Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет49/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Упражнение 4. Читайте различные отрывки из произведений, изменяя 
темп речи в качестве инструмента стилирования. 
Жыртық кітап жылады 
 
Əр беті сатпақ-сатпақ, 
Сірескен шимай-шатпақ. 
Алма-жұлма жыртық кітап 
Өзіне қарап, жадап, жұтап, 
Ашу қысып, ызаланып, 
Иесіне бұрылып, назаланып: 
- Ей, оқушы балам! – деді, 
Қарашы өзің маған! – деді. 
Жап-жаңа сүйкімді кітап едім, 
Білім бұлағы – саған, - деді. 
Бірінші тоқсанға жетпей, 
Азырақ сыйлап, құрмет етпей, 
Белшеден кірге батырдың, 


75 
Қолға алғысыз болып жатырмын. 
Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың, 
Беттеріме білеулей қолыңды сүрттің. 
Қаламыңмен тесіп, түртіп, 
Шұрқ тесігімді шығардың, 
Бұл қорлыққа қалай шыдармын? 
Саған қызмет етуден басқа ниетім жоқ. 
Бірақ жұртқа қарар бетім жоқ. 
Ойланшы өзің, балам! 
Не жазығым бар саған? – деп, 
Ызалы жыртық кітап жылады. 
Ө.Тұрманжанов
Упражнение 5. Под ритм танца говорите в целостности, сохраняя 
логику основу мысли, устойчивость голоса. Цель этого упражнения – 
достижение нормального тренировочного уровня физического и речевого 
дыхания.
Читайте стихотворение под ритм вальса 
Қазақ деген халықтың баласымын 
Баласына беретін бар асылын. 
Мінін көрсе, қиналып інісінің, 
Тілін алып өсетін ағасының. 
Қазақ деген халықтың баласымын 
Жағасынан алмайтын данасының. 
Айтқанынан шықпайтын əкесінің, 
Бір сөзінде жықпайтын анасының. 
Қазақ деген халықтың баласымын 
Ағы менен көзінің қарасымын. 
Халқын мақтан ететін əр жерлерде, 
Салтын сақтап жүретін бабасының. 
Қазақ деген халықтың баласымын 
Алда талай алынар бар асуым. 
Арман жолы жүрерім, бақыт жолы, 
Мүмкін емес сол жолда адасуым, 
Қазақ деген халықтың баласымын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет