Постановление Совета директоров 2015 жылғы 15 қыркүйек Алматы қаласы №159 город Алматы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі операциялық күнінің графигін



Дата22.02.2016
өлшемі252.72 Kb.
#782
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

СОВЕТА ДИРЕКТОРОВ

2015 жылғы 15 қыркүйек


Алматы қаласы



№ 159
город Алматы




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі операциялық күнінің

графигін, Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері мен

олар үшін төленетін ақы мөлшерлерін

бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 25-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасының бесінші және сегізінші абзацтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнін ұйымдастыру мен басқару және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері мен олар үшін төленетін ақы мөлшерлерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі операциялық күнінің графигі (бұдан әрі – График) бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері мен олар үшін төленетін ақы мөлшерлері (бұдан әрі – Тарифтер) бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның ведомстволары, екінші деңгейдегі банктердің тарату комиссиялары және екінші деңгейдегі банктердің уақытша әкімшіліктері төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін тарифтер төлеуден босатылады.

4. Графикте көзделген уақыттан кейін қабылданған, Графикте көрсетілген төлем және өзге құжаттар келесі операциялық күні орындалады.

5. Төлемдерді/операцияларды жүргізген кезде Графикте және Тарифтерде көрсетілген төлем және өзге құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшесі басшылығының шешімімен Графикте көзделген уақыттан кейін қабылдауға және орындауға жол беріледі.

6. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

7. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

8. Ұлттық Банктің Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі департаменті (Қолдасов Е.Т.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, ұйымдарына және банк шоттары Ұлттық Банктің Қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі департаментінде ашылған клиенттеріне жіберсін.

9. Осы қаулының1 орындалуын бақылау Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.





Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Директорлар кеңесінің хатшысы

М. Саитова



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 159 қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің операциялық күнінің кестесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің операциялық күнінің кестесі (бұдан әрі – Кесте)


Р/с №

Қызметтер түрі

Уақыты *

1

Клиенттен SWIFT жүйесі бойынша төлем құжаттарын қабылдау:

– теңгедегі

– АҚШ долларындағы / ЕУРО-дағы / Ресей рубліндегі

– басқа валюталардағы


корреспондент-банктердің талаптарына қарай

валюталау күнгі сағат17-00-ге дейін

валюталау күнгі сағат16-00-ге дейін



2

Клиенттен басқа байланыс арналары бойынша және/немесе қағаз жеткізгішпен төлем құжаттарын қабылдау:

– теңгедегі

– АҚШ долларындағы / ЕУРО-дағы / Ресей рубліндегі

– басқа валюталардағы


корреспондент-банктердің талаптарына қарай

валюталау күнгі сағат 17-00-ге дейін

валюталау күнгі сағат 13-00-ге дейін



3

Клиенттердің банк шоттарына қойылатын төлем құжаттарын (инкассалық өкімдерді, төлемдік талап-тапсырмаларды), қолма-қол ақша алуға арналған чектерді қабылдау

сағат 13-00-ге дейін

4

Қолма-қол ақша алуға/резервтеуге өтінімдер қабылдау:

– қолма-қол ақшаны алу күні қарсаңында

– қолма-қол ақшаны алу күні (егер клиенттердің қолма-қол ақшаны алуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) (бұдан әрі – Ұлттық Банктің Орталығы) жұмысының режиміне әсер етпеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы немесе Ұлттық Банктің Орталығы басшылығының шешімі бойынша)

жергілікті уақыт бойынша сағат 17-00-ге дейін

жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-ге дейін



5

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу жөніндегі кестені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 16 тамыздағы № 163 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу кестесіне сәйкес төлем жүйелеріне төлем хабарларын жіберу

сағат 19-00-ге дейін


6

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық жүйесі арқылы төлемдер жүргізу

сағат 20-00-ге дейін

7

Пайдаланушының нұсқауы негізінде немесе корреспонденттік шот шарттарында көзделген жағдайларда банкаралық ақша аударымы жүйесінің операциялық күні ішінде пайдаланушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотынан (шотына) банкаралық ақша аударымы жүйесінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шотына (шотынан) ақша аудару

сағат 19-00-ге дейін

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының және (немесе) Ұлттық Банк орталығының ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны қабылдауы және беруі

сағат 8-30-дан 13-00-ге дейін

9

– Ұлттық Банктің Орталығында

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны қабылдау және беру



сағат 13-00-ге дейін

сағат 15-00-ге дейін



10

– Ұлттық Банктің Орталығында

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) шетел валютасын қабылдау



сағат 13-00-ге дейін

сағат 15-00-ге дейін



11

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының монета және басқа да банктік өнімдерді өткізуі, қолма-қол және қолма-қол ақшасы есеп айырыса отырып инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алуы

сағат 15-00-ге дейін

12

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының ұлттық валютадағы ұсақтау/айырбастау операциялары, оның ішінде тозған, айналыстан алынған банкноттарды немесе монеталарды және ақаулы (бүлінген) монеталарды айырбастау

сағат 15-00-ге дейін

13

Шетел валютасын конвертациялау/реконвертациялау:

– конвертациялауға/реконвертациялауға өтінімдер қабылдау

– клиенттің теңгемен жабу сомасын аударуы

валюталау күні сағат 13-00-ге дейін

валюталау күні сағат 16-00-ге дейін


14

Ұлттық Банк Орталығының бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қабылдауы және беруі

сағат 13-00-ге дейін

15

Шығыс ақпаратты жіберу/беру:

– шоттар бойынша алдын ала үзінді-көшірмені (хабарлардың форматы МТ940, МТ998.400)

– операциялық күннің нәтижелері бойынша шоттар бойынша үзінді-көшірмелер (хабарлардың форматы МТ940, МТ998.400)

– өткен операциялық күнгі шоттар бойынша үзінді-көшірмелер:

SWIFT және FASTI VIDO жүйесі бойынша

қағаз жеткізгішпен


сағат 16- 40-тан 17-00-ге дейін


сағат 21-00-ден келесі жұмыс күнгі 05-00-ге дейін

сағат 11-00-ге дейін

сағат 15-00-ге дейін


16

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның ведомстволары үшін көрсетілерін операциялар (қызметтер)


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес

* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнінің басталу уақыты жергілікті уақыт бойынша 9-00 сағаттан бастап (Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде/қаласында белгіленген уақыт), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнінің аяқталу уақыты – егер Кестеде өзгеше көзделмесе, Алматы қаласының уақыты.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 159 қаулысына

2-қосымша



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері мен

олар үшін төленетін ақы мөлшерлері


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері және үшін төленетін төлем

мөлшерлері (бұдан әрі – Тарифтер)



р/с



Қызметтердің атауы

Төлем мөлшерлері

  1. Ұлттық және шетел валюталарындағы банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу

1.1

Банк шотын ашу, жабу

тегін

1.2

Банк шотындағы ақша қалдығы бойынша есептелген сыйақы (мүдде)

есептелмейді, жинақ шоттарын қоспағанда

1.3

Банк шотындағы ақша қалдығы бойынша комиссия (теріс пайыздық мөлшерлеме).
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теріс пайыздық мөлшерлемені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспондент шетелдік банктері оны қолданған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының шешімі бойынша қолданады.

корреспондент банктердің талаптарына сәйкес

1.4

Ақшаны есепке алу

тегін

1.5

Банк шоты бойынша шетел валютасында ақша аударуды жүзеге асыру:

– клиенттік (SWIFT МТ103)


– банкаралық (SWIFT МТ202, МТ200)
– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттары арасында

20 АҚШ доллары/ 20 АҚШ долларына бара-бар валюта шотында

20 АҚШ доллары/ 20 АҚШ долларына бара-бар валюта шотында

тегін


1.6

Банк шоты бойынша ұлттық валютада ақша аударуды жүзеге асыру:

– клиенттің және/немесе үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша

– қолма-қол ақшаны қабылдау және беру бойынша;

– қолма-қол ақшаны қайта есептеу кезінде анықталған шығасылар және кем шығулар бойынша;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттары арасында (банкаралық ақша аудару жүйесінде ақшаны аудару үшін пайдаланылатын банк шотын қоспағанда)


400 теңге

1.7

Кері қайтарылмайтын, жабылған аккредитивтермен операциялар (Халықаралық сауда палатасы әзірлеген құжаттамалық аккредитивтерге арналған бірегейлендірілген қағидалар мен дәстүрлерге сәйкес)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты шығыстары

1.8

Пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық күнін ұзарту туралы өтініші негізінде пайдаланушының төлемдер және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырмауы

10 айлық есептік көрсеткіш

2. Қолма-қол шетел валютасымен операциялар

2.1

Қолма-қол шетел валютасын (тозған, айналыстан шығарылған) өткізу

клиент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы шарт талаптарына сәйкес

2.2

Қолма-қол шетел валютасын беру (ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалдың) (бұдан әрі – Ұлттық Банк Орталығы) айналым кассасында болған жағдайда)

клиент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы шарт талаптарына сәйкес


2.3

Қолма-қол шетел валютасын сату мәмілелері бойынша комиссиялық сыйақы:

– Алматы қаласында

– Қазақстан Республикасының өңірлерінде


мәміле көлемінің 0,18%-ы

мәміле көлемінің 0,23%- ы


2.4

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) шетел валютасын қабылдау, есепке алу және сақтау

өтеусіз

3. Бағалы металдармен операциялар

3.1

Ұлттық Банк Орталығының бағалы металдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын сақтауы, сынауы:

– Сақтау*

– Сынау
– Тарифтерде көзделмеген, бірақ Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғалардың немесе меншік иелері – дара кәсіпкерлердің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал) туралы ережеге сәйкес жүзеге асыратын құндылықтармен жекелеген операциялар


0,02%


*сақтауға тариф сақтауға берілген құндылықтардың (күнтізбелік 1 ай сақтауға есептелген) құнынан пайызбен көрсетілген.

Құндылықтарды сақтау үшін төлемақы сомасы сақтаудың күнтізбелік күндерінің нақты санына (демалыс және мерекелі күндерін қоса алғанда) негізделіп есептеледі.

Сақтауға берілген құндылықтардың құны Лондондық Қымбат металлдар нарығы қауымдастығының таңертеңгі фиксингі бойынша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құндылықтарды сақтауға бертін күннің алдындағы күнге белгілеген теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы бойынша айқындалады.
нақты шығындар калькуляциясына сәйкес
нақты шығындарға қарай шарт талаптары бойынша белгіленеді


3.2

Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының өтінімдері бойынша жекелеген негіздемелер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сұрыптау, есепке алу және сақтау

өтеусіз

3.3

Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының өтінімдері бойынша бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын сақтау және бақылау сынақтарынан өткізу

өтеусіз

3.4

Ұлттық Банктің Орталығына өткізілетін тазартылған алтынды бұдан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сату мақсатында (жеті күнтізбелік күн ішінде) сақтау

өтеусіз.

Егер жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін өтінім беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдарды сатпаса не оларды Ұлттық Банктің Орталығынан әкететін болса, онда сақтау қызметтеріне ақы Тарифтердің 3.1-тармағына сәйкес Ұлттық Банктің Орталығына тапсырылған күннен бастап барлық сақтау мерзімі үшін бекітілген тарифтерге сәйкес алынады.



3.5

Тазартылған алтынды тасымалдау

Тарифтердің 2.5-тармағына сәйкес тасымалданатын тазартылған алтынның құнынан қолма-қол ұлттық және шетел валютасын инкассациялау және тасымалдау бойынша бекітілген тарифтер бойынша.

3.6

Ұлттық қордың ішкі алтынын сақтау және ілеспе қызметтер (алтынды тасымалдауды, қабылдауды, сынақтар жүргізуді, баланстан тыс есепке алуды, ауыстыруды, орауды және беруді қоса алғанда).

өтеусіз

3.7

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жазбаша нұсқауы бар болған кезде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының өтінімдері бойынша Ұлттық Банктің Орталығы көрсететін басқа қызметтер

өтеусіз

3.8

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспондент шетелдік банктеріндегі аллокирленген шоттарға металды сақтау және аудару

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты шығыстары + Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік корреспондент банкінің комиссиялары сомасының 2%-ы

3.9

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспондент шетелдік банктеріндегі аллокирленбеген шотты ұстау

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты шығыстары + Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік корреспондент банкінің комиссиялары сомасының 2%-ы

4. Кастодиандық қызметтер

4.1

Номиналдық ұстау жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашу, жабу

тегін

4.2


Клиенттің мынадай көлемдегі бағалы қағаздарын есепке алу және сақтау:

– 150 млн. теңгеге дейін

– 150 млн. теңгеден 7,5 млрд. теңгеге дейін

– 7,5 млрд. теңгеден 15 млрд. теңгеге дейін

– 15 млрд. теңгеден

Комиссияны есептеу айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша клиенттің портфеліндегі бағалы қағаздардың номиналдық құнының орташа айлық қалдығынан жүргізіледі.

Шетел валютасымен номинирленген бағалы қағаздардың құны сауда-саттық жүргізілген айдың соңғы жұмыс күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

жылдық 0,10%

жылдық 0,08%

жылдық 0,065%

жылдық 0,05%


4.3

Басқа есептік ұйымдардың, есептік жүйелердің және биржалардың қызметі

нақты құны бойынша

4.4

Бағалы қағаздармен операциялар бойынша комиссиялық шығыстар:

- бағалы қағаздарды «депо» шотына/шоттан есепке алғаны/есептен шығарғаны үшін

- тапсырмаларға өзгерістер/толықтырулар енгізгені және/немесе күшін жойғаны үшін

- егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты шығыстары 30 АҚШ долларынан асатын болса



тегін
30 АҚШ доллары


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нақты шығыстары бойынша

4.5

Корпоративтік іс-әрекеттер:

- пайыздар/дивидендтер алу

- бағалы қағаздарды айырбастау, сплит, шоғырландыру
- сенімхат бойынша дауыс беру

тегін


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттерімен келісу бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттерімен келісу бойынша



4.6

Консультациялық қызметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттерімен келісу бойынша

4.7

Валюталық шоттар бойынша операциялар

Тарифтердің 1.5-тармағына сәйкес

4.8

Бағалы қағаздар бойынша төлеу көзінен ұсталған салықтарды қайтару бойынша қызмет

әрбір нақты қайтару үшін 200 АҚШ доллары

4.9

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы үшін көрсетілетін операциялар (қызмет)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шарттың талаптарында айқындалады

5. Брокерлік қызмет

5.1

Номиналды ұстау жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашу/жабу

тегін

5.2

Мынадай сомаға (номиналдық құны бойынша) бағалы қағаздарды сатып алған /кері РЕПО операциясын ашқан кезде:

  • 10 млн. теңгеге дейін

  • 10 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге дейін

  • 50 млн. теңгеден 100 млн. теңгеге дейін

  • 100 млн. теңгеден 200 млн. теңгеге дейін

  • 200 млн. теңгеден асатын



Шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сатып алған кезде олардың құны мәміле жасалған күнгі нарықтық бағам бойынша теңгемен қайта есептеледі.

Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен) брокерлік қызметті көрсеткен кезде клиенттің қаржы құралдарын есепке алғаны және сақтағаны үшін Тарифтердің 4.2-тармағына сәйкес есептелетін комиссия ұсталынады.

Бағалы қағаздармен операциялар бойынша, корпоративтік іс-әрекеттер, консультациялық қызметтер, валюталық шоттар бойынша операциялар үшін, бағалы қағаздар бойынша төлем көзінен ұсталған салықтарды қайтару бойынша қызмет көрсету үшін комиссиялар Тарифтердің 4.4-4.8-жолдарында белгіленген тарифтерге сәйкес алынады.


мәміле көлемінің 0,1%-ы (ең азы 1000 теңге)

мәміле көлемінің 0,04%-ы

мәміле көлемінің 0,03%-ы

мәміле көлемінің 0,02%-ы

мәміле көлемінің 0,01%-ы (ең көбі 30 000 теңге)



5.3

Басқа есептік ұйымдардың, есептік жүйелердің және биржалардың қызметі

нақты құны бойынша

6. Клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқару қызметі

6.1

Номиналды ұстау жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашу/жабу

тегін

6.2

Егер клиентпен жасалған келісімде өзгеше көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі клиенттерінің активтерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерінен басқа) сенімгерлік басқару қызметтері. Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары тек қана негізгі сыйақыны төлейді.
Негізгі сыйақы

Активтердің сатып алу құны:

– 0,5 млрд. теңгеге дейін

– 0,5 млрд. теңгеден 1 млрд. теңгеге дейін


– 1 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін
– 5 млрд. теңгеден 10 млрд. теңгеге дейін
– 10 млрд. теңгеден 20 млрд. теңгеге дейін
– 20 млрд. теңгеден 30 млрд. теңгеге дейін
– 30 млрд. теңгеден астам
Сыйақыны есептеу клиенттің сенімгерлік басқаруға берген активтерінің сатып алу құны мен клиенттің шоттарындағы қалдықтар кіретін орташа айлық қалдық сомасынан әр айдың соңғы жұмыс күні жүргізіледі.

Шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздардың құны мен депозиттер және клиенттердің шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтар сауда-саттық жүргізілген айдың соңғы жұмыс күніндегі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

Бағалы қағаздармен операциялар бойынша, корпоративтік операциялар, консультациялық қызметтер, валюталық шоттар бойынша операциялар үшін, бағалы қағаздар бойынша төлем көзінен ұсталған салықтарды қайтару бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялар Тарифтердің 4.4-4.8-тармақтарында белгіленген тарифтерге сәйкес алынады (тиісті қызметтер бойынша).


0,01 %

70 000+ 0.5 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.006%-ы

100 000+1 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.002%-ы

130 000+5 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.0008%-ы

200 000+10 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.0006% -ы

300 000+20 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.0004%-ы

400 000+30 млрд. теңгеден

жоғары соманың 0.0002%-ы


6.3

Қаржы жылының соңында жыл сайын ұсталатын қосымша сыйақы.
Үстеме кіріс клиент портфелінің нақты кірістілігі мен эталондық портфель кірістілігі арасындағы есепті жылдың әрбір айының соңындағы портфельдің нарықтық құнының орташа арифметикалық мәніне көбейтілген айырма ретінде айқындалады.

алынған оң үстеме кірістің 15%-ы


6.4

Басқа есептік ұйымдардың, есеп айырысу жүйелері мен биржалардың қызметтері

нақты құны бойынша

6.5

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы үшін көрсетілетін операциялар (қызметтер)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шарттардың талаптарында айқындалады

7. Монетарлық операциялар бойынша өтемақы төлеу талаптары

7.1

Ішкі нарықта монетарлық операциялар бойынша өтемақы төлеу талаптары

клиент пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы шарт талаптарына сәйкес

7.2

Сыртқы нарықта монетарлық операциялар бойынша өтемақы төлеу талаптары

өтемақы төлеу талаптарын қоюдың халықаралық тәжірибесі шеңберінде нарыққа қатысушылар қабылдаған талаптарға сәйкес
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 159 қаулысына

3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар

кеңесінің күші жойылған қаулыларының

тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) көрсететін қызметке тарифтерді (бөтен ұйымдар үшін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 359 қаулысы.

2. «Электрондық төлемдерді жүргізу бойынша қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, аккредитивтермен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 46 қаулысы.

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын электрондық төлемдерге ұлттық валютамен тарифті және оларды төлеу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 21 маусымдағы № 107 қаулысы.

6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол бермеуге бағытталған 2006-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 17 маусымдағы № 110 қаулысы.

7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) көрсететін қызметке тарифтерді (бөтен ұйымдар үшін) бекіту туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 359 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 202 қаулысы.

8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) құндылықтарды инкассациялау және тасымалдау жөнінде көрсететін қызметтерінің тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 53 қаулысы.

9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 29 қаулысы.

10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 133 қаулысы.

11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарифтерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 129 қаулысы.

12. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялық күнінің кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 159 қаулысы.

13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) өтеусіз көрсететін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 48 қаулысы.

14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, аккредитивтермен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 126 қаулысы.

15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, аккредитивтермен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 204 қаулысы.

16. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен, аккредитивтермен, бағалы қағаздармен және қымбат металдармен операциялар жүргізу жөніндегі тарифтері мен шарттарын бекіту туралы» 2004 жылғы 28 шілдедегі № 191 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 201 қаулысы.



17. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ішкі алтынын сақтау бойынша өтеусіз қызмет көрсетуі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 156 қаулысы.



1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі операциялық күнінің графигін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер түрлері мен олар үшін төленетін ақы мөлшерлерін бекіту туралы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет