Портфолио



Дата14.10.2022
өлшемі0.89 Mb.
#462696
Мамандармен кездесу

«Құзіретті маман -


Шымкент 2021ж.
ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ, АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
жарқын болашақ кепілі»
Қазақстанның энергетика жүйесі – электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. Кеңестік билік дәуіріне дейінгі кезеңде өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен болуы себепті оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерінде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн.
Жел электр станциясы (ЖЭС) - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдырады. ЖЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электр станциялары.
Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.
Күн электр станциясы немесе гелиоэлектрлік стация — электр энергиясын өндіру үшін Күн радиациясын пайдаланатын электр станциясы.
  • Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 150 мегаваттық жаңа күн электр стансасының құрылысын жүргізу мақсатында 300 гектар жер телімі берілген. Жобаны іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде күннен, желден және судан энергия өндіретін 327,6 мегаваттық 17 станса бар. Бұл республика бойынша 20%-ті құрайды.

Қазақстандағы іске асырылатын жаңартылатын энергия көздер жобаларының жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайды.

  • Шығыс Қазақстан облысындағы «Шәкәрім-30МВт» КЭС;
  • Алматы облысындағы «Кенен – 50 МВт» КЭС;
  • Қостанай облысындағы «Ыбырай -50 МВт» ЖЭС;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақтоғай 1 фазасы - 100 МВт» ЖЭС;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы «Ақтоғай 2 фазалы-50 МВт» ЖЭС.

Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Өңірде қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылды. Олар Саран, Жезқазған, Балқаш және Ақадыр кентінің маңында орнатылған.

Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Өңірде қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылды. Олар Саран, Жезқазған, Балқаш және Ақадыр кентінің маңында орнатылған.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы "Қоңырат" шағын ауданына жақын жерде қуаты 100 МВт күн электр станциясын салудың тағы бір жобасын іске асыруда. Күн электр станциясының аумағы 140 гектарды құрайды, Станция 192 350 екі жақты фотоэлектрлік панельдерден тұрады. Әрқайсысының қуаты 520 Вт. Бұл күн электр станциясы жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу мерзімі (50 МВт) - 2021 жылғы тамыз. Келесі кезең (50 МВт) 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет