Презентация тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі: жұлын мен ми бағанасы. Брока мен Вернике аймағы



Дата14.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#495593
түріПрезентация
LNN3


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі: жұлын мен ми бағанасы.Брока мен Вернике аймағы
ОРЫНДАҒАН:КЕЛЧИНБАЕВА А
ТОП:1901-12
ҚАБЫЛДАҒАН:КУДАЙБЕРГЕНОВА У
Жоғары білім және ғылым министрі
Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
ЖОСПАР
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
2.1 Орталық жүйке жүйесінің құрылысы.
2.2 Орталық жүйке жүйесінің қызметі.
2.3 Жұлын мен ми бағанасы.
2.4 Брока мен Вернике аймағы.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден)Омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады.Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп,реттеп отырады.
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам
мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның
өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы –
Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондайақ, оны организмнің барлық органдары және
тіндерімен
байланыстыратын
өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.
Орталық жүйке жүйесі жұлын
жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйкежүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстарыорталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушыбөлімдері орталықтан
тепкіш(эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты”тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйкежүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған.
Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды.Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үдерістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау дүниетану,пікір тудыру дегеніміз – жүйке жасушасы. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақтан қоршайтын құырылым. Нейрондар пішімі көлемі жағынан әр түрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талшықтары аксо дендрит деп екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа өсіндісі. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларын айтады.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді.
Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , (гр."neuron"- жүйке , "glia"- желім ) дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды .
Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратынорталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топталған
нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды.Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді.
Орталық жүйке жүйесінің негізгі
қызметі - рефлекс (ferlescsus-латын сөзі–тойтарыс беру)тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.).
Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны И.М. Сеченов пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К.Анохин.
Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) жәневегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметінбасқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы
ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша
мида,жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І –XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің деқызметін біріктіріп басқаратын вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді)ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске
асыратын орталығы болып табылады.
Жұлын (medulla
spіnalіs) — адам мен
омыртқалы
жануарлардың
омыртқа жотасының
ішінде орналасқан
орталық жүйке
жүйесінің бір бөлігі.
ЖҰЛЫН- ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ ӨЗЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ҰЗЫНДЫҒЫ 41-45 СМ. ЖҰЛЫН ОРТАСЫНДА ЖҰЛЫН ӨЗЕГІ ОРНАЛАСАДЫ. ІШІ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫНА ТОЛЫ БОЛАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ СҰР ЗАТЫ АҚ ЗАТЫН ҚОРШАП, СЫРТЫНДА ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫН ҚҰРЫЛЫСЫНДА САЙЛАР МЕН САҢЫЛАУЫЛАР ОРНАЛАСАДЫ. ЖҰЛЫННЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҮБІРІ БІРІГІП, ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕСІ ЖҰЛЫННАН 31 ЖҰП ЖҮЙКЕ ШЫҒАДЫ: 5 БЕЛ, 5 СЕГІЗКӨЗ, 8 МОЙЫН, 12 КЕУДЕ , 1 ҚҰЙЫМШАҚ СЕГМЕНТТЕРІ
Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды.
Ми бағанасының құрылысы мен қызметі
Ми бағаны (ствол мозга) — жұлыннан келетін өткізгіш жолдарды жалғастыратын ми бөлігі. Оның құрамына сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық мидың бөлігі жатады. Филогенетикалық тұрғыдан ми бағаны көне ми бөліктеріне жатады.
АУЫЗША СӨЙЛЕУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН, БРОКТЫҢ СӨЗ-ҚОЗҒАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ. БҰЛ ОРТАЛЫҚ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖАҒДАЙДА АДАМ ДЫБЫСТАРДЫ АЙТА АЛҒАНЫМЕН (ОЛАРДЫ СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫРА АЛМАҒАНДЫҚТАН) АУЫЗША СӨЙЛЕУ МҮМКІНДІГІЖОЙЫЛАДЫ.
.
ВЕРНИКЕНІҢ ЕСТУ-СӨЙЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАЛАРДЫҢ СӨЗІН ЕСТУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ МҮМКІНДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. БҰЛ ОРТАЛЫҚ
ЗАҚЫМДАНҒАН ЖАҒДАЙДА АДАМ БАСҚА АДАМНЫҢ СӨЗІНТҮСІНБЕЙДІ
Брока афазиясы мидың Брока аймағы деп аталатын бөлігінің зақымдануынан туындайды, ол фронтальды бөлікте, әдетте сол жақта орналасқан. Бұл сөйлеуге және қозғалысқа жауап беретін ми бөліктерінің бірі. Бұл аймақты 1861 жылы ашқан француз дәрігері Пьер Поль Броканың құрметіне аталған. Брока афазиясы экспрессивті афазия деп те аталады.
Брока афазиясының белгілері мыналарды қамтиды:
    • нашар немесе жоқ грамматика
    • толық сөйлем құрау қиындығы
    • «the», «an», «және» және «is» сияқты кейбір сөздерді өткізіп жіберу (Брока афазиясы бар адам «Мен шыныаяқты қалаймын» орнына «Кубок, мен» сияқты нәрсені айтуы мүмкін)
    • зат есімдерге қарағанда етістіктерді дұрыс қолдану қиынырақ
    • дыбыстар мен сөздерді артикуляциялау қиын
    • басқалардың айтқанын қайталау қиын
    • сөйлем жазуда қиындықтар
    • оқудың қиындығы
    • толық түсіну мәселелері
    • бағыттарды орындау қиындығы
    • көңілсіздік

Вернике афазиясы сол жақ ортаңғы жағында орналасқан Вернике аймағы деп аталатын ми аймағына әсер етеді. Бұл ауруға шалдыққан адамдар тілді түсінуде қиындықтарға тап болады және Брока афазиясымен ауыратындарға қарағанда ауызша сөздерді өңдеу қиынырақ болуы мүмкін. Вернике афазиясы бар адамдар да сөйлеу үлгісінің басқа түрін көрсетеді. Верникке – френтті афазияның бір түрі. Симптомдарға мыналар жатады:
    • тиісті ырғағы бар, бірақ дұрыс сөздері жоқ артикуляциялық сөйлемдер
    • шатастырылған сөздердің ерікті болып көрінуі
    • сөйлемге жасалған, мағынасыз сөздерді кірістіру
    • басқаларға түсініксіз нәрсені айтып жатқаныңызды білмеу

Қорытынды
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты
метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынанқысқалау болғандықтан аталған
бөлімдеромыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяққолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008ж.
3. Лубовский В.И Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии .// Дефектология ,1987ж.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет