ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР
Практикалық (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.
Практикалық (семинар) сабақтар
Қарастырылатын сұрақтары:
1. Қ.Смайловтың – ғылыми публицистикасы.
2. Алғашқы мерзімдік баспасөздегі ғылыми-таным.
Достарыңызбен бөлісу: |