№ исх: 20-53/4380 от: 03.10.2014
|
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
депутаттарына
2014 жылғы 4 қыркүйектегі
№ДС-174 хатқа
Құрметті депутаттар!
Сіздердің депутаттық сауалдарыңызға төмендігіні хабарлаймыз.
«Білім туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес Білім және ғылым министрлігі жыл сайын білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) тізбесін бекітеді.
Заңның 6-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК-ні сатып алуды және барлық білім беру ұйымдарына дейін жеткізуді ұйымдастырады.
Бүгінгі күні оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізудің мынадай тәртібі қолданылады:
1) қаңтар-ақпан айларында облыс бойынша келесі жылы білім алатын оқушылардың болжамды саны анықталады;
2) мамыр-маусым айларында мектептерден оқулықтар және ОӘК бойынша ұсыныстар жиналады және баспаларға алдын ала тапсырыс беріледі. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;
3) шілде айында баспалармен шарттарға қол қойылады, оқулықтарға бөлінген қаржылай қаражаттан 30% алдын ала төлеу жүзеге асырылады;
4) 1 қыркүйекке дейін оқулықтар мен ОӘК-лер білім беру ұйымдарына жеткізіледі.
2014 жылы оқулықтар мен ОӘК-ні сатып алуға жергілікті бюджеттен 9 млрд.-тан астам теңге бөлінген (2012 жылы 7 млрд. 158 млн. теңге, 2013 жылы – 8 млр. 308 млн. теңге).
Ағымдағы жылы Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана, Алматы қалаларында оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қалған өңірлерде жұмысты дұрыс ұйымдастырмаудың және ақшалай қаражаттың толық аударылмауы салдарынан мектептерге оқулықтардың уақтылы жеткізілмегендігін Білім және ғылым министрлігі анықтады (Ақмола облысында - Сандықтау, Жақсы, Шортанды аудандары және Степногор қаласы, Шығыс Қазақстан облысында – Тарбағатай, Ұлан аудандары және Өскемен қаласы, Қызылорда облысында – Қызылорда қаласы, Қостанай облысында – Жетіқара ауданы мен Лисаков қаласы, Солтүстік Қазақстан облысында – Аққайың, Айыртау, Шал ақын, Жамбыл, Ақжар, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев аудандары және Петропавл қаласы және т.б.).
Көрсетілген аудандар мен қалалардың әкімдері білім беру бөлімдері басшыларына жұмысты сапасыз ұйымдастырғаны үшін тәртіптік шара қолданған.
Мысалға, Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 67 д/в өкімімен аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Т. Едігеноваға сөгіс жарияланған, Қызылорда қаласы әкімінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 772-Ө өкімімен қалалық білім бөлімінің басшысы М.С. Аралбаевқа сөгіс жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 225-р өкімімен білім бөлімінің басшысы С.Қ. Жақыповқа сөгіс жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 249-р өкімімен білім бөлімінің басшысы З.Б. Сағындықоваға ескерту жарияланған және т.б.
Мектептерде оқулықтардың жетіспеуіне басты себеп – жергілікті бюджет есебінен сатып алу кезінде көші-қон факторларының (оқушылардың бір мектептен екінші мектепке ауысуы, ауылдан қалаға көшуі және т.с.с.) жеткілікті ескерілмеуі және жергілікті бюджеттен бұл мақсаттардың толық қаржыландырылмауы, оқулықтарды мектептерге уақытылы жеткізбеу болып отыр.
Жоғарыда баяндалғанды, сондай-ақ Сіздер көтеріп отырған мәселені ескере отырып, Білім және ғылым министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың мектептерді оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз ету жүйесіне тыңғылықты талдау жасау, оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу тетігін әзірлеу тапсырылды.
Соңғы 3 жылдағы оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты Сіздерге Білім және ғылым министрлігі беретін болады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
24.02.2016 6:52:44 00000000
Достарыңызбен бөлісу: |