Популяциялық генетика негіздері. Генетикалық полиморфизм

бет1/6
Дата21.11.2023
өлшемі376.48 Kb.
#483924
  1   2   3   4   5   6
Мырзабай, Жабықбай, Полатова. Методология

Популяциялық генетика негіздері. Генетикалық полиморфизм

Орындаған: Мырзабай А., Жабықбай Ж., Полатова А.

Группа: биология

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Популяция, анықтамасы.

б) Популяцияның экологиялық құрылымы.

с) Популяцияның генетикалық құрылымы.

д) Харди-Вайнберг заңы.

е)Адам популяцияларындағы эволюциялық факторлар.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Популяция деп (лат. Populus – халық, тұрғын)– белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын биологиялық түр дараларының жиынтығын айтамыз. Популяциялар түрдің тіршілік ету, эволюциялану формасы болып табылады. Олар ағзалардың сыртқы орта факторларымен әрекеттесуінің нәтижесінде, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптасады.

Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын.

Популяциялардың экологиялық және генетикалық сипаттамалары болады.

Популяцияның экологиялық құрылымы

Популяцияның экологиялық сипаттамасына ареал мөлшері, даралар саны, жастық құрамы, жыныстық құрамы жатады.

Ареал мөлшері
Популяцияның мекендейтін ареалының мөлшері, ол ағзалардың жекелей белсенділігінің радиусына байланысты.
Мысалы, ұлу өте баяу қозғалады, ол бірнеше метрге ғана жылжи алады, демек оның ареалының мөлшері кішкентай. Ал су тышқаны жүздеген метрге барып келе алады, демек оның ареалдары үлкен.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет