Практикалық жұмыс 8
Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оның адам организміне әсері.
Жұмыс ортасыныц микроклиматы деп - сол ортадағы физикалық, химиялық және биологиялық әсерлердің қосындысын айтамыз. Олардың негізгі корсеткіштері болып - ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысы, ауаның тазалығын айтуға болады. Сонымен қатар өндірістік шу, діріл, жарық мөлшері, электромагниттік, иондық т.б. сәулелер де қоршаған орта жағдайына әсер етеді.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
Қолайлы (комфортный)
Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
...
Микроклиматтың негізгі параметрлерін реттеу жолдары.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
орталықтандырылған
немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
желдің қысымы арқылы;
сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
желдеткіш қондырғыларды пайдалану;
Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері
Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.
Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;
а) Технологиялық процесті өзгерту
б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру
в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).
г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)
д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.
е) Сусын беруді ұйымдастыру
ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.
Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Гиподинамия дегеніміз не ?
2. Микроклиматтың негізгі параметрлеріне сипаттама беріңіз ?
3. Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері қандай ?
4. Еңбеккерлерді суық микроклиматтан қорғау әдістері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |