді . Және сол жарақат оның шаһид болып өлуіне себеп болған .Расында олар Аллаһты жандарынан артық сүйетін . Себебі олар сол Раббыларын жақсы танитын .

Ал , Пайғамбарымыздың







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет