Практикалық сабақтың тақырыбы №5



бет1/2
Дата11.10.2023
өлшемі87.59 Kb.
#480393
түріСабақ
  1   2
Практикалық сабақ 5


Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктеріне оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне бейімдеу мәселесі


Практикалық оқыту нәтижелері: 1. Білім сапасын арттырудың әдістерін тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетеді.
2. Түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерді өз деңгейінде қолдануға қабілетті


Практикалық сабақтың міндеттері: Бағалау барысындаоқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескеруге үйрету, оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне бейімдеу мәселерін талдау.


Практикалық сабақтың мазмұны:
Критериалды бағалау білім алушылардың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкестікте іске асырылады. Критерийлік бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.
Сонымен қатар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау кезінде білім алушылардың психикасына байқап қарау, оған нұсқан келтіретін жағдаяттардан қашып, баланың психологиялық даму ерекшеліктерін ескеру керек. Бағалау жүйесінің тәсілдері білім беру үдерісінің барлық қатысушылары бағалау жүйесіне құрал ретінде қарауды, жетістікпен білім алу үшін, кері байланысты жүзеге асыру үшін қажет екендігін түсінуді қамтамасыз ету керек
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:

  • алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;

  • алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;

  • алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;

  • оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;

  • оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;

  • оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;

  • оқытылатын тақырыпқа оқушылардың күтуін туындату.

Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет