1.1) Объективті идеализм бойынша, адам санасы - дүниежүзілік рухтың бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы (Гегель).
1.2) Субъективті идеализм бойынша, сана – бұл өзі туралы түсінігі бар, өз-өзіне жетікілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті (Р.Декарт, Дж. Беркли).
2. Материалистік тұжырымдама: сана материяның туындысы, адам миының объективтік шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қолданылады. Дене өлгенде сана да жойылады.
Сана - онтологиялық мәселе ретінде
Онтологиялық жағынан: сана — бұл адам болмысында қалыптасатын, адамның тіршілік әрекетінің ерекше түрі, оның объективтік шындықпен өзара қатынас-тарының өнімі.
Сананың биологиялық негізі, субстраты – адамның бас миы.