ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ. САТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:
ОРЫНДАҒАН: Шакир Жумагали
ТЕКСЕРГЕН: Амренова Гульнара
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
АСЫҚ ОЙЫНЫ
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады
ТЕҢГЕ ІЛУ(АЛУ)
Теңге ілу – түркі халықтарына ортақ, ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Теңге ілуші жігіт құйғыта шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, баяуламастан жерде жатқан, шүберекке түйілген теңгелерді тез іліп алып, лақтырып отыруы шарт. Теңгені көп ілген ойыншы жеңімпаз атанады.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
АЛТЫБАҚАН
Алтыбақан бірін-бірі ұнатқан жастардың көңілдерін білдіруге себеп болған. Соңғы кездері үш арқанның орнына, ұзындығы бірдей екі арқан жэне жеңіл тақтай қолданылып жүр.
Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Оны орнату үшін, атауына сай, алты бақан (сырық), бір керме және үш арқан керек. Бақандардың басын үш-үштен буып, аралығы 7-8 қадамдай жерге қадап орнатады. Олардың жоғарғы жағындағы ашаларға бақандардың басын біріктіріп тұратын келесі бір керме енгізіп, мықтап байлайды. Кермеге ұзынырақ бір, қысқалау екі арқанды бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқты тіреуге, қысқасы отыруға ыңғайланған. Жазғы күнгі айлы түнде қыз бен жігіт арқанға аяқтарын тіреп, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, басқалардың демеуімен тербетілген. Ойын көпшілікке арналған. Қыздар мен бозбалалар жұптасып, алма-кезек ауысып отырған. Тербелушілер ән бастағанда, тамашалаушылар да қосылып. Думандатқан.
КӨКПАР ОЙЫНЫ
Көкпар – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 келідей болады. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде «марта тарту» деп те атайды.
Ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |