Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс тақырыбы: «Операциондық жүйе және программалау жүйесі Commander, FreeCommander.» қауашық программасы. Ооdоo5 Inf «Информатика»



Дата04.03.2016
өлшемі0.74 Mb.
#39447

ҚММУ Ф 4/3-06/03

ҚММУ БЕ 4/03

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС


Тақырыбы: «Операциондық жүйе және программалау жүйесі Commander, FreeCommander.» қауашық программасы.

ООDОO5 Inf «Информатика»

Мамандығы: 5В110300 «Фармация»

Сағат саны: 135 часов (3 кредита)

Курс: 1

Семестр: 1,2


Құрастырушы: аға оқытушы Омарбекова Н.К

Оқытушы Сыдыкова А.Ж




Қарағанды, 2014

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.



ТАҚЫРЫБЫ: «Операциондық жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. TC, Free Commander қауашық программасы»

МАҚСАТЫ: Программалық жабдықтаудың негізгі категориялар мен олардың тағайындалуын оқу.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  1. Программалардың негізгі категорияларын білу керек;

  2. Программалау жүйелерінің тағайындалуын білу керек;

  3. Қолданбалы программалардың тағайындалуын білу керек;

  4. Операциондық жүйелердің тағайындалуын, классификациясын, есептерін білу керек;

  5. Қауашық программалар түрлерін, негізгі функцияларын білу керек;

  6. Файлдық жүйенің ұйымдастырылу принциптерін білу керек;

  7. МS DOS ортасында жұмыс істеу;

  8. NC-да файлдар мен папкалармен жұмыс істеу;

  9. Far Manager-де файлдар мен папкалармен жұмыс істеу.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Программалық жабдықтаудың тағайындалуы, негізгі категориялары, мысалдары.

  2. Программалау жүйелерінің негізгі түрлері, мысалдары.

  3. «Қолданбалы программалар», «қолданбалы программалар пакеті» деген түсініктері, мысалдары.

  4. Жүйелік программалар категориясы, олардың тағайындалуы.

  5. Операциондық жүйелер классификациясы, мысалдары.

  6. Операциондық жүйенің негізгі компоненттері.

  7. Операциондық жүйенің функциялары.

  8. MS DOS операциондық жүйесі, негізнгі модульдері, интерфейсі, негізгі функциялары және командалары.

  9. Файлдық жүйенің ұйымдастырылуы, файл, папка (каталог), файлдар орналастыру кестесі түсініктері.

  10. Дискілердің физикалық және логикалық құрылымы.

  11. Free Commander қауашық программасы, функциялары, интерфейсі, негізгі командалары.

  12. Файлдық құрылымы бойынша Free Commander бағыттаушының көмегімен көшіру, орын ауыстыру, объекті жою және т.б.


БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.


Практикалық тапсырманы орындау.
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Изтлеуов М. К, Беккужина А.И., Емжарова Г.У.Информатика: Учебник для медвузов/ - Актобе, 2005. - 386 с.

  2. Гельман В.Я.Медицинская информатика: Практикум / Гельман, Виктор Яковлевич. - СПб.: Питер, 2002. - 468 с.

  3. Гельман В.Я.Шульга О.А., Бузанов Д.В.Интернет в медицине М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 288 с

  4. Вялков А.И Информационные технологии в системе управления здравоохранением Российской Федерации: Учеб. пособие /. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2006. - 128 с

  5. В. И. Чернов Медицинская информатика: учеб. пособие /Ростов н /Д: Феникс, 2007. - 320 с.

  6. Герасимов А.Н. Медицинская информатика: учеб. пособие с приложением на CD М.: Мед. информ. агентство, 2008. - 324 с.

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. Бағдарламалық жабдықтау дегеніміз не?

  2. Бағдарламалық жабдықтау қандай негізгі категорияларға бөлінеді?

  3. Программалау жүйелерінің қызметі қандай? Бағдарламаларға мысалдар келтіріңіз.

  4. Қолданбалы бағдарламалар қандай қызмет атқарады? Қолданбалы бағдарламалардың пакеттері? Мысалдар келтіріңіз.

  5. Қандай бағдарламалар жүйелік бағдарламаларға жатады? Олар қандай қызмет атқарады?

  6. Операционды жүйе дегеніміз не? Ол қандай қызметтер атқарады?

  7. Операционды жүйенің жіктелулері, мысалдар келтіріңіз.

  8. Операционды жүйе қандай негізгі компоненттерден тұрады?

  9. MS DOS қызметтерін сипаттаңыз, оның интерфейсі.

  10. MS DOS құрамына қандай негізгі модульдер кіреді?

  11. Файлдық жүйе дегеніміз не?

  12. Файл дегеніміз не?

  13. Файлдың негізгі мінездемелерін атаңыз.

  14. Файлдың аты қандай бөлімдерден тұрады? Файлдың атында қандай символдарды қолдануға болмайды?

  15. Сіз қандай кең тараған файл кеңейтілулерін білесіз?

  16. Папка (каталог) дегеніміз не?

  17. Иерархиялық файлдық құрылым қалай ұйымдастырылған? Мысал келтіріңіз.

  18. Объектке қол жеткізу жолын не құрады?

  19. Файлдарды орналастыру кестесі (FAT) дегеніміз не?

  20. Дисктің физикалық және логикалық құрылымдары түсініктеріне анықтама беріңіз.

  21. Файлдар қайда сақталады, файлдарды жазу қалай жүзеге асырылады?

  22. Қауашық-бағдарламалар қандай қызмет атқарады?

  23. Free Commander қауашық-бағдарламасының қызметі мен интерфейсін сипаттаңыз.

  24. Free Commander -да көлденең менюді қалай шақыру керек?

  25. Free Commander -дағы ақпарат панелі нені көрсетеді? Оны қалай қосу керек?

  26. Free Commander -дағы папкалар Ағашы панелі нені көрсетеді? Total Commander-да папкалар ағашын қалай ашады?

  27. Free Commander -дағы тез көру панелі нені көрсетеді? Total Commander-да тез көру панелін қалай ашу керек?

  28. Free Commander -да объекттердің көшірмесін алу қалай жүзеге асырылады?

  29. Free Commander -да объекттердің орнын ауыстыру қалай жүзеге асырылады?

  30. Free Commander -да жаңадан папка ашу қалай жүзеге асады?

  31. Free Commander -да мәтіндік файлдың жасалуы және түзетілуі қалай жүзеге асырылады?

  32. Free Commander -да объекттерді өшіру қалай жүзеге асырылады?

  33. Free Commander -да топтық ерекшелеу қалай жүзеге асырылады?

  34. Free Commander -да көмекті қалай шақырады?

  35. Free Commander -да интерфейс тілін қалай өзгертеді?

Практикалық тапсырмаларды орындау:

  1. Free commander-ді жүктеңіз.

  2. Z/студенты_2013_2014/ОМ/топ нөмірі/өз фамилияңызбен каталог құрыңыз.

  3. PRIMER.ТXТ мәтіндік файлын құрыңыз (shift +F4), «HELLO, WORLD!» мәтінін енгізіп, сақтаңыз (ctrl+S).

  4. PRIMER.TXT файлының мазмұнын қараңыз (F3).

  5. PRIMER.TXT файлын редакторлеңіз (F4), оған «Мy name is _________» сөйлемін қосыңыз.

  6. Өзгерісті сақтаңыз.

  7. PRIMER.TXT файлының мазмұнын қараңыз (F3).

  8. PRIMER.TXT файлының атын EXAMPLE.TXT деп өзгертіңіз (Жаңа EXAMPLE.ТХТ файлының пайда болғанын және PRIMER. ТХТ ескі файлының жоқ екенін тексеріңіз).

  9. EXAMPLE.TXT файлының атын EXAMPLE.DOC деп өзгертіңіз.

  10. Өз каталогыңызда PRIMER каталогын құрыңыз. PRIMER каталогы құрылғанын тексеріңіз.

  11. PRIMER каталогын белгілеп «Enter» пернесін басыңыз.

  12. EXAMPLE.DOC файлын PRIMER каталогына көшіріңіз. Тексеріңіз

  13. PRIMER каталогында PRIM1.TXТ, PRIM2.TXT, PRIM3.TXT, PRIM4.TXT, PRIM5.TXT бос файлдарын құрыңыз. Кеңейтілуі .TXT болатын барлық файлдарды белгілеңіз. (CTRL+Num lock +)

  14. Белгіленген файлдарды өз фамилияңызбен құрылған каталогқа көшіріңіз.

  15. Жұмысыңызды оқытушыға тексертіңіз.

MS DOS операциондық жүйесіне арналған тапсырма.

  1. Free commander-ді жүктеңіз.

  2. Z/студенты_2013_2014/ОМ/топ нөмірі/өз каталогыңызды таңдаңыз

  3. Окно Dos командасын таңдаңыз да, FreeСommander терезесін жауып тастаңыз

  4. Информатика каталогын құрыңыз (md)

  5. Информатика каталогына кіріңіз (cd)

  6. Мәтіндік файл құрыңыз (copy con 111.txt), оған “Я изучаю дисциплину «Информатика»” мәтінін енгізіңіз, файлдың соңында Ctrl+Z пернелерін басыңыз

  7. Каталогтың мазмұнын қараңыз (dir)

  8. Мәтіндік файл құрыңыз (copy con 222.txt), оған «Программная оболочка Free Commander» мәтінін енгізіңіз, файлдың соңында Ctrl+Z пернелерін басыңыз

  9. Каталогтың мазмұнын қараңыз (dir)

  10. Файлдарды жаңа 333.txt файлына біріктіріңіз (copy 111.txt+222.txt 333.txt)

  11. Каталогтың мазмұнын қараңыз (dir)

  12. Файлдың мазмұнын экранға шығарыңыз (Type 333.txt)

  13. Файлды жойыңыз (del 111.txt)

  14. Қалған екі файлды да жойыңыз

  15. Түбірлі каталогқа ауысыңыз (сd\)

  16. Жүйелік уақытты көріңіз, бірақ өзгертпеңіз (Time)

  17. Жұмысыңызды оқытушыға тексертіңіз

  18. Командная строка терезесін жабыңыз.

1 Қосымша.

Сабаққа арналған ақпараттық-дидактикалық материал


Операциондық жүйе және программалау жүйесі. MS DOS. NC, Far Manadger қауашық программасы

ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ. ПРОГРАММАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ.


Программалық жабжықтау (Software) – бұл есептеу жүйемен орындалатын программалар жиынтығы.

Программаларды үш категорияға бөлуге болады:





  1. қолданбалы программалар;

  2. жүйлі программалар:

  3. инструменталды программалық жүйелер.

Қолданбалы бағдарлама— бұл қандай да бір есепті берілген проблемалық аймақ шегінде шешуге көмектесетін кез келген нақты бағдарлама.

Қолбанбалы бағдарламалар автономды түрде, яғни қойылған есепті басқа бағдарламалардың көмегінсіз шешу, немесе бағдарламалық комплекстер не пакеттер құрамында қолданылуы мүмкін.



Жүйелік бағдарламалар қолданбалымен бірге орындалады және компьютердің ресурстарын – орталық процессор, жады, енгізу-шығаруды басқару қызметін атқарады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде ерекше орынды операционды жүйелер алады, олар компьютер ресурстарын тиімді қолдану мақсатында оларды басқаруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жүйелік бағдарламалардың маңызды кластарына қосымша тағайындаулары бар бағдарламалар – утилиттер (лат. utilitas — пайда) де жатқызылады. Олар операциондық жүйенің сәйкес мүмкіндіктерін кеңейтеді және толықтырады немесе дербес түрде маңызды есептерді шешеді (бақылау, тестілеу және диагностикалау бағдарламалары, драйвер-бағдарламалар, антивирустық бағдарламалар және т.б.).

Утилиттердің бір бөлігі операциондық жүйе құрамына кірсе, қалған бөлігі оған тәуелсіз қызмет атқарады, яғни автономды.



Программалау жүйесі (инструментальді бағдарламалар) – бұл жаңа бағдарламалар жасауға арналған нақты программалау тіліндегі жүйе.

Қазіргі программалау жүйелері әдетте қолданушыларға бағдарламаларды жасаудың қуатты және ыңғайлы құралдарын ұсынады. Оларға кіреді:



  • компилятор немесе интерпретатор;

  • интегралданған өңдеуші орта;

  • бағдарлама мәтіндерін құрастыру және редакциялау құралдары;

  • стандартты бағдарламалар мен қызметтердің көлемді кітапханалары;

  • дұрыстаушы бағдарламалар, яғни бағдарламадағы қателерді табуға және жоюға көмектесетін бағдарламалар;

  • қолданушымен «тату (дружественная)» диалогтық орта;

  • көптерезелі жұмыс режимі;

  • қуатты графикалық кітапханалар;

  • орнатылған ассемблер;

  • орнатылған анықтама қызметі;

  • басқа да спецификалық ерекшеліктер.

Атақты программалау жүйелерія — Turbo Basic, Quick Basic, Turbo Pascal, Turbo C.

Соңғы кезде Windows-қосымшаларын жасауға бағытталған программалау жүйелері кең таралуда:



  • Borland Delphi (Дельфи) пакеті – визуальді құрастырудың сапалы және өте ыңғайлы құралдарын ұсынатын Borland Pascal компиляторлар жанұясының керемет мұрагері.

  • Microsoft Visual Basic пакеті – визуальді құралдарды қолдану арқылы Windows-бағдарламаларын жасауға арналған ыңғайлы және танымал құрал.

  • Borland C++ пакеті – DOS және Windows-қосымшаларын жасауға арналған ең көп таралған құралдардың бірі.

ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. ҚЫЗМЕТТЕРІ. ЖІКТЕЛУІ.


Операциондық жүйе бұл қолданушы мен компьютер арасындағы арақатынасты ұйымдастыру және басқа барлық бағдарламаларды орындауға тағайындалған өзара байланысқан жүйелік бағдарламалар кешені.

Операциондық жүйе, бір жағынан, компьютер аппаратурасы және орындалатын бағдарламалар арасында, бір жағынан, қолданушымен байланыстырушы буын ролін атқарады.

Операциондық жүйе әдетте компьтердің сыртқы жадында – дискта сақталады. Компьтер қосылған кезде ол диск жадынан саналып ОЗУ-ға орын ауыстырады. Бұл үрдіс операциондық жүйенің жүктелуі деп аталады.
Операциондық жүйенің қызметтеріне кіреді:


  • Қолданушымен диалогты жүзеге асыру;

  • Мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;

  • Бағдарламаларды жоспарлау және өңдеу үрдістерін ұйымдастыру;

  • Ресурстарды үлестіру (жедел жады және КЭШ-тің, процессордың, сыртқы құрылғылардың);

  • Бағдарламалардың орындауға жүктелуі;

  • Қызмет көрсетудің барлық мүмкін қосымша оперциялары;

  • Әр түрлі ішкі құрылғылар арасында ақпарат беру;

  • Шеткері құрылғылардың жұмысының бағдарламалық қолдауы (дисплейдің, пернетақтаның, дисктік жинағыштардың, принтердің және т.б.).

Операциондық жүйелердің жіктелуі

  1. ОЖ бөлінеді:

  • Бір есепті ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта бір тапсырмадан артық орындай алмайды,

  • Көп есепті ОЖ (Windows 98/ME) бір уақытта бірнеше тапсырманы орындауға қабілетті, олардың арасында компьютер қуатын бөлу арқылы. Тапсырмалар саны процессордың қуаттылығы және жедел жад көлемімен шектеледі.

  1. ОЖ болады:

  • Бір қолданушылылық – бір ғана клиентке қызмет көрсетуге арналған (Windows 98/ME),

  • Көп қолданушылылық – бір уақытта бір топ қолданушының жұмыс істеуіне арналған (Windows NT/2000).

3. Разрядтылығы бойынша ОЖ 16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядтыға бөлінеді.

4. Интерфейсі бойынша графикалық және графикалық емес деп бөлінеді (командалық жолды).


Маманданған қолдануға арналған дербес компьютердің операциондық жүйесінде келесі негізгі компоненттер болуға тиісті:

  • Енгізу-шығаруды басқаратын бағдарламалар (драйверлер);

  • Файлдық жүйені басқаратын және компьютерге тапсырмаларды жоспарлайтын бағдарламалар;

  • ОЖ-ге бағытталған командаларды қабылдап, анализдеп және орындайтын командалық тілдің процессоры (ядро-интерпретатор);

  • интерфейс.

Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арнайы жүйелік бағдарламалар - драйверлер қолданылады.

ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕ


Файл – бұл сыртқы есте сақтау құрылғысында орналасқан және сақталатын, жөнелтілетін және бір бүтін ретінде өңдеуге болатын аты бар кез келген мәліметтердің жиыны. Файл бағдарлама, санмен көрсетiлген мәлiмет, мәтін, кодталған сурет және т.б. бола алады.

Файлдық жүйебұл файлды қандай да бір тасығышта сақтауды ұйымдастырудың құралы.

Файлдар сыртқы тасығыштарда жад бөлімшелері сияқты физикалық жүзеге асады.



Файл аты екі бөлімнен тұрады - Windows 95-тен басталып 256 символдан тұра алатын (MS DOS-та 8 символға дейін) меншікті аттан және файлдың типіне нұсқап, 3 не 4 әріптен тұратын кеңейтілуден. Файлдың аты тоғыз арнайы символдан басқа барлық символдардан тұра алады: \ / : * ? ” < > |

Файл кеңейтілулері:

.txt, .doc, .rtf, docx

Мәтіндік файл;

.html, .htm

Интернеттегі гипермәтіндік документ;

.xls, .xlsx

электрондық кесте;

.mdb, .accbd

мәліметтер базасының файлы;

.pptx

презентация файлы Power Point;

.ехе

бұл өзінде бағдарлама сақтап тұрған орындалушы файл;

.соm

орындалушы бағдарламалық файлдың басқа типі (жүздеген килобайтқа дейінгі бағдарламалар). Көбінесе бұл MS DOS операциондық жүйесі бойынша жұмыс істейтін бағдарламалар;

.bat

бірнеше бағдарламаларды бірінен соң бірін іске қосуға арналған пакетті файл;

.sys

Операциондық жүйе файлы

.cfg

бағдарламаның жұмысының параметрлері көрсетілетін конфигурационды файл;

.dll

динамикалық түрде қосылатын мәліметтер билиотекасы, одан керек болған жағдайда бірден бірнеше бағдарламалар сұрастыра алады;

.hlp

анықтама немесе көмек файлы;

.dat

мәліметтер файлы;

.wav, .mp3

сандық форматтағы дыбыс;

.avi, .mov, .mpg

видеоклиптер файлдары;

.bmp, .jpg

графикалық файл, сурет;

.arj, .zip, .rar

архивтер файлдары.

Кез келген файлдың жалпы маскасы: «*.*». Бірінші жұлдызша бұл файлдың аты, екіншісі – оның типін нұсқайтын кеңейтілуі.

Файлдың аты мен кеңейтілуінен басқа операциондық жүйе әрбір файлға оның жасалу (өзгертілу) күні мен файлдың атрибуттары деп аталатын бірнеше жалаушалық көлемдерді сақтайды (оларды файлдың контекстік менюін шақырып, Свойства командасын таңдау арқылы қарап шығуға болады). Атрибуттар – бұл файлдың қасиеттерін анықтайтын қосымша параметрлер.

Негізгі атрибуттарға мысал:


  1. Тек қана оқуға (Only)

  2. Жасырын (Hidden)

  3. Жүйелік (System)

  4. Архивтік (Archive)

Әрбір файлдың каталогта тіркелген аты болады.

Каталогтар (папкалар) – дискіде жазылған файл жайлы ақпарат беретін иерархиялық құрылымның маңызды элементтері. Каталогта файл жайлы ақпарат сақталады: аты, атрибуттар, жасалу куні мен уақыты, көлемі, бастапқы кластер. Каталогтардың екі негізгі типі бар: түбірлік (корневой) және подкаталог (папка). Оларды сақталған файлдардың максимальды санымен ажыратады. Әрбір логикалық дискіде түбірлік (корневой) каталог орналасады. Түбірлік (корневой) каталогтардың көлемдері диск размеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ әрбір нақты түбірлік каталог логикалық дисктің жасалуы кезінде сақталынады және жұмыс үрдісі кезінде өзгертілмейді. Подкаталог файлдардың ерікті санын сақтай алады.

Каталогтар файладарға қол жеткізу ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, егер тасығышта файлдар тым көп болса. Файлдар каталогтарға жасаушысы берген кез келген жалпы белгілері бойынша біріктіріледі (типі бойынша, жасалу уақыты бойынша, иесінің аты бойынша және т.б.).

Каталогтың меншікті аты болуы мүмкін және ол басқа каталогтарда қарапайым файлдармен қатар сақтала алады: осылайша иерархиялық файлдық құрылымдар пайда болады. Мұндай құрылымның мысалы – суретте.

Мәліметтердің иерархиялық құрылымында объекттің адресі құрылымның шыңынан объектіге жеткізетін маршрутпен (қол жеткізу жолы) беріледі. Салынған каталогтар жүйесінен өтетін файлға қол жеткізу жолының жазылуы кезінде барлық аралық каталогтар өзара “\”(кері сызық) символымен бөлінеді. Мысалы, Общая медицина папкасында орналасқан Lab_1.doc файлы үшін қол жеткізу жолы келесідей болады: \Студенты\Общая медицина\ Lab_1.doc.

Қатты дискта ақпаратты сақтау және оларға қол жеткізу үшін операциодық жүйе келесідей құрылымдар мен элементтерді қолданады:


  1. Бөлімдердің жүктеме секторлары,

  2. Логикалық дисктің жүктеме секторы,

  3. Файлдарды орналастыру кестесі,

  4. Түбірлік (корневой) каталог,

  5. Мәліметтер облысы,

  6. Оқу/жазу диагностикалық операцияларын орындауға арналған облыс.

Бір қатты дискқа бірнеше операциондық жүйелерді орналастыру үшін оны логикалық бөлімдерге бөлу керек (логикалық дисктар). Дискті бөлімдерге бөлу жайлы ақпарат (олардың саны, көлемі және олардың қайсысы белсенді болып табылады) басты жүктеме бөлімде сақталады (сонымен қатар оны MBR – Master Boot Record секторы деп атайды).

Әр бөлімнің басында логикалық дисктің жүктеме секторы болады. Онда логикалық диск жайлы ақпарат сақталған (көлемі, орналастырылуы және FAT идентификаторы, егер диск активті болса ОЖ жүктелу бағдарламасының коды).



Файлдарды орналастыру кестесі (FAT-FileAllocationTable) – дисктағы файлдар орналасқан кластерлердің санының кестесі. Қатты дисктің ең басында жасалады, онда қайсібір файл немесе папканың, не олардың аттарының қандай кластерді алатыны жайлы мәлімет сақталады. Операциондық жүйе әдетте қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында екі FAT көшірмесін қолдайды.

Бүгінгі күнде қазіргі Microsoftт-тың операциондық жүйелерінде FAT32 қолданылады.



Дисктардың физикалық және логикалық құрылымдары.

Файлдар қатты дискта сақталады – бұл екі жағынан магнитті материалмен қоршалған бір немесе бірнеше шыны не металл дисктер. Мәліметтер қатты дискқа оның физикалық құрылымына сай жазылады.



Физикалық құрылым: әрбір дисктің магнитті беткейі концентірлі жолақтарға бөлінген, олар өз кезегінде бөлікше-секторларға бөлінеді. Қатты дисктің барлық беткейі 512 байт көлемді секторларға бөлінген. Дисктар бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан жолақтар және секторлармен қатар үшінші бөлу түрі – цилиндирларға бөлу бар. Цилиндр – бұл барлық жұмыс беткейлеріндегі тігінен бір біріне сәйкес келетін жолақтар саны.

Логикалық құрылым форматтау операциясы кезінде пайда болады (бұл физикалық дисктi бастапқы белгiлеу үрдісі).

Файлдар дискіге бос орындарға түсу шараларына байланысты орналасады. Ерекшеленетін дисктік кеңістіктің минимальді бірлігі – кластер. Кластерларға бөлу форматтау кезінде жүзеге асады. Кластердің бірнеше физикалық секторлары болады. Кластер шамасы қатты дисктің көлемі мен файлдық жүйенің түріне (мәліметтерді дискіге орналастырып және операциондық жүйе құрамына кіретін) тәуелді өзгеріп отырады.


MS DOS ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ


MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциондық жүйесі – 16-разрядты дербес компьютерлердегі ең кең тараған ОЖ. Ол бір қолданушылылық, біресептік операциондық жүйе болып табылады. Қолданушының негізгі интерфейсі – командалық жол.
Команды MS DOS

md

Каталог құру(папка)

cd

Ағымдық каталогты өзгерту (папка)

rd

Каталогты өшіру

del

Файлды өшіру

ren

Файлдың атын өзгерту

copy con

Текстік файлды құру (copy con имя файла.txt.)

dir

Каталогты қарап шығу

type

Файлды қарап шығу

cls

Экранда тазарту

-түбкі каталогқа өту

MS DOS құрамы

MS DOS операциондық жүйесінің құрамына келесі негізгі модульдер кіреді:



  • Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS);

  • Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record);

  • BIOS кеңейту модулі (IO.SIS);

  • Үзілістерді өңдеу модулі (MS DOS.SYS);

  • Командалық процессор (COMMAND.COM);

  • Жадына жүктелген соң тышқан, CD-ROM т.б. сияқты құрылғылардың жұмысын қамтамасыз ететін файл-драйверлер;

  • Әр түрлі сервистік қызметтер (дисктарды форматтау және т.б.) атқаратын ОЖ утилиттері;

BIOS базалық жүйесі құралдармен байланысты және дербес компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысының жадында орналасады. Операциондық жүйенің бұл бөлігі дербес компьютерге орналастырылған болып болып табылады.

Ол келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • ДК қосылуы кезіндегі аппараттық компоненттердің автоматты тексерілуі;

  • ОЖ бастапқы жүктелуінде блоктың шақырылуы (операциондық жүйе бағдарламасының жадына жүктеу екі кезеңнен өтеді: әуелі бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) жүктеледі де оған басқару беріледі, сосын осы болктың көмегімен – басқа модульдер).

Бастапқы жүктеу блогы (Boot Record) – бұл DOS операциондық жүйесімен әрбір дисктің бірінші секторында орналасқан өте қысқа бағдарлама (512 байтқа жуық). Boot Record жадқа операциондық жүйенің тағы екі модулін жүктейді (io.sys, msdos.sys жүйелік файлдарының), олар DOS-тың жүктелу үрдісін аяқтайды.

BIOS кеңейтілуі бар IO.SIS модулі тұрақты есте сақтау құрылғысындағы BIOS-қа қосымша болып табылады. Ол ОЖ-ні ДК-дің нақты конфигурациясының күйіне келтіреді және жаңа драйверлерді енгізу/шығарудың стандартты емес құрылғыларына қосуға мүмкіндік береді. Үзілістерді өңдеу модулі MS DOS.SYS – файлдық жүйеге қызмет көрсету мен енгізу-шығару операцияларына қатысты қызметтерді жүзеге асырады. Командалық процессор COMMAND.COM – қолданушымен енгізілген командаларды өңдейді.



MS DOS жүктелуі

MS DOS жүктелуі – бұл операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу, оны күйіне келтіру және іске қосу. MS DOS операциондық жүйесі орнатылған компьютердің қоректену блогы қосылған соң, автоматты түрде келесі үрдістер жүзеге асады:



  • ДК тестілеуі (BIOS компьютерді бастапқы тестілеудің бағдарламалар кешенін орындайды);

  • MS DOS-тың жүктелуі (операциондық жүйені сыртқы есте сақтау құрылғысынан жедел жадына оқу);

  • MS DOS-ты күйіне келтіру (ОЖ-ны күйіне келтіру config.sys және autoexec.bat. файлдарында жазылған командалар бойынша жүзеге асырылады).

ҚАУАШЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛАР.

Free COMMANDER.


Қауашықтарбұл қиын программалық жүйелердің жұмысын, мысалы, DOS сияқты, жеңілдетуге арналған бағдарламалар. Олар ыңғайсыз қолданушылық командалық интерфейсті достық (дружественный) графикалық интерфейске немесе «меню» типті интерфейске түрлендіреді. Қауашықтар қолданушыны файлдарға ыңғайлы қол жеткізумен және кең көлемді сервистік қызметтермен қамтамасыз етеді.

Norton Commander, Total Commander бағдарламаларының пакеті. Ол қамтамасыз етеді:

  • Жасауды, көшіруді, файлдарды жіберуді, атын өзгертуді, өшіруді, файлдарды іздеуді, сонымен қатар олардың атрибуттарын өзгертуді;

  • Адамның қабылдауына ыңғайлы формада каталогтар ағашының және оларға кіретін файлдардың мінездемелерінің көрінісі; создание, обновление и распаковку архивов (групп сжатых файлов);

  • Мәтіндік файлдарды қарап шығу;

  • Мәтіндік файлдарды түзетуді;

  • Оның ортасында іс жүзінде DOS-тың барлық командаларының орындалуын;

  • Бағдарламалардың жүктелуін;

  • Компьютердің ресурстары жайлы ақпарат беруді;

  • Каталогтарды жасау және өшіруді;

  • Компьютераралық байланысты қолдауды;

  • Модем арқылы электрондық почтаны қолдауды.


Free Commander-дің негізгі мінездемелері: (сурет 1)

- оригиналға жақын пернетақта қызметтері (DOS үшін NC).

- Drag&Drop-ты тышқан көмегімен қамтамасыз ету.

-Файлдық құрылым элементтерін кең көлемді көшіру, орнын ауыстыру, атын өзгерту және өшіру (бос емес каталогтарды өшіруге ғана мүмкіндік беріледі).

- Подкаталогтармен жұмыс сияқты архивтермен жұмыс істеу. Сіз одан файлдарды архивке оңай көшіре аласыз. Сәйкес архиватор-бағдарлама автоматты түрде шақыртылады. PKZIP, ARJ, LHA, RAR, UC2, ACE, TAR, GZ және TGZ қолдау тапқан.

- «Запуск» менюімен (қолданушы айқындайтын командалар) түсіп қалған менюде сіз жиі қолданатын DOS- немесе Windows-бағдарламаларды орналастыру. Ағымдық каталог және/немесе курсор астындағы файл қосымшаға берілуі мүмкін.

- Параметрлері бар бағдарламаларды қарапайым іске қосуға арналған командалық жол, ол үшін жай ғана бағдарламаның атын теру керек немесе CTRL+ENTER немесе CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу керек, курсор астындағы файл командалық жолға қосылу үшін.

- Кез келген файлдағы мәтінді, яғни бірнеше дисктардағы, іздестірумен қоса файлдарды кең көлемде іздестіру.

-Орнатылған файлдарды қарап шығушы (F3 немесе ALT+F3) КЕЗ КЕЛГЕН КӨЛЕМДЕГІ файлдарды он алтылық, екілік немесе мәтіндік форматта ASCII (DOS) немесе ANSI (Windows) символдар жинағын қолдану арқылы қарап шығуға арналған. Жолдың енін және шрифт өлшемін күйге келтіруге болады.

- Info-Zip-тан ішкі шешуші - сыртқы бағдарламаны шақырусыз ZIP архивтерін босатуға мүмкіндік береді! Turbo Pascal-да жазылған бастапқы код ақысыз және тікелей автордан алынуы мүмкін.

- Күйге келтіріліп жатқан кнопкалы құралдар панелі сыртқы бағдарламалар мен ішкі меню командаларын іске қосуға арналған.

- Күйге келтіріліп жатқан басты меню.

- ZIP, ARJ, LZH, GZ, TAR, RAR және ACE форматтарына арналған ішкі шешушілер (распаковщики).

- Jean-loup Gailly-дан ZLIB библиотекасында негізі қаланған ішкі ZIP-қаптаушы (упаковщик),.


Клавиатуралық үйлесімдер

Ctrl + F1

Сол жақ панелін экраннан алып тастау /сол жақ панелді шығару

TAB

Сол жақ және оң жақ панелінде алмастыру курсоры

Ctrl + F2

Оң жақ панелін алып тастау /оң жақ панелін шығару

F2

Таңдалған файлдың атын өзгерту

F3

Қарап шығу терезесінде таңдалған файлды көрсету

F4

Файлды редактәрлеу

F5

Таңдалған файлды көшіру

F6

Таңдалған файлдың орнын ауыстыру және атын өзгерту

F7

Жаңа каталог құру

Shift+ F7

Папканы табу

F8

Таңдалған каталогты немесе файлды өшіру

Ctrl+T

Белсенді панелінде талды (дерево) көрсету

Shift+Ctrl+F8

өшіру

Ctrl+Alt+V

Файлды салыстыру

Alt+F5

Архивке топтастыру

Alt+F6

Архивтен шығару

Shift+Enter

Атрибуты/Күні/Уақыты

Shift+ F4

Жаңа файлды редактірлеу

Alt+F7

Файлды табу

Alt+F4

Шығу

Ctrl+ (Num)+

Барлық файлдарды ерекшелеу

Ctrl+ (Num)-

Белгілеуді шешу

Ctrl+F

Фильтр

Ctrl + P-

Екі панелдің біреуін экранған шығару /панелді экранға шығару

Ctrl + U

Панелдердің орындарын ауыстыру

Ctrl + B

Көлденен мәзірді көрінетін немесе көрінбейтін түрге келтіру

Ctrl + D

DOS терезесін шақыру

Alt+(Num)+

Кеңейтілуі бірдей файлдарды ерекшелеу

Alt+(Num)-

Кеңейтілуі бірдей файлдардан ерекшелеуді алып тастау




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет