Популяциялық генетика негіздері. Генетикалық полиморфизм

Популяцияның экологиялық құрылымы

бет2/6
Дата21.11.2023
өлшемі376.48 Kb.
#483924
1   2   3   4   5   6
Мырзабай, Жабықбай, Полатова. Методология

Популяцияның экологиялық құрылымы

Даралар саны
Даралардың саны да әртүрлі болып келеді. Мысалы, инеліктің популяциясында 30000 жуық даралар болатын болса, ұлу популяциясында небәрі 1000 жуық даралар кездеседі. Даралар санының ең төменгі деңгейі болады. Ол деңгейден азайса, популяциялар жойылады.
Әр түрлі түрлер популяцияларның жастық және жыныстық құрамдары құбылмалы болып келеді, олар популяцияның тіршілік ұзақтығына, көбею белсенділігіне, жыныстық жетілу мерзімдеріне байланысты болады.

Адамдардың сан жағынан шағын, 1500-4000 адамнан аспайтын кішкентай популяцияларын демдер , ал одан кішкентай 1500-ден аз адамдардан тұратын популяцияларды изоляттар деп атайды. Демдер мен изоляттар өте баяу көбейеді, демдер – 20, изоляттар – 25 пайыз мөлшерінде. Сол сияқты, демдер мен изоляттарда туыстық некелесу жиілігі өте жоғары дәрежеде болады. Ал ол рецессивті аллельдердің гомозигота күйіне өтіп, кейбір аурулардың дамуына алып келеді. Егер изоляттар 4 буыннан астам уақыт бір жерде өмір сүретін болса, оның әрбір мүшелері бір-бірімен кем дегенде шөберелес ағалы-інілі немесе апалы-сіңілі болуы мүмкін.

Популяцияның генетикалық құрылымы

Популяцияны генетикалық тұрғыдан салыстыратын болсақ оның өзіне тән генофонды болады. Табиғи популяциялардың генетикалық сипаттамалары:

  • Генофонд дегеніміз популяция дараларының генотиптерінің жиынтығы.
  • Генетикалық полиморфизмі.
  • Генетикалық біртұтастығы.
  • Әр түрлі даралардың өзара динамикалық тепе-теңдігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет